УДК 524.387
Қос жұлдыздардың орбиталық периодтарын анықтау
сынып оқушысы:
Ғылыми жетекшісі: Мәмбетова Ұ.К.
№146 мектеп-лицейі, Алматы, Қазақстан
е-mail:
Бұл жұмыста қос жұлдыздардың TESS мәліметтер базасынан алынған жарқырау қисықтарына талдау жүргізілді. Транзиттік экзопланеталық ғарыштық телескоп (TESS) - бұл біздің Галактика жұлдыздарының айналасындағы экзопланеталарды іздеу мақсатында NASA әзірлеген және ұшырған ғарыштық телескоп. Бұл телескоптың мәліметтер базасынан орбиталық периодтары анықталмаған екі қос жұлдызды (SDSS J213559.30+052700.5, V537 Peg) таңдап алған болатынбыз. Қос жұлдыз деп кеңістікте бір-біріне жақын орналасқан, бір-бірімен гравитациялық байланысқан екі құраушыдан тұратын жұлдыздарды айтамыз. Оның біріншісі, SDSS J213559.30+052700.5, координаталары RA: 21 35 59.3058396792; DEC: +05 27 00.544677588 болатын SU UMa типіне жататын катаклизмалық айнымалы, жұлдыздық шамасы G=16.176 [1] тең жұлдыз болып табылады. Екіншісі - V537 Peg, координаталары RA: 22 43 40.7046188472; DEC:+30 55 20.057929824 болатын U Gem типіне жататын катаклизмалық айнымалы, жұлдыздық шамасы G=14.9 [1] тең жұлдыз болып табылады.
Таңдап алынған жұлдыздардың жарқырау қисықтары [2] алынды. Алынған жарқырау қисықтары 1-суретте көрсетілген. Жарқырау қисықтары Барицентрлік Юлияндық Дата (BJD) мен ағын (электрон/сек) берілген. Берілген ағынды жұлдыздық шамаға айналдыру үшін log (ағын)/ - 0.4 теңдеуді қолданылды. TESS ғарыштық телескобының бақылау диапазоны 5500-11000 нанометр аралығында болғандықтан, ағынды I фильтрінің мәніне сәйкестендіріп, нәтижесінде I фильтріндегі бірінші зерттелген жұлдыздық шамасының мәні 16.2 тең және сәйкесінше екінші жұлдыздың жұлдыздық шамасының мәні 13.84-ке тең.
а) б)
сурет-1. а) SDSS J213559.30+052700.5 жарқырау қисығы, б) TESS мәліметтер
базасынан алынған SDSS J213559.30+052700.5 орбиталдық периодиаграммасы
1-суретте көрсетілгендей, жұлдыздың тыныштық күйіндегі жұлдыздық шамасы 16.2, ал жарқ ету кезінде 15.1-ге тең болды. Жарқ ету кезінде жұлдыздық шамасы 1.1 есе артады. Period04 бағдарламасының көмегімен мәліметтерге Фурье талдау жүргізілді, нәтижесінде U Gem және Su Uma типіндегі қос жұлдыздың орбитальды периоды 3,28 сағат және 10 сағат екені анықталды.
Әдебиеттер
1. Brown A. G. A. et al. Gaia early data release 3-summary of the contents and survey properties //Astronomy & Astrophysics. – 2021. – Т. 649. – С. A1.
2. STScI | Mikulski Archive for Space Telescopes (MAST) Portal
Достарыңызбен бөлісу: |