Қош бол құтты Әліппем! Мақсаты



Дата08.07.2016
өлшемі82.54 Kb.
#184740
Қош бол құтты Әліппем!
Мақсаты:

1.Оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, әліппені бітірулеріне байланысты әліппеге өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің

үйренгендерін, білгендерін, оқығандарын көрсету.

2. Оқушыларды өзін - өзі ұстауға, сыйластыққа ұжымшылдыққа тәрбилеу.



Көрнекіліктер:

«Қош бол сүйікті Әліппем!» «Білім кілті- Әліппе» ұлағатты сөздер. (Слайд компьютердан көрсетіліп тұру)



( Ақсақал роліндегі бала немере оқушысын жетектеп шығады.

Автор:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп

Келе жатыр көшеде,

Қайда әлгі мектеп-деп

Жетпіс келед сүрініп,

Жеті келед жүгіріп.

4кл баласы:

Балам, балам жақсы бол,

Міне сенің мектебің

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол, тентегім.

Ернұр немере

Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейірммен

Қадамымды құп алып.

(осы кезде барлық оқушы сахнаға шығады)

Жәнібек

Біз мектепке барамыз,

Кітап, қалам аламыз

Ақ параққа әріппен

Білім жолын саламыз!

Бегжан

Биыл сені мектепке

Бала шағың шақырды

Биыл сені мектепке

Болашағың шақырды.

Самал

Мектеп- білім бұлағы,

Мейіріңді қандырар,

Мектеп ойдың шырағы,

Ақыл- санаң жаңғырар.

Ән хормен « Сәлем, саған мектебім»

Аружан

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Дамир Мұратов

Армысыңдар , аналар!

Бармысыңдар ,балалар

Сөзіме құлақ салыңдар

Бір серпіліп қалыңыз!

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр – әніміз!

Ажар

Жетідегі баласың,



Біріншіге барсың

Алғаш рет қолыңа

Әліппені аласың.



Мұғалім:

олай болса сүйікті әліппемізді ренжітпей ортамызға шақырайық.



Балалар хормен Әліппе, Әліппе.

Әліппе ортаға келеді!

Армысыңдар жас достар!

Армысыздар ата –аналар!

Менің атым Әліппе

Болашаққа жол бастар

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден!

Гүлбахран

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Әділет

Әліппе деген – алтын жол, Апарады сені алысқа

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.



Мұғалім:

Ал балалар сендер әліппеден не үйреніп, не білдіңдер? Сондықтан қазір осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін « Білім еліне саяхат жасайық»

- Бірінші сұраққа жауап беріңдер?

- Олай болса алғашқы мектепті ашқан, әліппені жазған кім?



Бәрі хормен: Ыбырай Атамыз!

Төлеген Дильназ

Жырын жаттап жатамыз

Жалықпастан қыс – жазы

Ұлы Ыбырай атамыз

Ұстаздардың ұстазы

Ұран тастар көп елге,

« Кел, балалар, оқылық!

Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Мұғалім:

Ал келесі сұрақты тыңдаңдар:

- Ал алғаш Әліпбидің атасы кім?



Ахмет Байтұрсынов атамыз!

Айбар:

Алфавитті біліңдер

Онда жүйе қалып бар,

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Ділда


Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

Шегиров Дамир

А деген ол аналар ғой ардақты,

Әдеген ол әкелер ғой салмақты,

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Би. Диана мен Диляраның орындауында «Мухомор» биі

Мұғалім: Балалар енді « Білім еліне саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Келесі сұрақ?

Мектепке келгенде алғаш рет қолға ұстаған кітаптың аты қалай?

Бәрі Әліппе

Рақымбай

Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Айдана

Әріптерді жаттаймыз

Есте мықты сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрін де –

Атын, затын, түрін де.

Құрмаш Әлішер

Апа – ата атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе

Бізге нағыз жақын сен!

Сенен білдік әріпті

Абылай

Іші толы әріпке

Мынау әйбәт әліппе

Барлық ілім –білімнің

Әжесі осы Әліппе

Дармен Дильназ

Ашыла берді алдымнан

Кең дүниенің есігі

Соғылған сандар алтыннан

Әліппе білім есігі

Ақгүлтай

Әліппе сенің сырласың

Әліппе досың болады.

Әріптердің шұғыласы

Дәптеріңе қонады.

Ән хормен Әліппе



АНА, БАЛА, ОТАН деген сөздерді айтқанда шарға жазылған әріптерді жоғары ктеріп тұрады.

Ән хормен « Әліппе»

Мұғалім: Балалар біз білім еліне шыққан саяхатымызда ертегілер еліне де келіп жеттік. Қандай ертегілер білеміз?

Мақта қыз бен мысық, Күншіл үйрек, Жеті лақ, Бауырсақ

Қазір біз « бауырсақ» ертегісін қойып берейік?

Самал

Ерте заманда бір ата мен апа өмір сүріпті. Апа бір күні бауырсақ пісіреді. Бауырсақты суысын деп терезенің алдына қойып қойса, жата – жата жалыққан бауырсақ домалай жөнеледі.



Бауырсақ Аян

Апамнан да құтылдым

Атамнан да құтылдым

Алдынан қоян шығады



Қоян – Абылай бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ: Жемеш, жемеш мен саған өлең айтып беремін атамнан да құтылдым, атамнан да құтылдым енді сенен құтылу оңай!

Қасқыр шығады:

Қасқыр- Капанов Әлішер Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін

Бауырсақ: Жемеш, жемеш мен саған өлең айтып беремін атамнан да, апамнан да құтылдым, қояннан да құтылдым енді сенен құтылу оңай

Бауырсақ әрі қарай жөнеле жөнеледі аю шығады



Аю Сакен Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін

Бауырсақ: Жемеш, жемеш мен саған өлең айтып беремін атамнан да, апамнан да құтылдым, қояннан да құтылдым,қасқырдан да құтылдым енді сенен құтылу оңай.

Түлкі шығады түлкі Жантөре Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін

Бауырсақ: Жемеш, жемеш мен саған өлең айтып беремін атамнан да, апамнан да құтылдым, қояннан да құтылдым,қасқырдан да құтылдым, аюдан да құтылдым енді сенен құтылу оңай.

Түлкі менің құлағым естімейді тұмсығыма тұрып айтшы.

Түлкі ап деп жеп қояды.

Би. Қыздар тобы Қазақша би

Әліппе сөзі

Балалар мен сендерге дайындап әкелген жұмбақтарым бар.

Мына жұмбақтарды шешіп көріңдерші


  1. Қабат – қабат қаттама,Ақылың болса, аттама.

2. Маң – маң басқан

Шудаларын шаң басқан

3. Шарлап келіп даланы,Үйіме үйін салады

4.

5.



Әліппе Балалар, сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар?

Сонымен бірге тағы қандай пәндермен дос болып жүрсіңдер?

Балалар

Математика дүнитану сурет еңбек дене шынықтыру



Әліппе

Ал математика сабағынан не білесіңде?

Санамақ білесіңдер ме?

Әлішер Капанов

Ал, санайық санамақ,

САн сырына қанайық?

Бір саусақты жұиайық

Бір саны деп ұғайық

Екі саусақ жұмайық

Екі сан деп тынайық

Үш саны деп шығайық

Тағы бір сан деп жұмайық

Бес болды деп ұғайық



Амина

Бір-дегенім бал

Оны біліп ал.

Екі деген- ел

Елім деген ер

Үш дегенім- үміт

Төрт дегенім –түлік Бес дегенім - бестік

Диана

Алты деген ақ,

Жеті деген- жақ

Сегіз деген- сөре

Тоғыз деген-төре

Он дегенім -Отан



Әли

Бір – білім алдым

Екі – егін салдым

Үш – үй көшірдім

Төрт – төл өсірдім

Бес – белге шықтым



Диляра

Алты – асық ұттым

Жеті - желім қақтым

Сегіз – серке бақтым

Тоғыз – тойға бардым

Он – отын жардым



Алтынай

Бір дегенім –білім

Төрт пен беске ілін

Алып жүргін, балам

Мұғалімнің тілін

Аян

Екі дегенім- еңбек

Еңбекпен іс өнбек

Жалқау болсаң, балам,

Бар қиындық төнбек

«Қазақ би» орындайтын Аружан , Дюсенова Д, Айдана, Ділда, Ақгүлтай Самал

Әліппе

Оқуға зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақты, Ақ жол болсын балалар.

Оқығандарыің есте болсын

Күнделіктерің беске толсын



Сәкен.

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата – ана қуанышқа ортақ бол,

Саутты боп шықты міне балаңыз

Жантөре

Өтті оқу, сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Басқа оқулық достаспақ

Әліппемен қоштассақ.

Дюсенова дильназ

Қош құты Әліппем

Көк нәрсені үйреттің

Таныстырдың әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Абдулла

Қош бол құты Әліппем

Тіл тұсауын кестің сен

Аяулы апам болып сен

Айыбымдыкештің сен

Алтынай

Мың –мың алғыс,

Бізге білім

КІлтін бердің

Кілтін бердің,Әліппе

Әліппе

Ал, достар бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.



Ортаға ана тілі шығады

Әліппе: Сендерге айтар тілегім, жаңа достарыңды да мендей сүйіп, мендей күтіп құрметтеңдер. Енді қош сау болыңдар



Хормен: Қош бол құтты Әліппем?

Ана тілі

Сәлеметсіңдер ме, балалар

Сөйлетер сөзді шеберлеп

Өзіңнің ана тіліңмен

Байыптап жақсы оқысаң

Негізі менде білімнің

Бір-бірімізбен айнымас дос боламыз.

Мұғалім: Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық



Олай болса ән тыңдайық

«Қошақаным қайда екен» әні орындайтындар Дармен Дильназ, Ажар , Төлеген Дильназ.

«Шығыс Биі» Ажар Гүлбахран Диана Диляра

Би: Қара жорға Алтынай –Аян Әли-Диана Дамир-Диляра

Ән: Гүлбахран « Бал- Балақан»
Диана:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Диляра

Ырым етіп сандықтан ертеңгілік соңында Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар?


Үлкен әжелерге шашу шашқызту

Балаларға сыйлықтар тарату.

Мектеп басшыларына сөз беру.

Ата-аналарға сөз беру.


Қорытынды сөз

Бүгінгі шәкіртердің алғаш қолдарына алған оқулығы Әліппемен қош айтысар кезі жетіп, Ана тілі оқулығын алғалы отыр Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауымен құттықтап, халықтың ұлы болсын деймін







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет