р/с
№
|
Өндірістік-педагогикалық практика бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
|
Өндірістік-педагогикалық практика тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері
|
Практика жетекшісінің қолы
|
Басталуы
|
Аяқталуы
|
1
|
Практиканың алғашқы күні мен Н. Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп интернатына жетекшімізбен барып, директордан және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарынан рұқсат алып, пән мұғалімімен таныстық. 8 «В» сыныбына бекітілдім. 8 «В» сынып жетекшісімен таныстым. Пән мұғалімімен бірге сыныптық сабақ жоспарын, сынып журналын көріп шықтым. Оқушылармен танысып шықтым. Сонымен қатар мектептің материалды техникалық жабдықталу жайымен таныстым.
|
13.02.2023
|
14.02.2023
|
|
2
|
Бұл күні бекітілген сыныбымның жетекшісімен танысып, оқушылардың тізімін және сабақ кестесін жазып алдым. Ол сыныптағы белсенді оқушыларды анықтадым. Сабақ жоспары мне сынып журналын көріп шықтым. Мұғалімнен қысқа мерзімді жоспарлау (ҚМЖ) жасауды үйретуін сұрадым. Сонымен қатар оқытушыдан бағалау критериін және дескриптор құруды үйрендім. Бағалау критерийі мен дескрипторды тапсырмаға сәйкес болу қажеттігін түсіндім. Кесте бойынша мұғалімнің сабақтарына кірдім. Өзіме қажетті мәліметтер мен оқытудығы әдіс- тәсілдерді бақылып жазып отырдым.
|
14.02.2023
|
15.02.2023
|
|
3
|
Бұл күні химия пәні мұғалімімен сабаққа берілетін уақытты қалай тиімді пайдалану керектігін, оқушылармен қалай қарым-қатынас орнату керектігін сонымен бірге топпен, ұжыммен қалай жұмыс жасау керектігін, сабақты жоспарлауды, күнделікті қалай толтыру керек екендігін, оқушыларды өз сабағына қалай қызықтыру керектігін үйрендім. Сонымен қатар, оқушылардың дәптерін қалай тексеру керек екендігін, сынып журналын қалай толтыруды үйрендім.
|
15.02.2023
|
17.02.2023
|
|
4
|
Мұғаліммен сабақ өтетін кластарымды оқу жоспарларымен, нормативітк құжаттармен таныстым.
Бұл күні сабақ кестесі бойынша 7 «В» және 9 «В» сыныптарына сабақ болды. Оқулық бойынша тақырыптарын қарап шықтым. Сыныптың артында отырып оқушыларды бақыладым. Жусупбаева Камила апайдан сабақ өту барысында методтарын бақыладым. Сабақты қызықты өту үшін қолданған әдіс-тәсілдерін өзме жазып сақтап отырдым.
|
17.02.2023
|
20.02.2023
|
|
5
|
Бұл күні мен мұғалімнен қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау және тоқсандық қорытынды бағалау туралы мәлімет алдым. Сонымен қатар басқада өндірістік тәжірибеден өтуші студенттердің сабақтарын бақыладым. Өтілген сабақтарды бақылау нәтижесінде жаңаша технологияларды қолдана отырып сабақ өткізуді күәсі болдым. Өтілген сабақтардан көптеген қосымша мәліметтер алдым. Бұл мен үшін үлкен өзара тәжірибе алмасу болды.
|
20.02.2023
|
22.02.2023
|
|
6
|
Бұл күні сабақ кестесі бойынша 7 «В» және 8 «В» сыныптарына химия сабағы болды. Жусупбаева Камила апай бұл күні 7 «В» сыныбына «Периодтық кестенің құрылымы» тақырыбында сабақ өтті. Мен апаймен сабаққа қатысып, сабақтың барысын бақылап отырдым. Келесі сабақ
8 «В» сыныбында «Кристалды тор түрлеі, байланым типтері» тақырыбы аясында болды. 8-сыынптарда одан бөлек тағы екі факультатив химия сабағы болды. Бірінші сабақта апай тотығу–тотықсыздану реакциялары жайлы айтса екінші жартысында химияға байланысты әр-түрлі типтегі тапсырмалар орындатумен сабақты өткіздік. Дарынды баларамен жұмыс жасау барысында мен де әр-түрлі деңгейдегі тапсырмалар құрастыруды үйрендім.
|
22.02.2023
|
24.02.2023
|
|
7
|
Бұл күні мен 9-сыныптарға сабаққа кіріп олардан білім деңгейлерін анықтауға кірістім. Бұл күні химия сабағын Жусупбаева Камила мұғалім өткізді. Тақырып бойынша: «Азот қышқылы. Азот қышқылы мен нитраттардың ерекше қасиеттері» тақырыбы аясында сабақ жұргізілді. Сабақта мұғалім оқушыларды топқа бөлу арқылы, әр-түрлі деңгейдегі тапсырмалар алып келіп сабақты өткізді. Сабақ барысын бақылап оқушылардың белсенділіктерін анықтып отырдым. Сонымен қатар оқушылармен жұмыс жүргізі барысын бақылап апайдан өзімен қажетті методтар мен сабақта қолданылып отырған әдіс-тәсілдерін жазып алдым.
|
24.02.2023
|
27.02.2023
|
|
8
|
9-сыныптарды зерттеуді жалғастырған күйі мен оқушылардын сауралнама алуды жөн деп білдім. Сол үшін де барлық 9-сыныптардын гугл форматында ашық сауалнама алдым. Сауалнамаға оқушылар шынайы әрі ашық пікір қалдыра алулары үшін мен. «Аты-жөнін» жазбайтындай форматтар құрастырдым. Талдау нәтижесіне орай дүйсенбі 9 «А», 9 «Б»,
9 «В» сыныптарынан алынған сауалнама
9 «В» сыныбын химия сабағына қызығушылығы мен білімін жоғары екендігін көрсетті. Одан бөлек осы апта жоспар бойынша Азот тақырыбындағы сабақтар жалғасты.
|
27.02.2023
|
28.02.2023
|
|
9
|
Бұл күндері мен айтарлықтай 10-сыныптар арасында зерттеулер жүргізе бастадым. Мен химия ағайымыз Хасанов Бекжан ағаймен бірге 10-сыныптардағы сабақтарға басқа да тәжірибедегі студенттермен кіріп қатыса бастыдық. Органикалық химияны оқып бастаған 10-сынып оқушыларында бастапқы білімдері бар болған соң олармен сабақ талдаған өте қызықты өтті.
Ағайымыз оқушыларға сабақты өтуді өткен білімді пысықтыу мақсатында бейорганикалық химия бөлімімен сұрақтар қоюдан бастады. Оқушылар да органикалық химия мен бейорганикалық химияны біраз айырмашылықтырын атап отырғанымен олардың кемшіліктері мен қателіктерін ағайымыз толтырып отырды. Сабақатрға қатысу барысында мен үшін өте пайдалы болды, қажетті әдіс-тәсілдермен методтарды жазып алдым
|
28.022023
|
01.03.2023
|
|
10
|
Бұл күннің бастауы да ерекше құанышпен шаттыққа толы болды, ойткені «1-Наурыз Алғыс айту күні» болғандықтан мектепте мұғалімдер тарапынан іс-шара ұйымдастырылды. Мен де сол іс-шараға қатысушы ретінде әр-түрлі ұлт пен ұлыстар құттықтауында түрк тілінде құттықтау айту мектеп ұжымы тарапынан маған тапсырылды.
Сонымен қатар, 7 «В» сыныбына апайдың тапсырмасымен сабақ өттім. Сабағымды апай және басқа да практикадағы студенттер бақылап отырды. Жоспар бойынша сабақ тақырыбы «Салыстырмалы атомдық масса» еді. Мен сабақ барысында оқушыларға салыстырмалы атомдық массаны қалай анықтау керек екендігін көрсетіп өттім, әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін пысықтадым. Сабақ соңында апайдан кері байланыс алып, кемшіліктерімді жөндеп алуға жақсы мүмкіндік туындап отырды. Тағы бұл күні
8 «В» сыныбында да негізгі бір сабақ және екі қосымша сабақ өтті. Ол сыныпқа да апайдық тапсырмасымен «Пайыздық және молярлық концентрацияға ерітінді дайындау» тақырыбанда сабақ өттім. Сабақтың алғашқы жартысында БЖБ тапсырмасын алдық. Тапсырма 20 минутқа жоспарланған. Кейін жаңа сабақты мен түсіндірдім. Факультатив сабақатрында оқушылармен ерітіндіге байланысты көптеген есептерді бірге талдадық.
|
01.03.2023
|
03.02.2023
|
|
11
|
Бұл күнді мен 7 «В» сыныпқа сабақ өттім. Сабақты қызықты өту мақсатында оқушыларға видео сабақтар көрсеттім. Оқушыларға периодтық кестені пайдалану және элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын анықтауды үйреттім. Екінші сабақта мен осы сыныптан БЖБ тапсырмасын алдым. Апаймен ақылдаса отырып бағалау дескрипторы бойынша оқушылардың тапсырмасын бағаладым.
Бұл күні 9 «В» да химия сабағы болды. Оқу бағдарламасы бойынша «Фосфор» тақырыбына апаймен ақылдаса отырып сабақ ұйымдастырып келдім. Оқушыларға жаңа сабақты мәнін ашып түсіндірдім. Сабақты қызықты болуы үшін quizizz.com сайтында тапсырма дайындап оқушыларға орындаттым сабақ сәтті әрі қызықты өтті. Апайдан сабақ соңында кері байланыс алып, қателіктерімді жөндеп алдым.
|
03.02.2023
|
06.03.2023
|
|
12
|
Дүйсенбі күні басталуымен, мен де 9- сыныптар арасында зерттеу жұмыстарымды бастадым. Өйткені осы күні үш тоғызда да химия сабағы бар. Мен өткен білімді тексеру үшін тексеру үшін азот және оның қосылыстары тақырыбында өткен білім деңгейлерін анықтау мақсатында үш тоғыздан тест тапсырмасы арқылы бақылау жүргіздім. 9-сынып химия пәні мұғалімдері, Жусупбаева Камила мен Дүйсеева Гүлназ апайлардын сұранып үш сыныпқа да Фосфор және оның қосылыстары тақырыбында сабақ өте бастадым. Бастапқыда үш сыныпқа да дәстүрлі технологиямен сабақ өттім. Фосфордың қасиеттеріне әр-түрлі тапсырмалар орындаттым. Интернет сайттары арқылы ойындар ұйымдастырып сабаққа қызықтыра түстім.
Одан бөлек 8 «В» сыныпта сабаққа қатыстым. Сабақ тақырыбы. «Еріген заттың массалық үлесі». Сабақ басында 20 минутқа жоспарланған кезекті БЖБ тапсырмасын алдық. Екінші сабақта оқушыларға әр-түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындаттық.
|
06.03.2023
|
07.03.2023
|
|
13
|
Бұл кұні апаймен мен 10 «В» сыныбына сабаққа қатыстым. Осы сыныптан БЖБ тапсырмасын алдық . бағалау дескрипторы бойынша оқушылардың нәтижелерін тексеріп бағаларын Онлайн мектеп бағдарламасында бағалап шықтым.
9 «В» сыныбында қосымша химия факультатив сабағы болуына байланысты «Қышқыл мен тұздардың әсерінен адам ағзасының қышқылдануы және қартаюы» тақырыбы аясында қызықты мәліметтерді алға тарттым.
|
07.03.2023
|
10.03.2023
|
|
14
|
Бұл күні сабақты 7 «В» сыныпқа «Валенттілік. Химиялық формулалар» тақырыбында болды. Мен сабақта оқушыларға валенттілік ұғымын, химиялық формулаларды құрастыру жайында сабақ өттім. Сабақты пысықтау мақсатында оқушыларға әр-түрлі тапсырмалар орындаттым.
|
10.03.2023
|
13.03.2023
|
|
15
|
Осы күні мен жетекшіміз рұқсатымен алғашқы ашық сабағымды ұйымдастырдым. 9-сыныптар кремний және оның қосылыстары тақырыбына келген болатын. Менің ашық сабағымның тақырыбы «Кремний қышқылы және оның тұздары» тақырыбында болды. Мен ашық сабағымды сыни ойлау технологиясын дамыту мақсатында, сыни ойлауға арналған тапсырмалар аясында өттім. Сыни ойлаулы дамытуға арналған әдіс-тәсілдер: венн диограммасы, концептуалды кесте, кластер әдістерін қолдана отырып топтық жұмыс орындаттым. Одан басқа сабақта жұптық жұмыстар және жеке жұмыстар орындату арқылы балаларды толықтай бағалауға мүмкіндік туындады.
|
13.03.2023
|
14.03.2023
|
|
16
|
Бұл күні мен 10 «В» сыныбына «Жану өнімдері және гомологты қатар бойынша заттардың формулаларын анықтау» тақырыбында сабақ өттім. Оқушыларға органикалық өнімдердің жануын, органикалық заттар жанған кездегі жылу өзгеркіштіктерін жәнеде ең бастысы органикалық заттар мен бейорганикалық заттардың жану ерекшкшеліктерін үйретуге тырыстым. Оқушылардың деңгейіне байланысты әр-түрлі тапсырмалар орындата бастадым. Оқушылардың сабақ барысында тұындаған сұрақтарын топта талқыладық. Өйткені оқушыға жауабын айта салсаң ұмытып қалуы мүмкін, ал оны өзі іздене отырып тапса есінде қалары сөзсіз.
|
14.03.2023
|
15.03.2023
|
|
17
|
7 «В» сыныпта «Валенттілік. Химиялық формулалар» тақырыбында сабақты жалғастырдым. Оқушылармен әр- түрлі химиялық формулаларды, олардың валенттіліктерін анықтап көптеген есептер шығардық.
8 «В» сыныбында оқу бағдарламасындағы тақырыпқа сай «Ерігіштік» тақырыбында сабақ өтілді. Осы күні екі қосымша факультатив сабақтары өтілетін болгандықтан ерітінделер мен ерігіштікке әр-түрлі деңгейде тапсырмалар дайындап келдім. Оқушыларды қадағалай отырып әр-түрлі әдіс-тәсілдер арқылы есептер шығаруды үйреттім.
|
15.03.2023
|
17.03.2023
|
|
18
|
Сабақ кестесі бойынша кезекті сабақты 7 «В» сыныбында өткіздім. Бірінші сабағында есептер шығарып талдау жүргіздік ал келесі жартысында 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау алдым. Бағалау дескрипторы бойынша оқушылардың нәтижелерін бағалап оларды Онлайн мектеп бағдарламасына орналастырып шықтым.
Кестеге сәйкес келесі сабақ 9- сыныптарға болды. Олардан да 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау алдық. Бағалау дескрипторына сәйкес оқушылардың нәтижелерін тексердім және бағаларын онлайн мектеп платформасында бағалап шықтым.
9 «А» сыныбында осы күні қосымша сабақтарын пайдалана отырып кезекті ашық сабағымды өткізіп алдым. Ашық сабағымды «Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбында ұйымдастырдым. Осы кезекті ашық сабағым да оқушыларды сыни ойлау дағдысын дамытуға арналды. Сыни ойлауды негізгі стратегиясы: Ой толғаныс, мағынаны тану, рефлексия сатылары бойынша жүргізілді. Қолданған әдіс-тәсілдерім: топтастыру, жинақтау, кластер әдістерін пайдалана отырып топтық жұмыс орындаттым. Карточкалар тарату арқылы жұппен және жеке тапсырмалар орындаттым. Әр саты бойынша бағалау дескрипторы презентация арқылы тақтада көрініп тұрды. Оқушылар өзін-өзі бағалау әдісімен бағалап отырды.
|
17.03.2023
|
27.03.2023
|
|
19
|
Оқушылар көктемгі дем алыстан кейінгі алғашқы сабақтарымызды жоспар бойынша жүргіздім. Алғашқы химия сабағы 9-сыныптардан басталды. Олар 4-тоқсан органикалық химия бөліміне қадам қоя бастауына орай сабақтарымызды жоспарладым. 9 «В» сыныбына өткен сабақта органика бөлімін толықтай меңгеруі үшін табиғатпен, адам ағзасымен байланыстырырп түсіндіре бастадым. Оқушыларға одан басқа бейорганикалық химия мен органикалық химияның басты айырмашылықтарын кесте күйінде түсіндіріп көрете бастадым. Алғашқы сабақтар органикаға кіріспе ретінде бастапқы түсініктерді толықтай бере алдым.
|
27.03.2023
|
29.03.2023
|
|
20
|
Аптаның бұл күні мен сабақты 7 «В» сыныбына өтуден бастадым. Оқу бағдарламасы бойынша тақырып «Тағам құрамындағы қоректік заттар» болды. Оқушыларға сабақ барысында күнделікті тұтынып жүрген тағамдарын пайдалы жақтары мен зиянды жақтары және тағамның құрамынжағы пайдалы элементтер жайлы түсіінк берілді. Сабақ өте қызықты өтті.
Кесте бойынша 8-сынып оқушылары «Оксидтер» тақырыбын бастады. Тақырып бойынша әріптестерім өткен сабақтарға қатыстым, байқаған кемшіліктерін түртіп отырып сабақ соңында кері байланыс орнаттық. Мен де өзіме тың болған мәліметтерді алдым, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану ерекшеліктерін көріп кейбірлерін өзіме сақтап алдым.
|
29.03.2023
|
03.04.2023
|
|
21
|
Бұл апта біздің практиканың соңғы аптасы екендігіне қарамай қызықты әрі тартысты өтті. Өйткені осы апта химия апталығы басталған болатын. Ғылым мен тәжірибеге толы аптаның ашылу конференциясына қатсытым. Оқушылардың белсенділіктеріне тәнті болдым. Химия сабағы 9-сыныптардан басталды. Мен оларға «Органикалық заттардың изомериясы мен номенклатурасы» тақырыбында мұғалімдердің бақылауымен сабақты түсіндіріп өттім.
Кесте бойынша келесі сабақ 8 «В» сыныбында жалғасты. Бұл сыныпта оксидтер мен қышқылдарға байланысты зертханадық жұмыстар орындадық. Оқушылар зертхаланық жұмыстарды аса ептілікпен, әрі асқан қызығушылығының арқасында сабақтарымыз талас әрі тартысқа толы жүзеге асты.
Кесте бойынша келесісі 7 «В» сыныбына факультатив сабақтары болды. Факультатив сабағында «Негіз» ұғымының мәні, екінші сабағында «Кен және металдарды алу» тақырыбы аясында өткізілді.
|
03.04.2023
|
05.04.2023
|
|
22
|
Бұл күні химия апталығы басталуына орай бізде хмимя мұғалімдеріміз ашық сабақтар өткізуді бастады. Осы күні мен химия мұғалімі Хасанов Бекжан ағайдың «Қышқылдар» тақырыбында өткізген ашық сабағына қатыстым. Ашық сабақ өте қызықты тапсырмаларға толы, зертханалық тәжірибелермен өткізілді. Оқушылар зертханалық жұмыстарды топқа бөлініп ағайдың бақылауымен өздері жүргізді. Ашық сабақты бақылай отырып мен қажетті әдіс-тәсілдерімді жазып алдым.
|
05.04.2023
|
06.04.2023
|
|
23
|
Бүгінгі күн бізде өндірістік-педагогикалық практиканың соңғы күні болғанына орай біз мектепте практика документтерімізді жинап түгендеу жұмыстарымен айналыстық.
|
06.04.2023
|
07.04.2023
|
|