Егер бір сөйлемде одағай, қаратпа, қыстырма сөздер қатар келсе, үтірмен жазылады. Мыс: Е, сен, жаңылмасам, бізді әлгінде алдап кеткен едің ғой. ОДАҒАЙ СӨЗДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ КӨҢІЛ- КҮЙ ОДАҒАЙЛАРЫ Шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, шошыну, назар аудару мәнді білдіреді. Олар: пәлі, аһ, апырай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, уһ т.б.
ЖЕКІРУ ОДАҒАЙЛАРЫ Жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіретін сөздер. Олар: тәйт, тек, жә т.б.
ШАҚЫРУ ОДАҒАЙЛАРЫ Мал, ит, құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау- құрау, шөре- шөре, көс- көс т.б.