Оқшау сөздер
Оқшау сөздердің түрлері
1
2
ОҚШАУ СӨЗДЕР Сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық, синтаксистік байланысқа түспейтін, дауыс ырғағы арқылы бөлектеніп айтылатын сөздер мен сөздер тіркесі.
1
сөйлемдегі оқшау сөздер белгілі мүшелік қызмет атқармайды;
сөйлем арқылы айтылатын ойды дәлдей түсуде ерекше қызмет атқарады;
сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;
сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтінді;
үтір, леп, сұрау белгілерімен ажыратылады.
МАҒЫНАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ:
Оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын көрсетеді.
(Әсел, бүгін жоғары ұпай алдың ба?)
Айтушының оған деген көзқарасын танытады.
(Меніңше, біз алдағы емтиханнан сүрінбей өтеміз)
Көңіл- күй, сезім толғанысын білдіреді.
(Алақай, үйге қайтамыз!)
2 ОҚШАУ СӨЗДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ҚАРАТПА ҚЫСТЫРМА ОДАҒАЙ ҚАРАТПА СӨЗ Біреуге арналып айтылған сөйлемде оның кімге арналғанын білдіретін, оған басқаның көңілін аудару үшін жұмсалатын сөз не сөз тіркесі (оқшау сөздер).
Мысалы: Жолдастар, біз бәрін еңсереміз!
Мұндағы жолдастардеген оқшау сөз біз бәрін еңсереміз деген үндеу мәнді сөйлемнің кімге арналғанын білдіріп тұр.