03.05.2023 Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: - 7.2.3.4 - жануарлардағы тура және тура емес онтогенез типтерін салыстыру
Жануарлардағы онтогенез кезеңдері
Жанама даму
Тура даму
Эмбриогенез аяқталған ағза ересек жануарға ұқсайды. Тура даму қосмекенділерден басқа барлық омыртқалыларға тән.
Постэмбриогенезге өткен жануарлар ересек ағзадан қатты ерекшеленеді. Мұндай түрлерде «дернәсіл сатысы» бар. Тура емес даму паразит құрттарға тән.
- Ағза сырттай ересек дараға ұқсас, тек мөлшері кішкентай болады.
- Басаяқты ұлуларға, құрсақаяқтыларға, шұбалшаңға, өзен шаянына, өрмекшітәрізділерге тән.
Тура емес (жанама) даму типі - Ағза сырттай ересек ағзадан қатты ерекшеленеді.
- Қандай да бір мүшесінің құрылысы басқаша болады және басқаша қызмет атқарады.
- Олардың дернәсілі әртүрлі ие-ағза денесінде болуы мүмкін.
Бауырсорғыштың даму айналымы Даму типтері
Шала түрленіп дамитын жәндіктер
Толық түрленіп дамитын жәндіктер
Қоңыз, көбелек, шыбын, маса, ара, т.б.
Дәуіт, шегіртке, тарақан, т.б.
Шала түрленіп даму - Тура дамуға ұқсайды;
- 3 даму сатысынан тұрады: жұмыртқа ==>дернәсіл ==> ересек жәндік (имаго)
- Қанаттары мен мұртшалары дамымаған, жыныс мүшелері мүлде қалыптаспаған.
Толық түрленіп даму - Тура емес даму кезінде жұмыртқадан шыққан дернәсілдер ересек жәндікке мүлдем ұқсамайды.
- Ересек жәндікке айналу үшін бұл дернәсілдер тыныштық сатысына өтуі – қуыршаққа айналуы керек.
- Жануар қуыршақ сатысында қозғалмайды, қоректенбейді, оның мүшелері қайтадан толық түзіледі.
- Дамуы 4 сатыдан тұрады: жұмыртқа ==>дернәсіл ==> қуыршақ ==> ересек жәндік (имаго)
Бекіту сұрақтары: - Тура дамудың ерекшелігі неде?
- Тура дамитын ағзалар?
- Тура емес даму кімдерге тән?
- Шала түрленіп даму сатылары?
- Толық түрленіп даму сатылары?
- Толық түрленіп дамудың биологиялық маңызы қандай?
Үй тапсырмасы: - §57 оқу, мазмұндау
- Сұрақтарға жауап жазу
Достарыңызбен бөлісу: |