Өсімдіктер систематикасы ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы


Тақырып 4. Төменгі сатылы өсімдіктер. Балдырлар



бет2/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#137370
1   2   3   4   5

Тақырып 4. Төменгі сатылы өсімдіктер. Балдырлар.

Балдырлар-көбінесе суда тіршілік ететін төменгі сатыл өсімдіктердің үлкен тобы. Кейбіреулері су түбене немесе су түбіндегі әр түрлі заттарға бекіп фитобентосты құрайды; көбі су қабатында ілулі түрде немесе су бетінде фитопланктонды құрап қалқып жүреді. Бір бөлігі топырақта, топырақ пен ағаш діңдерін мекендейді. Өздерінің дамуы барысында, олардың бір клеткалылардан, колониальді және жоғары ұйымдасқан бірнеше мертге дейін жететін гигант (қызыл балдырлар), жоғары сатылы өсімдіктерлің мүшелеріне ұқсас дифференциаланған мүшері бар түрлері кездеседі. Балдырлар клеткаларының формасы мен көлемі әр түрлі. Көбінде хлорофилл бар және олар автотрофты қоректенеді, бірақ олардың жасыл пигменттері басқа пименттермен тығылып тұрады. Олардың ішінде саппрофиттер мен парзиттер кездеседі. Бактерия клеткаларына қарағанда, бұлардың мықты целлюлозды немес пектинді қабықшасы болады, қабықша ылғи немес белгілі бір жағдайда шырышпен қапталған, шырыш құрғап кетуден, механикалық зақымданулдан сақтап, кейде қозғалу мен субстартқа бекінуге көмектеседі. Протопласты цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан және әр түрлі формаға ие хроматофорадан тұрады. Бұларға көбеюдің барлық түрлер ітән: вегетативті, жынысты және жыныссыз. Вегетативті түрі бір клеткалы ағзалардың бөлінуі арқылы, колниальдыларда-колониялардың ыдырауы, көп клеткалыларда-таллом бөлігі, ал кейде вегетативті көбеюдің арнайы мүшелері (харылылардың түйнектері) арқылы іске асады. Нағыз жыныссыз көбею зооспоралар не споралар-клетка қосылыстарында пайда болады, олар вегетативті клеткалар немесе арнайы мүше-зооспорангийлерде түзіліп, бөлінеді. Зооспораларда спораларға қарағанда талшықтар болады, солардың көмегімен қозғалады. Пайда болғаннан кейін зооспоралар талшықтарын тастап, клетка қабықшасымен қоршалып, жаңа клетка өсе бастайды. Қолайлы жағдайда балдырлар жыныссыз жолмен көбейеді. Қолайсыз жағдайда, жынысты көбейеді, ол екі кейде маманданған клетканың (гамета) бір зиготаға бірігіп, қор заттар жинайды. Зигота қалық қорғаныш қабатпен қапталады. Зигота көбею мен қолайсыз жағдайда тіршілігін сақтап қалу үшін түзіледі. Тыныштық кезеңінен кейін, кейде сол уақытта зигота жаңа дараға айналады. Кейде зиготададан әрі қарай өсіп дамитын зооспоралар түзіледі. Теңіз балдырларында зигота тынышты кезеңісіз өседі. Жынысты көбею түрлері әр түрлі: изогамия, гетерогамия, оогамия. Коньюгацияда байқалады. Изогамия кезінде гаметалар көлемі, сыртқы пішіні бойынша бірдей, бірақ физиологиялық ерекшеліктері болады (гетероталлды гаметалар). Изо- және гетеро гаметалар вегетативті клетканың редукциялық бөліну жолымен пайда болады (мейоз). ООгамия кезінде аналық гамета үлкен. Қозғалмайтын қор заттарға бай клетканы түзеді; сперматозоид –кішкентай, талшығы бар клетка. Жоғары ұйымдасқан балдырлар топтарының жынысты клеткалары арнайы көбею мүшелерінде (гаметангий) дамиды: аналық клетка-оогонияларда, спематозоид-антеридияларда. Кейде коеьюгация процесі де көрініс табады, ол гетероталлды даралардың, екі генеративті клеткаларының протопластарынң қосылуы. Споралар мен гаметалар бір дараның клеткаларында дами алады, бірақ спора мен гаметалардың екі дарада дамуы да мүмкін. Бұндай жағдайда спора түзілетін ағза-спорофит, ал гамета түзілерін-гаметофит деп аталады. Гаметофит бір немесе екі жынысты болады. Спорофит ядросында хромосомалардың диплоидты жиынтығы кездеседі (2n), гаметофит ядросы гаплоидті (n). Кейбір балдырларда редукциялық бөліну зигота өсіп жатқан кезде өтіп, барлық тіршілік циклі гаплоидті фазада өтеді; ал диплоидты фазасы зиготамен анықталады. Басқаларында редукциялық бөліну гаметангийде, гаметалар түзілуінің алдында өтсе, олардың тіршілік циклі диплоидты фазада өтеді, ал гаплоидті тек қана гаметалармен айқындалған. Фазалардың бұндай ауысуын ядролық фазаладың ауысуы деп атайды. Балдырлар су экожүйесінің негізгі компонентерінің бірі болып саналады, себебі олар оргыникалық затты түзеді. Олар продуценттер: балдырлардың 1 га-сы 100т шикі немесе 10т құрғақ органикалық зат береді. Олар зоопланктон мен балықтардың қорегі, суды көміртегімен байытады. Теңіз балдырларын тағамға, мал қорегіне, тыңайтқыш ретінде, йод, бром және т.б. заттардың көзі ретінде қолданылады. Қызыл балдырлардан агар-агар алынады, ол микроағзаларды өсіргенде, қоректік субстат түрінде және кондитер өнеркәсібінде қолданылады, ал қошқыл қызыл балдырларды плстмасса мен су сіңірмейтін мата жасауда пайдаланады. Тұщы сулардағы балдырлар органикалық затты продуцерлегеннен басқа, балшықпен емделуде және маға қорек ретінде қолданылатын сапропель түзеді. Көбейіп кетсе, олар зиян келтіреді, себебі су ластанып, сумен қамтамасыз ету нашарлайды. Олардың суға түскен әр түрлі заттрады ұстап, сол заттарды дезактивациялау қабілеті бар. Осылай суды ластанудан тазартады. Олардың осы қасиетінің халық шаруашылығында маңызы зор және олар су қоймаларындағы зат алмасуды реттейді. Балдырлар ежелгіден келе жатқан ағзалар, олардың келесі түрлері бар:

Жасыл балдырлар

Ең көп таарлған бөлімі 20 000түрі белгілі. Кең таралған негізінен тұщы суларда, бірақ теңіз бен топырақта да кездеседі. Олар әр түрлі, олардың дамыуна жай фомалардан күрделірек формаларға өтуін құрылысы мен даму циклдерінен көруге болады. Кең таралған:

Вольвокстәрізділер (Volvocales);

Хлорококктәрізділер (Chlorococcales);

Улотрикстер (Ulothrichales);

Сифонодылар (Siphonophyceae);

коньюгаттар (Conjugatophyceae).



Харалы балдыолардың олардың күрделі құрылысына байланысты бөлек шығарады. Кең тарлған түрі, хлорелла-тостағанша тәрізді хроматофоры, қалың целлюлозды қабықшасы бар, қозғалыссыз споралармен көбейетін бір клеткалы балдыр. Ол ақуызға, көмірсулар мен минералды заттраға бай. Оның құрамында 13 әр түрлі дәрумендер бар (құрамына байланысты ол лимонға теңестіріледі). Фотосинтез барысында ол өзінің көлемінен 200 есе артық көміртек көлемін түзе алады. Рпактикада кең қолданылады. Тағы да хломидомонас деген түрі белгілі, ол ұсақ органикалық заттармен ластанған кіші су қоймаларында тіршілік етеді. Бұл дене пішіні әр түрлі, пектинді-целлюлозды қабығы және қозғалу мүшесі, талшығы бар бір клеткмалы балдыр. Клетка ортасында тостағанша тәрізді хроматофор, ал алдыңғы жағында көзше (стигма)және пульсирлеуші вакуоль орналсқан. Қолайлы жағдайда жынссыз жолмен көбейеді: протопласт 2,4, және 8 бөлікке бөлініп, олардан аналық лктекада зооспоралар түзіледі. Су ауа жетіспегенде, клетка талшықтарын тастап, қозғалыссыз тіршілік етеді. Кейде жынысты көбейеді: клетка бөлініп 8-ден 32 гаметаға дейін түзеді, олар зооспораларға ұқсас, бірақ ұсақтау. Осы гаметалардың екеуі қосылып, зигота түзеді (хромосоманың екі жиыны). Зигота қалың қабық түзіп, осы күйінде көп уақыт қоолайсыз жағдайда тіршілк ете алады. Қолайлы жағдайда ол мейотикалық жолмен бөлініп, төрт гаплоидті клетка түзеді. Клетка қабықшасы жарылып, одан төрт талшықтары бар, жаңа өсімдік түзе алатын, клеткалар шығады. Хломидомонастың көбінде екі клетканың көлемі мен құрылысы бірдей; изогамия. Біреулерінде екі түрлі, біреуі үлкендеу, гаметалар түзіледі( барлығының талшықтары болады). Қлсылу кезінде (2n) зиготалар түзіледі, гетерогамия. Ұзын гаплоидті клеткалар жіпшелерінен тұратын спирогира жай әдіспен көбейеді. Күзде, жынсты көбею кезінде екі жіпше жақын, параллельді орналасып, купол тәрізді өсінділер пайда болады. Өсінділер ұлғайып, екі клетканы байланыстыратын түтікке айналады. Бір клетканың заты дөңгеленіп, екінші клеткаға түтікпен ағып, ұрықтану процесі аяқталады. Түзілген зигота қалың клетка қабықшасымен қапталып, қыстайды. Көктемде, зигота митотикалық жолмен бөлініп төрт гаплоидті ядро түзіде, олардың үшеуі дегенерацияға ұшырайды, ал біреуі сақталып, клетка қабықшасын жарып шығып, митотикалық жолмен бөлініп, жаңа гаплоидті жіпше пайда болады, коньюгация. Жіпшелі жасыл балдырлардың тағы бір өкілі улотрикс. Оның тарамдалмаған жіпшесі базальді-ризоид клеткасымен судағы заттарға бекиді. Клетка ортасында ядро мен хроматофор орналасқан. Клеткалар көлденеңнен бөлінетіндіктен, жіпше ұзына бойы өседі. Қолайлы жағдайда төрт талшығы бар зооспоралармен көбейеді. Күзде жіпшенің бөлек клеткалары гаметангийге айналады, олардың ішінде талшықт ыгаметалар түзіледі.

Гаметалар қосылғанда төрт талшықт ыгамета түзіледі, кейін ол талшықтарын тастап, тынысштық күйге ауысады. Мейотикалық бөлініп, жаңа жіпшелер түзетін төрт клеткаға бастама береді. Осылай улотрикстік жынысты көбеюі изогамды, бірақ бұл клеткалар мамнданған және жай вегетативті клеткалардан ерекшелнеді. Басқа жіпті балдырдың –эдогониумның жынысты көбеюі, эволюциялық сатының жоғары деңгейінде тұр. Зигота түзетін клеткалары әр түрлі, үлкен қозғалыссыз аналық және кіші қозғалмала сперматозоид. Әр вегетативті клетка овогинийге немес антиридийге айнала алады. Аналық жыныс клеткасы түзілетін клеткалар шар тәрізді әлі үлкен; протоплазмасы қабықтан ығысып, қор затқа толы аналық клетканы түзеді. Басқа клетканың көп ретті бөлінуі нәтижесінде, диск тәрізді клеткалар түзіледі, олар кейіналдыңғы бөлігінде талшықтары бар күлтелі сперматозоид түзеді. Клетканың тесігі арқылы сырқа шығып, біреуі аналық клеткасына еніп, 2n зигта түзеді. Зигота сыртынан қалың клетка қабығн бөліп, осы күйде қолайсыз жағдайды өткізеді. Мейоздан кейін талшықты күлтесі бар ( зооспоралар),кейін жіпшелерге айналатын төрт гаплоидті клетка пайда болады. Жаңа жіпшелер жынысты және жыныссыз зооспораларынан түзіліп, эндогониум жіпшесі өседі, овогамия. Вольвокс-колониялы балдыр, қуыст ышарға ұқсас, екі талшықт ыклеткалардан тұрады; клеткалар бір –бірімен протоплазманың жіңішке жіпшелерімен байланысқан. Бір колонияда 40 000 клетка болуы мүмкін, олардың көбі вегетативті қызмет атқарса, бір бөлігі көбеюге жауап береді. Антеридияларда екі талшықты кішкене сперматозоидтар түзіледі. Овогоний ішінде қозғалмайтын бір үлкен аналық клеткасы пайда болады. Қозғалатын сперматозоидтар аналыққа жылжып, онымен қосылады. Қалың қабықт ыдиплоидты зигота түзіледі. Зигота мейотикалық жолмен бөлініп, жаңа колония түзетін гаплоидті клтекаларға бамстама береді. Вольвокстың кейбір колонияларында антиридий мен овогонии бір колонияда, кейбіреулерінде әр түрлі колонияларда орналасады, осылайша жыныстық дифференциация байқалады. Жоғары ұйыдасқан балдырларда (жоғары өсімдіктерде) ұрпақ ауысуы байқалады, жынысты және жыныссыз жолмен көбею кезектесіп жүреді. Осылай жасыл теңіз балдыры ульва (немесе теңіз салаты) екі түрмен белгіленген, бірақ біреуі диплоидті спорофит, ал екіншісі гаплоидті гаметофит екені анықталды. Спорофит гаплоидті спораның мейозының нәтижесінде пайда болады, олардан гаплоидт ігаметофит дамиды. Гаметофит диплоидті зигота түзілгенде қосылатын, гаметаларды түзеді, олардан дипоидті спорофит дамиды. Даму циклі деп, ағзаның белгілі бір тіршілі уақытында болатын және сол ағзаның ұрпағының сол уақыт мезімінде болатын биологиялық дамуды айтады. Ұрпақ ауысумен байланысты даму циклі, ең күрделі, ол жоғары ұйымдасқан өсімдіктерге тән. Жасыл балдырлардың ішінде, күрделі құрылысты харалы балдырлар болып табылады. Оларды бөлек бөліп шығаарды. Олар тұщ ысу қоймаларын мекендейді. Көп клеткалы (ұсақ ағаш тәріздес); олардың тамырға, жапыраққа, сабаққа тұқымға ұқсас өсінділері бар, бірақ анатомиялық тұрғыдан жоғар ыөсімдіктердің бұл мүшелеріне еш қатысы жоқ. Жыныс процесі овогамды, зигота тыныштық кезеңінен кейін дамиды. Эвгленалылардың көбі тұщы суларды мекендейді, екіншілік қабығы жоқ, монадты формалар, цитоплазманың сыртқы бөлігі пелликуланы құрайды; кейде талшық шығатын тесігі бар қабықшамен қапталған «ұйшік». Клетка формасы эллип немесе ұршық тәрізді. Алдыңғы бөлігінде қызыл көзше (стигма) және эвгленаның негізгі вакуоліне апаратын, кішкентай тесік «жұтқыншақ»орналасқан. «Жұтқыншақ» негізінен талшық шығады. Бір немес екі талшықты. Бірнеше хроматофоралы, жиырылғыр талшықтары қабықтан қабыққа тартылып тұрады. Қоректенуі фототрофты, бірақ олар судығы еріген орникалық заттармен де қоректене алады (гетеротрофты), кейбір түрлері голозойлі қоректенеді. Жалпы олар миксотрофтар, яғни аралас қорекнеді. Кейді көп көбейіп судың гүлдеуіне әкеліп соғады. Фотосинтеге бейімделмеген паразит түрлері де бар. Клетканың алдыңғы бөлігінен басталатын көлденең бөлінумен көбейеді. Клетка органеллалары бөлінеді: ядро, ядрошық, хромотофоралар, периноид және стигма. Кейбіреулерінде ғана жынысты процес болады. Негізгі қор зат парамил көмітсуы.

Диатомды балдырлар

Жер бетінің бүкіл жерлерінде кездеседі. Тұщы, ащы суларда, топырақта, тас бетінде тіршілік етеді. Су қоймаларының шөгінінде көп кездеседі. Пектинді клетка қыбықшасы кремнеземмен қапталған (SiO2), ол қорғаныш сауытын түзеді. Ол бір біріне киіліп тұрған тәрізді екі жақтаудан тұрады (қақпағы бар қорап). Жақтауларда тесіктер және камералар болады. Жақтау қүұылым әр түрлі және систематикалық маңызы зор. Цитоплазма қабық бойы орналасқан, оның клетка ортасында, ядро орналасқан жерде, ұштасуы бар, ол сызық бойы сыртқа шығады. Жақтауларға екі хроматофор жанасады. Балдырдың қошқыл қызыл түсі сары пигмент-ксантиндерге байланысты. Клетканың қалған бөлігі клетка шырынымен толтырылған. Қор зат -май. Жыныссыз көбеюі вегетативті: алдын ала хлороплас пен протопласт екіге бөліннеді, ядро митозды бөлінеді. Жақтаулар ажыратылып, әр протопласт жаңа жақтауды құрастырады. Осындай бірнеше бөлінуден кейінклеткалар ұсақталады, даралардың көбеюіне әкелмей, қалыпты жағдайға жеткізетін жынысты процеспен шектеледі. Жынысты процесі ерекше: екі ұсақ дарасы жақындап, жақтауларын тастап, шырышпен қапталады, ядролар мен пртоплосттардың редукциялық бөлінуі нәтижесінде, төрт-төрттен гаплоидті клеткалар түзіледі. Екі әр түрлі тетраданың клеткалары бірігіп (жыныс процесі), қалғандары өліп қалады. Нәтижесінде өсіп дамуға қабілеті бар зигота түзіледі. Зиготадан жаңа екі жақтаулы (диплоидті)жақсы дамитын клетка түзіледі. Диатомдылардың негізгі тіршілк формасы-микроскопиялық өлшемді, бір клеткалы, колониальді және жіпшелі балдырлар. Алғаш рет олар мезозиодің юра дәуірінде пайда болған (195-200 млн жыл бұрын). Олар әр түрлі шаруашылық маңызы бар, диатомиттің тау жыныстарын құрастырады. Оны жарылғыш заттарды (динамит), дыбыс және жылу өткізбейтін материалдарды жасауға, металлдарды тегістеуде, фильтрлер жасауда қолданады. Олардың мұнайдың түзілуіне қатысы бар деген болжам бар, себебі, олар өз бойында қор зхат ретінде майды сақтайды.

Қошқыл қызыл (бурые) балдырлар

Олар әлемнің барлық теңіздері мен мұхиттарында талған, көбінесе жағалауға жақын тіршілік етеді, бірақ терең жерлерде де кездесуі мүмкін, мысалы, Саргасс теңізінде. Олар бентостың маңызды құрамдас бөлігі. Ерекше түсінің болуы, әр түрлі пигменттердің болуына байланысты. Хлорофилл, каротиноидтар, фукоксанин. Хлорофилл тереңге өтпеген сәулелерді ұстай алмағандықтан, пигменттер жиыны фотоситез процесіне мүмкіндік береді. Олардың ішінде микроскопиялық және макробалдыолар кездеседі. Соңғылары гиганттар бола алады: мысалы, макроцистис балдырының ұзындығы 30-50м жетеді. Қарапайым ұйымадасқан жіптектес балдырлардың талломы бір клеткалар қатарынан тұрады, ал жоғары ұйымдасқандарында, клеткалар тек қана әр түрлі жазықтықтарға бөлініп қалмай, дифференциаланады, яғни «сағақтар», «жапырақшалар» мен өсімдік субстрақа бекитін ризоидтары болады. Клеткалары бір ядролы, хроматофоралары көп және түйіршікті. Қор заттар полисахарид немесе май түрінде сақталады. Пектин-целлюлозды қабықшалар оңай шырыштанады, өсуі интеркалярлы немесе жоғары. Жыныссыз көбеюі (фукуста ғана болмайды) көптеген екі талшықты зооспоралар арқылы іске асады, олар бір кейде көп клеткалы зооспорнагииларда түзіледі. Жыныссыз вегетативті көбею таллом бөлігімен іске асады. Жынысты процесс формалары: изогамия, гетерогимия және оогамия. Фукустардан басқалардың барлығында, даму фазаларының ауысуы байқалады. Редукциялық бөліну зооспорангийлер мен спорангийлерде өтеді, олар гаплоидті гаметофитке бастама береді, ол екі немесе бір жынысты болады. Зигота тышыштық кезеңісіз диплоидті спорофитке өседі. Кейбір түрлердің спорофиті мен гаметофитінің сыртқы айырмашылығы жоқ, ал басқаларында (ламинарияда) спорофит үлкен және көп уақыт қызмет етеді. Фкустің гаметифиті редукцияға ұшыраған, себебі гаметалар өсімдіктен тыс, суда қосылады. Зигота тыныштық кезеңісіз диплоидті спорофитке айналады.



Қызыл балдырлар

Қызл балдырлар тропик пен субтропик теңіздерінде, қоңыржай климатта кездеседі (қара теңіз бен Норвегия жағалауы). Кейбір түрлері тұщы су мен топырақта кездеседі. Таллом құрылысы жоғарыда айтынған балдырлардікіне ұқсас. Түсі хлорофилл, фикоэритрин, фикоциан пигменттеріне байланысты. Олар қошқыл қызыл балдырларға қарағанда, тереңірек тіршілік етеді, оларға жарық сәулелерін ұстау үшін қосымша пигменттер қажет. Фикоэритрин мен фикоциан пигметтерінің бар болуы олардың аталарына әсер еткен. Қызыл балдырлардың хроматофоралары диск тәрізді, перитиноидтары жоқ. Қор заттары май және қызыл балдырларға тән йодпен бояған кезде қызыл түс беретін крахмал түрінде сақталады. Таллом көпклеткалы тарамдалған жіпшелерден тұратын, бұталарға ұқсас, сирек пластика немесе жапырақ тәріздес, ұзындығы 2м жетеді. Кейбір түрлерінің пектинді-целлюлозды қабаты қатта шырыштанып, талломның барлығы шырыштанады. Сондықтан кейбір түрлерін тамақ өнеркәсібінде бактериялар мен саңырауқұлартарды өсіру үшін қоректік субстрат ретінде, кеңінен қолданылатын агар-агар алу үшін пайдаланады. Қызыл балдырлардың кейбіреулеркнің клетка қабықшасы көмірқышқыл кальциймен және көмірқышқыл магниймен инкрутацияланған, бұл оларға тастай беріктік береді. Бұндай түрлері имаржан рифтерінің түзілеуіне қатысады. Қызыл балдырлардың даму циклінде қозғалмалы кезең жоқ. Олардың жынысты көбеюінің формасы мен көбею мүшелерінің құрылымымен ерекшеленеді. Көбі екі үйлі өсімідіктер. Піскен спермациялар (бір қозғалмайтын гамета) антеридиден суға шығып, су ағысымен карпогонға (аналық жыныс мүшесі) жылжиды. Спермациидің құрамы корпогонға өтіп, онда аналық жыныс клеткасымен бірігеді. Зиггта тыныштық кезеңсіз митотикалық бөліп, жіп тәріздес талломдарға айналады. Таллом диплоидті. Жіпшелердің жоғары бөлігінде, жынысты көбею споралары (карпоспоралар) түзіледі. Жыныссыз көбею кезінде талломда құрамында бір спора –моноспора, немесе төрт спора-тетраспоралары бар спорангийлер түзіледі. Тетраспоралардың пайда болуының алдында редукциялық бөліну өтеді. Көп споралы балдырларда, бір монопоидті өсімікте гаметангий мен спорангий түзіле алады, зигота ғана диплоидті. Тетраспоралыларға даму кезеңдерінің алмасуы тән: гаплоидті тетраспоралар гаметангиясы бар гаплоидті гаметофитке; диплоидті карпоспоралар спорангийлері бар дипоидті өсімдікке (диплоидті спорофит( айналады. Гаметофит пен споррофиттің сыртқы құрылысы бірдей. Порфира мен порфиридиумның жыныссыз көбеюі монопоидті моноспоралармен іске асады. Даму циклін гаплоидті күйде өткізеді; зиготалары ғана диплоидті. Шығыс Азия елдерінде порфиралардың кейбір түрлерін тамаққа қолданады. Норвегияда, теңіз жағалаунан су кеткен кезде, қойларды жайылымға сияқты жібереді.



Тақырып 5. Нағыз саңырауқұлақтар бөлімі. Қыналар бөлімі. Саңырауқұлақтар.

НЕгізгі үш топта-бактериялар, миксомицеттер мен саңырауқұлақтарда еш бір ұқсастық жоқ, олардың хлорофилдерінің болмауы мен гетеротрофты қоректенуінен басқа. СОл себептен, оған қоса, олардың пайда болуына қарап, жеке бөлімдерге жатқызады.

Нағыз саңырауқұлақтар.

Саңырауқұлақтардың мыңнана астам түрі белгілі. Олар ұйымдасуы жағынан бір клеткалы балдырларға ұқсас. Көбінде мицелий деп аталатын, тарамдалған жіпшелерден, гифтерден тұратын көп клеткалы денесі бар. Төменгі саңырауқұларқтардың гифтері бір-бірінен оқшауланбаған, сондықтан, бір үлкен клетка тәрізді. Жоғары өкілдерінде гифтер көлденең перделермен бөлінген. Саңырауқұлақтың сыртқы қабығы пектин заттарынан (целлюлозаға жақын көмірсулар), және жәндіктердің хитиндеріне ұқсас азотты заттардан тұрады. Олардың негізгі ерекшелігі пластидтерінің жоқтығы. Ядролары өте ұсақ, бір -, екі немесе көп ядролы. Қор заттар гликоген, май түрінде сақталады, крахмал түзілмейді. Вегетативті және жыныссыз көбеюі ерекше. Вегетативті көбеюі: мицелийдің бөлігі арқылы; оидилері – жұқа қабықшалы оқшауланған мицелий гифтері ыдырағанда түзілетін буындар; бүршіктену арқылы, яғни клеткаларда олардан бөлініп кететін домалақ өсінідлердің түзілуі. Жыныссыз көбеюі арнайы мүшелерде дамитын, әрі қарай мицелийге айналатын, әр түрлі споралардың көмегімен өтеді. Кейбір түрлерінде даму циклінде жыныссыз көбеюдің бірнеше формалары өтеді. Эволюция барысында, саңырауқұлақтарда, басқа өсімдіктерге қарағанда, жыныс процесінің редукциясы өтті, бірақ әр түрлі түрлері кездеседі (изогамды, анизогамды-бір клетка екіншісінен ұсақтау болғанда). Зигота әрқашан белгілі бір уақыт тыныштық күйде болады. Өсу алдында ол мейоз жоламен бөлініп, әрқашан диплоидті болады. Саңырауқұлақтардың өздері тірішілік циклі бойы гаплоидті. Жоғары саңырауқұлақтардың жынысты процесі кезінде ядролардық қосылуы кейінірек өтеді. Қарама-қарсы жыныс ядролары қосарланып (дикариондар) орналасып, жаңа дикариондарды түзу үшін, синхронды бөлінеді. Уақыт өткен соң ядролар қосылып, дикарионды ядролар редукциялық бөлініп, гаплоидті ядролар жынысты көбею спораларының ядроларына айналады. Даму циклінде жынысты және жыныссысспоралану ауысып отырады, жынысты споралану тіршілік цилін аяқтайды. Олардың табиғаттағы зат алмасуда маңызы зор. Олар бактериялар тәріздес, өсімдік текті органикалық заттарды минералдандырады (редуценттер). Топырақтың жоғары қабатында көп кездеседі. Саңырауқұлақтар жоғары сатыдағы өсімідктердің қоректенуін күрделі органикалық заттарды жай заттараға айналдыру арқылы жақсартады. Спиртті ашуға қатысатын ашытқылар нан, шарап, спирт, сыра, квас, айран жасауда, кең қолданылады. Олар тамақ, азық және емдеу өнімі (дәрумендерге бай). Қалпақалы саңырауқұлартардың қоректік маңызы зор, көптеген түрлерінен дәрі-антибиотиктер алынады. Бірақ олардың көбі ауыл шаруашылық өсімідіктерінің ауруларын қоздырады. Ағашты бұзатын саңырауқұлақтарда үлкен зиянын тигізеді. Кейбіреулері адам мен жануарлардың тері, түк жамылғысының ауруларын туғызып, уландырады. Көптеген бактериялар шыдамайтын, қышқыл раекциясы бар ағзалардың денесінде, паразиттік тіршілік етеді.



Миксомицеттер

Миксомицеттер (немесе шырыштылар)-саңырауқұлақтарға ұқсас, бірақ кейде амебаларға тән қасиет көрсететін ерекше ағзалар тобы. Ыдырап жатқан жапырақтар мен шіріген ағаш діңдерінде шырышты масса түрінде кездеседі, амеба сияқты псевдоподиялармен қозғалады. Олардың тіршілік циклінде келесі кезеңдер болады: бір клеткалы талшықтылар; бір клеткалы амебалар, көп ядролы цитоплазма мен сабағы мен жеміс тәріздес денесі бар өсімдіктерктілер. Плазмодийіінң белгілі формасы жоқ, кейде боялған; субстраттан ас қорыту вакуольдерінде қорытылатын, оның органикалық заттарын ағып өтіп сіңіреді. Клетаклары көбінесе екіге бөлінеді (жыныссыз), бірақ белгілі бір кезде, жеке шырышты массалар екі-екіден жабысып, ерекше жеміс денесін құрайды. Ылғалды субстратқа түскен споралар суды сіңіріп, қабықшасын жарып, бөлініп, амеба тәрізді клетканы түзеді. Кейбір амеба тәрізді клеткалар аз уақыттан кейін гаметалар қызметін атқарып, бір бірімен бірігіп, зигота түзеді, ол бөлініп, көп ядролы шырышты масса бойы таралып, даму циклін аяқтайды. Бұнда споралар-гаплоидті, ал плазмодий ядролары –диплоидті. Кейбір миксомицеттер өсімдік паразиттері болап табылады, біреуі орамжапырақ ауруын туғызады.



Фикомицеттер

Фикомицеттер-саңырауқұлақтар арасындағы ең аз ы ( түрге жақын). Олардың жіп тәрізді денелері балдырлар талломына ұқсас, көбеюі (жыныссыз-қозғалмалы споралар, жынысты-гамета арқылы), балдырлардікіне ұқсас. Сондықтан, оларды балдыр-саңырауқұлақ деп атайды. Гифтерінде перде жоқ немес олар аз, мицелийі көп ядролы, цитоплазмаға малынған. Кең тарлған өкілдері-нан зеңі, ұнтақ тәрізді снділер түзетін саңырауқұлақтар, ақ тот, картоптың түйнегі мен жер үсті бөлігінің ауруын (фитофтороз) туғызады. Қара нана зеңін мысалға алып, төмегі саңырауқұлақтардың даму циклін қарастыруға болады. Нана оған, саңырауқұлақ спорасы түскенде көгереді. Спора өсіп, жіпшелердің орамдалған түйінін-мицелийді түзеді. Ризоид деп аталатын кейбір гифтер, нанға еніп, одан қоректік заттардыалады; столон деп аталатын басқа гифтеркөлденең кйеін жоғары қарай өседі. Осы гифтердің жоғары бөлігінде ішінде споралар дамитын, спорангий түзіледі; споралар дамығаннан кейін спорагий жарылып, споралар таралады. Жынысты көбею споралардан өскен екі гифтер өскенде өтеді. Гифтер бір-бірне бағытталған өсінділер жібереді. Бұндай өсндінің шеті ұлғайып, гамета түзіп, бөлінеді. Екі жақын жатқан гаметақосылп, зигота түзеді. Зигота өскенде мейоз жолымен бөлініп, барлық зиготалар гаплдоидті болады. Нан зеңінің екі түрі белгілі (плюс- және минус). Жынысты көбею тек қана плюс пен минус формаларының гаметаларының қосылуы, яғни жыныстың морфологиялық дифферециациясы жоқ болса да, физиологиялық дифференциациясы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет