ӨСІМДІКТЕРДІ ТОПЫРАҚСЫЗ ӨСІРУДЕ СОҢҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Орындаған: Жұзтай Айғаным Ерғалиқызы
Жетекшісі: Айдарова Гүлнұр Жетпісбайқызы
Жер бетінің барлық аймақтарында адам баласы бөлме гүлдерін өсірумен айналысады, біреулер сәндік үшін, біреулер емдік қасиетін пайдалану үшін, ал тағы бір топ хобби үшін, яғни сүйікті ісімен өткізу үшін бөлме гүлдерін өсіреді. Соңғы кезде бөлме өсімдіктерін пайда көзіне айналдырып алған азаматшалар көптеп кездеседі.
Бөлме гүлдеріне деген қызығушылық күннен - күнге артып келеді, осыған сәйкес түрлері де, жыл сайын өзгеріп отырады, яғни дүкен сөрелерінен неше түрлі гүлді өсімдіктерді кездестіруге болады.
Уақыт бір орында тұрмайды, өмірде бәрі де өзгереді, сол сияқты бөлме гүлдерінің де түрі өзгеріп, бірі сәннен шығып, оның орнына басқа бір түрі келіп жатады, сонымен қатар, адам баласының да бөлме гүлдеріне деген көзқарасы да өзгеріп отырады, біреулер құлпырып гүлдеп тұрған өсімдіктерді ұнатса, келесі біреулері ірі жапырақты заманауи, дүкен сөрелерінде көптеп кездесетін гүлдерді ұнатады. Қандай гүлдерді өсірумен айналыссаңыз да, ең бастысы дұрыс күте білуіңіз керек, ол үшін бөлме гүлдеріне қажетті жағдай туғыза білу, оларды дұрыс таңдай білу абзал.
Барлығымызға белгілі, бөлмеде өсіп тұрған жасыл өсімдіктердің пайдасы ұшан теңіз, олар бөлменің ауасын тазартып қана қоймайды, бөлмедегі шуды жояды, бөлменің ауасын ылғалдандыра отырып, шаңды басады.
Бөлме гүлдері адам баласының көңіл күйіне де жақсы әсерін тигізеді, жұмыстан шаршап келгенде құлпырып өсіп тұрған жасыл өсімдіктер көңіл - күйіңізді көтереді, жайлылық сыйлайды.
Үй жағдайында, кеңселерде немесе мектеп сыныптарында әдемі, гүлдеп тұрған өсімдіктерді кім қаламайды деп ойлайсыз?
Ол үшін бөлме гүлдерін өсірудің қыр – сырын білгеніңіз жөн.
Бөлме гүлдерін өсіруде кейбір қиыншылықтар кездесіп жатады, мысалы, отырғызылған гүлдеріңіз дұрыс өспей қурап қалып жатады, ондай кезде себебін анықтамай, «менің қолым ауыр» немесе «менің үйімде гүл өспейді» деп өсімдікті лақтырып тастайтын жағдайлар да кездесіп қалып жатады. Ондай пікірлерден аулақ болғаныңыз жөн, себебі дұрыс таңдап алған, дұрыс күтім жасалған бөлме өсімдіктерін өсіру кез - келген адамның қолынан келеді.
Үй гүлдері, негізінен, екіге бөлінеді. Бірі әдемі декоративті, жапырақты, сосын гүлдейтін. Гүл құмарлардың көбі оларды араластырып өсіргенді жақсы көреді. Гүлдейтін гүлдердің күтімі ерекше екендігін үнемі ескеру керек. Сондай-ақ олардың қай кезде гүлдейтінін білу керек. Біз үй гүлі дегенімізбен, олар өзге бір елдерде табиғатта өседі. Үйдің жағдайын да сол табиғаттаға қалыпқа жеткізіп, топырағын, ылғалдылығын үнемі қадағалау керек. Сол кезде ғана үй гүлі өз дәрежесінеде болып, гүлдейді.
Үй гүлдері сонымен қатар күнді жақсы көретін және алакөлеңке жерде өсе беретін болып бөлінеді. Сондықтан үйде гүл өсііруді қолға алсаңыз, оны қай жерге қоятыныңызды алдын ала ескеріп, гүл маманымен кеңесу керек. Өзіңіз қызығып, қалап сатып алған гүліңіздің күнді қалайтынын немесе керісінше екендігін гүл маманнан біліп алған жөн. Әйтпесе гүлдің бабы болмай, қурап қалуы мүмкін.
Дәрілік қасиеті бар гүлдер өте көп. Мысалы, бір ғана алаказия гүлінің жапырағынан қаншама дәрі жасалады. Шырмауық гүлінің де түрлі емдік қасиеті бар. Жапырақтарын жылы суға бір салып, көзге қоятын болсақ, көздің тамырларына әсер етіп, шаршағанын басады. Кейбір гүлдердің адамның көңіл күйін көтеруге де ықпалы бар.
Аулада өсіруге болатын 1-2 жылдық және көпжылдық гүлдер бар. Көпшілік, негізінен, көпжылдық гүлдерді таңдайды. Жаңадан гүл өсіруді бастағанда түймедақ (ромашка), бақыт гүлін (хрезентема) еккені дұрыс. Өйткені бұл гүлдердің күтімі жеңілдеу, аса күй талғамайды. Аканик гүлін қазақтар «у қорғасын» деп атайды. Өйткені у қорғасыннан неше дәрілер алынады.
Әдетте үйге гүл сыйлыққа немесе өзіміз сатып аламыз. Арадан 5-6 күннен соң гүлдеріміздің жапырақтары сарғая бастайды, немесе жапырақ ұштары қарайып кетеді. Оған бірден бір себеп суды көп немесе аз құйю салдарынан болады. Үйде көп болмай немесе суды мүлдем құймай ұмытып кетеміз. Соның салдарынан өсімдік түрлі ауруларға ұшырайды және зиянкестер қаптап кетеді. Міне осындай жағдайлардан алдын алу үшін топырақ орнына керамзитке отырғызуды дұрыс деп шештім.
Мен өз тәжірибемде әйел бақыты гүлін 1-2 жылдан бері осы керамзитке отырғызып келемін. Нәтижесі өте керемет. Қыстың күні үйге жылытқыш қолданамыз, соның әсерінен ауа құрғап жапырақ ұштары сарғайып кетеді. Ал жаздың күндері әрбір күн сайын суғарып отыруымыз керек. Себебі біздің Түркістан облыстары өте ыстық болып келеді. Міне осы жағдайларды ескеріп гүлдерді осы керамзиттерге отырғызып келемін. Нәтижесі жаман емес. Әсіресе әйел бақыты гүлі ылғалды өте жақсы көреді, құрғақшылық мүлдем төтеп бере алмайды. Осы жағдайды ескеріп әйел бақыты гүлін керамзитке отырғызып келемін.
Керамзитпен тек үй гүлдерін емес жеміс-жидек, көкөніс дақылдарының өнімділігін арттырады әртүрлі дақылдарды өсіру кезінде де қолдануға болады.
Керамзит өсімдіктерге үлкен пайда әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар гүл бақшасында сәндік үшінде қолданылады.
Өсімдік шаруашылығымен айналысатын кез келген адам өнімнің қаншалықты ауа райы жағдайына байланысты екенін біледі. Құрғақшылық жағдайында топырақты ылғалмен қанықтыру үшін қанша күш жұмсалады? Ұзақ, жауған жаңбыр әдетте өсірілетін көкөністерді өлімге әкеп соқтырады. Тамыр жүйесі шіріп кетуі мүмкін.
Керамзит - нағыз құтқарушы. Кеуекті құрылымының арқасында ол артық ылғалды сіңіре алады, осылайша судың тоқырауына жол бермейді. Керісінше, жиналған ылғал құрғақ күндерде біртіндеп топыраққа қайтарылады. Бұл аңыз емес, шындық. Осылайша, керамзит өсімдіктерге қажет ылғал алмасуды реттеуге қабілетті
Керамзит оның құрамы экологиялық таза (ол күйдірілген саздан жасалынады), құрамында зиянды заттар болмайды. Оның фракциялық пішіні топырақты жұмсақ әрі борпылдақ етеді. Топыраққа керамзиттің белгілі бір пропорциясын енгізу арқылы, топырақты оттегімен қанықтырады және өсімдіктердің «тыныс алуы» жақсарады.
Керамзит өсімдіктерге қолайлы өсу жағдайларын қамтамасыз етеді топырақтың құрылымын жақсартады, оны ауа мен су өткізгіштігін жақсартады, ыстық ауа-райында өсімдік тамырларын құрғаудан және жаңбырлы ауа-райында көгеруден қорғайды, өсімдік ауруларының қаупін азайтады, сондай-ақ әртүрлі зиянкестердің пайда болуын алдын алады.
Өсімдіктерді өсірудің арнайы техникасы, онда топырақтың орнына арнайы қоректік ерітінді қолданылады . Бұл жағдайда керамзит өсімдіктердің тамырына ылғал мен қоректік заттардың жетуін қамтамасыз ететін қажетті ортаны құру үшін қолданылады. Көптеген үй гүлдерді ғана емес, сонымен қатар жасыл және көкөніс дақылдарын өсіру үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |