Қосымша білім беру педагогы «Ұлағат» үйірмесінің жетекшісі, Елемисова Арайлым Абылайқызы



Дата10.06.2016
өлшемі38.46 Kb.
#126328
Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы

Желаев селолық округі Мектептен тыс жұмыс орталығы

Қосымша білім беру педагогы

«Ұлағат» үйірмесінің жетекшісі,

Елемисова Арайлым Абылайқызы
Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы.
Сабақтың мақсаты: Абай өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, қазақ поэзиясының асқар биігі Абай бейнесіне, шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.
Білімдік: табиғат жыршысы Абай лирикаларының тақырыптары және олардың өзіндік ерекшеліктерін таныту;
Тәрбиелік: туған жерінің, Отанының әсем табиғатын қорғауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдістері: ой қозғау, сұрақ – жауап, топтастыру, «Төрт жолды өлең», «Сиқырлы таяқша» талдау.
Көрнекілік: Абай суреті, Абайға қатысты кітаптар, бүктемелер, топтық белгілер.
Қолданылған технология: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру:
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Түгелдеу;
- Оқушыларды топқа бөлу, назарын сабаққа аудару;
Үй тапсырмасын сұрау. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын «Кім жылдам» ойыны барысында зымыран сұрақтар арқылы сұрап бекіту.(Карточкамен жұмыс)
1. Абай қай жерде, қашан туылған?
2. Абайдың руы, қандай ортадан шыққан?
3. Ақынның шын есімі кім?
4. Ең алғашқы сауат ашқан молдасы?
5. Одан кейін білім алған ордалары?
6. Оның халық әдебиетін сүйіп өсуіне кімдер себепкер болды?
7. Поэмалары.
8. Абай кімдерді аударған?
9. 17 – қарасөзінде «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті»
10. Ұлы ақын туралы жазылған роман – эпопея қалай аталады?

Жаңа білімді меңгерту.


І. Ой қозғау.
«Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» Мұхтар Әуезов.
«Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері – күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар.» Зейнолла Қабдолов.
( Қазақ әдебиетіндегі дарынды тұлғалардың Абайға арналған пікірлерін слайдтан оқи отырып, оқушылар Абай ата туралы не білетіндіктерін ортаға салып, төмендегідей топтастырады.)

- Оқушылар, Абайдың табиғат туралы қандай өлеңдерін білесіңдер?

ІІ. Мағынаны тану. (Кіріспе сөз)

Қазақ халқының тарихында Абайдың алар орны ерекше. Абай – жаны нәзік, сүйкімді жан. Ол жан нәзіктігін, табиғат сұлулығын ұштастыра білген. Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны әлемнің классик ақындарының бәрі де жырлаған. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, өз көңіл – күйін суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды қайталанбас, соны бояулармен бейнелеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретіңде ала отырып, әлеуметтік өмірмен, қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.


Абайдың тұңғыш өлеңі – «Жаз»(1886) Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс асқан шеберлікпен суреттеледі. «Жаз», «Жаздыгүн шілде болғанда» өлеңінде де жаңа қонысқа, жайлауға көшіп келген ауылдың тұрмыс-тіршілігінің тұтас бір көрінісі бар. Бірақ мұнда тынымсыз әрекет, қимыл-қозғалысты сипаттау шеберлігі таң қалдырады. Жыр өлшемімен жазылған жеңіл, ойнақы ырғақты өлеңде ақынның құлын-тайлардың шапқанын бұлтылдап деп, үйрек-қаздың жоғары-төмен ұшып жүргенін сымпылдап деп, үй тігіп жатқан қыз-келіншектердің жүрісін былқылдап, күлгенін сыңқылдап деп, ондаған осындай сипаттама сөздерді бірыңғай ұйқастыра тізбектеп келтіруі абыр-сабыры көп өмір көрінісі көз алдымыздан өтіп жатқандай әсер етеді.
«Қыс» табиғатын Абай бұдан өзгешелеу стильде суреттеген. Бұл-нағыз классикалық поэзия үлгісінен туған өлең. Мұнда да табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады. Бірақ бұл әрекет табиғаттан гөрі. Адамның-жанды тіршіліктің әрекетіне ұқсайды.
Абайдың табиғатты суреттеудегі жаңаша ізденісін, өсу-өрлеуін танытатын туындылары-бұдан кейінгі кезекте жазылған күзге арналған екі өлеңі «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай».(1889) Бұл өлеңдерде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық-көркемдік тұрғыда берілген.
«Жазғытұры» (1980) өлеңінде де Абай бұл мезгілдің өзіне тән суреттерін жасайды. Мұнда табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі-«ата-анадай елжіреген күннің көзі» көбірек айтылады. Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады.
Абай қай өлеңде болмасын табиғат пен қазақ халқының өмірін байланыстыра жырлаған. Кемеңгер ақын мәңгі қайталанбас бейнелі сөз өрнегін жасады.(Абайдың өмір жолы слайдтан көрсетіледі)

Оқулықпен жұмыс. (Бірінші өзім нақышына келтіріп, мәнерлеп оқып беремін. Әрі қарай әр топ өздері таңдаған мезгілдеріне сай кітапта берілген өлеңдерді мәнерлеп оқиды)


І Топ. ІІ Топ. ІІІ Топ.
«Жаз» «Күз» «Қыс»
І Топ: «Жаз» өлеңіндегі мезгілдің ерекшелігі.
ІІ Топ: «Күз» өлеңіндегі күзгі ауыл көрінісі қалай бейнеленген.
ІІІ Топ: Ақын суреттеуіндегі қыс мезгілі қандай?
әр топқа кесте таратылады, тақтамен жұмыс)
ІІІ. Ойтолғаныс.
«Сиқырлы таяқша» стратегиясы арқылы оқушыларға ой тастау.
- Оқушылар, енді Абай өлеңдеріндегі суреттелген табиғат көрінісі мен қазіргі заманның табиғат көрінісі қандай екен? (- Сорға айналған дала.
- Ауа ластанған. – Жан-жануарлар азайған. – Су көздері таза емес. – Түрлі аурулар таралуда) Бұған не себеп болды? (Экологияның бұзылуы. – Арал теңізінің тартылуы. – Атом сынағының орналысуы. – Табиғат байлықтарын тиімсіз пайдалану. – Адамдардың табиғатты қорғамауынан.) Сабақты пысықтау үшін 2 топқа «Абай», «Табиғат» «Қар» тақырыбына «Төрт жолды өлең» құрастыру берілді.
Мысалы:
Зат есім: Қар
Сын есім: Ақ, ұлпа
Етістік: Жауады, ериді, борайды
Сөйлем: Далада ұшқындап қар жауады.
Сабақты бекіту.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген қанатты сөзімен сабағымды қорытындылаймын.
Үй тапсырма:
«Жазғытұрым» өлеңін жаттау. «Табиғатым мекенім» тақырыбына эссе жазып келіңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет