Қосымша білім беру педагогы «Сарбаз» үйірмесінің жетекшісі Макаров Айбек Амантайұлы Ел тірегі – сарбаздар



Дата12.07.2016
өлшемі26.21 Kb.
#195060
Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы

Желаев селолық округі Мектептен тыс жұмыс орталығы

Қосымша білім беру педагогы

«Сарбаз» үйірмесінің жетекшісі

Макаров Айбек Амантайұлы

Ел тірегі – сарбаздар

Отан қорғау- әр азаматтың парызы. Отан қорғауға жастарды дайындау қазіргі кезде бұрынғыға қарағанда айрықша көңіл бөлінуде.

Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттер және әскер қызмет» жайлы заңына қоса Қазақстан Республикасының үкіметінің 1996 жылы 1 қарашада шыққан

№ 1340 жарғысына сай орта мектептерде алғашқы әскери дайындық пәні мемлекеттік пән ретінде оқытылуда.

Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын ұлттық намысы мол жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ барысында ұжымдық қорғаныс жұмыстарына сабақтан тыс уақытта жаттығу жұмыстарын өткізуге аса көңіл бөліп келемін.

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Еркіндікке жеткізем деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған –деп ақындарымыз жырлағандай, қазақ елінде осыдан 24 жыл бұрын Тәуелсіздіктің таңы атқан күні болса, қысқа уақыттың ішінде көптеген шаруа тындыруға болатындығына Қазақстанның бүгінгі дамуы жарқын көрсеткіш, мақтанарлық жайт.

Тәуелсіздік күні халқымыздың көптен күткен асқақ арманы болса, Тәуелсіздікке ұмтылыс қай кезде де кедергі мен күреске толы екені баршамызға аян. Осындай ауыр жолда тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, бостандық үшін күреске бар ғұмырын арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын мереке – желтоқсан айының 16 жұлдызы Тәуелсіздік күні ресми мерекеге аталып аталып келетіні бәрімізге белгілі.

Міне, осы мерекеге орай, № 33 орта жалпы білім беретін мектептің 9-10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ел тірегі - сарбаздар» атты «Алау» әскери патриоттық, мерекелік

іс - шара өткіздім. Кештің мақсаты балаларға әскери дайындық міндеттерімен таныстыру, әскерде өз борышын өтеу кезінде кездесетін қиындықтарға төзе білуге, шапшаңдыққа, Отанын қорғауға деген патриоттық тәрбие беру.

Сайыстың ашылуы Қазақстан Республикасының туы көтеріліп, әнұранының орындалуымен және мектеп басшысы Арғынбаев Ахмади Тілегенұлының құттықтау тілегімен ашылды.

Сайыс жалпы 7 бөлімнен құрылып, «Сөз анасы – сәлемдесу», «Бүркіт», «Барыс», «Сұңқар», «Қыран», «Сарбаз» топтарының өздерін таныстыруы, қорғаныш киімдерін белгіленген уақыт ішінде кию, кереуетті жинау, автоматты бөлшектеу және жинау, пневматикалық мылтықпен нысананы дәлдеп ату, кір тасын көтеру, білек күшін сынасу сияқты ойының тәртіптерінен сүрінбей өтіп, өз шапшаңдықтарымен көзге түсіп, өз сыныбының намысын қорғап қалуда күштерін сала білген. 11 – сынып яғни «Сарбаз» тобы жүлделі І орынға ие болса, ІІ орынды «Қыран» тобы 10 –сынып, ІІІ орын «Сұңқар» тобы 9 сынып жеңіп алған болатын.

Тәжірибе алмасу бағытында кештің әділ бағасын беруге қаламыздағы орта мектептердің мұғалімдері:

№ 1 ЖОББМ – Демеуов Р.

№ 22 ЖОББМ- Есболатов М

№ 36 ЖОББМ – Шәкен Қ

№ 43 ЖОББМ –Шотанов С.

Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Нурканов М.А.

Облыстық қазақ – түрік лицейінің АӘД пәнінің мұғалімі Б. Нығыметов балалардың шапшаңдықтарын бағалап, өз әділ бағаларын беріп отырды.

Міне, осындай еліміздің намысшыл азаматтарын дайындау – басты мақсатымыз. Қорғанысымыздың берік, әскеріміздің жігерлі болуы - жастарымыздың қолында. Жастарымыздың ұлтшыл, намысшыл болып тәрбиеленуіне мектебіміздегі әскери дайындық пәні, сонымен қатар осындай кештердің өткізіліп отыруы бала тәрбиесіне септігін тигізетінін айтқым келеді.



Мен әр сабағымда әскери отансүйгіштік тәрбиені оқушылардың санасында дұрыс қалыптасуына аса көңіл бөлуді басты мақсатым деп санаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет