Зайсан қала әкімінің 2011 жылдың екінші жарты жылдығында атқарған жұмыстары
Зайсан қала округіне қарасты жер көлемі 18832 га, оның 16698 га ауыл шаруашылық жерінің 4068 га - егістік, 2468 га – шабындық, қалған – 10192 га – жайылымдық жер. Осы жерлерді 88 шаруа қожалықтары бекітіп алып, мал, егін шаруашылықтарымен айналысуда. Күз айында егілген дақылдардың көлемі 977 га жетіп, 381 га дәнді дақыл, 299 га картоп, 232 га көкөніс, 15 га бақша, 50 га майлы дақылдар егіліп, дәнді дақылдың әр гектарынан 18 центнер өнім алынды. Картоп, бақша өнімдері қала халқына саудалануда. Мал азығының берік қоры жасалып, шабындық жерлер түгелдей шабылып алынды. Шаруа қожалықтары мен қала әкімі базар бағаларынан арзан саудалауға меморандумдар жасасып, 92 тонна картоп, 32 тонна капуста сақтауға қойылды. Егін шаруашылығында нәтижелі табыстарға жетіп жүрген шаруа қожалықтары жыл сайын артып келеді. Олар «Алмат» ш/қ (жетекшісі Н.Мухамадиев), «Нәке-96» ш/қ (жетекшісі О.Қамшыбаев), «Россинка» ш/қ (жетекшісі Томенгас), «Жомарт» ш/қ (Н.Мусина), «Серік» ш/қ (жетекшісі С,Абдилдинов) тағы басқалар.
Алайда егін шаруашылығында әлі де кемшіліктер бар. Ауыл шаруашылық құрылымдары бекітіп алған жерлерін толық пайдаланбайды. Жалпы, Жер кодексіне сәйкес игерілмеген жерлер бір жылда себепсіз пайдаланбаса, ол жер қайтадан алынуы тиіс. Бұл жұмысты жүргізу нәтижесінде 382,4 га егістік жер қайтарылды. Сонымен қатар округтегі шаруа қожалықтарының материалдық-техникалық базалары бүгінгі күн талабына мүлде келмейді. Егіншілердің көпшілігінің техникалары жетіспеуде, әсіресе егін ору науқанына қажетті комбаиндар. Соңғы жылдары округке 3 – МТЗ-82 тракторлары мен 2 астық комбаиндары ғана лизингке алынды. Оның өзін қаламыздағы Қ.Абжанов, Б.Нұрасыл, Е.Келгенбаевтар ғана лизингке алды. Техникаларды жаңалаудың бірден-бір жолы техниканы «Каз Атрофинанс» мекемесі арқылы лизингке алу, сол үшін тапсырыс берілуі керек.
Қала округінде сыртқы қыстақтармен қосқанда бүгінгі күнге 7350 бас ірі қара, 14991 бас қой-ешкі, 843 бас жылқы малдары бар. Бұл алдыңғы жылдың мөлшеріндей. Малдың саны болғанмен, сапасы өте төмен. Асыл тұқымды малдың үлес салмағы қойда бар жоғы 0,8 %, ірі қарада 0,33 %, жылқыда 2,8 % ғана, яғни шаруа қожалықтары малдың санын арттырумен ғана шектеліп, малдың сапасына көңіл бөлмеуде. Осы мәселеге байланысты малды қолдан ұрықтандыру пунктін қайта ашуыға жұмыстар жүргізілуде. Қой, ірі қара малдарынан сарып аурулары жойылмай келеді. 83 бас ірі қара, 46 қой-ешкіден сарып ауруы анықталды. Бірнеше жылдан бері жабық мекемелерді (бала бақша, мекетептерді) сүтпен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Осы мәселені жою мақсатында қалада тәулігіне 8 тонна сүт өңдеп, 10 әртүрлі өнімдер шығаратын сүт зауыты іске қосылды. Алайда, зауытты сүтпен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Жалпы біздің мақсатымыз – ауыл шаруашылық өнімдерін өзімізде аудан арқылы аудан халқын сапалы ет, сүт, нан өнімдерімен қамтамасыз ету. Бұл ретте қалада 120 тонналық ұн зауыты, 8 тонналық сүт зауыты, 11 наубайхана, 2 май сығатын цехтар жұмыс істеуде.
2011 жылдың соңғы алты айында Зайсан қаласында тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне, қаланы көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары бойынша біршама істер атқарылды. Қала бойынша барлығы 78 көше бар, оның ұзындығы 85 км, осы көшелердің 20 пайызына асфальт төселген болатын. 60 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5 көше жарықтандырылды. 10 млн тенгеге 14 көшеге ағымдағы жөндеу (ямочный ремонт) жұмыстары жүргізілді. Зайсан қаласының 6 көшелері: Керімбаев, Абай, Бөгенбай, Молдағұлова, Ш.Айманов, Н.Мәукенұлы (Гагарин) көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Зайсанға кіре берісінің 2 жағына 2 қақпа орнатылды және қаланың ішіне 4 декоративтік қақпалар, «Байтерек» монументі, «Тәуелсіздікке 20 жыл» сквері, «Қазақ елі» монументі, «Бейбітшілік» саябағы, Головченко көшесіндегі скверлерді қоршау, Жеменей өзенінен трубалар арқылы Жангелдин көшесін, аэропорт скверлерін сумен қамту жүйесін орнатуға жергілікті бюджеттен 63914,0 мың тенге қаржы бөлініп, игерілді. Ұйымдастырылмаған күл-қоқыс, свалка тазалауға 5,5 млн, туысы жоқ адамдарды жерлеуге 200,0 мың, арықтарды тереңдету, қою, тоғайларды, бордюрлерді ағарту, гирляндалар қоюға 2,5 млн тенге, көшелердің көрнекі-үгіт (баннерлер) тақталарын ілуге 1,5 млн тенге бөлініп, жұмыстар атқарылып, игерілді.
Қала көшелері уақытында қардан тазартылуда. Зайсан қаласында қатты қалдықтар полигонының құрлысы аяқталып, жұмысқа қосылды (81,2 млн тенге), Мөлтек ауданының жанында құны 183,0 млн тенге тұратын спорттық модульдің құрлысы аяқталып, қолданысқа берілді. Құны 108 млн тенге аудандық зертхана (ветбаклаборотория) салынып, іске қосылды, прокуратураның ғимараты (90,0 млн тенге) аяқталды (Республикалық бюджет).
Зайсан қаласында су құбырлары желілерін қайта жаңғыртуға 653,6 млн тенгеге жұмыстар атқарылуы тиіс болатын. Соның 280,0 мың тенге көлемінде жұмысы атқарылды, келесі жылы 333,0 млн тенгенің қаржысы Республикалық бюджеттен бекітіліп, жұмыс жалғасын табады. Зайсан қаласында шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі – ласталған суды әкету және тазалау ғимаратының құрлысын салуға (канализация) ЖСҚ-тына 20,0 млн тенге қаржы бекітіліп, мемлекеттік сараптамадан өтті.
Қаланы көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіле береді. Жангелдин көшесін көгалдандыру ары қарай жалғасын тауып, Желтоқсан, Боқажанов көшелерін көркейту-көгалдандыру жұмыстары жандандырылады. Бұған қала тұрғындары да ат салулары тиіс. Қаланың көркеюі барлығымызға керек. Алайда, қала тұрғындары бұған нақты атсалысып, көмектескенін көре алмай отырмыз. Көктем шығысымен әрбір көше тұрғындары есік алдын сыпырып, бақшаларына су баратын арықтарын бірлесіп тазалауы керек.
Көшеде қараусыз, иесіз малдардың, әсіресе бұзау малдарын тоқтату күрделі болып отыр. Қалада тұрады екенбіз, малды қаланың тәртібіне сай ұстау керек.
Қалада күл-қоқыс төгетін контейнерлер, урналар қоюды жылда көбейтіп келеміз. Әр қала тұрғыны Зайсан қаласының тазалығына жаппай ат салысуы керек. Сонда ғана қаламыз таза болады. Қаладағы ең үлкен мәселе қаңғыбас иттерді жою. Бұл мәселеге байланысты иттер атылуда. Алайда, ит иелері иттерін байламайды, көшелерге қоя береді. Аудандық мәслихаттың мысық, ит ұстау ережелері сақталмай отыр.
Тек 2011 жылыдың екінші жарты жылында қала тұрғындарының талап-тілегі бойынша 155 жеке тұрғын үйге су кіргізілді. Бүгінгі күні 2467 жеке меншік үйге орталық су жүйесі қосылды.
Қалада халықты моншамен қызмет көрсетуге тоқталсақ, жеке кәсіпкер Д.Намазбаевтың моншасы жұмыс істеп келеді. Алайда, бұл монша халықтың талап-тілегін нақты қанағаттандырмай отыр. Сонымен қатар, әскери бөлімнің моншасын жеке кәсіпкер А.Өтеуовке берілді, ол да жұмыс істеуде. ГЭС мөлтек ауданындағы моншаны жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. Жалпы, Зайсан қаласына талапқа сай бір монша керек.
Қалада жолаушыларды тасу қызметі тұрақты жүргізіліп, «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің автобустары қызмет көрсетуде. Сондықтан, жылына 7,0 млн тенге аудандық бюджетте қосымша қаржыландырып отыр.
«Зайсан-Тазалық» мекемесі үнемі қаланың тазалығымен айналысып келеді. Бүгінгі күні халықтың сұранысы бойынша жеке қызмет түрлерін де көрсетуде. Жылда қала көшелері қардан тазаланып, техникалардың, жаяу жүргіншілердің қалыпты жүруіне жағдай үнемі жасалуда.
Қаламызда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспеуде. Құны 370,0 млн тенгеге 60 пәтерлі тұрғын үй салынды. Келесі жылы тағы да 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады. Осы Заречное мөлтек ауданындағы казарманы шағын отбасылық пәтер жасау үшін жобалық сметалық құжаттары жасалып, сараптамадан өтті. Қаламызда қаланың көркін келтіруде, әр түрлі ғимараттарды салуда жеке кәсіпкер азаматтардың еңбегі зор. Қаланың ортасында «Рахат» қонақ үйі салынды. «Замана» дүкені жаңа типтік жобада ашылды..
Қала тұрғындарын жұмыспен қамту және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа тарту үнемі жүргізіліп келеді. Аз қамтылған жанұя мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын учаскелік комиссия арқылы тағайындалып келеді. Тіркелген жұмыссыздар саны қалада азайып, жұмысқа орналасу саны артып, жаңадан жұмыс орнының ашылуы жыл сайын өсіп келеді.
Қаламызда 6 орта мектеп, №11 кәсіптік лицей бар. 6 орта мектепте 2988 бала оқиды. Балаларды мектепке дейін біліммен қамту орталығында 525 бала, яғни 100% қамтылуда. Жыл сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету артып келеді. Жыл сайын мектептердің МТБ жаңартылып, күрделі жөндеулерден өткізілуде.
Орталық мәдениет үйі, кітапхана, бірнеше спорт залдар халыққа қызмет көрсетуде. Жаңадан спорт комплексінің құрлысы аяқталып, ашылды. Қала халқының дұрыс демалып, спортпен айналысуға жағдай толық бар деуге болады. Алайда спорт залдары үнемі бос тұрады. Сондықтан, осы мәселелер жөнінде жұмыс жүргізуіміз керек.
Орталық аурухана, №1 емханасы және туберкулезге қарсы емдеу емханасы аудан тұрғындарын емдеп, сауықтыру жұмыстарын жүргізіп келеді. №1 емхана жыл сайынғы емдеу жоспары артығымен орындалып келеді. Туберкулезге қарсы емдеу емханасы учаскелік емхана болды. Өздеріңіз білесіздер 2010 жылы 1 қаңтарынан денсаулық сақтаудың жаңа Заңы енгізіліп, кез келген адам өзі қалаған дәрігерге қаралу мүмкіндігі туған болатын. Бұл денсаулық сақтау саласындағы дәрігерлердің халыққа қызмет көрсету сапасын сөзсіз арттыруда.
Зайсан қаласы көркейту-көгалдандыруда, абаттандыруда, тазалық бойынша облыс көлеміндегі қалалар арасынан бірінші орынға ие болып, 9 млн тенгенің сыйақысын алды. Бұл қаржы ары қарай қаланы көркейтуге жұмсалады. Сондықтан, келесі жылы да жоғары дәрежеде көрінуге қала халқын осы жұмыстарға атсалысуға шақырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |