«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі төмендегідей ведомстваларға ие:
1) Өскемен қаласы әкімдігінің «Шаһар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, өзге нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі және штампы, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ қазынашылық органда есептік шоты болады.
5. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кіріседі.
6. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер ол заңнамаларға сәйкес уәкілетті болған жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқылы.
7. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзырындағы мәселелер бойынша белгіленген заң тәртібімен «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған басқа актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және шекті штаттық саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: индексі 492000 Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
12. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылатын міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен келісім – шарт қатынастарын жасауға тиым салынады.
2. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
14. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы қаладағы ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
15. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
-
қаладағы атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;
-
Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыстың/қаланың әкімінің мекеменің құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
-
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын қалада түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
-
өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
-
қалада ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
-
қаладағы ішкі саяси процесстерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
-
азаматтық қоғам институттарымен, қаланың қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
16. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша қаладағы атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;
3) қаладағы ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;
4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың (бұдан әрі - АНТ) қаладағы қызметін ұйымдастыру, АНТ ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ), ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
7) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс/қала әкімінің/әкімдігінің жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;
8) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;
9) қаладағы мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, БАҚ заңнаманы сақтау жөніндегі қызметіне мониторинг жасау;
10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
11) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, Мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің актілерінің жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;
12) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихатпен, облыс/қала әкімінің аппаратымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
13) мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу;
14) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Ведомствалардың функциялары:
1) Өскемен қаласы әкімдігінің «Шаһар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарушы билік органдарының қызметі, қаланың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы, мәдени тіршілігі туралы тұрғындарды ақпараттандыруды жүзеге асырады;
2) Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаладағы жастар қоғамдық бірлестіктерінің, білім беру мекемелерінің және еңбек ұжымдарындағы, ұйымдар мен кәсіпорындардағы жастар активтерінің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы қызметін үйлестіреді.
18. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары:
1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, Мекеменің құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
2) жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізу;
19. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) мекеменің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар дайындауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;
2) өңірлік бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыру;
3) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге міндетті.
3. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
20. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерін орындауға дербес жауапты оның бірінші басшысы жүзеге асырады және өз функцияларын жүзеге асырады.
21. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қала әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
22. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасары болады;
23. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
-
мекеменің қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
-
заңнамамен белгіленген тәртіпте мекеме қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
-
заңнамамен белгіленген тәртіпте мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
-
өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
-
мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
-
мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда мекеменің мүдесін қорғайды;
-
мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалуы барысын бақылайды;
-
мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
-
мекеменің Стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;
-
белгіленген тәртіпте қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтерінің мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
-
заңдылықтың, мекеменің қызметіндегі келісім-шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
24. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарының өкілеттілігін анықтайды.
25. Бірінші басшы жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікке ие.
26. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде өкілеттілігін атқару қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
27. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген жағдайларда жедел басқару құқығындағы жекеленген мүлікке ие бола алады.
«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі иесімен берілген мүліктің есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге көздерден құралады.
28. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі коммуналдық жеке меншік болып табылады.
29. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылмаған жағдайда өзіне бекітілген мүлік пен жоспарлы қаржыландыру есебінен сатып алынған мүлікті өз еркімен иемденуге және бөлістіруге құқылы емес.
5. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату
30. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар және оның ведомстваларының тізімі
-
Өскемен қаласы әкімдігінің «Шаһар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ведомствалар жоқ;
-
Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ведомствалар жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |