Эссе тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конституциялық негіздері» Орындаған



Дата03.03.2022
өлшемі68.38 Kb.
#455925
ЭССЕ 1 Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конституциялық негіздері


Білім және ғылым министрлігі
Қ
азақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы
ЭССЕ
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конституциялық негіздері»

Орындаған: Абдыкалыкова Анель Қанатқызы
Тексерген:Тасыбаева Сауле Кенесбаевна
Факультет:Ю2В/к-21
(1группа) Құқықтану
Кафедра :Құқықтық пәндер
Эссе
«Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конституциялық негіздері»
Жоспар:
1. Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі.
2. Қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік,белгілері,қызметі.
3. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
4. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың типтері.


  1. Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі

Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.
Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні-кәсіподақтар.
Кәсіподақ – бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән.Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға идеологиялық және саяси жағынан әсер етеді. Кәсіподақтар қамқошы партияны күшейте түсуге және олардың үкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады.Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Мұндайды «жауапты» кәсіпорын дейді.Үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен одақтасқан кәсіподақтар болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. Мемлекет тарапынан оларға да ешқандай көмек болмайды мұндай кәсіподақтарды «жауапсыз» кәсіподақтар дейді.Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады.Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту олардың материялдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалайды. Шаруашылық басшыларын тағайндау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіліп шешіледі.Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді:
1. Жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуге арналған өкімет тарапынан жекелеген жеңілдіктердің болуы.
2. Үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау.
3. Кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады.Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады.Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды.Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар:
Консервативтік.
Реформистік.
Революциялық.
Контрреволюцялық болып бөлінеді.
Қоғамдық бірлестіктер жарғылық мақсаттарына қол жеткізу үшін қызмет ететін дәрежеде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Қоғамдық бірлестіктердің кәсіпкерлік қызметінен келген табыстар қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет