Көкпекті ауданы Әкімдігінің 2013 жылғ «22»ақпанандағы №52 қаулысына қосымша



Дата01.07.2016
өлшемі69.5 Kb.



Көкпекті ауданы Әкімдігінің

2013 жылғ « 22»ақпанандағы

52 қаулысына қосымша



«ҚОЙГЕЛДІ АУХАДИЕВ АТЫНДАҒЫ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ » МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1.« Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.« Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ведомствалары жоқ.

3. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Индекс 071009 Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Преображенка ауылы Садовая көшесі, телефон номері 20-004, 50-274

10. Мемлекетттік органың толық атауы - « Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.


11. Осы Ереже «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.



2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1. Селолық округі әкімі қызметіне ұйымдастыру - әдістемелік, құқықтық, ақпараттық, материалдық –техникалық қызмет көрсету;

2. ҚР Заңдарының, ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдерінің, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және іске асыру; селолық округтің дамуын жүзеге асыруда соңғы нәтижелерді қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:

1. Қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

2.Мемлекеттік бағдарламаларды орындау;

3.Мемлекеттік органның iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

4.Мемлекет және азаматтардың мүдделерін қорғау;

5.ҚР заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.


16. Функциялары: Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімі аппаратының функциялары: 1.Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2. Өз құзыреті шегінде Анықтамалар, ақпараттар беру;

3.Кадр мәселесін шешу;

4. Халықты хабардар ету;

5. Насихаттау шараларын, (оқыту нысаны бойынша және т.б)құқық түсіндіру жұмыстарын, алдын алу шараларын жүзеге асыру;
6. Аудан әкімінің қатысуымен іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

7.Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

8.Есепке алу, бағалау, талдау жұмыстарын жүзеге асыру;

9.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

10.ҚР заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:
1.Қажет болған жағдайда мәлімет, ақпарат беруді талап етуге, сондай-ақ орындалуы міндетті тапсырмалар беруге; 2. Аудан әкіміне атқарушы билік органдарының қызметі мен құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы; 3.Еңбек тәртібін, Ар-Намыс кодексінің (қызмет этикасы) нормаларын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» және өзгеде ҚР заңдарының талаптарын сақтау;

4.Өз құзыреті шегінде Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету;

5.Облыс және аудан әкімінің тапсырмаларын орындау;

6.Жоғары тұрған органдарға есептер мен ақпаратттар беру;

7. ҚР заңдарында міндетті түрде орындалуға тиісті өзге де іс шараларды орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 19. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мамандары болады. 21. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

Селолық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен,

ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясы-сының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) селолық (селолық) округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), селолық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11)тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл дәрігерлік көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігер-лік көмек көрсететін тауя жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады.

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

17) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

18) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

19) туысы жоқ адамдарды жерлеуді ұйымдастырады.
20) селолық (селолық) округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

21) селолық (селолық) округ әкiмi округ аумағында кәсiби емес негiзде медиацияны жүзеге асыратын кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

22) селолық (селолық) округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң алдында жауап бередi.

2. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.

 3. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.

4. Әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi мiндеттi ресми жариялауға жатады.

5. Әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақты органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.

6. Жоғары тұрған әкiмдік және (немесе) әкiм, немесе әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмдік және әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға - орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының және мамандарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. 23. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын селолық округінің әкімі басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырады.

25. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.



Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату


  1. «Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет