Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет67/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75
disser ernar

Сабақтың соңы.
Оқушыларды сапқа тұрғызу. 
 Бағалау.
Үй тапсырмасына өз бетімен дұрыс және сауатты орындауды 
қайталау беріледі. 
Педагогикалық эксперимент сабақтарынан келтірілген үзінділердегі ЖДЖ-
ға арналған әдістемелік құрал болып жеке басылып шықты, мұғалімдерге 
алдын ала әдістемелік семинарлар барысында түсіндіріліп таратылды. 
Мұғалімдерге ұсынылған әдістемелік семинарлар, әдістемелік құралдар мен 
арнайы әзірленген ЖДЖ жүйесі бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен 
жалпы дамыту жаттығуларын орындауға дағдылануына игілікті тірек болып 
табылды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің семинарларына педагогикалық 
эксперимент жүргізілген сыныптардың жетекшілері де ішінара қатыстырылды.
Соның бірінде дене шынықтыру пәні мұғалімдері және бастауыш 
сыныптардың 
жетекшілерімен 
ақылдаса 
отырып, 
бастауыш 
сынып 
оқушыларына «Менің күн тәртібімдегі өз бетіммен орындайтын ЖДЖ түрлері» 
атты Кесте жасау ұсынылды. 


130 
Кестенің макеті алдын ала мұғалімдерге арналған әдістемелік семинарда 
талқыланып, бірыңғай модельге түсірілді. Оның құрылымы мен мазмұнын 
келесі кестеден көруге болады. 
Кесте 17 – «Менің күн тәртібімдегі өз бетіммен орындайтын ЖДЖ түрлері» 
Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының ЖДЖ-ны өз бетімен 
орындауға деген ынта-ықыласын қолдау үшін мұғалімдерге оқушылардың ата-
аналарымен тығыз байланыста болуы ұсынылды. Ата-аналардың өз балаларын 
ақыл-ой, рухани және дене мәдениеті жағынан кешенді тәрбиелеудегі рөлі аса 
зор.
Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өмірлік 
серік етіп алуы үшін, жан-жақты психологиялық қолдау қажет. Ондай қолдауды 
ұйымдастыруда дене шынықтыру пәні мұғалімі мектепішілік жұмыспен бірге, 
ата-аналармен де тығыз байланыс жасағаны дұрыс.
Ата-аналармен тығыз байланыс жасаудың көптеген әдістері бары белгілі.
Солардың ішінде тиімділігі жоғары бір әдіс – ата-аналарға арналған Жаднама 
ұсыну. Өйткені, оқушылардың өз бетімен ЖДЖ орындауға дағдылануында 
өзіндік Күн тәртібі режимін кестеге түсіріп, оны үзбей орындауға дағдылануы 
тиіс. Ал өз бетімен орындайтын уақыттың көпшілігі сабақтан тыс уақытта – 
үйде болатыны анық. 
Әңгімелесулердің 
нәтижесінде 
ата-аналарға 
арнайы 
әзірленген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет