93
болады, ал “Д” оған карама-қарсы жағына кодеге сәйкес келетін
аминқышқылы жабысады. Аминқышқылдары ферменттің жәрдемі-
мен ковалентті байланысады. Фермент кез келген аминқышқылын кез
келген т-РНҚ-ға жабыстыра бермейді. Әр аминқышқылын т-РНҚ-ның
сәйкес келетін түріне жабыстыру үшін арнайы фермент қажет. Ол
фермент алдымен т-РНҚ-ның құрылысымен және антикодесімен
үйлесіп алады, содан кейін оларды бір-бірімен қосады. Сонымен 20
аминқышқылының өздеріне тән т-РНҚ-сы және ферменті болады, бұл
ақуыз синтезінің жұмысын шатасудан сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: