Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Эволюцияның  салыстырмалы  тәнтанымдық  дәлелдемелері



Pdf көрінісі
бет136/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Эволюцияның  салыстырмалы  тәнтанымдық  дәлелдемелері. 
XIX  ғасырдың  бірінші  жартысында  органикалық  дүниенің 
біртұтастығын  дәлелдейтін  мағлұматтар  көптеп  жиналды.  Бұлардың 
ең бастысы барлық эукариоттарға тән жасушалардың құрылысы мен 
қызметі жағынан ұқсастығы, атап айтқанда: ұқсас құрылым құрамдас 
бөліктерінің  болуы,  генетикалық  коденің  әмбебаптығы,  хромосо-
малар  құрылысымен  митоздық  және  мейоздық  циклдардың  бір 
типтілігі,  сондай-ақ  энергия  алмасудағы  биохимиялық  әрекеттердің 
ұқсастығы.  Бұл  аталған  дәлелдемелер  жер  бетіндегі  барлық 
эукариоттардың ата тегінің бір екенін көрсетеді. 
 
Аса  көрнекті  француз  зоологы  Ж.  Кювье  әр  типтегі  жануарлар-
дың  өзара  ұқсастығын  тапты.  Мысалы,  барлық  омыртқалыларға  екі 
жақты  симметриялық,  дене  қуысы,  бассүйекке  жалғасқан  омыртқа 
жотасы,  бес  беліктен  тұратын  миы  мен  жұлыны,  аяқ-қол  сүйектері, 
мүшелер  жүйесінің  құрылысы  мен  орналасуы,  т.  б.  көптеген 


122 
 
ұқсастықтар, олардық бір ата тектен шыққандығын көрсетеді. Әйгілі 
ғалым  Э.  Жофруа  Сент-Илер  қазіргі  жануарлармен  қазба 
формаларының  құрылысындагы  айырмашылықтың  болуы  ішкі  және 
сыртқы  табиғи  себептерге  байланысты  ағзалардың  өзгерістерге 
ұшырауынан  деп  түсіндірді.  Барлық  жабық  тұқымдыөсімдіктердің 
гүлдерінде тостағанша мен култе жапырақшаларының және аталығы 
мен  аналығының  болуы  -  олардың  генетикалық  жақындығының 
айғағы.   Қазба  қалдықтары  табылмаған,  қаңқасы  жоқ  организм-
дердің  дене  құрылысын  салыстырып,  туыстығын  салыстырмалы 
анатомия арқылы дәлелдейді. 
Салыстырмалы  -  анатомиялық  зерттеулер  арқылы  кейбір 
омыртқалы  жануарлардың  алдыңғы  аяқтарының  әртүрлі  қызмет 
атқарғанымен  құрылыстарының  ұқсас  екендігі  дәлелденді.  Мысалы, 
киттің  ескек  «аяғы»,  көртышқан  мен  крокодилдің  алдыңғы  аяқтары, 
құстар  мен  жарғанаттың  қанаттары,  адамның  қолы  және  т.б. 
Атқаратын  қызметіне  қарай  аяқ  қаңқасындағы  кейбір  сүйектер 
жойылып  немесе  бір-бірімен  бірігіп  тұтасып  кетеді.  Мөлшері  жағы-
нан үлкенді-кішілі болып келгенімен ұқсастық белгілері шығу тегінің 
бір екендігін көрсетеді.   Ұрық  бастамасынан  дамитын  құрылысы 
мен  шығу  тегі  бірдей,  ал  атқаратын  қызметі  әртүрлі  мүшелер-
ді гомологтық  мүшелер дейді.  Жарғанаттың қанаты мен көртышқан-
ның алдыңғы аяғы  жануарлардағы гомологтық мүшелердің мысалы. 
Атқаратын  қызметі  әр  түрлі  болуына  қарамастан,  сүйектерінде  көп 
ұсақтық бар. Екеуінде де жауырын сүйек, иық белдеуі, тоқпан жілік, 
кәрі  жілік,  саусақ  сүйектерінен  құралған.  Сондай-ақ 
 
өсімдіктерде 
байқалатын  мысалы,  екпе  бұршақтық  мұрттары,  сары  ағаштың 
қылтандары,  кактустық  тікенек  тері  -түрін  өзгерткен  жапырақтар. 
Шаңжапырақтық,  інжугүлдік  тамырсабақ  тары,  картоптық  түйнегі, 
пияздыңтүбіртегі  -түрін  өзгерткен  сабақтар.  Бірі  тікенек,  екіншісі 
мұртша түрінде бір-біріне сырттай ұқсамай тұрғанымен шыққан тегі 
бір.  Ендеше,  осындай  құрылысы  мен  шығу  тегі  бір-біріне  сәйкес 
келетін  мүшелергомологиялық  мүшелер  деп  аталады.  Әртүрлі 
жүйелік  топтарға  жататын  көптеген  жануарлар  менөсімдіктердің 
ұқсас  қызмет  атқаратын  мүшелері  бар.  Мысалы,  кұстық,  жарқанат-
тық,  көбелектік  ұшу  қанаттары.  Бірақ  көбелектік  қанаты  -  көкірек 
белігіндегі  дененің  арқа  жағындағы  өсінді,  ал  кұс  пен  жарқанаттық 
қанаттары  -  өзгерген  алдыңғы  аяқтар.  Мұндай  ұқсас  қызмет  атқара-
тын,  бірақ  құрылысы  мен  шығу  тегі  басқа  мүшелер  аналогиялық 


123 
 
мүшелер  деп  аталады.Аналогтық  мүшелер  гомологтық  мүшелерге, 
керісінше  сырттай  қарағанда  бір-біріне  ұқсас  келетін  мүшелер. 
Мысалы,  көбелек  пен  құстың  қанаттары  ұшу  қызметін  атқарса  да 
құрылысы  бөлек.  Қанаттарының  болуы  -  сыртқы  ұқсастықтары 
(дамуы)  тіршілік  ету  ортасына  бейімделуіне  байланысты.  Бұлардың 
шығу  тегінде  ешқандай  туыстық  жоқ.  Адам  мен  сүтқоректілердің 
тістері  акуланың  қабыршағына  ұқсас.  Өте  ертедегі  омыртқалы 
жануарлардың  тістері  қабыршақтарының  ауыз  қуысына  енуінен 
пайда болған. Аралық форма. рі жүйелеу топтарының арасында орга-
никалық  дүниенің  біртұтас  екендігін  көрсететін  аралық  формалары 
болады.  Мысалы,  төменгі  сатыдағы  сүтқоектілер  -  үйректұмсық  пен 
түрпінің  жұмыртқа  салып  көбеюі,  клоакасыны  болуы  бауырымен 
жорғалаушыларға ұқсастығын дәлелдейді.
 
Салыстырмалы - анатомиялық қатарлар. Органикалық дүниенің 
шығу  жолын  толық  түсіну  үшін  жүйелеу  топтарының  қазіргі  кезде 
тіршілік  етеін  түрлерінің  құрылысын  зерттеу  қажет.  Жер  шарының 
кейбір жерлерінде осы күнге дейін қазба ата-тектерінен онша өзгере 
қоймаған организмдер тіршілік етеді. Мұндай "тірі қазбалар" көбінесе 
мұхит  аралдарында  (піл,  тасбақа,  гаттерия)  немесе  бөлініп  бірнеше 
ғасырлар  бойы  оңашаланған  құрлықта  мекендейді.  "Тірі  қазбалар-
дың" палеонтологиялық "мұражайы" деп Аустралияны (үйректұмсық, 
түрпі,  қалталылар),  Жаңа  Зеландияны  (Киви  құстар),  Оңтүстік 
Американы (кейбір қалталылар, сауыттылар, жалқау аңдар, құмырсқа 
жегіштер)  атауға  болады.  Мұхиттарда  палеозой  заманында  тіршілік 
еткен құршаяндардың туысы  -  қылышқұйрық,  саусаққанатты балық- 
латимерия.  Бұл  девонда  тіршілік  еткен  саусаққанаттыбалықтардан 
шамалы  ғана  өзгерген.  1.  Жұмыртқа  салып  көбейетін  алғашқы 
аңдардан,  онша  жетілмей  тірі  туатын  қалталылардан,  ұрықтың 
аналық  организмінде  жатыр  қабырғасына  бекінуіне  (плацентарлы-
ұрықжолдасты) дейін айналуы. 2. Салқын қандылардан жылы қанды-
раға  көшіп,  дене  t  27-28
º
 С-тан  (алғашқы  аңдарда)  жоғары  сатыдағы 
сүтқоректілерде 36-37
º
С-қа көтерілуі. 3. Миының күрделенуі.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет