Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Эволюцияның  салыстырмалы  эмбриологиялық  (онтогене-



Pdf көрінісі
бет138/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

 
Эволюцияның  салыстырмалы  эмбриологиялық  (онтогене-
тикалық)   дәлелдемелер.  Барлық  көп  жасушалы  жануарлар  ұрық-
танған  бір  жұмыртқа  жасушасынан  дамиды.  Жеке  даму  (онтогенез) 
кезінде  -  бөлшектену;  2-3  қабатты  ұрықтың  түзілуі;  ұрық  жапырақ-
шаларынан мүшелер түзілу сатысынан өтеді. Жануарлардың ұрықтық 
дамуының ұқсастығы шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді. Әр 
 
түрлі 
жануарлардың ұрықтарының даму ұқсастығын орыс ғалымы К.М. Бэр 
(1792-1876  жж.)  анықтады.  Ең  алғашқы  даму  сатысында  омыртқалы 
жануарлардың  ұрықтары  бас,  дене,  құйрық  бөлімінен  тұрады. 
Аяқтарының  бастамасы  мен  желбезек  бастамасы  болады.  Әрі  қарай 
даму  барысында  ұрықтардың  айырмашылықтары  көріне  бастайды. 
Омыртқалы  жануарларда  ерекше  жасушалардан  түзілген  тығыз, 
солқылдақ  хорда  (арқа  желісі)  болады.  Хорда  шеміршектеніп, 
сүйектеніп  омыртқа  жотасына  айналады.  Жүйке  жүйесі,  алдымен 
түтік тәрізді болып, миы 3 және 5 көпіршік сатысынан өтеді. К.М. Бэр 
омыртқалылардың  ұрығында  бәрінен  бұрын  типтің  белгілері  (хорда, 
жүйке  түтігі,  жұтқыншақтың  желбезек  аппараты)  қалыптасатынын 
дәлелдеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет