Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Құқық пәнінің мұғалімі



Дата26.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#159374
Қостанай облысы,

Аманкелді ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы

жалпы білім беретін орта мектебі

Құқық пәнінің мұғалімі

Ақжанов Бақытбек Ақынғазыұлы

Адам.Қоғам.Құқық. 12 жылдық. 11-сынып.



Тақырыбы: Конституциялық құқық

Түсінік: Берілген тапсырмалар 12 жылдықтың Адам.Қоғам.Құқық оқулығын басшылыққа ала отырып жасалынды. Адам.Қоғам.Құқық пәні бойынша құқық бөлімінің Конституциялық құқық тақырыбы 11-сынып білім алушыларының жас ерекшелігіне сай. Берілген тапсырма білім алушылардың құқықтық сауаттылығын молайтып,өз пікірлерін ашық айтуға бағытталған. Тапсырмаларды сабақтың қорытынды бөлімінде орындау тиімді.

Ынталандыру: Құқықтық сауатты әрі білімді болу адам үшін басты құндылық. Сондықтан «Конституциялық құқық» тақырыбына берілген тапсырмаларды орындауда сіздерді таңдау барысында шатаспауға және дұрыс шешім қабылдауға шақырамын.

ХХI ғасыр –білім мен ғылымның ғасыры.Заңмен мықты қаруланған адам ғана кез-келген қиындықтарды жеңіп шығады.



Тапсырма: Тақырып бойынша берілген мәтінді 11 сынып 12 жылдық Адам.Қоғам.Құқық оқулығынан конституциялық құқық тақырыбын оқып, ғаламтордан қосымша мәліметтерді оқи отырып, құндылықтары мен кешіл жақтарын тауып берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, кестені толтырып шық.
№1

Билік

органының атауы



Құрылыу тәртібі

Қызметі

Өкілеттілік мерзімі

1.











2.











3.











4.











Нұсқау:

1.Берілген мәтінді оқып шық.

2. Автордың саған қойған сұрақтарына кестені толтыру арқылы жауап бер.

3.Оқулықтан тақырып бойынша ережені оқып шық.

4.Берілген тапсырманы орындауда өз ойыңды ашық жаз.

№2


Мәтінмен жұмыс.

Әр ұғымға сәйкес келетін анықтаманы тауып, сәйкестендіріңдер.


Тыйым салу әдісі әдісі конституциялық-құқықтық қатынастарға қатысушыларға

Құқықтар беру


Міндетту әдісі субьектіге құқықтық норма шегіне қалауы бойынша

әрекет етуге рұқсат ету


Рұқсат ету әдісі құқықтық субьектісінің міндеттер бекіту
Құқық беру әдісі құқық субьектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге

тыйым салу

Санкция құқық қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін

норма бөлігі

Диспозиция құқық бұзылғаны үшін ықпал ету шаралары белгіленетін

норма бөлігі

Гипотеза құқық субьектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын

норма бөлігі



Дерек көздері: Конституциялық құқық- Қазақстан Республикасының қолданысындағы құқығының жетекші саласы болып табылады. Конституциялық құқық мәні- маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерін білдіретін қонституциялық-құқықтық нормалар ерекшелігін айғақтайды. Конституциялық құқық тәсілдері және нормалар түрі: Тыйым салу әдісі әдісі, міндетту әдісі, рұқсат ету әдісі, құқық беру әдісі. Санкция, диспозиция, гипотеза.

1. Ғаламтор желісі

2. Адам.Қоғам.Құқық оқулығы 11 сынып

3. Дидактикалық материалдар

4. Анықтамалықтар

Модельдік жауап

№1


Билік

органының атауы



Құрылыу тәртібі

Қызметі

Өкілеттілік мерзімі

1.

Қазақстан Республикасының Президенті



Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тідді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді 40-б.

тікелей дауыс беру арқылы

5 жыл, қатарынан екі рет мерзімнен артық емес.




2.

Қазақстан Республикасының Парламенті




Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап).

Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат депутаттары алты жыл, Мәжіліс депутаттары бес жыл.

3.

Қазақстан Республикасының Үкіметі




Казақстан Республикасының Президенті құрады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды.

1.Үкімет жаңадан сайланған ҚР президентінің алдында өз өкілеттілігін доғарады.

2. Республиканың премер министері жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірмеген жағдайда үкімет жұмысы тоқтатылады.



4.

Қазақстан Республикасының сот билігі







Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.

Соттар тұрақты судьялардан, парламент сенатымен тағайындалған (жоғары соттың судьялары) және ҚР-ның Президентімен тағайындалатын (жергілікті соттың судьяларын) осы екі құзырлы орган тоқта- та алады және олардың қызымет атқару мерзімі кей жағдайларда заңмен ғана тоқтатылады.

№2


Мәтінмен жұмыс.

Әр ұғымға сәйкес келетін анықтаманы тауып, сәйкестендіріңдер.

Тыйым салу әдісі әдісі конституциялық-құқықтық қатынастарға қатысушыларға

Құқықтар беру.

Міндетту әдісі субьектіге құқықтық норма шегіне қалауы бойынша

әрекет етуге рұқсат ету.
Рұқсат ету әдісі құқықтық субьектісінің міндеттер бекіту.

Құқық беру әдісі құқық субьектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге

тыйым салу.

Санкция

құқық қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін

норма бөлігі.

Диспозиция

құқық бұзылғаны үшін ықпал ету шаралары белгіленетін


норма бөлігі.

Гипотеза

құқық субьектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын

норма бөлігі.


Бағалау жүйесі:

1. Берілген кестеге мысалдарды дұрыс жазғаны үшін-6 балл.

2. Мәтін бойынша орындалған тапсырмалар үшін – 6 балл

3. Өз ойын дәлелдеу - 6 балл.



Максималды балл-18 балл.

Бағалау нормасы.



«5» -16 - 18 балл(100%-89%)

«4» -14 - 15 балл (88%-75%)

«3» -11 - 13 балл (74%-61%)

«2» -0 – 10 балл (60%-дан төмен

Фармативтік бағалау арқылы оқушы білімі бағаланады.



Қостанай облысы,

Аманкелді ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы

жалпы білім беретін орта мектебі

Құқық пәнінің мұғалімі

Ақжанов Бақытбек Ақынғазыұлы

Адам.Қоғам.Құқық. 12 жылдық. 11-сынып.



Тақырыбы: Еңбек құқығының түсінігі және әлеуметтік мәні.

Түсінік: Берілген тапсырмалар 12 жылдықтың Адам.Қоғам.Құқық оқулығын басшылыққа ала отырып жасалынды. Адам.Қоғам.Құқық пәні бойынша құқық бөлімінің Еңбек құқығы тақырыбы 11-сынып білім алушыларының жас ерекшелігіне сай. Берілген тапсырма білім алушылардың құқықтық сауаттылығын молайтып,өз пікірлерін ашық айтуға бағытталған. Тапсырмаларды сабақтың қорытынды бөлімінде орындау тиімді.

Ынталандыру: Құқықтық сауатты әрі білімді болу адам үшін басты құндылық. Сондықтан «Еңбек құқығының түсінігі және әлеуметтік мәні.» тақырыбына берілген тапсырмаларды орындауда сіздерді таңдау барысында шатаспауға және дұрыс шешім қабылдауға шақырамын.

ХХI ғасыр –білім мен ғылымның ғасыры.Заңмен мықты қаруланған адам ғана кез-келген қиындықтарды жеңіп шығады.



Тапсырма: Тақырып бойынша берілген мәтінді 11 сынып 12 жылдық Адам.Қоғам.Құқық оқулығынан еңбек құқығының түсінігі және әлеуметтік мәні тақырыбын оқып, ғаламтордан қосымша мәліметтерді оқи отырып, құндылықтары мен кешіл жақтарын тауып берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, кестені толтырып шық.

№1


Жұмыс беруші

Жұмысшы қызметкер

Құқығы:



Құқығы:


Міндеттері:


Міндеттері:





Нұсқау:

1.Берілген мәтінді оқып шық.

2. Автордың саған қойған сұрақтарына кестені толтыру арқылы жауап бер.

3.Оқулықтан тақырып бойынша ережені оқып шық.

4.Берілген тапсырманы орындауда өз ойыңды ашық жаз.

№2


Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес қызыметкер қызметі барысында оқыс оқиғаға ұшырап дене жарақатын алса ауырған күндерінің жалақысы сақталама жане жұмыс беруші тарапынан қандай көмек болады?
Дерек көздері:

Еңбек құқығы:



  • жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;

  • өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу (жұмыс беруші мен қызыметкер), еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;

  • еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;

1. Ғаламтор желісі

2. Адам.Қоғам.Құқық оқулығы 11 сынып

3. Дидактикалық материалдар

4. Анықтамалықтар


Модельдік жауап

№1


Жұмыс беруші

Жұмысшы қызметкер

Құқығы:
1. Жұмыс берушінің:
1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар.
Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілер шығару осы Кодекстің 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға;
7) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге;
8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
9) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;
10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.


Құқығы:

1. Қызметкердің:

1) осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

2) жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;

3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға;

5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;

6) бос тұрып қалу үшін осы Кодекске сәйкес ақы алуға;

7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;

8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін, кәсіподақ немесе басқа да бірлестіктер құру, сондай-ақ оларға мүшелік құқығын қоса алғанда, бірігуге;

9) өзінің өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге қатысуға және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;

10) осы Кодексте көзделген тәртіппен кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзінің біліктілігін арттыруға;

11) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;

13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;

14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;

15) бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға;

16) еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;




Міндеттері:

Жұмыс беруші:


1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі  бақылауды жүзеге асыруға;
4) қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге;
5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
6) қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен және жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
7) қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және дәйекті ақпарат беруге;
8) қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға;
9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
10) қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;



Міндеттері:

1) еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

2) еңбек тәртібін сақтауға;

3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

4) жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

7) жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Кодексте белгіленген шектерде өтеуге міндетті.



№2
Белгілі бір жұмыс берушіде еңбек міндеттерін орындауға байланысты еңбекте мүгедек болуына, кәсіптік ауруына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты , қызметкерді жұмыс беруші еңбек қабілеттілігін қалпына келтіргенше немесе мүмкіндігі айқындалғанша бұрынғы жалақысы мен жаңа жұмыстағы жалақысының айырмасын қосымша төлей отырып, неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстыруға міндетті (23 бап).


Бағалау жүйесі:

1. Берілген кестеге мысалдарды дұрыс жазғаны үшін-6 балл.

2. Мәтін бойынша орындалған тапсырмалар үшін – 6 балл

3. Өз ойын дәлелдеу - 6 балл.

Максималды балл-18 балл.

Бағалау нормасы.



«5» -16 - 18 балл(100%-89%)

«4» -14 - 15 балл (88%-75%)

«3» -11 - 13 балл (74%-61%)

«2» -0 – 10 балл (60%-дан төмен

Фармативтік бағалау арқылы оқушы білімі бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет