Аутрич жұмысы. Түрлері, қағидаты және қағидалары



Дата04.07.2016
өлшемі48 Kb.
#178069
Аутрич жұмысы. Түрлері, қағидаты және қағидалары
Аутрич (ағылшынша: out – тысқары; reach – қол жеткізу, қамту, тысқары қол жеткізу) – мекемеден тасқары, әдеттегідей жағдайда, жабық нысаналы топтарды қамту бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу.

Аутрич – жұмысының түрлері:

Көшелік - көшелерде, белгілі бір орындарда, белгілі нүктелерде, кафе-барларда, сауналарда, қонақүйлерде және т.б.

Тұрғылықты жері бойынша - жалға алынған пәтерлерде, притондарда, нысаналы топтар өкілдерінің тұрған жерінде.

Уақытша келген жерлерде – әр түрлі клиникаларда, түрмелерде, баспаналарда, бейімделу орталықтарында және т.б.

Аутрич – жұмысы мынадай қызметтерден тұрады:

- ХОТ –ан іздеу, анықтау және байланыс орнату; (ИЕТ тобы, СҚ)

-ХОТ арасында қауіпті мінез-құлық тәжірибесі және оған әсер ететін факторлар туралы ақпарат жинау;


  • залалсыздандырылған шприцтерді, мүшеқаптарды ауыстыру/үлестіру,ақпараттық-білім беру материалдарын тарату;

- ХОТ-ты қаупі аз мінез-құлықпен хабардар ету және тәжірибеге оқыту;

-АИТВ-жұқпасына тестіге дейінгі консультация өткізу;

  • шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды немесе басқа да зерттеулерді өткізуге қатысу;

  • есепке алу-есеп беру құжаттамасын күн сайын толтыру;

- АИТВ-жұқпасының, ВГВ, ВГС, туберкулездің алдын алу, зиянын азайту бағдарламалары бойынша білім деңгейін арттыру;

- ХОТ-пен, оның ішінде АИТВ-жұқтырылдғандармен және ЖИТС науқастарымен жұмыста құпиялықты сақтау.



МЫНАНЫ ЕСКЕ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ: аутрич - жұмысы – адамдардың ықтимал санына барынша мүшеқаптарды немесе шприцтерді жай үлестіру ғана емес, сонымен қатар мүдделілік білдірген ақпаратты беру және достық қарым-қатынас орнату.

Аутрич – жұмысының қағидаттары:

  1. «Тең – теңімен».

Неғұрлым тиімдісі, осы топтан шыққан немесе онымен байланыста болған адамдармен жүргізілген аутрич-жұмысы болып табылады.

2. Нысаналы топтың қажеттілігін ұғыну және жылдам ден қою.

Аутрич –қызметші нысаналы топтың проблемаларына сергектік танытып, ілтипатпен қарауы керек.

3. Достық және толеранттық көзқараспен қарау.

Аутрич – қызметші нысаналы топтың өкілдеріне баға бермеуге, айыптамауға, сынамауға тиіс. Ол оған құрметпен қарауға, онымен бірге қайғыра білуге және шынайы адал болуға тиіс.

4. Құпиялылық және анонимдік.

Аутрич – жұмысының ахуалы сенімге, құпиялылыққа және анонимдікке негізделе құрылады.



5. Шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.

НТ берген ақпарат нақты және өзекті болуға тиіс.



Аутрич – жұмысының қағидалары

Аутрич - жұмысы бұл командадағы (топтағы, жұптағы) жұмыс. Олардың басшысы болады және соның нұсқауымен жүреді. Аутрич – қызметші анонимдік пен құпиялылық қағидаттарын сақтайды. Сондай-ақ оның белгілі бір өкілеттігі болады, алайда олар осыны асыра пайдаланбайды және қиянат жасамайды.

Аутрич – қызметші ірі ақша сомасын немесе қымбат асыл бұйымдарын өзімен бірге алып жүрмеуге тиіс. Оларға өзінің фотосуреті бар, ұйым басшысы қол қойған куәлік беріледі. Олардың жұмысы, топ басшысы қол қойған кестемен реттеледі.

Аутрич – қызметші өз қызметін әр түрлі жерлерде: көшелердегі «нүктелерде», сауналарда, пәтерлерде және нысаналы топ жиналатын басқа да жерлерде жүзеге асырады. Ол аутрич өткізетін жерде болуы ықтимал кез-келген жағдай кезінде бейтарап ұстанымын сақтауы тиіс. Оған нысаналы топтың мүшелері қатысатын жанжалдарға ешуақытта араласпауға тиіс. Аутрич – қызметшілер нысаналы топты «өздерінің әдеттегі ісінен» алаңдатпауға тиіс. Оның тарапынан жасалған байқаусыз әрекеттер нысаналы топпен қарым-қатынасты бүлдіруі мүмкін. Аутрич - қызметші күн сайынғы маршруттық парақшасын жүргізеді, онда баратын күні, жері, беретін үлестірме материалдары, ПӘК өткізуі, медицина мекемесіне, достық кабинетіне, сенім пунктіне жолдама беруі көрсетіледі.

ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) жұмыс істейді, онда «Тең-теңімен» қағидаты бойынша халықтың осал топтары қатарынан волонтерлер мен аутрич қызметшілер тартылады. Стационардағы СП-де ақы төленетін 19 волонтер мен ақы төленбейтін 1 волонтер жұмыс істейді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша, аутрич қызметшілер арқылы ауыстырылған шприцтер – 521640 дана, үлестірілген мүшеқаптар – 125498 дана және АИТВ мен ЖЖБЖ жұқтырудан қорғану тәсілдері туралы санитариялық ағарту әдебиеті– 1518 дана.



Дәрігер эпидемиолог Г.Н. Жүсіпбекова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет