Қостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасы



Дата01.07.2016
өлшемі21.4 Kb.
#170988


ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Қостанай ауданының Озерное ауылының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 450309а, № 1п және № 450313ц ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы Озерное ауылының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 450309а, № 1п және № 450313ц ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Әкімдіктің

2016 жылғы «____» ____________

№ _____қаулысына қосымша



Қостанай ауданындағы Озерное ауылының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 450309а, № 1п және № 450313ц ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы


Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері

I белдеу

II белдеу

III белдеу

Ұзындығы

Ені

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 450309а ұңғымалар;

Радиусы –

әр ұңғыманың айналасында 50 метр



3,0 гектар

Радиусы –

әр ұңғыманың айналасында 113 метр



9,0 гектар

Радиус – 1384 метр

589,5 гектар

№ 1п;

№ 450313ц



Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекаралары «Озерное ауылының су тартуы үшін су тартуының санитарлық қорғау аймағы» Қостанай ауданындағы Озерный жер асты сулары учаскесінің № 450309а, № 1п, № 450313ц су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймағының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші ).




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет