2012 жылдың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылықты қамту бойынша Курчатов қалалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау қызметінің қорытынды ақпараты.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығын бақылау-қадағалау және нысандарда, жұқпа және паразитарлық аурулар ошақтарында, олардың таралауының алдын алу үшін комплексті профилактикалық шаралар жүргізілуін қаматамасыз етеді.
Курчатов қалалық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалу басқармасының бақылауында 102 нысан бар, атап айтқанда: коммуналдық қадағалау, тағам өндіру кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану және сауда нысандары; балалар және жасөспірімдер, өндіріс кәсіпорындары. Коммуналдық қадағалау нысандарының ішінде бақылауда: 1- «Курчатов қалалық ауруханасы» ҚМКМ емдеу алдын-алу мекемесі, 2- жеке меншік стомотологиялық клиника, 5- дайын дәрілік формалар тарату дәріханалары, 7- шаштараз, 1- «ККЭК» МҚМ сумен қамту нысаны, 1- «Балапан» МҚМ тұрмыстық- қатты қалдықтар полигоны, 2- қонақүй және жатақхана. Тағамдық өнімдерді қадағалау нысандары: 2 тағам өндіру кәсіпорындары (кіші-наубайханалар), 12- қоғамдық тамақтану нысандары, 35 сауда нысандары, 1 «Жайлаубай» базары, балалар және жасөспірімдер нысандарын қадғалауда 3 жалпы білім беру мектептері, 1 «Журавушка» балабақшасы, 1 проф. лицей, 1 БЖСМ, 1 «Берег» балаларға арналған сауықтыру ұйымы, 20 өндіріс кәсіпорындары.
Барлық нысандар қауіп дәрежесі бойынша бөлінген, яғни тексеру аралығы анықталған: жоғары эпидемиологиялық маңыздылық, орташа және шамалы эпидемиологиялық маңыздылық. 1 қауіп дәрежесінің нысандары ай сайын («Берег» балаларға арналған сауықтыру ұйымы, мерзім кезеңінде), 2 қауіп дәрежесінің нысандары тоқсан сайын және 3 қауіп дәрежесінің нысандары жылына 1 рет тексеріледі.
2012 жылы 187 тексеру жүргізілді (2011 ж.- 292), оның ішінде- 90 жоспарлы (2011 ж.- 109), 97 жоспардан тыс (2011 ж.- 183). 63 бұзушылық анықталды (2011 ж.- 92). Тексеру тимділігі 70 % құрады (2011 ж.- 84 %). 111 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды (2011 ж.- 115). Жалпы соммасы 710302 теңгені құрайтын (2011 ж.- 895104 теңге). 110 айыппұл салынды (2011 ж.- 112). 2 әкімшілік құжат сотқа жолданды, оның ішінде 1 –нұсқаманы орындамау бойынша (ЖК Есеналиева У.Т. «Отличный » дүкені), 1- ШҚО экономикалық сотқа нысан қызметін тоқатуға (ЖК Есеналиева У.Т. «Отличный » дүкені).
2012 жыл бойы 83 (2011 ж.- 138) - өтініш түсті, оның ішінде 52-сі заңды тұлғалардан (2011 ж.- 79), 31-і жеке тұлғалардан (2011 ж.- 59). Барлық өтініштер заңды мерзім ішінде орындалды.
2012 жылы Курчатов қаласының аумағында халық арасында аса қауіпті жұқпалар, зооантропонозды, тифопаратифозды, вакцинамен басқарылатын аурулар тіркелген жоқ. Аскаридоз, дерматомикоз, тағамдық уланулар, өткір ішек жұқпалары және вирусты гепатит аурушаңдықтары да тіркелегн жоқ.
2012 жылы алғаш рет Курчатов қаласында жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы 60 тұрғын үйлердің подвалдарында дезинсекциялық және дератизациялық шаралар жүргізілді. Өңдеу жұмыстарын «Дезинфекция және дератизация» медициналық мекемесі жүргізді. Жалпы өңделген көлемі 50594 м2 құрайды.
«Берег» балаларға арналған сауықтыру ұйымында кенелерге қарсы 2,5 га аумақ өңделді.
«Республикалық деңгейде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылықты қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2012 жылы кеміргіштерге қарсы Ертіс өзенінің жағасында 8 га аумақта және 4 га бос қалған үйлердің аумағында дератизациялық профилактикалық шаралар жүргізілді.
Келесі нозология бойынша жұқпалы аурулар тіркелді:
Туберкулез: 12 жағдай, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар-1 (2011 ж.- 9 жағдай, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар- 1).
Жедел респираторлы вирусты жұқпа: 1031 жағдай, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар- 649 (2011 ж.- 1646, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар- 1234).
Желшешек: 35 жағдай, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар-26 (2011 ж.- 175, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар-162).
Жедел ішек жұқпасы: аурулар тіркелген жоқ (2011ж. тіркелген жоқ).
Қышыма: 6 жағдай, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар- 5 (2011 ж.- 12, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар- 5).
«А» вирусты гепатиты: тіркелген жоқ (2011 ж.- 1, 14 жасқа дейінгі бала).
«В» вирусты гепатиты: тіркелген жоқ (2011 ж.- 2, екеуі де ересек адамдар).
Описторхоз: 1 жағдай, ересек адам (2011 ж. 1 жағдай, 14 жасқа дейінгі бала-1).
Аскаридоз: тіркелген жоқ (2011 ж.- 1, ересек адам).
Энтеробиоз: 12 жағдай, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар- 10 (2011 ж.- 8, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар- 8).
2012 жылы жұқпалы аурушаңдықтың алдын алу бойынша келесі санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді: 2392 әңгіме жүргізілді, 9 мақала жергілікті газетке дайындалды, 33 семинар өткізілді, 3474 парақшалар мен кітапшалар таратылды.
ҚР ДСМ ШҚО МСЭҚКД
«Курчатов қаласы бойынша басқарма» ММ бастығы С.А. Смағұлов
Достарыңызбен бөлісу: |