Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Троебрат орта мектебі



Дата03.01.2022
өлшемі42.49 Kb.
#450294
Көп тілді тұлғаны қалыптастыру – бәсекеге қабілетті ортаны дайындаудың негізі.


Қостанай облысы

Ұзынкөл ауданы

Троебрат орта мектебі

Көп тілді тұлғаны қалыптастыру – бәсекеге қабілетті ортаны дайындаудың негізі.

\



Дайындаған : қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі

Шалабаева Еркегүл Жұмабайқызы

Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары бойынша анықталады.

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Ал қазіргі заман талабы жас ұрпақты көп тілді меңгерген етіп тәрбиелеп шығару.

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып және көп тілді тұлға ретінде тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Шеберліктің бір шыңы – инновациялық құндылықтар болып табылады.



Инновация - ұғымын көптеген ғалымдар, орталықтар, лабораториялар зерттеген. Осы анықтау мақсатында 64 ғылыми-педагогикалық, саяси-техникалық әдебиеттер талданып, мынандай қорытынды жасалған.
Ғылымға 1940-жылдары енген инновация ұғымы 3 бағытта түсіндіріледі: 1 жаңарту жаңалық енгізу, жаңа идея; 2 өзгеріс; 3 құрал, әдіс.
Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жетерліктей. Міне, осы инновациялық педагогикалық технологияларды сабақта үш тілді біріктіруде қалай қолданамыз? Егер қазақ тілі сабағында ағылшын және орыс тілдерін қоса өткізіуіміз керек десек. Ең біріншіден мұғалімнің ойына оралатын сұрақ «Бір сабақта үш тіл меңгерту мүмкін бе?». Әрине, өткізуге болады. Егер: 1. мұғалім тілдерді жетік меңгерген болса; 2. дайындықты қиынсынбаса; 3. Не болмаса үш мұғалім қосылып, бір сабақ өткізетін болса. Бұл орайда, егер бір мұғалім өткізетін жағдайда 45 минутты үшке бөліп өткіз деп тұрған жоқ. Бір сабақ тақырыбындағы тірек сөздердің, не болмаса сөздік жұмысын өткізгенде қолданса болады. Әр ұстаздың алдына қойған мақсаты сабақ сапасын арттырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін дамытып, жүйелі тәрбие беру, танымдық қабілетін дамыту арқылы ізденімпаздыққа, белсенділікке жетелей отырып, өз бетінше шығармашылық және ғылыми жұмыстарға ынталандыра білу.
Міне, қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Неге дейсіз бе? Осылайша, біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізгі лингвистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп, бір мезгілде іске асырамыз. Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс істеуін талап етеміз, сондықтан өткізген сабағымыз мазмұнды, интенсивті болады. Ақпараттық сабақта бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады және де көп тілділіктің бір қырын осы жерде орайластырып жіберседе болады.Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

  1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

  2. Компьютер адамның зерттеу – танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.

  3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни білімгер ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

  4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

  5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Ақпараттық оқу құралдары сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп,сабақтың барлық кезеңінде оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді.

Оқушылардың қызығушыларын арттыруда, сабақ барысында дидақтикалық материал түрінде қолдануға, жаңа тақырыптар меңгерген кезде мұғалімге түсіндіру барысында, оқушыларға тақырыпты меңгеруге көмекші ретінде қолданылады. Әр тұлғаның қайталанбас мүмкіндігін есепке ала отырып, әр оқушының өзіндік дамуына, өзіндік ізденуіне ықпал ету арқылы оның ой - өрісін кеңейту, біліктілігін нығайту. Бұл технология оқыту әдісінің тиімділігі, баланың жеке тұлға ретінде ашылуы, оның жан – жақты дамуына табиғи әсер етеді.

Интерактивті оқыту әдісі – оқушының оқу үрдісін ұйымдастыруға толық қатынасын белсенді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі.

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану әр ұстаздың міндетіне айналып келеді. Бірақ бұл технологияларды біз қалай қолдануымыз керек?

Мұғалім бұрынғыдай дайын білім бермейді, оқушыларға өз бетімен ізденуге нұсқау ғана береді. Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім алдымен келесі міндеттерге мән беру керек:

Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану;


  1. Ақпараттық технологияларды зерделеу;

  2. Тиімді тәсілдерді анықтау;

  3. Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану;

  4. Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау.

Қазіргі кезде сабақта әдістемелік мақсатқа қарай келесі бағдарламаларды қолдануға болады:

  1. Тренажер – бағдарламалар;

  2. Бақылаушы - бағдарламалар;

  3. Тәлімгерлік бағдарламалар;

  4. Көрнекіліктер бағдарламалары;

  5. Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар

Тренажер – бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге, пысықтауға арналған.

Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көпнұсқалылықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің сапасын жоғарлатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады.

Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өндейтін бағдарламалар.

Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.

Бүгінгі қазақ тілінің негізгі талабы – білім сапасын арттыру болып табылады. Ал білім сапасын көтеру дегеніміз – оқушыны жоғары деңгейге көтеру. Осы мақсатты алға қоя отырып, қазақ тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген компьтерлік бағдарламамен кейбір жұмыс істеу түрлерін атап кетейін. Оқушылар Word, Power Point, Excel, Актив студио т.б программаларының көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді.Сонымен қатар интерактивтік тақтада ертегілер көрінісі, ролдік ойындар өткізіледі. Таңдалған тақырып бойынша оқушылар үй тапсырмасына презентация жасайды. Интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды, мәліметтерді іріктеп алады. Презентациясын қорғағанда оқушылар өз ойын ашық айтуға, логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.

Жазуды оқытқан кезде сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттері дамиды, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді. Ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді.



«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет.

Сонымен қорыта келгенде, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру, дүниежүзілік білім кеңістігінде көп тілді меңгерген азамат ретінде қалыптасып шығу-бүгінгі күннің мақсаты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет