Тақырыбы: «Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат»



Дата20.06.2016
өлшемі43.97 Kb.
#149339
Тақырыбы: «Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат».

Оқу шыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу , болашағына жол сілтеу- бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу білім беру мен ғана шектелмейді.Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп , өзін-өзі жетілдіріп , айнала қоршаған адамдар мен кез келген затқа ,жан- тұлғаны қалыптастырудың жануарға және экологияға жақсылық тілеп ,жасауы. Сондықтан рухани адамгершілік жеке негізі болып табылады , оның көрсеткіштері басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін- өзі дамытып,жетілдіру.-



Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану ,дамыту , жетілдіруге байланысты бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда.Халықтық дәстүр ,рухани мәдениет негізінде баланы рухани адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін жүзеге асыру басты мақсат болатыны белгілі. Осы жылдары одақ көлеміндеЛ.С.Выготский,В.В.Давыдов,Ш.Амоношвили т.б.ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде оқушыны жан-жақты дамытып, оның белсенділігін арттыруды көздеген дамыта оқыту технологиялары дүниеге келді. Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы рухани-адамгершілік байланысын орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуде Ш.Амоношвили мұғалімдерге мынадай кеңес береді: «Педагогикалық үрдісте баламен тіл таба білу,яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегісін айтуға рұқсат беру. тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді.Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен ынтымақтастық тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады.Басқаша айтқанда,бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұласып кетеді.Мұндай жағдайда мұғалім мен оқушы арасында рухани тұтастық пайда болады» ,- деп рухани адамгершілік қарым-қатынас қай кезде орнығатынын осылай пайымдайды. Е.Н. Ильиннің:Оқушының рухани дүниесі мұғалім үшін негізгі зерттеу нысаны болып табылады»,-деген пікірі оқушының рухани-адамгершілігін ынтымақтастықта дамыта оқытуды көздегенін байқатады.Мұндай озық педагогикалық тәжіребелер оқушылардың рухани адамгершілігін дамыту мақсатында қазіргі кезде біздің оқу тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылуда.Демек, рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе-баланы құрметтеу. Әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екендігін түсінуі тиіс деп ойлаймын .Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі Бала ықпал ету объектісі емес,ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек.Сондықтан мұғалімге мынадай қасиеттер қажет:жылылық, түсінгіштік,сезімталдық,кең ойлау алу, шабыттандыра алу, шығармашылық ізденіс.Сыныптағы рухани адамгершілік,психологиялық ахуал-бала үшін адамдармен қатынастың алғашқы мектебі.Нақ осы өз сыныбында баланың мейірімділікке және зұлымдыққа,тәртіпке материалдық және рухани құндылықтарға деген көзқарасы қалыптасады.Сонымен қатар махаббат сезімін,достықты,жауапкершілік пен шындықты түйсінеді, яғни мектептердегі тәрбие өсіп келе жатқан балалардың барлық өмірлік іс-әрекетіне ықпалын тигізеді. Солардың кейбір көңіл бөліне бермейтін маңыздыларына тоқталатын болсақ,рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі аса маңызды шарттардың бірі- мұғалім өзінің әрбір ісі, жүріс-тұрысы,мінез-құлқы,сөйлеген сөзінің басқаларға ықпалы мен әсері, одан келіп шығатын нәтижеге жауапкершілігі.Бұны іске асырудың тетігі-мектепте туындап отырған әртүрлі ахуалдарды шешуде әділетті,дұрыс жөн табу.Өз ісіне жауапкершілікпен қарау өзін-өзі тексеруден басталады.Үнемі сағат сайын,минут сайын бос уақытта өзін-өзі тексеру.Өйткені олар тез естіп,сезіп,біліп қояды.Мектепте тәрбиенің дұрыс іске асырылып жатқандығының басты белгісі: оқушының мұғаліммен еш нәрсені жасырмауы, оларға қарай үнемі ұмтылысы, жақын болуы.Осындай жағдайда ғана рухани жақындық туады.Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы алуан түрлі іс-әрекет барысында жузеге асады. Мұғалімдер осы жерде еңбектің балаға тигізетін ықпалына көңіл бөлуді естен шығарып алмауы қажет.Еңбектеніп жатқан бала емес,еңбек нәтижесі олар үшін маңыздырақ, тағы бір мұғалімнің қаперінен тыс қалатын нәрсе,оқушыларға көрсете,нұсқау бере отырып,істеген шаруасын бағалап,кемшілігі үшін тез шешім қабылдамай,оны жөндеу үйрете отырып бірлесе істеу. Педагог ғалымдар істің өзі емес , сол істегі мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынастың мәнді екенін,мұғалімнің тәлім-тәрбиелік ықпалы осындай жақын, бірлескен қарым-қатынас барысында іске асатынын дәлелдеген.Мұнда тағы бір маңызды мәселе шешіледі, ол-баланың істеп жатқан еңбегіне қызығушылығын ояту, оның пайда-зиянын білуі. Мұғалімнің оқушылар алдында жаза баспау, оларға теріс әсер етпеу жолдарын ойлап , өздерін жетілдіруге бейім тұруының өзі олардың рухани- адамгершілік тәрбие беру жолындағы дамуын көрсетеді.Баланың сана-сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыратын- тәрбиенің ең бірінші рухани міндеті.Рухани-адамгершілік тәрбие барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысана етіп ұстау қажет.Себебі, баланың көзқарасы оның күнделікті іс- әрекетімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іс-әрекетке, қарым-қатынасқа жоқ адамдар болып қана шығады.Рухани тәрбиесі дұрыс жастар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп,өз идеяларына ұқсауға ұмтылады.Кейбір оқушылар алғашқы кездескен қиындықта-ақ өз күшіне сенімсіздік тудырып,бастаған істі аяқсыз қалдырады. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау,тыңдау,беделін мойындау,еңбек адамдарын құрметтеу,қамқорлық жасау сияқты ілтифатпен қатар, адалдыққа , шыншылдыққа ,қарапайымдылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады.Өз сыныбыма тоқталсам, сыныпта алты қыз бала бар.Тәрбие сағатындағы бөлімдерге байланысты іс-шаралар өткіземін соның ішіндегі «Рухани адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру « бағытында «Кішіпейілділік-кісілік белгісі» ,»Үлкенге құрмет,кішіге ізет» т.с.с. шаралардан ата-аналар да тыс қалмай кеңес алады.Оқушыларды ибалыққа бауылып,мейрімділік,,кішіпейілділік, қамқорлық,ізгілік және адамгершілік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіру- әрбір мұғалімнің және мектептің басты парызы.



Жаңаталап орта мектебі




Тақырыбы: «Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат»
Дайындаған: Уразова Ж.Ж.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет