Отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу жүйесі



Дата04.09.2023
өлшемі22.43 Kb.
#476465
Дәріс 14


Дәріс 14
Отамалы дақылдарда қатар аралық өңдеу жұмысы
2. Отамалы дақылдардан кейінгі сүдігер өңдеу жүйесі
3. Екпелі көп жылдық шөптерден кейінгі сүдігер өңдеу жүйесі
Отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу жүйесі
Аталған аймақтарда отамалы дақылдардан сүрлемдік жүгері мен картоп өсіріледі. Жаз бойы дақылдардың қатар аралығы культивацияланудың арқасында танап арамшөптерден біршама таза, танапта ылғал мен қоректік заттар әжептәуір сақталған, топырағы бос, яғни танаптың фитосанитарлық жағдайы дәнді масақты дақылдармен салыстырғанда әлде қайда жақсы.
Жел эрозиясының қаупы жоқ жерлерде жаздық дәнді, дәндібұршақты дақылдар үшін отамалы дақылдардан кейін топырақты 20-22 см тереңдікке жыртады, ал жүгеріні себу үшін жырту тереңдігі ең кем дегенде 22-25 см болуы керек. Атпатамырлы немесе көгентамырлы көпжылдық арамшөптер басым, топырақтың гранулометриялық құрамы ауыр болса, ондай жерлерді міндетті түрде қайырмалы соқамен аударып 30-32 см тереңдікке жырту керек.
Отамалы дақылдардың ішінде күнбағыс пен жүгеріден кейін жерді соқамен жырту керек, себебі ол дақылдардың тамыр жүйесі күшті дамыған, сондықтан оны культиваторлар жоя алмайды.
3. Екпелі көп жылдық шөптерден кейін сүдігер өңдеу жүйесі
Қазақстанның солтүстік өңірінде екпелі көпжылдық шөптерден көбінесе еркекшөп, ішінара жоңышқа өсіріледі.
Олардан кейін танапта шым-қыртыс пайда болады, сондықтан топырақ түйіршіктері бірімен бірі тығыз байланысқан. Екпелі көпжылдық шөптер, топырақтағы ылғалды көп пайдаланғандықтан оны құрғатып жібереді. Сондықтан, екпелі көпжылдық шөптерден кейін топырақ өңдеуге мынадай талаптар қойылады:
- екпелі көпжылдық шөптің танап бетіндегі және жер астындағы органдарының тіршілік қабілетін жою;
- өсімдік қалдықтарының минерализациялануына оңтайлы жағдай жасау;
- топырақ режімдерінің жақсаруына қолайлы жағдайлар тудыру.
Екпелі көп жылдық шөптерден кейін себілетін дақылдар үшін жер өңдеудің ең жақсы тәсілі оны шолақ түренмен жабдықталған қайырмалы соқамен 28-30 см тереңдікке мәдени жырту.
Жер өңдеудің сапасы жақсы болу үшін ең алдымен екпелі көпжылдық шөптердің қыртысын қарама-қарсы бағытта екі рет дискілі құралдармен өңдеу керек. Соңғы дискілеуден 1,5-2 апта өткен соң жерді мәдени соқамен жыртады.
Екпелі көпжылдық шөптердің қыртысын жырту мерзімінің үлкен маңызы бар. Күзі ерте түсетін және салқын болатын Солтүстік Қазақстан облыстары жағдайында екпелі көпжылдық шөптердің қыртысын ерте жырту маңызды рөл атқарады.
Екпелі көп жылдық шөптерден кейін топырақты негізгі өңдеу мерзімі оның гранулометриялық құрамына байланысты. Құрамы жеңіл топырақтарда ауыр топырақтарға қарағанда екпелі көпжылдық шөптерден кейін топырақты кеш өңдеген дұрыс, өйткені оларда органикалық заттардың ыдырауы тез жүреді.
4. Егін себер алдындағы және сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі
Ауылшаруашылық дақылдарының жақсы өсіп-дамуына топырақты тек негізгі өңдеп қоя салу жеткіліксіз. Себебі, алғы дақылдарды жинап алып топырақты өңдегеннен келер дақылды сепкенге дейін, әсіресе танапты негізгі өңдеу күзде жүргізілсе, топырақ әр түрлі факторлардың әсерінен (топырақтың, қардың, жаңбырдың, ауылшаруашылық құралдары мен машиналарының, трактордың салмағынан) тығыздалалды, сондықтан оны егін себер алдында қайта өңдеп қопсыту керек.
Ерте көктемнен (егістікте көктемгі жұмыстарға кірісу мүмкіншілігі туған күннен бастап) жаздық дақылды сепкенге дейін оның өніп-өсуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізілетін топырақ өңдеудің өзара байланысты әдістерінің жиынтығын егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі дейді.
Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:
- күзгі-қысқы кезде жиналған ылғалды барынша сақтап қалу;
-себілетін ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарын біркелкі және оптималды тереңдікке сіңіруді қамтамасыз ету;
-егістікті арамшөптерден, зиянды жәндіктер мен ауру қоздырғыштардан тазарту;
-себілген тұқымдардың жылдам және біркелкі көктеп шығуы үшін қолайлы жағдай жасау.
Қазақстанның ашық далалық және құрғақ далалық солтүстік аймақтарында топырақты негізгі өңдеу жазықтабан сыдыра тілгіш культиваторлармен жүргізіліп танап бетінде аңыз бен өсімдік қалдықтары сақталатындықтан ылғал жабу үшін инелі БИГ-3 немесе БМШ-15, типтес тырмалар, ЛДГ-15П, ЛДГ-20П сыдыражыртқыштар қолданылады. Осы күнгі дән сепкіштер тұқым себеді, түйіршікті тыңайтқыштарды шашады және топырақты жеңіл тығыздайды. Тұқым кәдімгі дискілі дәнсепкіштермен себілсе, онда әрине дәл егін себер алдында топырақты КПШ-9, КПШ-11, ОП-8, ОП-12 және басқа құралдармен тұқым сіңіру тереңдігіне культивациялау керек.
Ауылшаруашылық дақылдарын сепкеннен немесе олардың көшетін отырғызғаннан егін жинағанға дейінгі аралықта бір-бірімен тығыз байланыста белгілі бір ретпен орындалатын топырақ өңдеу тәсілдерінің жиынтығын егін сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі дейді. Оны көбінесе егістікті күтіп-баптау деп атайды. Егін сепкеннен кейінгі жүргізілетін бірінші жұмыс-топырақты тығыздау. Көбінесе ол егін себумен бір мезгілде жүргізіледі, өйткені осы күнгі дәнсепкіштер әр қатарды жеке тығыздайтын жеңіл катоктармен жабдықталған. Келесі топырақ өңдеу тәсілі – тұқым көктеп шыққанға дейін немесе көктеп шыққаннан кейін танапты тырмалау. Ерте көктемде қар кетіп, топырақ дегдіген кезде күздік дақылдарды жеңіл және орташа тісті тырмалармен тырмалау, пайда болған топырақ қабыршағын жояды, ылғалдың буланып ұшуы азайтады, арамшөп өскіндері құртылады. Егін сепкеннен кейінгі жүргізілетін тағы бір маңызды агротехникалық шара – отамалы дақылдардың қатараралығын культивациялау.
Отамалы дақылдардың қатараралығын өңдеу кезінде оларға минералдық тыңайтқыштардан үстеме қорек беріледі. Ол үшін КРН–4,2, КРН–5,6 және басқа өсімдік қоректендіргіш культиваторлар қолданылады.
Отамалы дақылдардың ішінде картопты түптейді және өсімдігінің қатараралығын өңдеу КОН-4,2, КОН-5,6 культиваторлары арқылы жүзеге асырылады.


.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет