Шикізатты кешенді өңдеу



Дата03.01.2022
өлшемі18.58 Kb.
#450318
жалпы химиялық технология


  1. Химиялық технологияның қағидаларын

  • шикізатты кешенді өңдеу

  • технологиялық үрдістерінің үздіксіздігі

  • технологиялық үрдістердің айналымды болуы (өнеркәсіпте судың пайдалану мысалында)

  • технологиялық үрдістерге аппараттардың сәйкестігі

  • өндірістерді арнайы мамандандыру, жүйелеу және комбинирлеу
    қалай
    түсінесіздер? Ашып жазыңыз.

Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды. Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін өңделеді. Бұл:

– негізгі химиялық үдеріс:

– шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге ауыстыру);

– шикізат компоненттерінің өзара химиялық əрекеттесуі;

– алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше операциялармен жүзеге асырылады.

Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.



Технологиялық үрдістердің үздіксіздік қағидасы операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді талап етеді.

Өндірістерді арнайы мамандандыру қағидасы өндіріс үрдісінде жұмыс орындары және кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі мен шоғырлануын көрсетеді.

Мамандандыру - кәсіпорынның негізгі қызметінің белгілі бір өнімінің, тауардың және қызметтің түріне байланысты мамандануын айтады.

Маманданудың үш нысаны бар:

1. Заттық;

2. Бөліктік;

3. Технологиялық (сапалық).

Комбинирлеу (кешенделу) – бір фирма шеңберінде әр түрлі өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарын үйлестіру. Бұл шикізатты өндіру сатысындағы өзгерістерді қамтуы мүмкін.

Комбинаттар келесі белгілермен сипатталады:

- әр түрлі сала кәсіпорындарының бірігуі;

- өндірістің техника-экономикалық бірлігі және пропорционалдығы;

- энергетикалық жүйенің бірлігі;

- бір аймақта орналасуы;

- негізгі өндірістерге қосымша цехтар мен қызметтердің орталықтандырылған қызмет көрсетуі;

- басқару бірлігі.

Қазіргі кезде кешенделудің бағыттарына мыналар жатады:

1) өнімді өндіру сатыларының үйлесімділігі;

2) шикізатты, мұнайды, көмірді кешенді қайта өңдеу;

3) қалдықтарды тиімді пайдалану (мысалы, ағаш өңдеу комбинаттары).



  1. Химиялық технологияның мақсаты неде деп ойлайсыз?

Химиялық технологияның мақсаты табиғи шикізаттардан өнеркәсіптік өнімдерді, бұйымдарды және адамзат тіршілігіне қажетті пайдалы заттарды неғұрлым экономды әдістермен өндіруде деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет