Директорам школ!
Отдел образования г.Актобе направляет Вам для ознакомления и принятия мер письмо горСЭС от 19.02.2007 года за № 3-3/454.
Информацию об устранении недостатков, указанных в письме, представить в горОО (приемная) до 1 марта 2007 года.
В информации, кроме данных о выполнении рекомендаций необходимо указать:
-
число тубконтактных всего ___, в том числе охвачено горячим питанием ___, буфетным питанием ___;
-
число тубвиражных всего ___, в том числе охвачено горячим питанием ____, буфетным питанием ___;
-
число малообеспеченных всего ___, в том числе охвачено горячим питанием ____, буфетным питанием ___.
Р.Тастанбаева
Ақтөбе қалалық білім
бөлімінің бастығы
А. Бекешевке
Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық департаментінің қалалық бөлімі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу жағдайы туралы мәлімет береді.
Мектеп асханалар саны-57, оның ішінде типтік жобамен-44 (№1,2,3,4,5,6,7,9,10,14,15,16,17,19,20,21,23,24,25,26,27,28,30,32,33,34,35,36,39,29,42,43,45,46,49,51,53,Сазды ОМ, Елек ОМ, Благодарный ОМ, Ақтөбе ОМ, Қарғалы қазақ ОМ, Заречный мектеп бала-бақшасы, Шаңырақ жеке мектебі) бейімделгені-21 (№11,12,13,22,29,31,37,38,40,41,43,44,47,48,50,52, Қызылжар мектебі, Пригородный мектебі, Новый мектебі және Сымбат, Құнан, жеке мектептері).
Толық асхана ретінде жұмыс жасап тұрғаны-35 (№1,2,6,7,9,14,15,16, 17,19,20,21,23,24,25,26,27,28,30,32,33,34,36,39,42,43,45,46,49, 51,53,Сымбат, Құнан, Шаңырақ жеке мектептері, Заречный мектеп бала бақшасы).
Буфет және лоток ретінде мектептер жұмыс жасап тұр:-28 №3,4,5,11,12,13,22,29,31,35,37,38,40,41,44,47,48,50,52,29, Елек ОМ, Қызылжар НМ, Новый ОМ, Георгиевка ОМ, Сазды ОМ, Қарғалы қазақ ОМ, Благодарный ОМ, Ақтөбе ОМ, Пригородный ОМ.
Жұмыс жасамай тұрғаны: Красносельский НМ, 29, 5, Георгиевка ОМ.
Ал ауылды аймақта орналасқан №18 ОМ, №8 БМ, Ақшат БМ, Ақжар БМ, Белогор НМ, Садовая БМ, Россовхоз ОМ, Құрашасай ОМ-де асхана ашылу мүмкіншіліктері қарастырылмаған.
Жеке мектептердегі оқушылар ыстық тамақпен 100 пайызы қамтылған. Қала мектептерінде оқушылар саны 51718 (3-жеке мектептер мен №7, 45,44 қоса), оның ішінде ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар саны-17201 бұл 33,2 пайыз құрайды. Бастауыш сынып оқушылар саны-17673, оның ішінде ыстық тамақпен қамтылғаны-8837, бұл 50,0 пайыз құрайды. Жалпы тегін тамақпен қамтамасыз етілген саны-1183, бұл 2,2 пайыз құрайды. Жағдайы төмен жанұя балалар саны-4737, оның ішінде ыстық тамақпен тегін қамтылғаны-1098, бұл 23,1 пайыз құрайды. Буфеттік тамақпен қамтылған балалар саны-29655, оның ішінде жағдайы төмен жанұя балаларының саны-1360, бұл 4,5 пайыз құрайды. Берілетін тағамның түрі-ботқа, шәй, компот, тәтті нан, сүт тағамдары аракідік беріледі, ал сорпа, балық тағамдары, жеміс-жидектер жалпы берілмейді. Асханалар арнаулы білімі бар аспаздар штатымен толық жасақталмаған.
№3,35,36 мектептерінде асханалардағы цехтардың (типтік жоба) технологиялық жабдықтармен (пештер, таба, еттартқыш, су қазандықтары, азық-түлік бөлетін столдар) толық қамтылмауына байланысты жылма жыл тек қана буфет ретінде ашылады. Георгиевка ОМ, №5 (типтік) және №29 (бейімделген) мектептерде асханалар 15-20 жылдан бері іске қосылмай келеді, сондықтан жылма жыл тек лоток ретінде ғана ашылады. №11 орта мектебінде жапсырма ғимаратындағы типтік жобамен салынған асхана жылдар бойы іске қосылмай келеді, ал ескі ғимаратындағы жұмыс жасап тұрған асханасы оқушыларды ыстық тамақпен толық қамтуға күші жетпейді. Осы аталған мектептердің басшылары тарапынан оқушыларын ыстық тамақпен толық қамту мәселесін шешуге ықпал жасалмай отыр.
2007 жылдың қаңтар айында мектептерді тексеру кезінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі толық шешілмегені анықталды. Тереңдетіле өткізілетін медициналық тексерудің нәтижелері бойынша құрылған сауықтыру жоспары орындалмаған. 2006 жылғы есеп бойынша оқушылар арасында қанында темір жетіспеушіліктен ауруымен-2050, эндокринологиялық (зоб) ауруларымен-920 және ас қорыту ауруымен шалдыққан-315 баланың (диета) емдәмдік тағамдармен тамақтануын ұйымдастыру шаралары жүргізілмеген.
Құнарлы тамақтану балалар және жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, өсу, дұрыс дамуын қамтамасыз ететін факторлардың бірі болып табылады. Оқушылар мектепте 6-7 сағат болады, тамақтану арасының ұзақ болуы олардың қызмет қабілетіне және организмнің ас қорыту функциясына қолайсыз әсер етеді. Сондықтан, мектеп оқушылары міндетті түрде мектепте жүргенде бір мезгіл ыстық тамақ ішуі керек, бірақ бұл шараларды мектеп басшылары қажетті деңгейде қарастырмай келеді. Педагогтар тарапынан балалардың мектепте тамақтануының маңызы туралы ата-аналармен жұмыс жүргізбеген...
Ақтөбе қаласы мектептеріндегі ыстық тамақпен қамтуы-28%, бұл республика көрсеткіштерінен 32%-ке төмен. (60%).
Осы сұрақ жылма-жыл көтерілуіне қарамастан әлі де шешуін таппай келеді және оқушылар арасында аурушаңдығының өсуіне әкелетін себептердің бірі болып табылып отыр.
Жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйене отырып Сізден келесі шаралардың орындалуына ықпал етуіңізді талап етеді:
-
осы сұрақтарды мектеп директорлары отырысында қаралуын
-
аз қамтылған отбасы балаларын және емдәмдік (диета) тағамдарды қажет ететін балаларды ыстық тамақпен толық қамту.
Мерзімі 2007 жылдың І-ші наурызынан бастап
-
бастауыш класс оқушыларының ыстық тамақпен тамақтануы жөнінде ата-аналармен жұмысты күшейте және 100% толық қамту.
Мерзімі 2007 жылдың І-ші наурызынан бастап
-
асханалрда арнайы білімі бар аспазшылар болуын қадағалау
Мерзімі әрдайым
Мерзімі 2007 жылдың І-ші наурызынан бастап
-
Ақшат БМ-де, Ақжар БМ-де, Құрашасай ОМ-де, Россовхоз ОМ-де Белогор БМ-де, Садовая БМ-де тамақтану мүмкіншіліктерін қарастыру.
Мерзімі 2007 жылдың І-ші наурызынан бастап
-
Ақтөбе ОМ, Красносельский НМ, Благодарный ОМ, Георгиевка ОМ, Елек ОМ, №5 ОМ, №11 (жапсырма ғимараттағы), № 29, 3, 35, 36 орта мектептеріндегі асханалардың цехтарын жөндеп және керекті жабдықтармен қамтамасыздандырып, жұмысын толық қалпына келтіру.
Мерзімі 2007 жылдың тамыз айына
МСЭҚДҚБ-нің бастығы Н. Беркімбаева
Казенова Б.
218534
Достарыңызбен бөлісу: |