Отырар ауданының Әкімдігі қаулы 2012 жыл №



Дата24.02.2016
өлшемі39.36 Kb.
#16969
ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ


«____» _____________ 2012 жыл № ______

«2012-2014 жылдарға арналған

аудан бюджеті туралы» Отырар

аудандық мәслихатының

шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Бюджет Кодексіне», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес және Отырар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №14-9-152 тіркелген «2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 14 желтоқсандағы №48/307-IV шешімін іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Отырар ауданының 2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджеті 1,2,3-қосымшаларға сәйкес мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын, оның ішінде 2012 жылға:

1) кірістер – 6 084 185 мың теңге оның ішінде:

салықтық түсімдер – 613 359 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 488 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 456 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 465 882 мың теңге;;

2) шығындар – 6 110 185 мың теңге:

3) таза бюджеттік кредиттер – - 27 170 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 27 170 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 27 170 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 170 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – -1 170 мың теңге:

қарыздарды өтеу – 1 170 мың теңге;

2. 2012 жылы облыстық бюджетке аудандық бюджеттен жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 50 пайыз мөлшерінде бөлу нормативтері белгіленсін.

3. 2012 жылы облыстық бюджеттен ауданның бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 3 876 798 мың теңге болып белгіленсін.

4. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде 2012 жылға арналған аудандық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

5. 2012 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

6. 2012 жылға арналған аудандық бюджетте әрбір ауылдық (селолық), поселкелік бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. Қоса беріліп отырған:

1) 7-қосымшаға сәйкес 2012 жылға аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) күрделі және орташа жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінісі;

2) 8-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттерден берілетін 2012 жылға арналған білім басқармасының облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге қарастырылған ағымдағы трансферттердің сомаларын бөлу;

3) 9-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттерден берілетін 2012 жылға арналған жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге қарастырылған ағымдағы трансферттердің сомаларын бөлу;

4) 10-қосымшаға сәйкес Жергілікті бюджеттерден берілетін 2012 жылға арналған ауыл шаруашылығы басқармасының облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге қарастырылған ағымдағы трансферттердің сомаларын бөлу;

5) 11-қосымшаға сәйкес Жергілікті бюджеттерден берілетін 2012 жылға арналған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге қарастырылған ағымдағы трансферттердің сомаларын бөлу;

6) 12-қосымшаға сәйкес 2012-2013 жылдарға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) тексеру комиссиясының уәкілеттігі берілуіне сәйкес, облыстық бюджеттің шығындарын өтеуге арналған нысаналы трансферттер түсімдері бекітілсін.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.




Аудан әкімі Б.Сыздықов









С.Саттарқұл








Е.Жұматай










аудан әкімдігі мүшелері:




Э.Бейсенова








Қ.Кизбай








Ж.Көлбай







Б.Меңлібаев







Д.Иса







Р.Әліш








Ж.Асылбек







Н.Есенбаев








А.Құрман

.Жүніс

келісемін:








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет