Өткізілген күні: 2014 жылғы 21 қараша Өткізілген жері: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 3-жэо мәжіліс залы. Жария тыңдауын ұйымдастырған: «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі»



Дата08.07.2016
өлшемі74.12 Kb.
#185794
«Қуат» және «Жылы су» учаскелерінде саз балшықты жынысты өнеркәсіптік

қазу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспарының жобасы бойынша жария тыңдауының хаттамасы
Өткізілген күні: 2014 жылғы 21 қараша

Өткізілген жері: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 3-ЖЭО мәжіліс залы.

Жария тыңдауын ұйымдастырған: «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ

Жария тыңдауын өткізу туралы ақпарат мына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жеткізілді: «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа самалы» газеттерінің №124 сандарында мемелекеттік және орыс тілдерінде 01.11.2014 ж. жария тыңдауының өткізілетін күні мен орны, сондай-ақ іс-шаралар жоспарының жобасын сұратуға болатын мекенжайы және телефоны көрсетілген хабарландыру жарияланды.

Пайдаланылған материалдар:

«Қуат» және «Жылы су» учаскелерінде саз балшықты жынысты өнеркәсіптік қазу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспары бар стендтер.



Қатысқандар:

Жергілікті атқарушы органның өкілі Мырзабаева А.М - «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы-заңгер (2014 ж. 3 қарашадағы № 9-7367 хабарлама, апарушы арқылы жолданды), Орлик Т.Ю. – ҚР ЭМ Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің аға мемлекеттік инспекторы (2014 ж. 3 қарашадағы № 9-7369 хабарлама, апарушы арқылы жолданды); Сиюнич Т.Н.- «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ экологиялық сараптау және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімінің бас маманы (2014 ж. 3 қарашадағы № 9-7368 хабарлама, апарушы арқылы жолданды); Гринев И.Н. – 3-ЖЭО директоры, Верголяс А.Г. – 3-ЖЭО бас инженері, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО персоналы – 13 адам, жұртшылық өкілдері - 3 адам (қатысушылардың тізімі қоса берілген).



Сөз сөйлегендер:

Коновалова Т.В. – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженер, жария тыңдауына қатысушыларды қарсы алып, жария тыңдауын ашу үшін жергілікті атқарушы органның өкілі «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы-заңгер А. М. Мырзабаеваға сөз берді.

А. М. Мырзабаева – «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы-заңгер күн тәртібінің мәселелерін атап өтті:

Жария тыңдауының күн тәртібі:

  1. Жария тыңдауының төрағасын және хатшысын сайлау.

  2. «Қуат» және «Жылы су» учаскелерінде саз балшықты жынысты өнеркәсіптік қазу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспары бойынша баяндама.

  3. Жобаны талқылау, баяндамашыға сұрақ беру, сұрақтарға жауап.

Сөз сөйлеу регламенті ұсынылды - баяндамаға 15 минут, талқылауға – 10 минут.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша №4 цехтың химиялық зертханасының инженер-лаборанты Герасименко Т.В. сөз алып, жария тыңдауының төрағасы етіп 3-ЖЭО директоры И.Н. Гриневті, хатшысы етіп – ҚОҚБ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженер Е.В. Харченконы сайлау жөнінде ұсыныс жасады.

Дауыс берудің нәтижесі бойынша жария тыңдауының төрағасы болып И.Н. Гринев., хатшысы болып Харченко Е.В. бірауыздан сайланды.



Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша төраға И.Н. Гринев баяндама жасау үшін сөзді қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер Т.В. Коноваловаға берді.

Коновалова Т.В. ««Қуат» және «Жылы су» учаскелерінде саз балшықты жынысты өнеркәсіптік қазу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс- шаралар жоспары» жобасы бойынша баяндама жасады (баяндаманың материалдары хаттамаға қоса берілген).
Баяндамадан кейін.

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ экологиялық сараптау және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімінің бас маманы

«Қуат» және «Жылы су» ашық кеніштерінің ауданын нақтылағым келеді?


Жауап: Коновалова Т.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ жетекші инженері
Площадь карьера «Қуат» кенішінің ауданы 64,51 га, «Жылы су» кенішінің ауданы- 15,49 га.
Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ экологиялық сараптау және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімінің бас маманы

Осы кеніштерді өнеркәсіптік қазу қашан басталады?



Жауап: Коновалова Т.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ жетекші инженері

«Қуат» және «Жылы су» кеніштері бойынша ұсынылған өнеркәсіптік қазу жобасына табиғат қорғау іс-шараларының жоспарына сәйкес осы кеніштерді қазу 2014-2015жж. аралағындағы кезең ішінде жүргізілетін болады



Гринев И.Н., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО директоры

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3 жыл бойы 2-ЖЭО және 3-ЖЭО күл үйінділерінің құрылысын салу үшін жер қойнауын пайдалануға рұқсат алды. Жер қойнауын пайдалануға рұқсат 2013 жылғы маусымда алынды.



Жауап: Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

Бұрын «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ «Қуат» және «Жылы су» кеніштерін өнеркәсіптік қазу үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алған болатын. Бірақ кеніштер бойынша өнеркәсіптік қазба жобаға өзгерістер енгізілгендіктен, жоба мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысымен 2014-2015жж. кеніштерді өнеркәсіптік қазу кезеңіне эмиссия нормативтері анықталды, сондықтан 2014-2015жж. жылдарға қоршаған ортаға эмиссияларға жаңадан рұқсат алу қажет.



Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ экологиялық сараптау және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімінің бас маманы

Сонда небары екі жыл қазатын боласыздар ғой?



Жауап: Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

Түзетілген өнеркәсіптік қазба жоспарына сәйкес – карьерлерді қазу жұмыстары 2014-2015жж. ішінде жүргізілетін болады.



Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ экологиялық сараптау және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімінің бас маманы

Ал осы мерзім күл үйіндісін салуға жеткілікті ме?



Жауап: Гринев И.Н., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО директоры

2-ЖЭО және 3-ЖЭО күл үйінділерінің салу үшін бұл мерзім жеткілікті. Келешекте біз тағы бір күл үйіндісін салуды жоспарлап отырмыз. Станциялар жұмыс істеп тұр және келешекте бізге тағы бір күл үйіндісі керек.



Сұрақ: Ткачук О.А., менеджер, өңірлік Орхус орталығы, Павлодар қ.

Үстіңгі құнарлы қабаты алынғанда, оны сіздер арнайы бөлінген жерлерде қанша уақыт сақтайсыздар? Ол онда қанша уақыт жатады? Сақтау мерзімі ішінде оны қалай ұстап тұрасыздар? Өйткені біздің топырақ жеңіл және физикалық ерекшеліктері бойынша өз бетімен кеуіп кетіп, бастапқы қасиеттерін жоғалтады. Және кейін қалай жерді қалпына келтіресіздер, яғни карьерлерден алынған сол топырақ пайдаланыла ма, әлде жаңа топырақ сатып аласыздар ма?



Жауап: Коновалова Т.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ жетекші инженері

Карьерлерден алынған топырақ жерді қалпына келтіруді бастағанға дейін арнайы бөлінген уақытша сақтау орындарында сақталады. Карьерлердің жерін қалпына келтіру үшін карьерлерден алынған топырақ пайдаланылады, яғни орнына қайтарады. Топырақ сатып алынбайды.



Сұрақ: Ткачук О.А., менеджер, өңірлік Орхус орталығы, Павлодар қ.

Ал топырақтың қасиеттерін қалай сақтайды?



Жауап: Коновалова Т.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ жетекші инженері

Құнарлы топырақ қабаты үйінділерде арнайы алаңшаларда қатарланады, алаңшаларда шашылып жатпайды. Жазғы кезең ішінде гүрттердің жақтауларына шөп өсіп, оларды бекітеді, сөйтіп топырақ шашылмайды және жел эрозиясына шалынбайды.



Ткачук О.А., менеджер, өңірлік Орхус орталығы, Павлодар қ.

Дұрыс сақтамағанда, ол өзінің физикалық қасиеттерін жоғалтып, шашылып қалуы мүмкін.



Павлов С.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚЖжМБ бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары

Топырақ шашылмайды, ол үйінді болып қатарланған, көктемнен бастап күзге дейін оны шөп басып кетеді. Қыста шөп кеуіп, оның тамыры жақтауларын күшейтеді.



Сұрақ: Сиюнич Т.Н., «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ экологиялық сараптау және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімінің бас маманы

Бақылау ұңғымалары салынған ба, сіздер оны бұрғылайсыздар ма?



Жауап: Коновалова Т.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ жетекші инженері

Бізде 4 бақылау ұңғымасы бұрғыланған және олар бойынша «Қуат» пен «Жылы су» кеніштерінің орналасу ауданындағы жер асты суларын бақылауды жүргіземіз.



Сұрақ: Орлик Т.Ю., ҚР ЭМ Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің аға мемлекеттік инспекторы

Карьерлердің орналасқан жерін және күл үйінділерінен алыстығын білгім келеді.



Богачонок Е.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҚБ бастығының орынбасары

Қолданыстағы күл үйіндісінен 615 м. жерде.



Павлов С.В., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚЖжМБ бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары

«Қуат» кеніші Мойылдыға қарай химия зауытының екінші алаңшасының жанында. «Жылы су» кеніші 2-ЖЭО ағартылған су сорғысының жанында орналасқан.



Төраға Гринев И.Н.: (талқылаудан кейін) Қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Жария тыңдауының қорытындысын жасауға рұқсат етіңіздер. Жария тыңдау өткізілді деп санаймын. Жария тыңдауының нәтижесі жасалған ескертулер мен бүгінгі талқылаудан кейін түскен ұсыныстар ескеріліп, хаттамамен ресімделеді. Сондай-ақ, жария тыңдауының хаттамасы Павлодар қаласы кәсіпкерлік бөлімінің интернет –ресурсында тыңдау өткізілген күннен соң Жария тыңдауын өткізу ережесінде көзделген мерзімде жарияланатынын хабарлаймын.


Құрметті жұртшылық, сіздер Жария тыңдау хаттамасының мазмұны бойынша өздеріңіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 7 күнтізбелік күннің ішінде беруге құқылысыздар.

Жария тыңдауының төрағасы ______________________________ Гринев И.Н.

Жария тыңдауының хатшысы _________________________________ Харченко Е.В.

Қосымша:



  1. Жария тыңдауын өткізу туралы газетке берілген хабарландырудың көшірмесі;

  2. Жария тыңдауының материалдары (баяндамалар);

  3. Жария тыңдауға қатысушылардың тізімі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет