Пауло Коэльо Алхимик алғы сөз оқырмандарға ескерте кетер міндетті жайт – «Алхимиктің»



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата19.04.2024
өлшемі0.86 Mb.
#499261
  1   2   3
Алхимик Паоло Коэльо




Пауло
Коэльо
Алхимик
АЛҒЫ
СӨЗ
Оқырмандарға
ескерте кетер міндетті жайт – «Алхимиктің»
бейнешілік
нысандағы кітап екендігі, ол осынысымен «тұла бойында»
бір
ауыз да ойдан шығарылған сөз жоқ «Дуагер күнделігінен»
осылайша
ерекшеленеді.
Мен
алхимияны зерттеуге өмірімнің он бір жылын арнадым. Кез
келген
металды алтынға айналдыру немесе Мəңгіліктің Сиқырлы
Сусынын
табу мүмкіндігі дуагерлік жолда алғашқы қадам жасайтын
əрбір
адамға тартымды жағдаят емес пе? Бір мойындайтыным – мен
Құдайдың
барлығын түйсініп сезінгенімше бір кезде бар дүниенің
аяқталатындығы
жөніндегі ойдың өзі одағай көрінгендіктен менің
қиялымды
əсіресе əлгі айтылған Сиқырлы Сусын жаулап алды. Біздің
жер
бетіндегі тіршілігімізді көптеген жылдарға соза алатын əлдебір
сұйықтықты
жасау мүмкіндігі барын біліп алған мен өзімді тұтастай
оны
əзірлеуге бағыштауға бел будым.
Бұл
жетпісінші жылдардың басында, оккульттік ғылымдар жайлы
терең
зерттеулер дүниеге келе қоймаған кезде, кейін орын алған өрелі
өзгерістер
қарсаңында болған еді. Осы кітап қаһармандарының бірі
сияқты
мен де бар шамалы жиған-тергенімді алхимия жайлы шет
елдерде
жарық көрген кітаптарды сатып алуға, бар уақытымды
олардың
күрделі бейнелілік (символикалық) тілін үйренуге жұмсадым.
Маған
Рио-де-Жанейрода Ұлы Туындымен байыпты түрде айналысып
жүрген
біраз ғалымдарды табудың сəті түсті, бірақ, олар менімен
кездесуден
тайсақтады. Мен өздерін алхимиктер деп дəріптейтін,
тиісті
зертханалары бар, əрі əркімге өз өнерлерін жайып салуға əзір
тұратын
қауыммен (ол үшін, əрине, керемет көп қаржы төледім) де


таныстым
, ал олар іс жүзінде өздерін білгірміз деп санайтын салада
дəнеңе
де ұқпайды екен.
Менің
талаптануым мен құлшынысым құр босқа кетіп жатты. Алхимия
оқулықтарының
əр парағындағы нысандар – күндер, айлар, айдаһарлар
мен
арыстандар аяқ алып жүргізбейтін ниет-ойларынан мен ештеңе
жүзеге
асыра алмадым. Маған мен дұрыс бағытта бара жатпағандай
əсер
ететін: өйткені бейнелілік тілдің өзі кереғар түсініктер беруге
кеңінен
жол ашады ғой. Сөйтіп 1973 жылы бұл жолда ілгеріге бір де
қадам
жасай алмағандығыма əбден қажыған мен өте жеңілтек іс-
қимылға
жол бердім. Сол кезде Мату-Гроссу штатының білім
басқармасы
мені театр өнері жөніндегі сабақтар өткізуге шақырды,
мен
студенттік театр студиясында өз студенттерімнің қатысуымен
Зүбаржат
(изумруд) тақтасы тақырыбына спектакль қоймақшы болдым.
Бұл
талабымнан мəн шыға қойған жоқ, жəне дуагерліктің орнықсыздау
негізде
орын теппекші болған мұндай амал-шараларым арада жыл
өткеннен
кейін-ақ «жіп қанша ширатылса да, бітетіні аян» дейтін
мəтелдің
растығына көз жеткізді.
Ал
, мистикаға тікелей қатысы бар одан кейінгі алты жыл менің тек
қана
күдікшілдік күлкімді келтіретін. Осынау өзімді іштей қуғындау
барысында
мен өзім үшін бірнеше маңызды қорытындыларға ат басын
тіредім
: біз қай ақиқат болмасын оны əуелі жан-тəнімізбен итеріп
тастап
барып қана қабылдаймыз; өз тағдырыңнан қашпа – бəрібір
маңдайға
жазғаннан құтылмайсың; Жасаған қатты талап қояды, бірақ,
сонымен
бірге оның мейірбандығында да шек жоқ.
1981 жылы менің ғұмырыма бұрынғы соқпаққа түсуіме жол ашқан
Ұстаз
– Рама енді. Мен одан алған ілім-білімдеріме қоса тағы да
алхимияны
одан əрі оқып-тоқуға кірістім. Бір кешке қарайғы
отырыстан
кейін, ұзақ та ауыр телепатиялық сеанстан соң мен одан
алхимиктер
неге ауыр əрі түсініксіз тілде сөйлейді деп сұрадым.
– Алхимиктердің үш түрі болады, – деп жауап қайырды ол. – Біреулері
екіұштылыққа
оңтайлы тұрады, өйткені өздері де өз мамандығын
білмейді
. Ендігілері мамандықтарын біледі, бірақ, сонымен бірге
алхимия
тілінің ақыл-парасатқа емес, жүрекке бағытталғанын да
жақсы
біледі.


– Ал, үшіншілері ше? – деп сауал қойдым.
– Үшіншілер – алхимия туралы таза естімегендер, бірақ, өзінің бүкіл
ғұмырымен
Пəлсапалық Тасты аша білгендер.
Осыдан
кейін əлгілердің екінші түріне жататын менің Ұстазым маған
алхимия
дəрістерін беруге бекінді. Көп ұзамай мен өзімді сан рет
жолдан
бұрып, əрі соншалықты кейіткен оның бейнелік тілі Ғалам
Жанын
ұғынуға көз жеткізудің бірден-бір жолы екендігін түсіндім.
Юнг
бұл ахуалды «ұжымдық ессіз ахуал» деп атаған. Мен өзімнің ой
өріс
-парасатым олардың қарапайымдылығын қабылдаудан бас тартып
келген
ақиқат белгілерін –Өз Жолымды жəне Жасағанның Белгілерін
аштым
. Мен Ұлы Туындыға қол жеткізу мүмкіндігі шамалы ғана
жұрттың
үлесі емес, ол осынау планетаны мекендейтін толайым
адамзатқа
арналғандығын білдім. Əрине, Ұлы Туынды біздің
алдымызда
жұмыртқа мен сұйық құйған ыдыс түрінде əрдайым бой
көрсетпейді
, бірақ, біздің əрқайсымыз Əлем Жанын ашып, оған терең
бойлауға
мүмкіндігіміз баршылық.
Міне
, «Алхимик» – бейнешілік кітап болатындығы сондықтан жəне
мен
оның парақтарында бұл мəселе бойынша игергенімді баяндап қана
қоймай
, сонымен қатар Жалпы Тілді игерген ұлы жазушылар
Хемингуэй
, Блейк, Борхес (айтылғанға ұқсас эпизод оқиғасы оның
əңгімелерінің
бірінде орта ғасырлардағы Парсы елінде өтетіндігі
баяндалады
), Мальбу Тагану жəне өзгелерді мадақтаймын.
Бəлкім
тым етек-жеңді кіріспе сөзді аяқтау жəне менің Ұстазым
алхимиктердің
үшінші түріне кімді жатқызғандығын айқындау үшін
оның
өз зертханасында маған айтқан тарихи əңгімесін келтірейін.
Бірде
Бейкүнə Қыз қолына Христі алып жерге түседі де, əлдебір
монахтардың
шіркеуіне барады. Мұны ғаламат абыройға есептеген
монахтар
қаз-қатар тұра қалысады: сөйтеді де, əрқайсысы кезекпен
Құдай
Анаға қарай жақындап, оның құрметіне өз өнерлерін көрсетеді:
біреуі
өзі шығарған өлеңдерді оқиды, екіншісі Тауратты (Библия)
қаншалықты
терең білетіндігін жайып салады, үшіншісі əулиелердің
баршасын
тізіп шығады. Сөйтіп олардың əрқайсысы өз дарындарына
сай
Қыз бен Иса бөбекті қошаметтейді.


Олардың
ішіндегі ең соңғысы момын да жұпыны монах екен, ол
Қасиетті
Жазудың негізгі мəтіндерін де айтып бере алмайтын болып
шығады
. Оның ата-анасы цирктің сауатсыз əртістері екен, ұлдарына
бар
үйреткендері кішкентай шариктерді əрі-бері лақтыруға жəне онша
қиын
емес сиқыр көрсетуге ыңғайлапты.
Енді
кезек оған жеткенде монахтар əлгі рəсімдерін тоқтатуға бет
алады
, өйткені байғұс цирк ойыншысы Пəк Қызға ештеңе айта
алмайды
ғой, бірақ, шіркеуді ұятқа қалдыруы ғажап емес еді. Сайып
келгенде
, ол Қыз бен Бөбекке өз болмысының бір бөлігін беруге
ынтызарлығын
көрсетеді.
Міне
, сөйткен ол бауырластарының кінə қоя қарағандарына
қарамастан
қалтасынан бірнеше апельсин алып шығады да, бар білетіні
– оларды қақпақылдай бастайды. Тек осы кезде ғана Христің езуінде
күлкінің
ізі пайда болады, ол қол соғады. Ал, Пəк Қыз болса, өз бөбегін
ұстай
тұруға соған ғана сенім білдіреді.
Автор
.
Ж
.-
ға
бағышталады
.
– 
Ұлы
Жаратылыстың
құпиясын
танып
білген
Алхимикке
бағышталады
.
Жолының
жалғасы санатында Ол бір ауылдық мекенге келеді; Оны
мұнда
Марфа есімді əйел өз үйінде қабылдайды;
оның
Мария есімді сіңлісі Исаның аяқ жағына отырып, Оның сөздерін
тыңдайды
.
Үлкен
тағамның қамымен жүрген Марфа келеді де: Жасаған! Саған
қажеті
жоқ па, əйтпесе мені жалғыз қызмет етуге қалдырған сіңліме
дəм
дайындауға көмектес деп айтшы.
Сонда
Иса былай деп жауап қайырады: Марфа! Марфа! сен көп
күйбеңге
түсіп жатырсың, ал керегі мынау ғана; Мария өзінен
алынбайтын
игілікті таңдап алды ғой.


Лукадан
келген
Інжіл
, 10:38-42


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет