«Востокмашзавод» АҚ бойынша 2016-2018 жылдарға арналған табиғатты қорғау жоспары бойынша қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы
Өткізілген күні – 21 қазан 2015ж.
Өткізілген жері : Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы , 86.
Қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды : Өскемен қаласының әкімідігі
Қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы ақпарат қоғамға «Рудный Алтай» газетінің 21.09.2015 жылғы № 111 хабарландыру орналастыру арқылы және ақпараттық парақтарды ілу арқылы жеткізілді.
Қатысқандар :
-
Қала әкімдігінің өкілі - Абилмажинова А.Б..- Өскемен қаласының экогия туризм және кәсіпкерлік бөлімінің секторының меңгерушісі.
-
«ШҚО экология Департаменті » РМК төрағасы - Кашкымбаева С.. – мемлекеттік экологиялық госинспектор:
-
«Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС өкілі – Филиппов А.А.- маман.
-
«Лаборатория – атмосфера» ЖШС – өкілі ТОО Михайленко Л.Ф.
-
Қызығушылық танытқан қоғам.
Қоғамдық тыңдауларды қалалық әкімдіктің өкілі Нургазин Б.С ашты.
Күн тәртібі, регламенті бекітіліп төраға мен хатшы сайланды.
Күн тәртібі :
-
«Востокмашзавод» АҚ бойынша 2016-2018 жылдарға арналған табиғатты қорғау жоспары.
-
«Востокмашзавод» АҚ өкілі бас маман Н.И. Серебряникованың баяндамасы
-
Қызығушылық танытқан қоғам өкілдерімен 2016-2018 жылдарға арналған табиғатты қорғау жоспарын талқылау. Бірінші сауал бойынша «Востокмашзавод» АҚ ҚОҚЕҚБ бас маманы Н.И.Серебрянникова баяндама жасады. 2014-2015 жылдар аралығында табиғатты қорғау іс-шаралары туралы есептілік беріліп 2016-2018 жылдарға арналған табиғатты қорғау жоспары ұсынылды. 2014-2015 жылдарға жоспарланған іс-шаралар кәсіпорынның өз қаржысынан толықтай атқарылды. «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС–не орман шаруашылығында ағаштардың көшеттерін алып оларды территорияда отырғызу мүмкіндігі үшін алғыс білдірілді.
«ЭҚО» ЖШС өкілінің сауалы . өндірістің көлемімен жағдай қалай?
Сапа бойынша атқарушы директордың жауабы: - қазіргі таңда өндіріс көлемі төмендей түсті. Кәсіпорын күрделі қаржылық жағдайда. Тапсырыстарды іздестіру, дайн өнімді өткізу нарығын кеңейтуге қатысты жұмыс жүзеге асырылып жатыр. Зауыт ішінде жылумен қамту, яғни әрекет ететін цехтар нығыздалуда, қажеттілігі басым емес нысандарды жылудан өшіру сынды шаралар қолдануда. Дағдарыс туындатқан қиындықтарға қарамастан кәсіпорын өнім өндіріп жатыр, нормативті экологиялық құжаттама өндіреді. Осылайша шекті-рұқсат етілетін зиянды заттарды ауаға шығару жобасы – сараптамаға жіберіліп келесі сатыға өтеді – алдағы 3 жылға эмиссияларды ауаға шығаруға мрұқсат алу.
«ЭҚО» ЖШС өкіліне сауал қаламыздағы экологиялық жағдай қалай бақыланады?
Жауап : бақылау РАИСПМ газдарды бақылау жүйелері арқылы 10-нан астам пунктерде тәулік бойы жүргізіледі. Мәліметтер орталық постқа келеді, кейін талданады.
Сауал : қала көшелеріне қалалық тазартқыштан келіп жатқан иісін азыйту жұмысы жүргізіліп жатыр ма?
Жауап : мониторинг жүргізіліп жатыр, иісті аулауға лаборатория жалданады. Қаладағы жағдайды жақсартуға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр. «Өскемен-Водоканал» МКК олар бақылаушы органдарға есеп беретін іс-шаралар шығарылды.
Ниет: табиғатты қорғауға үлкен назар аударуымыз қажет себебі эколгияны жақсарты барлығымыздың ортақ мақсатымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |