Тілеужан А.А. Корей тілінен қазақ тіліне мақал-мәтелдерді аударудың...
163
Әр тілдің грамматикалық
құрылымына қарай өзіндік
ерекшеліктері бар. Корей тіліндегі мақал үшін сөздердің басқа
түрлерін ажыратуға көмектесетін толықтауыш белгілер ,
грамматикалық белгі болып табылады. Оларды синтаксистік
белгілері бойынша жай және күрделі сөйлемдер деп екі топқа
бөлуге болады. Мақал сөздерінің
синтаксистік типіне
коммуникативті типі сәйкес келіп, болымды және болымсыз
сөздерге бөлінеді.
Кейде мақал мен нақыл сөздерді ажырату қиынға соғады.
Бейнелі дәлелі бар сөздерді тура мағынада ғана түсіне аламыз.
Дәлелі бар сөздерді ауыспалы мағынада да қолданыла береді.
Мысалға:
«벙어리 웃는 뜻은 양반을 욕하자는 뜻이라»
-
«мылқау
маңғазға ақырғысы келді де, жымиды», (сөзбе-сөз аудармасын
айта кетсек,
«мылқаудың мырс күлгені, ақсүйекке ұрысқысы
келгені»). Бұл мақалды тура
мағынада да қолдана аламыз,
дегенмен оның шынайы мағынасы – бейненің ауыспалы
мағынасында. Осы жерде ақсүйек пен мылқаудың емес,
қарапайым адамның билік басындағыларға өз ойын айта алмауы
туралы айтылған. Сонымен қатар
«소무난 잔치에 먹을 것 없다»
-
«мақтаған тойда жейтін нәрсе жоқ» мақалы ауыспалы мағынада
(түкке тұрмайтын нәрседен үлкен дау шығару)
деген мағынаны
білдірсе, тура мағынада үлкен жиын немесе той туралы айтылады.
Мәтелдерді де қарастыру барысында бұл жағдай ерекше
орын алады. Мысалға: «
병 때려 갔다가 병을 옮어 가지고 왔다
» , «
бір аурудың алдын аламын деп, екіншісіне соқтықтым», осы жерде
контекстке байланысты нақты дәлелі бар мағынада болуы мүмкін.
Қорытындылай келе , қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер екі немесе
төрт сөйлемнен тұрады. Мысалы : «Көштің байсал тапқаны,
көкорайға қонғаны. Даудың байсал тапқаны, көлденеңге барғаны».
Ал корей тілінде мақал-мәтелдердің көпшілігі бір ғана сөйлемнен
құралған, екі немесе төрт тармақты мақал-мәтелдер сирек
кездеседі, тіпті жоқтың қасы. Мысалы : «
건강은 행복의 필요
조건이다
.» (Адамның басты байлығы денсаулық.) Мақал –
мәтелдер халық ауыз әдебиетін сүйіп
құрметтеуге, тапқыр
сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге, үлкен ойды аядай
қалыпқа сыйғызып, айта білуге тәрбиелейтін сөздік бірлік. Халық
даналығының қазына байлығы
болып саналатын мақал-
мәтелдердің пайда болуы, тіл арқылы адамзат қауымының мәнін,
КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019)
164
өмірлік тәжірибесін, дүниетанымын болашақ ұрпаққа ғибрат ету
ұсынынатын рухани құбылыс.
Қазіргі таңда, тіларалық қарым–
қатынастар кезеңінде туыстық жақындығы бар халықтардың ауыз
– әдебиетінің ішінде мақал-мәтел, жұмбақтар, тұрақты сөз
тіркестерін аударуда қызығушылық артыпы отыр. Көркем әдебитті
аудару саласы арқылы бір халық екінші бір халықтың ой–
санасына, қоғамдық көз–қарасына, тәлім–тәрбиесіне, әдет–
ғұрпына, салт–дәстүріне бір қадам жақын болады.
Достарыңызбен бөлісу: