Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 қарашадағы №467 бұйрығына 20-қосымша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің



бет1/2
Дата01.10.2023
өлшемі29.28 Kb.
#479387
түріБағдарламасы
  1   2
11 сынып 2 сағат ҚГБ төмендетілген 399 косымша 2022.21 караша 467 бұйрық


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 21 қарашадағы № 467 бұйрығына 20-қосымша
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы "16" қыркүйегіндегі № 399 бұйрығына 117-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "География" оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген)

3-тарау. "География" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен )


1-параграф. "География" оқу пәнінің мазмұны
19. "География" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 2) 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
20. Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды: 1) географиялық зерттеу әдістері; 2) картография және геоинформатика; 3) табиғатты пайдалану және геоэкология; 4) геоэкономика; 5) геосаясат; 6) елтану; 7) адамзаттың ғаламдық проблемалары.
21. Оқу пәнінің мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер білім, білік, түсінік және дағдыларды қамтитын күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттарынан тұратын бөлімшелерге бөлінген.
22. "Географиялық зерттеу әдістері" бөлімі "Жалпы географиялық әдістер" бөлімшесінен тұрады.
23. "Картография және геоинформатика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) картография; 2) геоинформатика негіздері.
24. "Табиғатты пайдалану және геоэкология" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) табиғатты пайдалану; 2) геоэкологиялық зерттеу негіздері.
25. "Геоэкономика" бөлімі "Геоэкономика негіздері" бөлімшесінен тұрады.
26. "Геосаясат" бөлімі "Геосаясат негіздері" бөлімшесінен тұрады.
27. "Елтану" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) дүниежүзі аймақтары; 2) елдерді салыстыру әдістемесі.
28. "Адамзаттың ғаламдық проблемалары" бөлімі "Ғаламдық проблемаларды шешу " бөлімшесінен тұрады.
29. 10-сыныпқа арналған География" оқу пәнінің базалық мазмұны: 1) "Географиялық зерттеу әдістері". Жалпы географиялық әдістер; зерттеу әдістерінің түрлері; 2) "Картография және геоинформатика". Картография; заманауи картографиялық әдістер; геоинформатика негіздері; географиялық деректер базасы; географиялық деректерді визуализациялау; 3) "Табиғатты пайдалану және геоэкология". Табиғатты пайдалану; табиғатты пайдалану түрлері. табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау; табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары, экологиялық таза өндірістерді жобалау; геоэкологиялық зерттеулер негіздері; геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі, геосфералардың ластануы, геоэкологиялық аудандастыру; геоэкологиядағы антропогендік факторлар; ғаламдық экологиялық проблемалар, экологиядағы инновациялық технологиялар; Қазақстанның экологиялық проблемалары, 4) "Геоэкономика". Геоэкономика негіздері; геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі; шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары; дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы; дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері; дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері; экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе; Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер; 5) "Геосаясат". Геосаясат негіздері; геосаясаттың өзектілігі; дүниежүзінің геосаяси кеңістігі; геосаясат және географиялық факторлар; мемлекеттік аумақтың морфологиясы; мемлекеттік шекара; 6) "Елтану". Дүниежүзі аймақтары; кешенді географиялық аудандастыру; дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері; салыстырмалы елтану; 7) "Адамзаттың ғаламдық проблемалары". Ғаламдық проблемаларды шешу; ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері.
30 11-сыныпқа арналған География" оқу пәнінің базалық мазмұны: 1) "Географиялық зерттеу әдістері". Жалпыгеографиялық әдістер; географиялық зерттеулердің өзекті әдістері; 2) "Картография және геоинформатика". Картография; заманауи картографиялық әдістер; геоинформатика негіздері; геоақпараттық жүйелер; географиялық деректер базасы; географиялық деректерді визуализациялау;
3) "Табиғатты пайдалану және геоэкология". Табиғатты пайдалану; табиғатты пайдалануды реттеу, табиғатты қорғау шаралары; табиғатты қорғауда жеке тұлғаның рөлі; геоэкологиялық зерттеулер негіздері; қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі; қоршаған ортаның сапасы; геоэкологиялық жобалау; 4) "Геоэкономика". Геоэкономика негіздері; Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті; геоэкономикалық даму стратегиялары; 5) "Геосаясат". Геосаясат негіздері; заманауи геосаяси процестер; Қазақстанның геосаяси жағдайы; Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі; Қазақстанның геосаяси интеграциясы; 6) "Елтану". Дүниежүзі аймақтары; дүниежүзін аймақтарға аудандастырудың қолданбалы аспектілері; дүниежүзі аймақтары картасындағы Қазақстанның орны; елдері салыстыру әдістері; дүниежүзі елдерінің салыстырмалы көрсеткіштері; дүниежүзі елдерін халықаралық салыстырулардағы Қазақстанның орны; өмір сүру деңгейін жоғарлатудағы азаматтың рөлі; қолданбалы елтану; 7) "Адамзаттың ғаламдық проблемалары". Ғаламдық проблемаларды шешу; ғаламдық проблемаларды шешу жолдары. 2-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі 31. Бағдарламада оқу мақсаттары қолдануға ыңғайлы болу үшін төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімшені, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.1 кодында: "10" – сынып, "2.1." - бөлімше; "1" - оқу мақсатының реттік нөмірі

Жалпы орта білім беру деңгейінің 11-сыныптарына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы "География" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар (төмендетілген)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет