Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы



Дата03.07.2016
өлшемі89.53 Kb.
#175299


Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2012 жылғы

«____»______________

№_____қаулысына

4-қосымша

 

 

«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті

 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет (бұдан әрі –қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) мемлекеттік мекемесімен, сондай-ақ «электрондық үкімет» порталы www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz. веб-порталы арқылы көрсетеді.



2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру мемлекеттік қызмет стандарты» (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4. Электронды мемлекеттік қызметті көрсетудің түрі: транзакциялық.

5. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1) ақпараттық жүйе – ақпаратты апарттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);

2) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік-құқықтық базаны қоса алғанда барлық біріктірілген үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге бірыңғай қол жеткізу терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ПӘП);

3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрғызылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтері бар, ол лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);

4) «электрондық үкімет» шлюзі – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);

5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерді жүзеге асырған кезде екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан
әрі – ЭҮТШ);

6) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық жеке сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДБ);

7) «Заңды тұлға» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);

8) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет оған көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;

9) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, соның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);

10) бизнес сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);

11) пайдаланушы –оған қажетті электрондық ақпаратты ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге кіретін және оларды пайдаланатын субъекті (алушы, қызмет беруші);

12) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, ақпаратпен өзара алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

13) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістігін және мазмұнының өзгермейтінің растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы (бұдан әрі – ЭЦҚ);

14) электрондық құжат – онда ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен куәландырылған құжат;

15) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекет қызмет;

16) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға мәні тең электрондық құжат түріндегі лицензия;

17) құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ ) – бұл қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелер тізбесі.

2. Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызметінің тәртібі

 

6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы әрбір қадамдық әрекетері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 1 диаграммасы) осы Регламентке


2-қосымшада келтірілген:

1) тұтынушы ЖСН және парольдің көмегімен ЭҮП-на тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-үдеріс – қызметті алуы үшін алушының логині мен парольін
ЭҮП-ге енгізу процесі (авторлау процесі);

3) 1-талап – тіркелген алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (ЖСН/БСН) мен пароль арқылы ЭҮП-де тексеру;

4) 2-үдеріс – алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-де қалыптастыру;

5) 3-үдеріс – алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті сканерленген құжаттарды қоса беруі;

6) 4-үдеріс – ЭҮТШ-де қызметке ақы төлеу, бұдан кейін төлем туралы ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі;

7) 2-талап – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті көрсету үшін төлем фактісін тексеру;

8) 5-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-үдеріс – алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қоюы) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3-талап – алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін
ЭҮП-де тексеру;

11) 7-үдеріс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-үдеріс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);

13) 9-үдеріс – электрондық құжатты (тұтынушының өтінімін) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өтінімін өңдеу;

14) 4-талап – қызмет көрсетуші тұтынушының біліктілік талаптарына сәйкестігін және лицензия алуға негіздемесін тексеру;

15) 10-үдеріс – тұтынушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да бұзушылықтар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

16) 11-үдеріс – алушының ЭҮП-де қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

7. Қызмет беруші арқылы әрбір қадамдық әрекетері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 2 диаграммасы) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген:

1) 1-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің қызмет алу үшін
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға логин мен пароль енгізу;

2) 1-талап – қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;

3) 2-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;

4) 3-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің таңдауы осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің алушы деректерін, алушының өкілі сенімхатының деректерін (нотариалдық куәландырылған сенімхат кезінде, сенімхат өзге куәландырылған кезде сенімхат деректері толтырылмайды) енгізуі;

5) 4-үдеріс – тұтынушының өтінімін ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да іздеу;

6) 2-талап – тұтынушының ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да деректерінің болуын тексеру;

7) 5-үдеріс – тұтынушының ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да алушы деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6-үдеріс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және қызмет беруші қызметкерінің алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;

9) 7-үдеріс – электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті өңдеу;

10) 3-талап – қызмет көрсетуші тұтынушының біліктілік талаптарына сәйкестігін және лицензия алуға негіздемесін тексеру;

11) 8-үдеріс – тұтынушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да бұзушылықтар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

12) 9-үдеріс – ЭҮП-де қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

8. Қызмет көрсетуге сұрау салу нысанын толтыру бойынша әрекеттер «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да ұсынылады.

9. Сұрау салу өңделгеннен кейін алушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін мынадай түрде қарау мүмкіндігі ұсынылады:

«ашу» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығарылады;

«сақтау» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі алушы енгізген магниттік тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.

10. Қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll-орталықтың (1414).телефоны бойынша алуға болады.

 

3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде


өзара әрекеттесу тәртібінің сипаты

 

11. Қызметті көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:



1) ЭҮП;

2) ЭҮШ;


3) ЭҮТШ;

4) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;

5) ЖТ МДБ/ЗТ МДБ;

6) қызмет көрсетуші.

12. Әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) кезектілігінің мәтінді кестелі сипаты әрбір әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

13. Әрекеттердің олардың сипатына сәйкес қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты (қызметті көрсету процесінде) көрсететін диаграмма осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

14. Алушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке
3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімдік көрсеткіштерімен өлшенеді.

15. Алушыларға қызмет көрсету процесіне қойылатын талаптар:

1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғаныш);

2) бүтіндік (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғаныш);

3) қол жетімдік (ақпарат пен ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғаныш).

16. Қызмет көрсетудің технологиялық шарты:

1) Интернетке шығу;

2) оған электрондық лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН болуы;

3) ЭҮП-мен авторлау;

4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы;



5) екінші деңгейдегі банкте банктік карточкасының немесе ағымдағы шотының болуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет