Оңтүстік Қазақстан облысының
2014 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2014 жылдың қаңтар-ақпанында 86,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 105,3% құрады.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 23,3% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 16,5% артып, 20,3 млрд. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 60,3%) өнімінің нақты көлем индексі – 104,6%, немесе өнім көлемі 52,3 млрд. теңгені құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау – 13 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 127,6% құрады, ал сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 1,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 9,1% артты.
Аса маңызды өнімдердің ішінде ұн өндіру – 6,6% (өндірілгені – 140,8 мың тонна), бетон – 4,6 есеге (133,7 мың тонна), бензин өндіру – 0,7% (148,8 мың тонна), керосин – 8,8% (38,3 мың тонна), мазут – 9,8% (134,6 мың тонна) артқан.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 22,4 млрд. теңгені немесе нақты қөлем индексі 102,7% құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 21,4 млрд. теңгеге, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,9% құрады, егін шаруашылығында - 1,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді (100,0%).
Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 32 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 80,6 мың тонна – сүт, 33,8 млн. дана – жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 103,2%, 103,7% және 99,3% құрады.
2014 жылдың 1 наурызына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 880,8 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 97,4%, қой – 3462,9 мың басты, немесе 96,9%, ешкі – 347,4 мың басты, немесе 87,6%, жылқы – 193 мың басты, немесе 99,4%, түйе – 19,7 мың басты, немесе 100,0%, шошқа – 26,9 мың басты, немесе 62,9%, құс саны – 2231,5 мың басты, немесе 95,4% құрады.
Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 19,9 млн. тонна жүк және 363,9 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне тиісінше, 107,1% және 103,1% құрады.
Әуе көлігімен жолаушылар тасымалдау – 2,7%-ға артып, жүк тасымалдау – 19,0%-ға кеміді, тиісінше, 119 тонна жүк және 133,8 мың жолаушы тасымалданды.
Байланыс кәсіпорындары 1586 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,8% артық. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 70,6%-ды құрады.
Жалпы табыс көлемінде басым үлес – жергілікті телефон байланысында – 37,6%, халықаралық және қалааралық телефон байланысында – 10,1%, интернетте – 37,7%.
Шағын кәсіпкерлік. 2014 жылдың 1 наурызына облыс рыногында белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің саны 123,1 мың бірлікті, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,1% құрады.
Анықтама:Статистика мақсаттары үшін 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу критерийіне тек қана жұмыспен қамтылғандар саны бойынша қолдану көзделген ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң нормасы күшіне енді. Осы салаға қатысты басқа да көрсеткіштер бойынша статистикалық есептер жүргізілмейді. (ҚР 2012 жылғы 10 шілдедегі №36-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы)
Инвестиция саласы. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 20,4 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 145,5% құрады.
Негізгі инвестициялық салымдарды ірі кәсіпорындар жүзеге асырған, көлемі 9,5 млрд. теңгені құрады немесе 35,4% артқан. Сонымен қатар, орта кәсіпорындар – 1,6 млрд. теңгені, немесе 20,3%, шағын кәсіпорындар – 9,4 млрд. теңгені құрады, немесе 1,6 есеге артық.
Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі – 7,8%, немесе 1,6 млрд. теңгені, меншікті қаражаттары – 56,7% немесе 11,6 млрд. теңгені, қарыз қаражаты – 13,4%, немесе 2,7 млрд.теңгені, шетелдік қаражаттар – 19,0%, немесе 3,9 млрд.теңгені құрады.
Инвестиция салымдарының басым бөлігі көлік және қоймалау өнеркәсіп салаларына тиесілі, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 32% және 22% құрады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2014 жылдың қаңтар-ақпанында тұрғын үй құрылысына 2340,5 млн. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 2,4 есеге артық.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 99,9 мың шаршы метрді құрады. Нақты көлем индексі 2013 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,6 есеге артқан.
Сыртқы сауда. 2014 жылдың қаңтарында облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 257,7 млн. АҚШ долларын немесе 2013 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 89,5%-ды құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 149,3 млн. АҚШ долларын немесе 75,7%, импорт – 108,4 млн. АҚШ долларын немесе 119,5% құрады.
Кеден одағы елдерімен экспорт – 5,4 мың АҚШ долларын (немесе 110,3%), импорт – 22,5 мың АҚШ долларын (116,9%) құрады.
Салықтық-бюджеттік сала. 2014 жылдың 1 наурызына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 32,2 млрд. теңгені, немесе жоспарға –100,5%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 80,9% құрады.
Республикалық бюджет 19,7 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 61,2%), немесе, жоспарға – 91,3%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 70,4% құрады.
Жергілікті бюджетке 12,4 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 19,4% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 5,7% артты.
Ақша-несие саясаты. 2014 жылғы 1 ақпанға екінші деңгейлі банктермен 15,2 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% артты, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 508 млн. теңге несие берілді, немесе 4% кеміді.
Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 2,2 млрд.теңгені құрап, 18,3% артты.
Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 67,0%, өнеркәсіп – 6,2%, сауда – 18,6%, ауыл шаруашылығы – 0,3%, құрылыс – 4,5%, көлік салаларына – 3,4% берілген.
Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 116,5 млрд. теңгені, немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 21,7% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (72,1%) ұлттық валютада.
Бағалар. 2014 жылдың ақпанында облыста тұтыну бағаларының индексі 2013 жылдың желтоқсанына 101,8% құрады. Азық-түлік тауарлары – 1,9%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 1,6%-ға, ақылы қызметтер – 1,7%-ға қымбаттады.
Нарықта жаңа ауланған немесе мұздатылған балық және теңіз өнімдерінде – 6,8%, жемістер және көкөністерде – 10,5%-ға баға өсімі байқалды.
Ақылы қызметтерден тұрғын-үй қызметтері – 2,2%, құқықтық қызметтер – 7,0%-ға қымбаттады.
Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 наурызына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 3504 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады.
3050 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1398 адамға кем.
18 жасқа дейінгі 179,1 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 839 балаға кеміді.
Тұрғын үй көмегі 1301 отбасыға көрсетілді, немесе 1400 отбасыға кеміді.
Демография. 2014 жылдың 1 ақпанына облыс халқының саны 2739,9 мың адамды құрады (2013 жылдың 1 ақпанына – 2685,0 мың адам), оның 1072,2 мыңы қала халқы (39,1%), 1667,7 мыңы – ауыл халқы (60,9%).
Жұмыспен қамту. 2013 жылдың IV тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1257,5 мың адамды, жұмыссыздар саны – 69,7 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,5% құрады.
Ағымдағы жылы 1 наурызға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 13852 жұмыссыздың – 8754-і, немесе 63,2% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды.
Халықтың табысы. 2014 жылдың қаңтарында облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 34825 теңгені құрап, 2013 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 4,4%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 100,5% құрады.
Денсаулық сақтау. 64 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 10371,4 млн.теңге бөлінді.
Бюджет қаржысы есебінен 17 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына 1551,5 млн. теңге, 23 нысанның ЖСҚ әзірлеу үшін – 27,0 млн. теңге қаралған.
Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, республикалық бюджеттен – 682,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 4650,4 млн. теңге, оның ішінде 98,9 млн. теңгесі 3 медициналық колледжге қарастырылған.
Сала желісі 916 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 105 – аурухана, 264 – амбулаторлы-емханалықмекеме, 244 – медициналық пункт, 286 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 17– басқалар.
Білім беру. Облыста 136,3 мың тәрбиеленушісі бар 1311 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 743-і балабақша, 568-і шағын орталықтар.
Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 40,1%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 67,7% құрады.
2013-2014 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны – 1041 (о.і. 12 коррекциялық мектеп), ондағы оқушылар саны – 547,4 мың адамды, оның ішінде жекеменшік мектептер саны – 7, ондағы оқушылар саны – 1,9 мыңды құрады.
Жалпы орта білім беретін 1022 мектептің ішінен байланыс жүйелеріне - 1019 қосылған (830 – ауыл мектептері), Интернет жүйелеріне – 1017 қосылған, оның ішінде 828 – ауыл мектептері.
Мектептер 47,6 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 11 оқушыдан келеді (2012 жылы - 14 оқушы).
Спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне 332 мектеп қосылған. Облыс мектептері 731 мультимедиялық-лингафондық кабинеттермен жабдықталған және 526 мектепке 1173 интерактивті тақталар орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: |