Оңтүстік Қазақстан облысының
2014 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2014 жылдың қаңтар-мамырында 229,7 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 103,2% құрады.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 22,2% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 5,8% артып, 51 млрд. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 65,3%) өнімінің нақты көлем индексі – 101,2%, немесе өнім көлемі 150,1 млрд. теңгені құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 25,2 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110,3% құрады.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және тара-тылуын бақылауда 3,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 109,3% құрады.
Аса маңызды өнімдердің ішінде ұн өндіру – 9,5% (өндірілгені 352,2 мың тонна), мақта талшығы – 16,8% (34,1 мың тонна), бетон – 2,1 есеге (413 мың тонна) артқан.
Сонымен қатар, бензин – 1,0% (438,6 мың тонна), газойли – 13,9% (505,5 мың тонна), мақта иірімжібі – 0,7% (2086 тонна), мақта маталары – 24,8% (8,5 млн. шаршы метр), цемент – 8,2% (613 мың тонна), кеміген.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 60,4 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 103,6% құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 57,5 млрд. теңгеге (103,9%), егін шаруашылығында - 2,8 млрд. теңгеге (100,0%) өнім өндірілді.
Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 77,1 мың тонна ет (тірідей салмақта), 276,7 мың тонна сүт, 105,5 млн. дана жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 103,5%, 105,4% және 98,2% құрады.
2014 жылдың 1 маусымына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 1038,1 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 98,4%, қой – 4348,9 мың бас, немесе 98,3%, ешкі – 433,5 мың бас, немесе 87,5%, жылқы – 231,7 мың бас, немесе 99,4%, түйе – 22,8 мың бас, немесе 99,0%, шошқа – 27,2 мың бас, немесе 61,0%, құс саны – 2338,3 мың бас, немесе 86,5% құрады.
Көлік және байланыс. 2014 жылдың қаңтар-мамырында темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 49,5 млн. тонна жүк және 909,1 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне тиісінше, 107,9% және 104,0% құрады.
Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 11,7%-ға кеміп, жолаушылар тасымалдау – 5,2%-ға артты, тиісінше, 340 тонна жүк және 353,5 мың жолаушы тасымалданды.
Байланыс кәсіпорындары 4038,8 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 4,8% артты. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 69,9%-ды құрады.
Жалпы табыс көлемінде басым үлесі – жергілікті телефон байланысына – 36,7%, халықаралық және қалааралық телефон байланысына – 9,9%, интернет – 38,4%.
Шағын кәсіпкерлік. ОҚО статистика департаментінің мәліметі бойынша 2014 жылдың 1 маусымына облыс рыногында белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің саны 123,5 мың бірлікті құрады, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,3% құрады.
Инвестиция саласы. 2014 жылдың қаңтар-мамырында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 99,4 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 115,2% құрады.
Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 49,1 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56,3% артты.
Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 28,5%, немесе 28,4 млрд. теңгені, меншікті қаражаттар – 41,6%, немесе 41,3 млрд.теңгені, қарыз қаражаты – 29,9%, немесе 29,7 млрд.теңгені құрады.
Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп, көлік және қоймалау салаларына тиесілі, инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі, тиісінше 31,5% және 30,9% құрады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2014 жылдың қаңтар-мамырында тұрғын үй құрылысына 7501,8 млн. теңге инвестиция бағытталған, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 2,3 есеге артық.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 151,3 мың шаршы метрді құрады, және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге арнтық.
Сыртқы сауда. 2014 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 1156,9 млн. АҚШ долларын немесе 2013 жылғы қаңтар-сәуір деңгейіне 86,5% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 696,0 млн. АҚШ доллары немесе 81,7%, импорт – 460,9 млн. АҚШ доллары немесе 95% құрады.
Экспорт Кеден одағы елдерімен 63,4 млн. АҚШ долларын (немесе 57,4%), импорт – 102,6 млн. АҚШ долларын (немесе 81,1%) құрады.
Салықтық-бюджеттік сала. 2014 жылдың 1 маусымына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 84,0 млрд. теңгені, немесе жоспарға –107,1%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 94,3% құрады.
Республикалық бюджет 52,8 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 62,8%), немесе, жоспарға – 107%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 88,1% құрады.
Жергілікті бюджетке 31,1млрд. теңге түсіп, жоспарға – 107,2% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 107,0% құрады.
Ақша-несие саясаты. 2014 жылғы 1 мамырына екінші деңгейлі банктермен 73,4 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1% артты.
Оның ішінде ипотекалық несиелендіруге – 2,0 млрд. теңге, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға кеміді, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға – 13,4 млрд.теңге несие берілді, немесе 3,9%-ға артты.
Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 60,9%, өнеркәсіп – 8,3%, сауда – 21,1%, ауыл шаруашылығы – 1,2%, құрылыс – 5,5%, көлік салаларына – 3,0% берілген.
Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 108,5 млрд. теңгені, немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 10,3% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (61,9%) ұлттық валютада.
Бағалар. 2014 жылдың мамырында облыста тұтыну бағаларының индексі 2013 жылдың желтоқсанына 104,2% құрады. Азық-түлік тауарлары – 5,1%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 4,1%-ға, ақылы қызметтер – 3,2%-ға қымбаттады.
Азық түлік тауарларының нарығында картопқа – 16,4%, шекер мен консервіленген сүтке – 5,2%, ет өнімдеріне – 3,5%, шайға – 1,6% баға өсімі байқалды.
Ақылы қызметтерден санаторияға – 11,1%, қонақ үйге – 7,9%, спорттық комплекстерге – 7,5%-ға қымбаттады.
Халықты әлеуметтік қорғау. Жыл басына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 3622 адамды құраса, 1 маусымға олардың саны 4,5% кеміп, 3459 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады.
4249 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2522 адамға кеміді.
18 жасқа дейінгі 253,9 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 23,5 мың балаға артты.
Тұрғын үй көмегі 3534 отбасыға көрсетілді, немесе 3849 отбасыға кеміді.
Демография. 2014 жылдың 1 мамырына облыс халқының саны 2752,5 мың адамды құрады (2013 жылдың 1 мамырына – 2699,2 мың адам), оның 1080,2 мыңы қала халқы (39,2%), 1672 мыңы – ауыл халқы (60,8%).
Жұмыспен қамту. 2014 жылдың І тоқсанына облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1256,2 мың адамды, жұмыссыздар саны – 67,6 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,4% құрады.
Ағымдағы жылы 1 маусымға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 28249 жұмыссыздың – 18532-і, немесе 65,6% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 5720 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.
Халықтың табысы. 2014 жылдың сәуірінде облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 36537 теңгені құрап, 2013 жылдың сәуірімен салыстырғанда 3,3%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 97,2% құрады.
Денсаулық сақтау. 65 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 10371,4 млн.теңге бөлінді.
Бюджет қаржысы есебінен 17 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына 1551,5 млн. теңге, 23 нысанның ЖСҚ әзірлеу үшін – 27,0 млн. теңге қаралған.
Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, республикалық бюджеттен – 682,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 4650,4 млн. теңге, оның ішінде 98,9 млн. теңгесі 3 медициналық колледжге қарастырылған.
Сала желісі 913 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 105 – аурухана, 266 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 239 – медициналық пункт, 286 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 17– басқалар.
Білім беру. Облыста 137,5 мың тәрбиеленушісі бар 1325 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 754-і балабақша, 571-і шағын орталықтар.
Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 40,1%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 68,3% құрады.
2013-2014 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны – 1041 (о.і. 12 коррекциялық мектеп), ондағы оқушылар саны – 547,4 мың адамды, оның ішінде жекеменшік мектептер саны – 7, ондағы оқушылар саны – 1,9 мыңды құрады.
Жалпы орта білім беретін 1022 мектептің ішінен байланыс жүйелеріне – 1019 қосылған (830 – ауыл мектептері), Интернет жүйелеріне – 1017 қосылған, оның ішінде 828 – ауыл мектептері.
Мектептер 47,6 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 11 оқушыдан келеді (2012 жылы - 14 оқушы).
Спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне 332 мектеп қосылған. Облыс мектептері 731 мультимедиялық-лингафондық кабинеттермен жабдықталған және 526 мектепке 1173 интерактивті тақталар орнатылған.
Орта білімді мамандар даярлаумен 97 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 77,1 мың оқушыны (мемлекеттік – 40,6 мың оқушы) құрады.
Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 11 жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 74,6 мың студенттер, оның ішінде 21,8 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.
Мәдениет. Облыста 756 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 431 кiтапхана, 24 – мұражай (оның 11 филиал), 268 – клубтық мекеме, 8 – театр, 12 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.
Спорт. Облыста 4940 – спорт ғимараттары, оның ішінде 22 – стадион, 3616 – жазық-алаңшалық ғимараттар халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін иеленді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 512,2 мың адамды немесе облыс халқының 18,7% құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |