Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акті 2013 жылғы 21 маусымдағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2317 болып енгізілді.
Облыс әкімдігінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№108 қаулысы
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларына өзгерiстер
енгізу және олардың күші
жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңына, «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиевқа жүктелсін.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
-
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
|
2013 жылғы «17»мамырдағы
|
№108 қаулысына
1-қосымша
|
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларына енгізілетін өзгерістер
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы №269 «Оңтүстік Қазақстан облысының «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ережені бекіту» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1964-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 20 қыркүйекте «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған):
1) тақырыбындағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
кiрiспедегі «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Оңтүстік Қазақстан облысының «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ережеде:
тақырыбындағы және барлық мәтінін бойынша орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1-тармағында «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы №271 «Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін жүргізу жөніндегі ережені, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1965-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 20 қыркүйекте «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған):
1) кiрiспедегі «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін жүргізу жөніндегі ережені, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарда:
кiрiспесінде «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 қарашадағы №340 «Түлкібас және Ордабасы аудандарының аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1967-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 6 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған):
2-тармақта «карантиндік объектілерді оқшаулау және жою жөніндегі карантиндік шараларды» деген сөздер «өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы №426 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000-нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 25 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған):
кiрiспедегі «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.
5. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі №90 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2046-нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 25 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған):
1) тақырыбында және 1-тармақта «тоғандарының» деген сөз «айдындарының және (немесе) учаскелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулыға қосымшада, тақырыбында «тоғандарының» деген сөз «айдындарының және (немесе) учаскелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
-
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
|
2013 жылғы «17» мамырдағы
|
№108 қаулысына
2-қосымша
|
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр күші жойылған нормативтік құқықтық қаулыларының тiзбесi
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 наурыздағы «Облыстық бюджет қаражаты есебінен кредит берудің шарттарын бекіту туралы» №199 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1908-нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 23 сәуірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы №174 «2008-2009 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1987-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 12 шілдеде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 15 тамыздағы №259 «2008-2009 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы №174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1992-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 23 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
4. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 шілдедегі №213 «Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013-нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 1 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
5. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 маусымдағы №239 «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының күзет аймақтары мен жерді пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2029-нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 3 шілдеде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
Достарыңызбен бөлісу: |