http:// Kumarov.jimdo.com
Қазақстан тарихынан сұрақ-жауап
-
Ең көне тас құралдар табылды: Оңтүстік Қазақстаннан
-
2.Әмір Темір Орта Азияда билік құры: 1370-1405 жж
-
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды: Үш жүзді
-
«Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша ауыл құрады: 50-70 шаңырақтан
-
1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы жүздің руы: Үйсін
-
ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы: Еркін адамдар
-
Ресейдегі Ақпан төңкерісі болған жыл: 1917 жылы
-
Ұлы Отан соғысы басталды: 1941 жылы
-
Көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген: Ә. Марғұлан
-
Үйсіндерде жерленген адамның басы қаратылған тұс: Батысқа
-
Қимақ қағанатының құрамында болған ең көп және күшті тайпа: Қыпшақтар
-
«Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды: 737-748 жж
-
«Жамиғат-тауарих» еңбегінің авторы: Қадырғали Жалайыр
-
Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен Бұға
-
Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты: Атақты, сыйлы шонжарлары
-
Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген: А. Тевкелев
-
Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші қоршаған қала:Торғай
-
«Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декреті шыққан жыл:1928 ж
-
Қарағанды кеншілері ереуілге шыққан мерзім: 1989 ж. Шілде
-
960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет:Қарахан мемлекеті
-
Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы: Рузбихан
-
1584 ж. Ермакты жеңген қазақ батыры: Сәтбек
-
ХІХ ғ. соңындағы Қазақстандағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігі: өндіріс орнының ұсақтығы, жұмысшы санының аздығы
-
Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл: 1906 ж. 10 қаңтар
-
жылы республикадағы жоспарлаудың жаңа формасына көшірілген кәсіпорындардың үлесі: 80 %
-
Еуразия құрлығының Шығысы мен Батысын жалғастырып отырған ежелгі сауда жолы: Ұлы Жібек жолы
-
Қайыр хан әскерімен Отырар қаласын неше ай қорғаған: 5-6 ай
-
1711-1781 жылдары өмір сүрген қазақтың ұлы ханы: Абылай
-
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары: Әлия мен Мәншүк
-
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүшелікке өткен уақыты: 1992 жылы 2 наурыз
-
Кейінгі палеолит дәуірін алмастырған дәуір: Мезолит
-
Археологтар тапқан Қазақстан жеріндегі қола дәуіріне жататын тайпалардың жұрттарының саны: 100-ден астам
-
1211-1213 жж. Жетісудағы билік қай найман билеушісінің қолына өтті: Күшлік ханның
-
XV ғ. 20 ж. Әбілқайыр хандығы қандай жерлерді алып жатты: Батыста Жайықтан, шығыста Балқашқа дейінгі
-
Столыпиннің аграрлық реформасы қабылданды: 1906 және 1910 жж
-
1929 ж. Қызылордадан ауысқан ҚазАКСР-ы астанасы: Алматы
-
Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдық қорытындысы бойынша бірінші орынға шыққан Қазақстан өндірісі: Қорғасын
-
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті: Қ. Сәтбаев
-
Қазақстанда 1954-1958 жж. неше өнеркәсіп орындар мен цехтар іске қосылды: 730
-
Ертедегі жазба деректерде өмірі аттан түспейтін аттылы адам: «түркі» деген мағынаны беретін
-
1253 ж. Вильгельм Рубруктың осы қалада ирандықтардың сауда орындары бар деп атайтын Іле аңғарындағы үлкен қала: Эквиус
-
Ресейдің қазақстанды жаулап алуы аяқталды: ХІХ ғ. 70 жылдары
-
Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілісшілер арасында сатқындық-опасыздық жасағандарға жазаның қандай түрін қолданды? Өлім жазасына кесу
-
. 1867-1868 жж. «Реформа» бойынша сот жүйесінің төменгі буыны: Билер мен қазылар соты
-
1920 ж. Наурыздың аяғына қарай Семей облысының солтүстік жағы ақгвардияшылардан азат етіліп, соған байланысты жойылған майдан: Жетісу
-
Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынып, «Екінші Баку» деп аталған жаңа мұнай базасы: Ембі мұнай кәсіпорны
-
1930 жылғы Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісі басшыларының бірі: Жақыпов
-
1960-1980 жж. КСРО-да жүргізілген мемлекеттік іс-шаралар жүйесінің атауы: Тоқырау
-
Қазақ халқынан шыққан алғашқы ғарышкер: Тоқтар Әубәкіров
-
XV ғ. соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары
-
Қоршау, қамал немесе қала ішіндегі күшті қорғаныс құрылысы бар бөлік: Цитадель
-
Орда Ежен хандығын үйсін руынан шыққан қандай би арқылы басқарған: Майқы би
-
Қазақ халқының жылқы сүтінен жасап ішетін сусыны: қымыз
-
Жер-жерде даладағы дәстүр бойынша кімдердің өкілдерін хан сайлаған? Ақсүйектердің
-
Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің төрағасы: Ә. Бөкейханов
-
Қазақ шаруаларының 1821 жылғы көтерілісін басқарған: Тентек төре
-
Түгіскен кесенесі салынған құрылыс материалы: Күйдірілмеген кірпіш
-
XIV ғ. Ақ Орданың астанасы: Сығанақ
-
1860 жылы Қазандағы орыс әскерлері мен Қоқан әскері арасындағы үш күндік шайқас болып өткен жер: Ұзынағаш түбінде
-
ХХ ғ. басында Қазақстандағы ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда белгілі орын алған журнал: «Айқап»
-
Ф. Голощекиннің саясатына қарсы оппозиция басшыларының бірі: С. Сәдуақасов
-
Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің бірінші сессиясын ашқан ақын: Жамбыл
-
1943 жылы жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің авторларның бірі: Е. Бекмаханов
-
1958 жылы өнім өндіру жөнінен Қазақстан Одақтық Республикалар ішінде алған орны: 3
-
ІХ-ХІІ ғ. Сырдария сағасындағы ірі сауда орталығы: Янгикент
-
Зороастризм дінін VI-VII ғ. Қазақстан қалаларында таратқан: соғдылар
-
Қазақ хандығының өзі басқарып отырған елінен іріктеп алған шағын жасағы: төлеңгіттер
-
Азамат соғысы кезіндегі Ақмола атқару комитетінің мүшесі: А. Байтұрсынов
-
Армия шинельдеріне арналған шұға берген фабрика: Қарғалы
-
ЖЭС нәтижелерінің бірі: Мал басы мен егін салу алқаптарының көбеюі
-
1930-1932 жж. еліміздегі жаппай етек алған жағдай: Ашаршылық
-
Ұлы Отан соғысы кезінде теңіз порты салынған қала: Гурьев
-
1716 жылы І Петрға елшілік жіберген хан: Тәуке хан
-
Республикада 1954 мен 1986 жылдар аралығында жабылған қазақ тіліндегі мектептер саны: 600 ден астам
-
Горхан – бұл Қарақытайлардың басшысы
-
Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлердің саны: 200- ден астам
-
Отырарда Шыңғыс хан саудагерлерінің өлтірілген жылы: 1218 жылы
-
Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі: Ислам
-
Қазақ қоғамында хан тағынан үміт еткендер: Шыңғыс ханның ұрпақтары
-
1594 ж. Мәскеуге Тәуекел ханның елшілігін басқарып келген: Құл-Мұхаммед
-
Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты: Сабалақ
-
Е. Пугачев басқарған шаруалар көтерілісі қамтыған мерзім: 1773-1775 жж
-
ХІХ ғ. қазақ күй өнерінің классигі, күйші: Құрманғазы
-
Германияның КСРО-ға қарсы қауырт соғыс жоспары аталды: «Барбаросса»
-
«Тотемизм» дегеніміз: Шығу тегін жануарлармен байланыстыру
-
Көне дәуір авторларының еңбектерінде «сармат» атауының кездесетін мерзімі: б.з.б. 3 ғасыр
-
Қарақытай мемлекетін құрған тайпа: Қидандар
-
Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік – Шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші: Рубрук
-
Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене: Арыстан баб
-
1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: Салықтан үш жылға босатылды
-
Ахмет Иасауидің шәкірті: С. Бақырғани
-
ЖЭС жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40 %-ын берген өнеркәсіп:
-
Риддер қорғасын зауыты
-
1960-1980 жж. есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым: Е. Букетов
-
Тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіровтың өмірге келген өңірі: Қарағанды
-
Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым: О. Смағұлов
-
1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына тұрғызылған бекініс: Кәстек
-
1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны: 5000
-
1853 және 1905 жылдар арасында патша үкіметінің көшпенді қазақтардан тартып алған жер көлемі: 4 млн десятина 99. Азамат соғысы жылдарында Кеңарал болысында партизан жұмысын ұйымдастырушы: Ө. Ыбыраев
-
Жастар ұйымы мен балалардың коммунистік құрылымы: Пионер ұйымы
-
Қарахан елінің мемлекеттік діні: Ислам
-
Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ: Қызылорда облысы
-
Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек пен Керей
-
Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл: 1580 жылы
-
Аңырақай түбінде барлық қазақ жасақтарына қолбасшылық жасаған: Әбілқайыр
-
1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды: Ералы
-
1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңілді: Болыс сұлтандары
-
Поляк азаттық күресінің өкілі Густав Зелинскийдің Қазақстанда кең тараған поэмасы: «Қырғыз» поэмасы
-
1941 жылы ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнаған қазақ ақыны: Ж. Жабаев
-
Көшпелілер баспаналарындағы киелі санаған орын: Ошақ маңы
-
Әмір Темір 1371-1372 жж. әскерін жорыққа аттандырды: Моғолстанға
-
ХІІІ ғ. басында жасалған мәмліктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме:
-
«Еркін», «кезбе»
-
XIV-XV ғғ. жататын эпостық жыр: «Қобыланды батыр»
-
Сібір елін монғолдар жаулап алғаннан кейін Жошы ұлысына кіргенін жазған шежіреші: Рашид ад-Дин
-
Қапал бекінісі салынды: 1847 жылы
-
Кадет партиясы Орталық комитетінің мүшесі болған қазақ азаматы: Ә. Бөкейханов
-
Халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам: «Сауатсыздықты жою» қоғамы
-
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан талап еткен зерттеулер:
-
Коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер
-
Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды: 1989 ж. Маусым
-
Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан, ежелгі қалалардың ең ескі тұрағы: Арқайым
-
Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: Жапония
-
1891 ж. «Ережеге» сай Қазақстанда құрылған генерал-губернаторлық: Дала генерал – губернаторлығы
-
1902-1905 жылдары Орынбор –Ташкент шойын жолына жұмысқа тартылғандардың саны: 30 мыңға жуық
-
1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке: Қарқара 125. Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылыстар жасалды: 1949-1963 жылдары аралығында
-
Қазақ жерінде исламды мемлекеттік дін ретінде жариялаған алғашқы мемлекет: Қарахан
-
Абылай ханның азан шақырып қойған есімі: Әбілмансұр
-
Кенесары қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты: 1847 жылы
-
ХІХ ғ. 60-жылдары И. Бутков құрған комиссия қазақ жерін бөлуді ұсынды: 2 облысқа
-
ХІХ ғ. Ортасында Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық: Қоқан хандығы
-
Бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: С. Мадатов
-
Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырған: Ш. Құдайбердиев
-
1916 жылы Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің хан сайлаған өкілдерінің саны: 9
-
1958 жылдың жазында әлеуметтік саясатқа қарсы ашық наразылық көрсеткен қала: Теміртау
-
Сақ қоғамындағы «сегізаяқтылар» деп аталғандар: малшылар мен егіншілер
-
Ақ Орданың соңғы ханы: Барақ
-
1511 жылы Қазақ хандығында билікті қолына алған хан: Қасым
-
XIV ғ. 40 жылдары жазылған «Тарих – и Абулхайр – хани» еңбегінің авторы: Усман Кухистани
-
Табанды күресінің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл: Ембі мен Доссордағы ереуіл
-
1919 жылы Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданының 5-армиясының қолбасшысы: М. Тухачевский
-
Индустрияландыру кезінде құрылған мұнай базасы: Ембі
-
«Берлин операциясының» басталған уақыты: 1945 жылы 16 сәуір
-
Еңбек Лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғалымы: М. Айтхожин
-
1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала: Отырар
-
М. Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы: 100-ші
-
Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердің арасындағы саяси оқиғаларға байланысты: Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы
-
Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа Парламент тұрақты жұмыс істей бастады: 1996 жылдың 30 қаңтарынан
-
Керейлердің батыс жағындағы көршілері: Наймандар
-
Шыңғысхан мемлекетіндегі түмендегі әскердің саны: 10 000 жауынгер
-
Түйенің сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын: шұбат
-
XVIII ғ. Қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау: Бұқар жырау
-
Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды: 150 жылдай
-
Ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударған аймақ: Жетісу
-
ХХ ғ. басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы: Естай
-
1990 жылы Қазақстан байланыс орнатқан Оңтүстік Корея республикасының корпорациясы: «Самсунг»
-
Б.з.б. 12-5 мыңжылдықтарды қамтитын дәуір: Мезолит
-
Ежелгі грек авторы Геродоттың сақтарды атауы: Массагет
-
Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр: Б.з.б. І ғ. ортасы
-
XIV-XV ғ. бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі: «Ескендір»
-
XV ғ. жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы: Мұхаммед Хайдар Дулати
-
1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші: Тәттімбет Қазанғапұлы
-
Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик: Н. Курнаков
-
1960-1970 жж. Қазақстанда пайда болған баспалар: «Қайнар», «Жалын»
-
1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала: Отырар
-
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария
-
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған: Нұрлан Қияшев
-
Кеңес үкіметі Александров-Гай-Ембі темір жол желісін салуға шешім қабылдаған жыл: 1919 ж
-
Н. Назарбаетың өкімімен, Б. Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді: 1998 ж
-
Сақ дәуіріндегі өнер стилі: Аң стилі
-
Қимақ қағанатының орталығы: Имақия
-
«Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», «Шайбани ұлысы» сияқты атаулар осы хандыққа тән: Әбілқайыр хандығы
-
Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы: Жетісу жері
-
Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды: XV ғ. басында
-
Ұлы жүз биі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан: Төле би
-
1778 жылы ІІ Екатерина Абылай ханды бекітті: Орта жүздің ханы етіп
-
1867-1867 жж. Реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды: Облысты
-
ХІХ ғ. қазақ күй өнерінің классигі, күйші: Құрманғазы
-
Бөріқазған тұрағы жатады: Ерте палеолитке
-
Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі: Қоқандықтармен бірігіп күресудегі ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы
-
ХІХ ғ. 60 жылдарында қабылданған «Ережелерді» заңдастыру созылды: 5 жылдай
-
1916 жылығы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,- деп жазды: Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов
-
1917 ж. қарашаның 22-інде Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше IV съезді ашқан қазақ азаматы: М. Шоқай
-
Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры: С. Луганский
-
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары зауыт-фабрикалардағы адамдардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында ашылған мектептер: Еңбек резервтері мектептері
-
Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы: Медицина
-
Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі: Түркия
-
Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл: 1906 ж. 10 қаңтар
-
XIV-XV ғ. сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: Дәуітбек кесенесі
-
Ұлы жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы:
-
1851 жылы 7 шілде
-
Қазақ қоғамында хан тағынан үміт еткендер: Шыңғыс ханның ұрпақтары
-
Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен: Еңбек құралдарын жасауды игеру
-
VІІІ ғ. Орхон өзені мен Алтай аралығында өмір сүрген тайпа: Наймандар
-
Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысы: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
-
Қазақ хандығындағы хан сайлаудың басты шарты: Шыңғыстың ұрпағы болуы
-
Тәуке ханның заңдар жинағы: «Жеті Жарғы»
-
1902 жылы тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылды: Орынборда
-
Патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы шыққан жыл: 1916 жылы
-
Әлия Молдағұлованың майдандағы әскери қызметі: Мерген
-
1970 жылдары кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны: О. Сүлейменов
-
Шірік Рабат қаласының күзет мүнаралары бар орталығы: Цитадел
-
Қанжығалы қарт Бөгембайды жоқтау және оның өлімін Абылайға естірті сияқты жырлары бар атақты жырау: Үмбетей
-
ХІХ ғ. ортасында Есет батыр бастаған көтерілістің нәтижесі: Есет Орынборда патша билігін мойындады
-
1853 жылы Ресейдің қоластына алынған қоқандықтардың бекінісі: Ақмешіт
-
1881-83 жж. Қазақстанға қоныс аударған дүнгендердің орналасқан басты аймағы: Жетісу мен Солтүстік қырғыз өңірі
-
1872 жылы музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала: Мәскеу
-
1918 жылы сәуірде Ташкентте құрылған Түркістан автономиялық КСР-ң құрамына кірген облыстар: Жетісу, Сырдария
-
1927 жылы Қазақстанда салына бастаған ірі құрылыс: Түркістан – Сібір теміржол магистралі
-
1989 жылдың 28 ақпанында бой көтерген антиядролық, экологиялық қозғалыс: «Невада-Семей»
-
А. Йасауи Бұхара қаласында діни білім алуына көмектескен ғұлама: Юсуф Хамадани
-
Моғолстан ханы Есен-бұғаның билік құрған уақыты: 1433-1462 жж
-
1950 ж. Қазақстан комсомолы салынуын қамқорлыққа алған объектілердің бірі: Соколов-Сарыбай комбинаты
-
Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігуі нәтижесінде құрылған халық: Қазақ
-
Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті: Моғолстанның батыс айсағына
-
Орта жүзге жататын рулар: арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ
-
ХХ ғ. басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге күніне төленетін еңбек ақысы: 20 тиын
-
Торғайдағы көтерілісшілердің сардарбегі: Амангелді Иманов
-
Ф.И. Голощекин Қазақстанда билік басында болған жылдар: 1925-1933 жж
-
Алғашқы адамдар тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген уақыты: Неолит
-
Сақтарға Ираннан тараған «өмір ағашы» дейтін аңдық стильдегі бейне: Арыстан бейнесі
-
Қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «Екі туысқан Орда» деп атаған ғалым: Ш. Уәлиханов
-
Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша: Көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауға рұқсат берді
-
Қазақстандағы «Азиялық училище» ашылған жыл: 1789 жыл
-
«Жас арбакештер одағы» құрылды: Петропавлда
-
1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым: «Жас қазақ»
-
1988 жылы Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің қаулысымен ақталған-тіл, әдебиет, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған: А. Байтұрсынов
-
ХІХ ғ. 60-жылдары И. Бутков құрған комиссия қазақ жерін бөлуді ұсынды: 2 облысқа
-
1718 жылы жоңғарлармен шайқас болған жер: Аягөз өзені жағасында
-
Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы: Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты
-
1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі: Жұмысшылардың жалақысы артты
-
Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған: Т. Тоқтаров
-
Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы өтті: 1948 ж
-
232. 1125-1212 жылдар аралығында Жетісуда билік жүргізген: Қарақытайлар
-
Махмұд Қашғаридің түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы жазған шығармасы:
-
«Түркі тілдерінің сөздігі»
-
234. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне өткен уақыты: 1219-1220 жж
-
235. Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды: XV ғ. басында
-
236. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған қазақ батыры: Бөгенбай
-
237. 1848 жылы Қарқаралы уезінде көпес Ботовтың есімімен аталған ірі жәрмеңке ашылған жер: Талды –Қоянды
-
238. Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі: Қашғар саяхатынан туғын еңбегі
-
239. Ұлы Отан соғысы аяқталды: 1945 жылы
-
240. Тарихшы Е. Бекмахановтың жазықсыз жазалануына себеп болған ірі зерттеу тақырыбы: Кенесары бастаған көтеріліс
-
241. Сақ қоғамындағы басшысының лауазымы: Патша
-
242. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731 жылы
-
243. Жоңғарлардың 1680 ж. шабуылынан аман қалған қала: Түркістан
-
244. 1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан: Айшуақ
-
245. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік: Түркістан генерал—губернаторлығы
-
246. 1910 жылғы Столыпин реформасының мақсаты: революцияны тұншықтыру
-
247. Қазақстанда азамат соғысы аяқталған жылы: 1920 жылы
-
248. А.В. Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді: 1932 жылы
-
249. 1960-1980 жж. есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым: Ә. Марғұлан
-
250. 1991 жылы 21 желтоқсанда: ТМД-ын құру үрдісі аяқталды
-
251. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар: Петровка, Боголюбов
-
252. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет: Қарахан мемлекеті
-
253. XIV ғ. Ақ Орданың астанасы: Сығанақ
-
254. «Ханталапай» - ол: Ханды сайлағанда малын бөлісіп алу
-
255. 1916 жылы Қарашақ болысынң ханы болып сайланған: Оспан Шоңов
-
256. Қытай деректеріндегі ғұн басшысының лауазымы: «Шаньюй»
-
257. Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз: «Алаша хан»
-
258. 1783-1797 жылдары С. Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағы: Кіші жүз
-
259. «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілген жыл: 1891 жылы 2 маусым
-
260. Тас дәуірін қамтитын кезең: б.з.д. 2 млн 500 мың -12 мың жыл
-
261. Дешті-Қыпшақ аумағының қамтыған жерлері: Алтайдан Еділге дейін
-
262. «Өзбек ұлысы» деп аталды: Әбілқайыр хандығы
-
263. XVII ғ. басында қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан: Есім, Тұрсын
-
264. А. Байтұрсынов Орынборда тұрған жылдар: 1910-1917 жылдар
-
265. 1916 ж. көтерілісшілерге Ж. Мәмбетов пен Ұ. Саурықов басшылық жасаған жер: Қарқара аймағы
-
266. Ресей үкіметі Әулиеата, Түркістан бекіністерін басып алды: 1864 жылы
-
267. Қазақстан Ғылым академиясын құруға, ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуына көмек көрсеткен көрнекті орыс ғалымы: А. Панкратова
-
268. 1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп: сыра зауыты
-
269. Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі: қола дәуірі
-
270. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген хан: Батый хан
-
271. Қапал бекінісі салынды: 1847 жылы
-
272. Есім хан мен Рабиға бегімнің кесенелері орналасқан қала: Түркістан
-
273. Алтын Ордада уәзірлер билік жүргізген сала: азаматтық іс
-
274. 1942-1944 жылдары Қазақстанға майданнан келген делегациялар: 22 делегация
-
275. 1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт: Петербург келісімі
-
276. Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы: Есік обасы
-
277. Жібек матаны алғаш өндірген халық: Қытай
-
278. Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кеңінен тарай бастады: Арабтардың келуімен
-
279. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Қарқарадағы жетекшілерінің бірі: Ж. Мәмбетов
-
280. 1931-1932 жж. Малдың 80 пайызын етке өткізген аудан: Шұбартау
-
281. Н. Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала: Теміртау
-
282. Қыпшақ тайпалары ішіндегі ең беделдісі: Бөрілер
-
283. XV ғ. ІІ жартысында салынып, жартылай сақталған ескерткіш: Рабиға сұлтан Бегім кесенесі
-
284. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен Бұға
-
285. 1613 жылы өзін ташкент қаласының билеушісі деп жариялап, өз атынан ақша шығарған хан: Тұрсын
-
286. Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі әкімшілік билікті беру көзделді: Шекаралық сотқа
-
287. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша ауыл құрылды: 50-70 шаңырақтан
-
288. 1864 жылы Ш. Уалихановтың генерал Н. Черняевтің әскерімен басып алуға қатысқан бекінісі: Әулиеата
-
289. «Қара жұмысшылар одағы» құрылды: Верныйда
-
290. 1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: «Тайшұбар»
-
291. Энеолиттік ескерткіштер табылған Маңғыстау жеріндегі елді мекен: Шебір
-
292. 1379 ж. Тоқтамыстың темір-Мәлікті жеңіп билікті қолына алған қаласы: Сығанақ
-
293. «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр: XIV ғасыр
-
294. «Жеті жарғы» бойынша құрылтайға қатыстырылмады:Қарусыз келгендер
-
295. Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлері басып алған жыл: 1865 жылы
-
296. 1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері: 600 мың сом
-
297. Ұлы жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл: 1848 жылы
-
298. ХХ ғ басында музыка өнерін дамытуға үлес қосқан қазақтың әнші бұлбұлы: М. Шамсутдинова
-
299. «Қатаған қырғыны» осы ханға қатысты: Тұрсын
-
300. Еуропаға жорық жасаған ғұн билеушісі: Атилла
-
301. Түрік руна жазуы ескерткіштері ішіндегі ең атақтылары: Білге қаған мен Күлтегін қаған жазуы
-
302. Алтын Орданың негізін қалаған хан: Батый
-
303. Этносаяси қауымдастық дегеніміз: Белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары
-
304. 1884-98 жж. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс-казак қоныстарының саны: 37
-
305. Ғани Мұратбаевтың өмір сүрген жылдары: 1902-1924 жж
-
306. Тоқырау жылдарында Қазақстанда жазылған ғылыми еңбектердің басым көпшілігі жазылды: Орыс тілінде
-
307. ХІ ғ. басында Қимақ қағанатынан кейін, Қазақстанның негізгі аумағында билікке келді: Қыпшақтар
-
308. 751 ж. арабтар мен қытайлар арасындағы шайқас өткен жер: Атлах шайқасы
-
309. Жәңгірдің билік құрған жылдары: 1628-1652 жж
-
310. 1724-1725 жж. Жоңғарлар басып алған қалалар: Түркістан, Ташкент
-
311. 1845 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды: Ұлы жүзге
-
312. А. Құнанбаев тоғыз жыл басқарған болыс: Шыңғыс болысы
-
313. М. Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы: 100-ші
-
314. Тың игеру жүргізілген облыстар: Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Торғай
-
315. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жазаға тарқан адамдардың саны: 8500-ге жуық
-
316. Жер бетінде 40-35 мың жыл бұрын қалыптасқан: «Саналы адам»
-
317. Үйсіндердің солтүстік батыстағы көршісі: Қаңлы
-
318. Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі: Таушүбек
-
319. ХІХ ғ. І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген: Генерал-лейтенант Г. Глазенап
-
320. Абылай хан жерленген қала: Түркістан
-
321. Абылай хан дүниеге келген жыл: 1711 жылы
-
322. 1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі: Сүйдін бекінісі
-
323. ХІХ ғ. ІІ жартысында Қазақстанда ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана: Семейде
-
324. Патша үкіметі Боралдай асуында жұрт алдында дарға асқан көтеріліс басшысы: Б. Әшекеев
-
325. «Түркістан автономиясында» министр-төраға және ішкі-істер министрі : М. Шоқай
-
326. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған ақын: Жамбыл Жабаев
-
327. Атырау жеріндегі сарматтардың Аралтөбе ескерткіші табылған аудан: Жылыой
-
328. Батыс Түрік қағанатында ябғу, шад, елтебер атағы кімдерге берілген: Қаған руынан шыққандарға
-
329. Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел: Соғды
-
330. 1916 ж. Амангелді 15 мың көтерілісші қоршаған қала: Торғай
-
331. Ноғай ордасының негізін қалағандардың бірі: Едіге
-
332. 1989 ж. маусымында халық бұқарасының ірі бас көтеруі өткен қала: Жаңаөзен
-
333. 1930 жылы Қазақ АКСР БМСБ алқасы атуға үкім шығарды: Ж. Аймауытовты
-
334. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланған: Ералы хан
-
335. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда симфониялық кемел туындыларын дүниеге әкелген композиторлар
-
Е. Рахмадиев, С. Мұхамеджанов, Ғ. Жұбанова
-
336. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы:Рузбихан
-
337. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде залдың ортасында тұрған үлкен тайқазан жасалған жыл: 1399 жылы
-
338. XVI-XVII ғ. Қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайырдың шығармасы: «Жылнамалар жинағы»
-
339. Ленинград үшін шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақ батыры: С. Баймағамбетов
-
340. Жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге көшу көзделді: 1962-1963 оқу жылынан бастап
-
341. Оғыз мемлекетін құлатқан тайпалар одағы: Қыпшақтар
-
342. Тәукенің кезіндегі Кіші жүздің биі: Әйтеке би
-
343. Тәуекел ханның тұсында берік қамал, ірі сауда орталығына айналған қала: Сауран
-
345. Әбілқайыр өлімінен кейін (1748 ж) Кіші жүздің оңтүстік –шығысына билік еткен: Батыр сұлтан
-
346. Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қазақтың қай жүздері қатысты: Орта жүз және Кіші жүз
-
347. Ш. Уәлиханов Верный бекінісінде болды: 1864 жылы
-
348. 1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер: Жаркент
-
349. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің алғашқы төрағасы: С. Меңдешов
-
350. Кейінгі палеолит дәуірінде қазіргі адамдарға ұқсас қалыптасқан адам: Саналы адам
-
351. Орта ғасырлық Қазақстанда буддизм таралған аймақ: Оңтүстік Қазақстан
-
352. Ұлы хан атағын алған Үгедей тұрған қала: Қарақорым
-
353. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы: Жошы хан
-
354. 1860 жылы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы: Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті
-
355. «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасап шығарды: 1938 жылы
-
356. Ұйғырлар мен дүнгендер орналасқан аймақ: Жетісу
-
357. Желтоқсан оқиғаларына қатысқан жастарға тағылған айдар: «Ұлтшылдық»
-
358. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған: б.з.б. II ғасыр
-
359. 1728 ж. Қазақ жүздері өкілдерінің жоңғарларға қарсы күресу үшін бас қосқан жері: Ордабасы
-
360. ХІХ ғ. 90 жылдарында жұмыс істеген 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің үлесі: 14 %
-
361. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық партизандардың жалпы саны: 3,5 мың адам
-
362. 1960 жылдардың ІІ жартысында мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастаған өңір: Маңғыстау
-
363. 756жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа: Қарлұқ
-
364. 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды: Киев Русімен
-
365. 1998-1999 жылдары Берел кезеңінің №11 обасын ашқан археолог : З.Самашев
-
366. 1207-1208 ж. Енисей қырғыздарын басып алған Шыңғысхан баласы: Жошы
-
367. 1211-1215ж.Шыңғысхан Қытайға жорығында қолға түсірді: Сауданы
-
368. 1219 жылы Шағатай мен Үгедей қоршауға алған қала: Отырар
-
369. А.Байтұрсыновтың Орынборда жарық көрген жинағы – ″Маса″.
-
370. Азамат соғысы болған жылдар: 1918-1920 жылдар
-
371. «Алаш» партиясы құрылды: 1917 ж.
-
372. «Алаш» партиясының бағдарламасы жарық көрдi –"Қазақ".
-
373. КОКП XX сьезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер:С.Сейфуллин, І.Жансүғіров, Б.Майлин
-
374. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы ұсынысьш қабылдаған патша:Анна Иоанновна.
-
375. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы, Қоштайұлы
-
376. Кіші Қазан идеясының авторы.Ф. Голощекин
-
377. Қ. Жалаири өз еңбегін орыстың қай патшасына арнау ретінде жазды? Борис Годуновқа
-
378. Қазақ АКСР-i құрылды – 1920 жылы.
-
379. Қазақ АКСР-нiң тұңғыш астанасы – Орынбор.
-
380. Вязьма тубегіндегі ұрыста ерлік көрсеткен 3 дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болған: С.Хамитұлы
-
381. Дешті-Қыпшактың XV ғасырдағы жырауы кім: Асанқайғы.
-
382. Исатай бастаған көтерiлiс жеңiлдi – Ақбұлақ шайқасында
-
383. С.Датұлы қайтыс болды – Хиуада.
-
389. С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды:14 жылға
-
390. Сібір қазақтарының Жарғысы» қашан қабылданды?1822жылы
-
391. «Тарихи Рашиди» еңбегінің авторы – Мұхаммед Хайдар Дулати
-
392. Түрксiб құрылысының солтүстiк және оңтүстiк бөлiктерi 1930ж. 28 сәуiрде түйiстi – Айнабұлақ станциясында.
-
393. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды: 1954ж.
-
394. «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» жырының нұсқасын жазып алған акын: Шөже
-
395. Шайбанилық Әбілхайыр хандыққа қай жылы сайланды: 1428 жылы
-
396. Шетелдерде қарсыласу қозғалысына қатысып, даңқын шығарған Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтарды атаңыз: А.Егоров және З.Құсайынов
-
397. Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары: 1835-1865 ж.
-
398. Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар оқылық» өлеңіне он шығарған сазгер: Жаяу Мұса
-
399. «Шыңғыснаманың» авторы: Өтеміс қажы
-
400. 1718 жылы жоғары Ертіс бойына салынған әскери бекініс:Семей.
-
401. 1726 жылы қазақ әскері жоңғарларға ойсырата соққы берген жер – Бұланты өзені жағасында.
-
402. 1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзенi жағалауында Е.Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі — Зәбір
-
403. 1778 ж. II Екатерина Абылайды қай жүздің ханы етіп бекітті?Орта жүздің.
-
404. XV ғасырда Әбілқайыр хандығы орналасқан аймақ: Шығыс Дешті Қыпшақ
-
405. Моғолстанның негізін қалаған хан: Тоғылық Темір
-
406. Сығанақ қаласының маңында орналасқан бір күмбезді кесене: Көккесене
-
407. XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш: Алаша хан кесенесі
-
408 Қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі (таңдай, жүрекше) кең қолданылған кесене:
-
Алаша хан кесенесі
-
409. Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшы: Мұхаммед Хайдар Дулати
-
410. 1694 жылы I Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын дамытуға келісім жасаған хан: Тәуке
-
411. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарады деген патша: І Петр
-
412. Орыс әскерлеріне қарсы бұқар хандығымен одақ жасауға тырысқан қоқан билеушісі: Әлімқұл
-
413. Суретші Н.Хлудовтың шығармалары: Көш, Мал айдау
-
414. Табанды күрестің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26 % көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл: Ембі мен Доссор 415. .Е.Пугачевтің үндеуін қолдаған Орта жүздің биі: Дәуітбай
-
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының авторы, XVIIІ ғасырдың суырып салма ақындардың бірі:Жанақ
-
«Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы: П.Рычков
-
Абылайдың бас мирасқоры: Уәли
-
Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан: Арыстан Жантөреұлы
-
1867-1868 жылы құрылған генерал-губернаторлықты атаңыз: Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан
-
А. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды.
-
А.С.Пушкин Оралда қай поэманы қағазға түсірді: "Қозы Көрпеш және Баян Сұлу"
-
А.Яссауи кесенесі орналасқан қала: Түркістан
-
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік музыкалық опера және балет театры қашан ашылды: 1934 ж.
-
«Абай жолы» романы үшін Мемлекеттік сыйлық алған көрнекті қазақ жазушысы: М. Әуезов
-
Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алыл кету себебі: Ел билеу ісіне тарту үшін.
-
Абылай хан дүние салды: 1781 жылы
-
Абылай хан қай жылдары хандық құрды: 1771 -1781 ж.ж.
-
Абылай ханнан кейін Орта жүздің ханы кім болды: Уәли.
-
Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылдар: 1757-1760 жылдары
-
Авторларының бірі Е.Бекмаханов болған "Қазақ ССР тарихы" атты күрделі еңбек қашан жарық көрді: 1943 ж.
-
Азамат соғысы болған жылдар: 1918-1920 жылдар
-
Ақтөбе майданына қару жеткізу экспедициясын басқарған : Ә. Жангелдин.
-
Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды:«Қазақ» газетінде»
-
«Алаш» партиясы құрылды: 1917 ж.
-
Алаш-Орданы жою туралы шешiм қабылданды – 1920 ж. 9 наурыз.
-
Алғашкы қазақ ұлттық театрында қойылған бірінші пьеса: "Еңлік-Кебек
-
Ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын енгiзген Алматы облысындағы "Iле" совхозының басшысы: И.Н.Худенко.
-
Әбілқайыр хандығы өмір сүрді: 1428-1468 ж.ж.
-
Ахмет Игүнекидің кітабы: Ақиқат сыйы
-
Әмір Темір Орта Азияда билік кұрды: 1370-1405 ж.ж.
-
Биология, медицина, геология саласындағы бiраз ғалымдарға айып тағылды – "космополит"
-
Бөкей ханның сарайы салынған жері : Жасқұста
-
Бумын қаған басқарған мемлекет:Түрік қағанаты.
-
Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған: Т.Тоқтаров.
-
Бородино шайқасынадғы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер: Майлыбайұлы
-
Бородино шайқасында көрсеткен ерлiгi үшiн қазақ жауынгерi көгiлдiр ленталы медаль берiлдi : Кәрiбай Зындағұлұлына
-
Болашақ желтоқсаншы 1822 ж. "Сiбiр қазақтарының Ережесiн" жасауға қатысты : Батеньков
-
Бүкіл Түркістанның бас діни орталығы: Түркістан
-
Бірінші қазақ-бұхар соғысы болған жер: Айғыржар
-
Ғұн әскерiнiң негiзiн құрды – атты әскер
-
Верныйда «Қара жұмысшылар одағы» құрылған жыл: 1917ж.
-
Е. Пугачевті ашық қолдаған және оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны: Досалы сұлтан.
-
Есiм хан қазақ мемлекетiне билiк еттi – 1598-1628 жж
-
Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жоғары оқу орындарынан шығарылды: 246 студент
-
Жоңғар хандығы құрылды – 1635 жылы
-
Жібек жолының басы басталатын аймақ:Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені
-
Индустрияландыруды жүргізуде Ф. Голощекиннің саясатына қарсы оппозиция басшыларының бірі:С.Сәдуақасов
-
Индустрияландырудың алдындағы И.М.Губкин экспедициясының зерттеу объектісі – Орал-Ембі ауданы
-
Ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын: Қожа Ахмет Иассауи
-
Карточка жүйесі жойылды: 1947ж
-
Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді: 1942ж.
-
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiс – 1837-1847 жылдары
-
Кашмирде болыл, 250 кашмир шәлісін Қазақстанға жеткізген көпес: С.Мадатов
-
Конституцияға сәйкес жергілікті атқару билік органын атаңыз: Әкімшілік.
-
Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы ұсынысьш қабылдаған патша:Анна Иоанновна
-
Кіші жүздің негізгі территормсында хандық билік жойылған жылы: 1824 ж
-
Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы, Қоштайұлы
-
Қ.Сәтбаев Жезқазған мыс кенiн зерттегенi үшiн Мемлекеттiк сыйлық алды.
-
Қаз.КСР Ғылым Академиясы құрылды: 1946 ж.
-
Қазақ халқының "Ақтабан шұбырынды" жылдары — 1723-1727 ж.ж.
-
Қазақ хандығының астанасы Түркiстанды орыс әскерлерi жаулап алды – 1864 жылы.
-
Қазақ АКСР-нiң тұңғыш астанасы – Орынбор
-
«Қазақ халқынын 500 әні мен күйі» жинағының авторы: А.В. Затаевич
-
Қазақ хандығындағы халық саны миллион адамға жеттi –Қасым хан тұсында
-
Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәні6ек пен Керей
-
«Қазақ» апталық газетiнiң 1913 жылдан бастап 1917 жылдың қыркүйек айына дейiнгi редакторы – А. Байтұрсынов
-
Қазақстан заводтары Ұлы Отан соғысынан кейін өнімдер шығаруға көшті – Бейбіт тұрмыс өнімдері
-
ҚазақКСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті: Қ. Сәтпаев
-
Қазақстан Республикасының Туының авторын атаңыз: Ш. Ниязбеков
-
Қазақстанда ең алғаш рет Кеңес өкіметі орнады: Перовскіде
-
Комсомол ОК қазақ бюросының бірінші хатшысы – Ғани Мұратбаев
-
Қазақстандағы тұңғыш мұсылман партиясы:Түркістандық федералистер партиясы
-
Қазревкомның баспасөз органы:"Ұшқын'" газеті
-
Қазақтың iрi байларын тәркiлеу iске асырылды – 1928 жылы
-
Қазақтың батыр қызы, мерген – Әлия
-
Қазақтың батыр қызы, пулеметші – Мәншүк
-
Қазақтың қай ғалымы соғыстан кейінгі жылдардағы сталиндік репрессияның жазалауына ұшырап, 25 жылға сотталды: Е.Бекмаханов
-
Қарлұқ мемлекетi –756-940 жж
-
Махмуд Қашқаридың еңбегі: "Диуани лүғат-ат-түрік"
-
Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының батыр атағын алды:Мәскеу үшін шайқаста
-
Мәскеу түбіндегі шайқастарда ерлікпен шайқасқан қазақстандықтар: Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, М. Ғабдуллин
-
Мәскеу үшін болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316-шы атқыштар дивизиясы марапатталды: Қызыл ту орденімен.
-
Орта ғасырлардағы Түркістан қаласының атауы – Йасы
-
Өз билігін соғыстағы жеңістерімен бекіте түспек болған Тоқтамыс хан 1382 жылы: Мәскеуді өртеді
-
« Отырар апаты» - деген:1218 ж. Шыңғысхан жіберген саудагерлердің өлтірілуі
-
Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандык халық Қаһарманы: Р. Қошқарбаев
-
Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісіміне қол қойылды: 1851 жылы
-
С. Датұлы старшын болған ру: Байбақты руы
-
С.Датұлы қайтыс болды – Хиуада
-
«Сiбiр қазақтарының жарғысы» бойынша аға сұлтандарды сайлау мерзiмi – 3 жыл.
-
«Сiбiр қазақтарының жарғысы» қабылданды – 1822 жылы
-
Тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды –1926 ж. Қызылордада
-
Тұрсын ханның бүлігі: «Қатаған қырғыны»
-
Торғайдағы көтеріліс сардарбегі А.Имановтың серігі, мерген: Кейкі батыр
-
Түрксiб құрылысының солтүстiк және оңтүстiк бөлiктерi 1930ж. 28 сәуiрде түйiстi – Айнабұлақ станциясында
-
Түркiстан-Сiбiр темiр жолын салу басталды. – 1927 жылы
-
Түркеш қағанатының өмір сүру мерзімі: 704-756 жылдар
-
«Түрік» этнонимі алғаш рет қай жылы кездесті: 542 ж
-
Тың игеру кезінде Қазақстанға адам көшіп келді: 2 млн
-
Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды: 1954 ж
-
Ұлттық валюта енді: 1993ж
-
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының баспадан шығуы: 1909 жылы
-
Ұлы жүздiң әкiмшiлiк орталығы Қапалдан Верныйға ауыстырылды – 1855 жылы
-
Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда болған жоғары оқу орындардың саны: 20 жоғарғы оқу орны
-
Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтар саны: 500-ге жуық
-
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы КСРО-ның шығыны: 27 млн. адам
-
Ұлы Отан соғысы кезiнде фашистердiң жоспары бойынша Қазақстан құрамына енуi қажет едi – "Үлкен Түркiстанның"
-
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда халық сирек қоныстанған аудандарда малшы балалары үшін салында: Мектеп- интернаттар
-
Аса ірі тарихшының көзқарастары ғылымға жат деп тұжырымдалған тарихшы: Марғүлан
-
Ф.И.Голощекин Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы қызметiн атқарды – 1925-1933 жж
-
Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған кесене:Алаша хан кесенесі
-
Халық көтерiлiсiн басқарған Исатай қайтыс болған жерi – Ақбұлақ
-
Ханды қорғап жүретін, өзі елінен іріктеп алған жасағы: Төлеңгіттер
-
«Хұсрау мен Шырын» шығармасының авторы: Кутб
-
Шыңғысханның балаларына бөліп берген жерлерінің атауы: "Інжу"
-
Шығыстың атақты ғалымы, екiншi ұстаз, IХ-Х ғасырларда өмiр сүрген данышпан адам – Әл-Фараби.
-
Шыңғысхан тұсындағы Монғол империясының астанасы: Қарақорым
-
Яссауидiң өлендер жинағы —"Диуани Хикмат"
-
Қазақстанның қай аумағы керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы саналады: Жетісу
-
Қазақстанның аумағында дамыған орта ғасырларда қанша қала болды: 37
-
Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім: тотемизм
-
756жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа: Қарлұқ
-
965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды: Киев Русімен
-
1207-1208 ж. Енисей қырғыздарын басып алған Шыңғысхан баласы: Жошы
-
1211-1215ж.Шыңғысхан Қытайға жорығында қолға түсірді:Сауданы
-
92 ру-тайпадан құралған ханды: Әбілқайыр
-
1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген: Батый хан
-
1680 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде аман қалған қала: Түркістан
-
1694 жылы I Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын дамытуға келісім жасаған хан: Тәуке
-
1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: Қайып
-
1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:
-
29 старшын
-
1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс: Ор
-
1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : В.Татищев
-
1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу
-
1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі:
-
Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу
-
1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның
-
1778 жылы II Екатерина Абылай ханды: Орта жүздің ханы етіп бекітті
-
1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз
-
1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады: Хан сарайына
-
1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды: Ералы
-
1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші: шаруалар
-
1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі: Қаратай сұлтанның
-
1867-1868 жылғы «Ережеден» кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері: Маңғыстау приставтығы
-
1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік
-
Түркістан генерал-губернаторлығы
-
1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ: Сырдария облысы
-
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: Уезд
-
1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахань губерниясы
-
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-губернаторлық : Батыс-Сібір
-
1867-1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы: генерал-губернатор
-
Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған жазушы: Әнуар Әлімжанов
-
“Диуани лұғат ат-түрік”кітабының авторы: М.Қашғари
-
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті: 1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында
-
Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды: Ж.Елеусізов
-
Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас: Орбұлақ
-
«Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер:Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
-
Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл: 1843 жыл
-
Жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге көшу көзделді: 1962-1963 оқу жылынан
-
Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша: Көпестерге қарулы топ ұстауға рұқсат берді
-
Ресми түрде тұңғыш жәрмеңке ашылды: Ішкі Ордада
-
Неолит дәуірінің Шығыс Қазақстан жеріндегі тұрағы: Усть-Нарым
-
Неолит дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі тұрағы: Пеньки
-
Неолит дәуірінің Орталық Қазақстан жеріндегі тұрағы: Зеленая Балка
-
Ноғай Ордасында Едігенің билік құрған уақыты: 1396-1411 жж
-
Ноғай Ордасының орталығы Сарайшық қаласының іргесі қаланған уақыт: X ғ.
-
Ноғай Ордасының орталығы: Сарайшық
-
Ноғай Ордасының негізін қалаған тұлға: Едіге
-
Ноғай Ордасының құрылуына себеп болды: Алтын Орданың әлсіреуі
-
1991 жылы тамызда «Невада-Семей» нтиядролық, экологиялық қозғалысының жетекшісі: О.Сүлейменов
-
Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық етті: А. Коркин
-
Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы:Ерейментау
-
“Оғызнаманы” XVII ғасырда толық жазып қалдырған ғұлама: Әбілғазы хан
-
Орда Ежен билік құрған мемлекет: Ақ Орда
-
Орыс патшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым – қатынасын орнатқан хан: Ибақ
-
Отырар апаты болған жыл: 1218 жылы
-
«Орынбор қазақтарының Жарғысы» қашан шықты: 1824 жылы
-
Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл: 1740ж
-
«Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы: П. Рычков
-
Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір: Жамбыл обылысы
-
Парсы жазбаларындағы теңіздің арғы жағындағы сақтар: Сақ-парадарайа
-
Парсы жазбаларында Жетісу, Сырдарияның орта ағысында тұрған сақтар: Сақ-тиграхауда
-
Парсы жазбаларындағы "сақ" сөзінің мағынасы: Құдіретті еркектер
-
Петербург университетінің стипендиаты, семейлік алғашқы қазақ заңгері: Ж.Ақбаев
-
Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом
-
Патшаны қолдаушылардың ұйымдастыруымен Н.Өтемісұлы өлтірілді: 1846 жылы
-
Президент Н.Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы: «Қазақстан 2030»
-
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «Түземдік» халық қарасында екінші мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған: Ш. Қосшығұлұлы
-
Ш.Уәлихановтың шын есімі: Мұхамед-Қанапия
-
«Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» прозалық шығармаларының авторы: Ғ. Мұстафин
Достарыңызбен бөлісу: |