Оңтүстік Қазақстаннан Әмір Темір Орта Азияда билік құры: 1370-1405 жж К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды: Үш жүзді «Сібір қазақтарының Ережесі»



Дата23.02.2016
өлшемі330.8 Kb.
#6363

http:// Kumarov.jimdo.com

Қазақстан тарихынан сұрақ-жауап

  1. Ең көне тас құралдар табылды: Оңтүстік Қазақстаннан

  2. 2.Әмір Темір Орта Азияда билік құры: 1370-1405 жж

  3. К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды: Үш жүзді

  4. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша ауыл құрады: 50-70 шаңырақтан

  5. 1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы жүздің руы: Үйсін

  6. ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы: Еркін адамдар

  7. Ресейдегі Ақпан төңкерісі болған жыл: 1917 жылы

  8. Ұлы Отан соғысы басталды: 1941 жылы

  9. Көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген: Ә. Марғұлан

  10. Үйсіндерде жерленген адамның басы қаратылған тұс: Батысқа

  11. Қимақ қағанатының құрамында болған ең көп және күшті тайпа: Қыпшақтар

  12. «Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды: 737-748 жж

  13. «Жамиғат-тауарих» еңбегінің авторы: Қадырғали Жалайыр

  14. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен Бұға

  15. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты: Атақты, сыйлы шонжарлары

  16. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген: А. Тевкелев

  17. Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші қоршаған қала:Торғай

  18. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декреті шыққан жыл:1928 ж

  19. Қарағанды кеншілері ереуілге шыққан мерзім: 1989 ж. Шілде

  20. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет:Қарахан мемлекеті

  21. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы: Рузбихан

  22. 1584 ж. Ермакты жеңген қазақ батыры: Сәтбек

  23. ХІХ ғ. соңындағы Қазақстандағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігі: өндіріс орнының ұсақтығы, жұмысшы санының аздығы

  24. Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл: 1906 ж. 10 қаңтар

    1. жылы республикадағы жоспарлаудың жаңа формасына көшірілген кәсіпорындардың үлесі: 80 %

  25. Еуразия құрлығының Шығысы мен Батысын жалғастырып отырған ежелгі сауда жолы: Ұлы Жібек жолы

  26. Қайыр хан әскерімен Отырар қаласын неше ай қорғаған: 5-6 ай

  27. 1711-1781 жылдары өмір сүрген қазақтың ұлы ханы: Абылай

  28. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары: Әлия мен Мәншүк

  29. Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүшелікке өткен уақыты: 1992 жылы 2 наурыз

  30. Кейінгі палеолит дәуірін алмастырған дәуір: Мезолит

  31. Археологтар тапқан Қазақстан жеріндегі қола дәуіріне жататын тайпалардың жұрттарының саны: 100-ден астам

  32. 1211-1213 жж. Жетісудағы билік қай найман билеушісінің қолына өтті: Күшлік ханның

  33. XV ғ. 20 ж. Әбілқайыр хандығы қандай жерлерді алып жатты: Батыста Жайықтан, шығыста Балқашқа дейінгі

  34. Столыпиннің аграрлық реформасы қабылданды: 1906 және 1910 жж

  35. 1929 ж. Қызылордадан ауысқан ҚазАКСР-ы астанасы: Алматы

  36. Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдық қорытындысы бойынша бірінші орынға шыққан Қазақстан өндірісі: Қорғасын

  37. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті: Қ. Сәтбаев

  38. Қазақстанда 1954-1958 жж. неше өнеркәсіп орындар мен цехтар іске қосылды: 730

  39. Ертедегі жазба деректерде өмірі аттан түспейтін аттылы адам: «түркі» деген мағынаны беретін

  40. 1253 ж. Вильгельм Рубруктың осы қалада ирандықтардың сауда орындары бар деп атайтын Іле аңғарындағы үлкен қала: Эквиус

  41. Ресейдің қазақстанды жаулап алуы аяқталды: ХІХ ғ. 70 жылдары

  42. Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілісшілер арасында сатқындық-опасыздық жасағандарға жазаның қандай түрін қолданды? Өлім жазасына кесу

  43. . 1867-1868 жж. «Реформа» бойынша сот жүйесінің төменгі буыны: Билер мен қазылар соты

  44. 1920 ж. Наурыздың аяғына қарай Семей облысының солтүстік жағы ақгвардияшылардан азат етіліп, соған байланысты жойылған майдан: Жетісу

  45. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынып, «Екінші Баку» деп аталған жаңа мұнай базасы: Ембі мұнай кәсіпорны

  46. 1930 жылғы Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісі басшыларының бірі: Жақыпов

  47. 1960-1980 жж. КСРО-да жүргізілген мемлекеттік іс-шаралар жүйесінің атауы: Тоқырау

  48. Қазақ халқынан шыққан алғашқы ғарышкер: Тоқтар Әубәкіров

  49. XV ғ. соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары

  50. Қоршау, қамал немесе қала ішіндегі күшті қорғаныс құрылысы бар бөлік: Цитадель

  51. Орда Ежен хандығын үйсін руынан шыққан қандай би арқылы басқарған: Майқы би

  52. Қазақ халқының жылқы сүтінен жасап ішетін сусыны: қымыз

  53. Жер-жерде даладағы дәстүр бойынша кімдердің өкілдерін хан сайлаған? Ақсүйектердің

  54. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің төрағасы: Ә. Бөкейханов

  55. Қазақ шаруаларының 1821 жылғы көтерілісін басқарған: Тентек төре

  56. Түгіскен кесенесі салынған құрылыс материалы: Күйдірілмеген кірпіш

  57. XIV ғ. Ақ Орданың астанасы: Сығанақ

  58. 1860 жылы Қазандағы орыс әскерлері мен Қоқан әскері арасындағы үш күндік шайқас болып өткен жер: Ұзынағаш түбінде

  59. ХХ ғ. басында Қазақстандағы ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда белгілі орын алған журнал: «Айқап»

  60. Ф. Голощекиннің саясатына қарсы оппозиция басшыларының бірі: С. Сәдуақасов

  61. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің бірінші сессиясын ашқан ақын: Жамбыл




  1. 1943 жылы жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің авторларның бірі: Е. Бекмаханов

  2. 1958 жылы өнім өндіру жөнінен Қазақстан Одақтық Республикалар ішінде алған орны: 3

  3. ІХ-ХІІ ғ. Сырдария сағасындағы ірі сауда орталығы: Янгикент

  4. Зороастризм дінін VI-VII ғ. Қазақстан қалаларында таратқан: соғдылар

  5. Қазақ хандығының өзі басқарып отырған елінен іріктеп алған шағын жасағы: төлеңгіттер

  6. Азамат соғысы кезіндегі Ақмола атқару комитетінің мүшесі: А. Байтұрсынов

  7. Армия шинельдеріне арналған шұға берген фабрика: Қарғалы

  8. ЖЭС нәтижелерінің бірі: Мал басы мен егін салу алқаптарының көбеюі

  9. 1930-1932 жж. еліміздегі жаппай етек алған жағдай: Ашаршылық

  10. Ұлы Отан соғысы кезінде теңіз порты салынған қала: Гурьев

  11. 1716 жылы І Петрға елшілік жіберген хан: Тәуке хан

  12. Республикада 1954 мен 1986 жылдар аралығында жабылған қазақ тіліндегі мектептер саны: 600 ден астам

  13. Горхан – бұл Қарақытайлардың басшысы

  14. Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлердің саны: 200- ден астам

  15. Отырарда Шыңғыс хан саудагерлерінің өлтірілген жылы: 1218 жылы

  16. Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі: Ислам

  17. Қазақ қоғамында хан тағынан үміт еткендер: Шыңғыс ханның ұрпақтары

  18. 1594 ж. Мәскеуге Тәуекел ханның елшілігін басқарып келген: Құл-Мұхаммед

  19. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты: Сабалақ

  20. Е. Пугачев басқарған шаруалар көтерілісі қамтыған мерзім: 1773-1775 жж

  21. ХІХ ғ. қазақ күй өнерінің классигі, күйші: Құрманғазы

  22. Германияның КСРО-ға қарсы қауырт соғыс жоспары аталды: «Барбаросса»

  23. «Тотемизм» дегеніміз: Шығу тегін жануарлармен байланыстыру

  24. Көне дәуір авторларының еңбектерінде «сармат» атауының кездесетін мерзімі: б.з.б. 3 ғасыр

  25. Қарақытай мемлекетін құрған тайпа: Қидандар

  26. Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік – Шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші: Рубрук

  27. Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене: Арыстан баб

  28. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: Салықтан үш жылға босатылды

  29. Ахмет Иасауидің шәкірті: С. Бақырғани

  30. ЖЭС жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40 %-ын берген өнеркәсіп:

  31. Риддер қорғасын зауыты

  32. 1960-1980 жж. есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым: Е. Букетов

  33. Тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіровтың өмірге келген өңірі: Қарағанды

  34. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым: О. Смағұлов

  35. 1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына тұрғызылған бекініс: Кәстек

  36. 1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны: 5000

  37. 1853 және 1905 жылдар арасында патша үкіметінің көшпенді қазақтардан тартып алған жер көлемі: 4 млн десятина 99. Азамат соғысы жылдарында Кеңарал болысында партизан жұмысын ұйымдастырушы: Ө. Ыбыраев

  38. Жастар ұйымы мен балалардың коммунистік құрылымы: Пионер ұйымы

  39. Қарахан елінің мемлекеттік діні: Ислам

  40. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ: Қызылорда облысы

  41. Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек пен Керей

  42. Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл: 1580 жылы

  43. Аңырақай түбінде барлық қазақ жасақтарына қолбасшылық жасаған: Әбілқайыр

  44. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды: Ералы

  45. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңілді: Болыс сұлтандары

  46. Поляк азаттық күресінің өкілі Густав Зелинскийдің Қазақстанда кең тараған поэмасы: «Қырғыз» поэмасы

  47. 1941 жылы ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнаған қазақ ақыны: Ж. Жабаев

  48. Көшпелілер баспаналарындағы киелі санаған орын: Ошақ маңы

  49. Әмір Темір 1371-1372 жж. әскерін жорыққа аттандырды: Моғолстанға

  50. ХІІІ ғ. басында жасалған мәмліктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме:

  51. «Еркін», «кезбе»

  52. XIV-XV ғғ. жататын эпостық жыр: «Қобыланды батыр»

  53. Сібір елін монғолдар жаулап алғаннан кейін Жошы ұлысына кіргенін жазған шежіреші: Рашид ад-Дин

  54. Қапал бекінісі салынды: 1847 жылы

  55. Кадет партиясы Орталық комитетінің мүшесі болған қазақ азаматы: Ә. Бөкейханов

  56. Халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам: «Сауатсыздықты жою» қоғамы

  57. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан талап еткен зерттеулер:

  58. Коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер

  59. Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды: 1989 ж. Маусым

  60. Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан, ежелгі қалалардың ең ескі тұрағы: Арқайым

  61. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: Жапония

  62. 1891 ж. «Ережеге» сай Қазақстанда құрылған генерал-губернаторлық: Дала генерал – губернаторлығы

  63. 1902-1905 жылдары Орынбор –Ташкент шойын жолына жұмысқа тартылғандардың саны: 30 мыңға жуық

  64. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке: Қарқара 125. Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылыстар жасалды: 1949-1963 жылдары аралығында




  1. Қазақ жерінде исламды мемлекеттік дін ретінде жариялаған алғашқы мемлекет: Қарахан

  2. Абылай ханның азан шақырып қойған есімі: Әбілмансұр

  3. Кенесары қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты: 1847 жылы

  4. ХІХ ғ. 60-жылдары И. Бутков құрған комиссия қазақ жерін бөлуді ұсынды: 2 облысқа

  5. ХІХ ғ. Ортасында Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық: Қоқан хандығы

  6. Бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: С. Мадатов

  7. Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырған: Ш. Құдайбердиев

  8. 1916 жылы Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің хан сайлаған өкілдерінің саны: 9

  9. 1958 жылдың жазында әлеуметтік саясатқа қарсы ашық наразылық көрсеткен қала: Теміртау

  10. Сақ қоғамындағы «сегізаяқтылар» деп аталғандар: малшылар мен егіншілер

  11. Ақ Орданың соңғы ханы: Барақ

  12. 1511 жылы Қазақ хандығында билікті қолына алған хан: Қасым

  13. XIV ғ. 40 жылдары жазылған «Тарих – и Абулхайр – хани» еңбегінің авторы: Усман Кухистани

  14. Табанды күресінің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл: Ембі мен Доссордағы ереуіл

  15. 1919 жылы Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданының 5-армиясының қолбасшысы: М. Тухачевский

  16. Индустрияландыру кезінде құрылған мұнай базасы: Ембі

  17. «Берлин операциясының» басталған уақыты: 1945 жылы 16 сәуір

  18. Еңбек Лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғалымы: М. Айтхожин

  19. 1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала: Отырар

  20. М. Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы: 100-ші

  21. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердің арасындағы саяси оқиғаларға байланысты: Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы

  22. Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа Парламент тұрақты жұмыс істей бастады: 1996 жылдың 30 қаңтарынан

  23. Керейлердің батыс жағындағы көршілері: Наймандар

  24. Шыңғысхан мемлекетіндегі түмендегі әскердің саны: 10 000 жауынгер

  25. Түйенің сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын: шұбат

  26. XVIII ғ. Қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау: Бұқар жырау

  27. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды: 150 жылдай

  28. Ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударған аймақ: Жетісу

  29. ХХ ғ. басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы: Естай

  30. 1990 жылы Қазақстан байланыс орнатқан Оңтүстік Корея республикасының корпорациясы: «Самсунг»

  31. Б.з.б. 12-5 мыңжылдықтарды қамтитын дәуір: Мезолит

  32. Ежелгі грек авторы Геродоттың сақтарды атауы: Массагет

  33. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр: Б.з.б. І ғ. ортасы

  34. XIV-XV ғ. бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі: «Ескендір»

  35. XV ғ. жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы: Мұхаммед Хайдар Дулати

  36. 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші: Тәттімбет Қазанғапұлы

  37. Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик: Н. Курнаков

  38. 1960-1970 жж. Қазақстанда пайда болған баспалар: «Қайнар», «Жалын»

  39. 1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала: Отырар

  40. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария

  41. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған: Нұрлан Қияшев

  42. Кеңес үкіметі Александров-Гай-Ембі темір жол желісін салуға шешім қабылдаған жыл: 1919 ж

  43. Н. Назарбаетың өкімімен, Б. Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді: 1998 ж

  44. Сақ дәуіріндегі өнер стилі: Аң стилі

  45. Қимақ қағанатының орталығы: Имақия

  46. «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», «Шайбани ұлысы» сияқты атаулар осы хандыққа тән: Әбілқайыр хандығы

  47. Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы: Жетісу жері

  48. Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды: XV ғ. басында

  49. Ұлы жүз биі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан: Төле би

  50. 1778 жылы ІІ Екатерина Абылай ханды бекітті: Орта жүздің ханы етіп

  51. 1867-1867 жж. Реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды: Облысты

  52. ХІХ ғ. қазақ күй өнерінің классигі, күйші: Құрманғазы

  53. Бөріқазған тұрағы жатады: Ерте палеолитке

  54. Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі: Қоқандықтармен бірігіп күресудегі ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы

  55. ХІХ ғ. 60 жылдарында қабылданған «Ережелерді» заңдастыру созылды: 5 жылдай

  56. 1916 жылығы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,- деп жазды: Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов

  57. 1917 ж. қарашаның 22-інде Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше IV съезді ашқан қазақ азаматы: М. Шоқай

  58. Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры: С. Луганский

  59. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары зауыт-фабрикалардағы адамдардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында ашылған мектептер: Еңбек резервтері мектептері

  60. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы: Медицина

  61. Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі: Түркия

  62. Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл: 1906 ж. 10 қаңтар

  63. XIV-XV ғ. сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: Дәуітбек кесенесі




  1. Ұлы жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы:

  2. 1851 жылы 7 шілде

  3. Қазақ қоғамында хан тағынан үміт еткендер: Шыңғыс ханның ұрпақтары

  4. Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен: Еңбек құралдарын жасауды игеру

  5. VІІІ ғ. Орхон өзені мен Алтай аралығында өмір сүрген тайпа: Наймандар

  6. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысы: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

  7. Қазақ хандығындағы хан сайлаудың басты шарты: Шыңғыстың ұрпағы болуы

  8. Тәуке ханның заңдар жинағы: «Жеті Жарғы»

  9. 1902 жылы тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылды: Орынборда

  10. Патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы шыққан жыл: 1916 жылы

  11. Әлия Молдағұлованың майдандағы әскери қызметі: Мерген

  12. 1970 жылдары кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны: О. Сүлейменов

  13. Шірік Рабат қаласының күзет мүнаралары бар орталығы: Цитадел

  14. Қанжығалы қарт Бөгембайды жоқтау және оның өлімін Абылайға естірті сияқты жырлары бар атақты жырау: Үмбетей

  15. ХІХ ғ. ортасында Есет батыр бастаған көтерілістің нәтижесі: Есет Орынборда патша билігін мойындады

  16. 1853 жылы Ресейдің қоластына алынған қоқандықтардың бекінісі: Ақмешіт

  17. 1881-83 жж. Қазақстанға қоныс аударған дүнгендердің орналасқан басты аймағы: Жетісу мен Солтүстік қырғыз өңірі

  18. 1872 жылы музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала: Мәскеу

  19. 1918 жылы сәуірде Ташкентте құрылған Түркістан автономиялық КСР-ң құрамына кірген облыстар: Жетісу, Сырдария

  20. 1927 жылы Қазақстанда салына бастаған ірі құрылыс: Түркістан – Сібір теміржол магистралі

  21. 1989 жылдың 28 ақпанында бой көтерген антиядролық, экологиялық қозғалыс: «Невада-Семей»

  22. А. Йасауи Бұхара қаласында діни білім алуына көмектескен ғұлама: Юсуф Хамадани

  23. Моғолстан ханы Есен-бұғаның билік құрған уақыты: 1433-1462 жж

  24. 1950 ж. Қазақстан комсомолы салынуын қамқорлыққа алған объектілердің бірі: Соколов-Сарыбай комбинаты

  25. Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігуі нәтижесінде құрылған халық: Қазақ

  26. Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті: Моғолстанның батыс айсағына

  27. Орта жүзге жататын рулар: арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ

  28. ХХ ғ. басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге күніне төленетін еңбек ақысы: 20 тиын

  29. Торғайдағы көтерілісшілердің сардарбегі: Амангелді Иманов

  30. Ф.И. Голощекин Қазақстанда билік басында болған жылдар: 1925-1933 жж

  31. Алғашқы адамдар тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген уақыты: Неолит

  32. Сақтарға Ираннан тараған «өмір ағашы» дейтін аңдық стильдегі бейне: Арыстан бейнесі

  33. Қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «Екі туысқан Орда» деп атаған ғалым: Ш. Уәлиханов

  34. Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша: Көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауға рұқсат берді

  35. Қазақстандағы «Азиялық училище» ашылған жыл: 1789 жыл

  36. «Жас арбакештер одағы» құрылды: Петропавлда

  37. 1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым: «Жас қазақ»

  38. 1988 жылы Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің қаулысымен ақталған-тіл, әдебиет, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған: А. Байтұрсынов

  39. ХІХ ғ. 60-жылдары И. Бутков құрған комиссия қазақ жерін бөлуді ұсынды: 2 облысқа

  40. 1718 жылы жоңғарлармен шайқас болған жер: Аягөз өзені жағасында

  41. Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы: Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты

  42. 1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі: Жұмысшылардың жалақысы артты

  43. Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған: Т. Тоқтаров

  44. Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы өтті: 1948 ж

  45. 232. 1125-1212 жылдар аралығында Жетісуда билік жүргізген: Қарақытайлар

  46. Махмұд Қашғаридің түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы жазған шығармасы:

  47. «Түркі тілдерінің сөздігі»

  48. 234. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне өткен уақыты: 1219-1220 жж

  49. 235. Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды: XV ғ. басында

  50. 236. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған қазақ батыры: Бөгенбай

  51. 237. 1848 жылы Қарқаралы уезінде көпес Ботовтың есімімен аталған ірі жәрмеңке ашылған жер: Талды –Қоянды

  52. 238. Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі: Қашғар саяхатынан туғын еңбегі

  53. 239. Ұлы Отан соғысы аяқталды: 1945 жылы

  54. 240. Тарихшы Е. Бекмахановтың жазықсыз жазалануына себеп болған ірі зерттеу тақырыбы: Кенесары бастаған көтеріліс

  55. 241. Сақ қоғамындағы басшысының лауазымы: Патша

  56. 242. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731 жылы

  57. 243. Жоңғарлардың 1680 ж. шабуылынан аман қалған қала: Түркістан

  58. 244. 1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан: Айшуақ

  59. 245. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік: Түркістан генерал—губернаторлығы

  60. 246. 1910 жылғы Столыпин реформасының мақсаты: революцияны тұншықтыру

  61. 247. Қазақстанда азамат соғысы аяқталған жылы: 1920 жылы

  62. 248. А.В. Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді: 1932 жылы

  63. 249. 1960-1980 жж. есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым: Ә. Марғұлан

  64. 250. 1991 жылы 21 желтоқсанда: ТМД-ын құру үрдісі аяқталды

  65. 251. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар: Петровка, Боголюбов

  66. 252. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет: Қарахан мемлекеті

  67. 253. XIV ғ. Ақ Орданың астанасы: Сығанақ

  68. 254. «Ханталапай» - ол: Ханды сайлағанда малын бөлісіп алу

  69. 255. 1916 жылы Қарашақ болысынң ханы болып сайланған: Оспан Шоңов

  70. 256. Қытай деректеріндегі ғұн басшысының лауазымы: «Шаньюй»

  71. 257. Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз: «Алаша хан»

  72. 258. 1783-1797 жылдары С. Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағы: Кіші жүз

  73. 259. «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілген жыл: 1891 жылы 2 маусым

  74. 260. Тас дәуірін қамтитын кезең: б.з.д. 2 млн 500 мың -12 мың жыл

  75. 261. Дешті-Қыпшақ аумағының қамтыған жерлері: Алтайдан Еділге дейін

  76. 262. «Өзбек ұлысы» деп аталды: Әбілқайыр хандығы

  77. 263. XVII ғ. басында қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан: Есім, Тұрсын

  78. 264. А. Байтұрсынов Орынборда тұрған жылдар: 1910-1917 жылдар

  79. 265. 1916 ж. көтерілісшілерге Ж. Мәмбетов пен Ұ. Саурықов басшылық жасаған жер: Қарқара аймағы

  80. 266. Ресей үкіметі Әулиеата, Түркістан бекіністерін басып алды: 1864 жылы

  81. 267. Қазақстан Ғылым академиясын құруға, ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуына көмек көрсеткен көрнекті орыс ғалымы: А. Панкратова

  82. 268. 1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп: сыра зауыты

  83. 269. Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі: қола дәуірі

  84. 270. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген хан: Батый хан

  85. 271. Қапал бекінісі салынды: 1847 жылы

  86. 272. Есім хан мен Рабиға бегімнің кесенелері орналасқан қала: Түркістан

  87. 273. Алтын Ордада уәзірлер билік жүргізген сала: азаматтық іс

  88. 274. 1942-1944 жылдары Қазақстанға майданнан келген делегациялар: 22 делегация

  89. 275. 1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт: Петербург келісімі

  90. 276. Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы: Есік обасы

  91. 277. Жібек матаны алғаш өндірген халық: Қытай

  92. 278. Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кеңінен тарай бастады: Арабтардың келуімен

  93. 279. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Қарқарадағы жетекшілерінің бірі: Ж. Мәмбетов

  94. 280. 1931-1932 жж. Малдың 80 пайызын етке өткізген аудан: Шұбартау

  95. 281. Н. Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала: Теміртау

  96. 282. Қыпшақ тайпалары ішіндегі ең беделдісі: Бөрілер

  97. 283. XV ғ. ІІ жартысында салынып, жартылай сақталған ескерткіш: Рабиға сұлтан Бегім кесенесі

  98. 284. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен Бұға

  99. 285. 1613 жылы өзін ташкент қаласының билеушісі деп жариялап, өз атынан ақша шығарған хан: Тұрсын

  100. 286. Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі әкімшілік билікті беру көзделді: Шекаралық сотқа

  101. 287. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша ауыл құрылды: 50-70 шаңырақтан

  102. 288. 1864 жылы Ш. Уалихановтың генерал Н. Черняевтің әскерімен басып алуға қатысқан бекінісі: Әулиеата

  103. 289. «Қара жұмысшылар одағы» құрылды: Верныйда

  104. 290. 1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: «Тайшұбар»

  105. 291. Энеолиттік ескерткіштер табылған Маңғыстау жеріндегі елді мекен: Шебір

  106. 292. 1379 ж. Тоқтамыстың темір-Мәлікті жеңіп билікті қолына алған қаласы: Сығанақ

  107. 293. «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр: XIV ғасыр

  108. 294. «Жеті жарғы» бойынша құрылтайға қатыстырылмады:Қарусыз келгендер

  109. 295. Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлері басып алған жыл: 1865 жылы

  110. 296. 1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері: 600 мың сом

  111. 297. Ұлы жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл: 1848 жылы

  112. 298. ХХ ғ басында музыка өнерін дамытуға үлес қосқан қазақтың әнші бұлбұлы: М. Шамсутдинова

  113. 299. «Қатаған қырғыны» осы ханға қатысты: Тұрсын

  114. 300. Еуропаға жорық жасаған ғұн билеушісі: Атилла

  115. 301. Түрік руна жазуы ескерткіштері ішіндегі ең атақтылары: Білге қаған мен Күлтегін қаған жазуы

  116. 302. Алтын Орданың негізін қалаған хан: Батый

  117. 303. Этносаяси қауымдастық дегеніміз: Белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары

  118. 304. 1884-98 жж. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс-казак қоныстарының саны: 37

  119. 305. Ғани Мұратбаевтың өмір сүрген жылдары: 1902-1924 жж

  120. 306. Тоқырау жылдарында Қазақстанда жазылған ғылыми еңбектердің басым көпшілігі жазылды: Орыс тілінде

  121. 307. ХІ ғ. басында Қимақ қағанатынан кейін, Қазақстанның негізгі аумағында билікке келді: Қыпшақтар

  122. 308. 751 ж. арабтар мен қытайлар арасындағы шайқас өткен жер: Атлах шайқасы

  123. 309. Жәңгірдің билік құрған жылдары: 1628-1652 жж

  124. 310. 1724-1725 жж. Жоңғарлар басып алған қалалар: Түркістан, Ташкент

  125. 311. 1845 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды: Ұлы жүзге

  126. 312. А. Құнанбаев тоғыз жыл басқарған болыс: Шыңғыс болысы

  127. 313. М. Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы: 100-ші

  128. 314. Тың игеру жүргізілген облыстар: Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Торғай

  129. 315. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жазаға тарқан адамдардың саны: 8500-ге жуық

  130. 316. Жер бетінде 40-35 мың жыл бұрын қалыптасқан: «Саналы адам»




  1. 317. Үйсіндердің солтүстік батыстағы көршісі: Қаңлы

  2. 318. Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі: Таушүбек

  3. 319. ХІХ ғ. І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген: Генерал-лейтенант Г. Глазенап

  4. 320. Абылай хан жерленген қала: Түркістан

  5. 321. Абылай хан дүниеге келген жыл: 1711 жылы

  6. 322. 1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі: Сүйдін бекінісі

  7. 323. ХІХ ғ. ІІ жартысында Қазақстанда ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана: Семейде

  8. 324. Патша үкіметі Боралдай асуында жұрт алдында дарға асқан көтеріліс басшысы: Б. Әшекеев

  9. 325. «Түркістан автономиясында» министр-төраға және ішкі-істер министрі : М. Шоқай

  10. 326. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған ақын: Жамбыл Жабаев

  11. 327. Атырау жеріндегі сарматтардың Аралтөбе ескерткіші табылған аудан: Жылыой

  12. 328. Батыс Түрік қағанатында ябғу, шад, елтебер атағы кімдерге берілген: Қаған руынан шыққандарға

  13. 329. Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел: Соғды

  14. 330. 1916 ж. Амангелді 15 мың көтерілісші қоршаған қала: Торғай

  15. 331. Ноғай ордасының негізін қалағандардың бірі: Едіге

  16. 332. 1989 ж. маусымында халық бұқарасының ірі бас көтеруі өткен қала: Жаңаөзен

  17. 333. 1930 жылы Қазақ АКСР БМСБ алқасы атуға үкім шығарды: Ж. Аймауытовты

  18. 334. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланған: Ералы хан

  19. 335. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда симфониялық кемел туындыларын дүниеге әкелген композиторлар

  20. Е. Рахмадиев, С. Мұхамеджанов, Ғ. Жұбанова

  21. 336. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы:Рузбихан

  22. 337. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде залдың ортасында тұрған үлкен тайқазан жасалған жыл: 1399 жылы

  23. 338. XVI-XVII ғ. Қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайырдың шығармасы: «Жылнамалар жинағы»

  24. 339. Ленинград үшін шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақ батыры: С. Баймағамбетов

  25. 340. Жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге көшу көзделді: 1962-1963 оқу жылынан бастап

  26. 341. Оғыз мемлекетін құлатқан тайпалар одағы: Қыпшақтар

  27. 342. Тәукенің кезіндегі Кіші жүздің биі: Әйтеке би

  28. 343. Тәуекел ханның тұсында берік қамал, ірі сауда орталығына айналған қала: Сауран

  29. 345. Әбілқайыр өлімінен кейін (1748 ж) Кіші жүздің оңтүстік –шығысына билік еткен: Батыр сұлтан

  30. 346. Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қазақтың қай жүздері қатысты: Орта жүз және Кіші жүз

  31. 347. Ш. Уәлиханов Верный бекінісінде болды: 1864 жылы

  32. 348. 1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер: Жаркент

  33. 349. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің алғашқы төрағасы: С. Меңдешов

  34. 350. Кейінгі палеолит дәуірінде қазіргі адамдарға ұқсас қалыптасқан адам: Саналы адам

  35. 351. Орта ғасырлық Қазақстанда буддизм таралған аймақ: Оңтүстік Қазақстан

  36. 352. Ұлы хан атағын алған Үгедей тұрған қала: Қарақорым

  37. 353. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы: Жошы хан

  38. 354. 1860 жылы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы: Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті

  39. 355. «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасап шығарды: 1938 жылы

  40. 356. Ұйғырлар мен дүнгендер орналасқан аймақ: Жетісу

  41. 357. Желтоқсан оқиғаларына қатысқан жастарға тағылған айдар: «Ұлтшылдық»

  42. 358. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған: б.з.б. II ғасыр

  43. 359. 1728 ж. Қазақ жүздері өкілдерінің жоңғарларға қарсы күресу үшін бас қосқан жері: Ордабасы

  44. 360. ХІХ ғ. 90 жылдарында жұмыс істеген 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің үлесі: 14 %

  45. 361. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық партизандардың жалпы саны: 3,5 мың адам

  46. 362. 1960 жылдардың ІІ жартысында мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастаған өңір: Маңғыстау

  47. 363. 756жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа: Қарлұқ

  48. 364. 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды: Киев Русімен

  49. 365. 1998-1999 жылдары Берел кезеңінің №11 обасын ашқан археолог : З.Самашев

  50. 366. 1207-1208 ж. Енисей қырғыздарын басып алған Шыңғысхан баласы: Жошы

  51. 367. 1211-1215ж.Шыңғысхан Қытайға жорығында қолға түсірді: Сауданы

  52. 368. 1219 жылы Шағатай мен Үгедей қоршауға алған қала: Отырар

  53. 369. А.Байтұрсыновтың Орынборда жарық көрген жинағы – ″Маса″.

  54. 370. Азамат соғысы болған жылдар: 1918-1920 жылдар

  55. 371. «Алаш» партиясы құрылды: 1917 ж.

  56. 372. «Алаш» партиясының бағдарламасы жарық көрдi –"Қазақ".

  57. 373. КОКП XX сьезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер:С.Сейфуллин, І.Жансүғіров, Б.Майлин

  58. 374. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы ұсынысьш қабылдаған патша:Анна Иоанновна.

  59. 375. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы, Қоштайұлы

  60. 376. Кіші Қазан идеясының авторы.Ф. Голощекин

  61. 377. Қ. Жалаири өз еңбегін орыстың қай патшасына арнау ретінде жазды? Борис Годуновқа

  62. 378. Қазақ АКСР-i құрылды – 1920 жылы.

  63. 379. Қазақ АКСР-нiң тұңғыш астанасы – Орынбор.

  64. 380. Вязьма тубегіндегі ұрыста ерлік көрсеткен 3 дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болған: С.Хамитұлы

  65. 381. Дешті-Қыпшактың XV ғасырдағы жырауы кім: Асанқайғы.

  66. 382. Исатай бастаған көтерiлiс жеңiлдi – Ақбұлақ шайқасында




  1. 383. С.Датұлы қайтыс болды – Хиуада.

  2. 389. С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды:14 жылға

  3. 390. Сібір қазақтарының Жарғысы» қашан қабылданды?1822жылы

  4. 391. «Тарихи Рашиди» еңбегінің авторы – Мұхаммед Хайдар Дулати

  5. 392. Түрксiб құрылысының солтүстiк және оңтүстiк бөлiктерi 1930ж. 28 сәуiрде түйiстi – Айнабұлақ станциясында.

  6. 393. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды: 1954ж.

  7. 394. «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» жырының нұсқасын жазып алған акын: Шөже

  8. 395. Шайбанилық Әбілхайыр хандыққа қай жылы сайланды: 1428 жылы

  9. 396. Шетелдерде қарсыласу қозғалысына қатысып, даңқын шығарған Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтарды атаңыз: А.Егоров және З.Құсайынов

  10. 397. Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары: 1835-1865 ж.

  11. 398. Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар оқылық» өлеңіне он шығарған сазгер: Жаяу Мұса

  12. 399. «Шыңғыснаманың» авторы: Өтеміс қажы

  13. 400. 1718 жылы жоғары Ертіс бойына салынған әскери бекініс:Семей.

  14. 401. 1726 жылы қазақ әскері жоңғарларға ойсырата соққы берген жер – Бұланты өзені жағасында.

  15. 402. 1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзенi жағалауында Е.Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі — Зәбір

  16. 403. 1778 ж. II Екатерина Абылайды қай жүздің ханы етіп бекітті?Орта жүздің.

  17. 404. XV ғасырда Әбілқайыр хандығы орналасқан аймақ: Шығыс Дешті Қыпшақ

  18. 405. Моғолстанның негізін қалаған хан: Тоғылық Темір

  19. 406. Сығанақ қаласының маңында орналасқан бір күмбезді кесене: Көккесене

  20. 407. XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш: Алаша хан кесенесі

  21. 408 Қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі (таңдай, жүрекше) кең қолданылған кесене:

  22. Алаша хан кесенесі

  23. 409. Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшы: Мұхаммед Хайдар Дулати

  24. 410. 1694 жылы I Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын дамытуға келісім жасаған хан: Тәуке

  25. 411. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарады деген патша: І Петр

  26. 412. Орыс әскерлеріне қарсы бұқар хандығымен одақ жасауға тырысқан қоқан билеушісі: Әлімқұл

  27. 413. Суретші Н.Хлудовтың шығармалары: Көш, Мал айдау

  28. 414. Табанды күрестің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26 % көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл: Ембі мен Доссор 415. .Е.Пугачевтің үндеуін қолдаған Орта жүздің биі: Дәуітбай

  29. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының авторы, XVIIІ ғасырдың суырып салма ақындардың бірі:Жанақ

  30. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы: П.Рычков

  31. Абылайдың бас мирасқоры: Уәли

  32. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан: Арыстан Жантөреұлы

  33. 1867-1868 жылы құрылған генерал-губернаторлықты атаңыз: Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан

  34. А. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды.

  35. А.С.Пушкин Оралда қай поэманы қағазға түсірді: "Қозы Көрпеш және Баян Сұлу"

  36. А.Яссауи кесенесі орналасқан қала: Түркістан

  37. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік музыкалық опера және балет театры қашан ашылды: 1934 ж.

  38. «Абай жолы» романы үшін Мемлекеттік сыйлық алған көрнекті қазақ жазушысы: М. Әуезов

  39. Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алыл кету себебі: Ел билеу ісіне тарту үшін.

  40. Абылай хан дүние салды: 1781 жылы

  41. Абылай хан қай жылдары хандық құрды: 1771 -1781 ж.ж.

  42. Абылай ханнан кейін Орта жүздің ханы кім болды: Уәли.

  43. Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылдар: 1757-1760 жылдары

  44. Авторларының бірі Е.Бекмаханов болған "Қазақ ССР тарихы" атты күрделі еңбек қашан жарық көрді: 1943 ж.

  45. Азамат соғысы болған жылдар: 1918-1920 жылдар

  46. Ақтөбе майданына қару жеткізу экспедициясын басқарған : Ә. Жангелдин.

  47. Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды:«Қазақ» газетінде»

  48. «Алаш» партиясы құрылды: 1917 ж.

  49. Алаш-Орданы жою туралы шешiм қабылданды – 1920 ж. 9 наурыз.

  50. Алғашкы қазақ ұлттық театрында қойылған бірінші пьеса: "Еңлік-Кебек

  51. Ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын енгiзген Алматы облысындағы "Iле" совхозының басшысы: И.Н.Худенко.

  52. Әбілқайыр хандығы өмір сүрді: 1428-1468 ж.ж.

  53. Ахмет Игүнекидің кітабы: Ақиқат сыйы

  54. Әмір Темір Орта Азияда билік кұрды: 1370-1405 ж.ж.

  55. Биология, медицина, геология саласындағы бiраз ғалымдарға айып тағылды – "космополит"

  56. Бөкей ханның сарайы салынған жері : Жасқұста

  57. Бумын қаған басқарған мемлекет:Түрік қағанаты.

  58. Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған: Т.Тоқтаров.

  59. Бородино шайқасынадғы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер: Майлыбайұлы

  60. Бородино шайқасында көрсеткен ерлiгi үшiн қазақ жауынгерi көгiлдiр ленталы медаль берiлдi : Кәрiбай Зындағұлұлына

  61. Болашақ желтоқсаншы 1822 ж. "Сiбiр қазақтарының Ережесiн" жасауға қатысты : Батеньков

  62. Бүкіл Түркістанның бас діни орталығы: Түркістан

  63. Бірінші қазақ-бұхар соғысы болған жер: Айғыржар

  64. Ғұн әскерiнiң негiзiн құрды – атты әскер

  65. Верныйда «Қара жұмысшылар одағы» құрылған жыл: 1917ж.

  66. Е. Пугачевті ашық қолдаған және оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны: Досалы сұлтан.

  67. Есiм хан қазақ мемлекетiне билiк еттi – 1598-1628 жж

  68. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жоғары оқу орындарынан шығарылды: 246 студент

  69. Жоңғар хандығы құрылды – 1635 жылы

  70. Жібек жолының басы басталатын аймақ:Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені

  71. Индустрияландыруды жүргізуде Ф. Голощекиннің саясатына қарсы оппозиция басшыларының бірі:С.Сәдуақасов

  72. Индустрияландырудың алдындағы И.М.Губкин экспедициясының зерттеу объектісі – Орал-Ембі ауданы

  73. Ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын: Қожа Ахмет Иассауи

  74. Карточка жүйесі жойылды: 1947ж

  75. Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді: 1942ж.

  76. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiс – 1837-1847 жылдары

  77. Кашмирде болыл, 250 кашмир шәлісін Қазақстанға жеткізген көпес: С.Мадатов

  78. Конституцияға сәйкес жергілікті атқару билік органын атаңыз: Әкімшілік.

  79. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы ұсынысьш қабылдаған патша:Анна Иоанновна

  80. Кіші жүздің негізгі территормсында хандық билік жойылған жылы: 1824 ж

  81. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы, Қоштайұлы

  82. Қ.Сәтбаев Жезқазған мыс кенiн зерттегенi үшiн Мемлекеттiк сыйлық алды.

  83. Қаз.КСР Ғылым Академиясы құрылды: 1946 ж.

  84. Қазақ халқының "Ақтабан шұбырынды" жылдары — 1723-1727 ж.ж.

  85. Қазақ хандығының астанасы Түркiстанды орыс әскерлерi жаулап алды – 1864 жылы.

  86. Қазақ АКСР-нiң тұңғыш астанасы – Орынбор

  87. «Қазақ халқынын 500 әні мен күйі» жинағының авторы: А.В. Затаевич

  88. Қазақ хандығындағы халық саны миллион адамға жеттi –Қасым хан тұсында

  89. Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәні6ек пен Керей

  90. «Қазақ» апталық газетiнiң 1913 жылдан бастап 1917 жылдың қыркүйек айына дейiнгi редакторы – А. Байтұрсынов

  91. Қазақстан заводтары Ұлы Отан соғысынан кейін өнімдер шығаруға көшті – Бейбіт тұрмыс өнімдері

  92. ҚазақКСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті: Қ. Сәтпаев

  93. Қазақстан Республикасының Туының авторын атаңыз: Ш. Ниязбеков

  94. Қазақстанда ең алғаш рет Кеңес өкіметі орнады: Перовскіде

  95. Комсомол ОК қазақ бюросының бірінші хатшысы – Ғани Мұратбаев

  96. Қазақстандағы тұңғыш мұсылман партиясы:Түркістандық федералистер партиясы

  97. Қазревкомның баспасөз органы:"Ұшқын'" газеті

  98. Қазақтың iрi байларын тәркiлеу iске асырылды – 1928 жылы

  99. Қазақтың батыр қызы, мерген – Әлия

  100. Қазақтың батыр қызы, пулеметші – Мәншүк

  101. Қазақтың қай ғалымы соғыстан кейінгі жылдардағы сталиндік репрессияның жазалауына ұшырап, 25 жылға сотталды: Е.Бекмаханов

  102. Қарлұқ мемлекетi –756-940 жж

  103. Махмуд Қашқаридың еңбегі: "Диуани лүғат-ат-түрік"

  104. Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының батыр атағын алды:Мәскеу үшін шайқаста

  105. Мәскеу түбіндегі шайқастарда ерлікпен шайқасқан қазақстандықтар: Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, М. Ғабдуллин

  106. Мәскеу үшін болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316-шы атқыштар дивизиясы марапатталды: Қызыл ту орденімен.

  107. Орта ғасырлардағы Түркістан қаласының атауы – Йасы

  108. Өз билігін соғыстағы жеңістерімен бекіте түспек болған Тоқтамыс хан 1382 жылы: Мәскеуді өртеді

  109. « Отырар апаты» - деген:1218 ж. Шыңғысхан жіберген саудагерлердің өлтірілуі

  110. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандык халық Қаһарманы: Р. Қошқарбаев

  111. Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісіміне қол қойылды: 1851 жылы

  112. С. Датұлы старшын болған ру: Байбақты руы

  113. С.Датұлы қайтыс болды – Хиуада

  114. «Сiбiр қазақтарының жарғысы» бойынша аға сұлтандарды сайлау мерзiмi – 3 жыл.

  115. «Сiбiр қазақтарының жарғысы» қабылданды – 1822 жылы

  116. Тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды –1926 ж. Қызылордада

  117. Тұрсын ханның бүлігі: «Қатаған қырғыны»

  118. Торғайдағы көтеріліс сардарбегі А.Имановтың серігі, мерген: Кейкі батыр

  119. Түрксiб құрылысының солтүстiк және оңтүстiк бөлiктерi 1930ж. 28 сәуiрде түйiстi – Айнабұлақ станциясында

  120. Түркiстан-Сiбiр темiр жолын салу басталды. – 1927 жылы

  121. Түркеш қағанатының өмір сүру мерзімі: 704-756 жылдар

  122. «Түрік» этнонимі алғаш рет қай жылы кездесті: 542 ж

  123. Тың игеру кезінде Қазақстанға адам көшіп келді: 2 млн

  124. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды: 1954 ж

  125. Ұлттық валюта енді: 1993ж

  126. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының баспадан шығуы: 1909 жылы

  127. Ұлы жүздiң әкiмшiлiк орталығы Қапалдан Верныйға ауыстырылды – 1855 жылы

  128. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда болған жоғары оқу орындардың саны: 20 жоғарғы оқу орны

  129. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтар саны: 500-ге жуық

  130. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы КСРО-ның шығыны: 27 млн. адам

  131. Ұлы Отан соғысы кезiнде фашистердiң жоспары бойынша Қазақстан құрамына енуi қажет едi – "Үлкен Түркiстанның"

  132. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда халық сирек қоныстанған аудандарда малшы балалары үшін салында: Мектеп- интернаттар

  133. Аса ірі тарихшының көзқарастары ғылымға жат деп тұжырымдалған тарихшы: Марғүлан

  134. Ф.И.Голощекин Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы қызметiн атқарды – 1925-1933 жж

  135. Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған кесене:Алаша хан кесенесі

  136. Халық көтерiлiсiн басқарған Исатай қайтыс болған жерi – Ақбұлақ

  137. Ханды қорғап жүретін, өзі елінен іріктеп алған жасағы: Төлеңгіттер

  138. «Хұсрау мен Шырын» шығармасының авторы: Кутб

  139. Шыңғысханның балаларына бөліп берген жерлерінің атауы: "Інжу"

  140. Шығыстың атақты ғалымы, екiншi ұстаз, IХ-Х ғасырларда өмiр сүрген данышпан адам – Әл-Фараби.

  141. Шыңғысхан тұсындағы Монғол империясының астанасы: Қарақорым

  142. Яссауидiң өлендер жинағы —"Диуани Хикмат"

  143. Қазақстанның қай аумағы керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы саналады: Жетісу

  144. Қазақстанның аумағында дамыған орта ғасырларда қанша қала болды: 37

  145. Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім: тотемизм

  146. 756жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа: Қарлұқ

  147. 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды: Киев Русімен

  148. 1207-1208 ж. Енисей қырғыздарын басып алған Шыңғысхан баласы: Жошы

  149. 1211-1215ж.Шыңғысхан Қытайға жорығында қолға түсірді:Сауданы

  150. 92 ру-тайпадан құралған ханды: Әбілқайыр

  151. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген: Батый хан

  152. 1680 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде аман қалған қала: Түркістан

  153. 1694 жылы I Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын дамытуға келісім жасаған хан: Тәуке

  154. 1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: Қайып

  155. 1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:

  156. 29 старшын

  157. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс: Ор

  158. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : В.Татищев

  159. 1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу

  160. 1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі:

  161. Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу

  162. 1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның

  163. 1778 жылы II Екатерина Абылай ханды: Орта жүздің ханы етіп бекітті

  164. 1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз

  165. 1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады: Хан сарайына

  166. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды: Ералы

  167. 1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші: шаруалар

  168. 1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі: Қаратай сұлтанның

  169. 1867-1868 жылғы «Ережеден» кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері: Маңғыстау приставтығы

  170. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік

  171. Түркістан генерал-губернаторлығы

  172. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ: Сырдария облысы

  173. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: Уезд

  174. 1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахань губерниясы

  175. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-губернаторлық : Батыс-Сібір

  176. 1867-1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы: генерал-губернатор

  177. Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған жазушы: Әнуар Әлімжанов

  178. “Диуани лұғат ат-түрік”кітабының авторы: М.Қашғари

  179. Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті: 1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында

  180. Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды: Ж.Елеусізов

  181. Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас: Орбұлақ

  182. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер:Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

  183. Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл: 1843 жыл

  184. Жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім беруге көшу көзделді: 1962-1963 оқу жылынан

  185. Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша: Көпестерге қарулы топ ұстауға рұқсат берді

  186. Ресми түрде тұңғыш жәрмеңке ашылды: Ішкі Ордада

  187. Неолит дәуірінің Шығыс Қазақстан жеріндегі тұрағы: Усть-Нарым

  188. Неолит дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі тұрағы: Пеньки

  189. Неолит дәуірінің Орталық Қазақстан жеріндегі тұрағы: Зеленая Балка

  190. Ноғай Ордасында Едігенің билік құрған уақыты: 1396-1411 жж

  191. Ноғай Ордасының орталығы Сарайшық қаласының іргесі қаланған уақыт: X ғ.

  192. Ноғай Ордасының орталығы: Сарайшық

  193. Ноғай Ордасының негізін қалаған тұлға: Едіге

  194. Ноғай Ордасының құрылуына себеп болды: Алтын Орданың әлсіреуі

  195. 1991 жылы тамызда «Невада-Семей» нтиядролық, экологиялық қозғалысының жетекшісі: О.Сүлейменов

  196. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық етті: А. Коркин

  197. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы:Ерейментау

  198. “Оғызнаманы” XVII ғасырда толық жазып қалдырған ғұлама: Әбілғазы хан

  199. Орда Ежен билік құрған мемлекет: Ақ Орда

  200. Орыс патшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым – қатынасын орнатқан хан: Ибақ

  201. Отырар апаты болған жыл: 1218 жылы

  202. «Орынбор қазақтарының Жарғысы» қашан шықты: 1824 жылы

  203. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл: 1740ж

  204. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы: П. Рычков

  205. Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір: Жамбыл обылысы

  206. Парсы жазбаларындағы теңіздің арғы жағындағы сақтар: Сақ-парадарайа

  207. Парсы жазбаларында Жетісу, Сырдарияның орта ағысында тұрған сақтар: Сақ-тиграхауда

  208. Парсы жазбаларындағы "сақ" сөзінің мағынасы: Құдіретті еркектер

  209. Петербург университетінің стипендиаты, семейлік алғашқы қазақ заңгері: Ж.Ақбаев

  210. Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом

  211. Патшаны қолдаушылардың ұйымдастыруымен Н.Өтемісұлы өлтірілді: 1846 жылы

  212. Президент Н.Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы: «Қазақстан 2030»

  213. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «Түземдік» халық қарасында екінші мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған: Ш. Қосшығұлұлы

  214. Ш.Уәлихановтың шын есімі: Мұхамед-Қанапия

  215. «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» прозалық шығармаларының авторы: Ғ. Мұстафин





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет