Оттегіге қатысты диссосация қисықтары гемоглобиннің оттегімен байланысу беріктігін көрсетеді



Дата23.05.2022
өлшемі183.5 Kb.
#458569
түріҚұрамы
Биология 10с Tранспорт Гемоглобин және миоглобин құрылысы ОДҚ мәтін


Оттегіге қатысты диссосация қисықтары гемоглобиннің оттегімен байланысу беріктігін көрсетеді  
Оттегі ағзаға қызыл қан жасушалары арқылы тасымалданады, оның құрамында оттегімен байланысқан ақуыз гемоглобин бар.
Гемоглобиннің әрбір молекуласы 4 полипептидтік тізбектен құралады (глобиндер), басқаша айтқанда төрттік құрылымды тетрамера болып келеді. Әрбір глобин тізбегі (мономер) өзінің пигментті гемтобымен байланысады, қанға қызыл түс береді. Әрбір гемтобының құрамында бір валентті Fe (II) бар және оттегінің бір молекуласын өзімен тұрақсыз.
Оксигемоглобиннің түзілуі - оттегінің гемоглобинге қосылуы, байланысуы оттегінің концентрациясы жоғары болғанда жүреді. мысалы: өкпенің альвиолаларлы капилярларда. Бұл концентрация түскен уақытында, дененің ұлпаларындағы капиллярлардың метаболизмі кезінде байқалады, оттегінің гемоглобинмен байланысы тұрақсыз болады, оттегі гемоглобиннен ажырайды және қоршаған жасушаларға еріген түрде диффузияланады. Оттегнің гемоглобиннен ажырауы үдерісі – диссоциация деп аталады.
Гемоглобинмен қосыла алатын оттегінің мөлшері оның концентрациясымен анықталады немесе оны парциальдық қысым деп атайды (парциальды қысым негізінен газдарға қолданылады).





  • Оттегі диссоциациясының қисықтары оттегі деңгейінің (парциалды қысым) және гемоглобиннің қанығуы арасындағы байланысты көрсетеді.

  • • Әрбір қосымша O2 молекуласымен байланыстырушы потенциалдар өзгергендіктен, гемоглобиннің қанығуы сызықты емес.

  • Оттегінің концентрациясы (парциальды қысымы) қоршаған ортада жоғары болса, гемоглобин онымен жоғары деңгейде қанығады, қандағы оның көп мөлшері оксигемоглобинге айналады. Әр түрлі парциальдық қысым кезінде гемоглобиннің оттегімен қанығу дәрежесін өлшеуге болады және график түрінде бейнелеуге болады. Біз қарапайым сызықтық тәуелділікті алар едік, нәтижесінде график «тік сызықты» түрі болар еді. Бірақ олай болуы мүмкін емес, қисық S-тәрзіді немесе сигмоидті формаға ие және оксигемоглобин диссоциацияның қисығы деген атауға ие.

  • Бұл қисықтың анализі бізге көрсетеді, парциальды қысым 30 мм сын.бағанасында тек гемоглобиннің 50% оксигемоглобин түрінде болады. Оның толық қанығуы (100%) табиғатта өте сирек кездеседі. Қисықтың сигмоидті формада болуы физиологиялық көзқарастан қарағанда өте маңызды болып келеді. Оның құрамалы (крутой) аймағы, бұл облыста қоршаған ортадағы парциальды қысымының аз ғана төмендеуі қанның оксигенациясын күрт төмендетіп жібереді.


Ұрық гемоглобині

  • Ұрық гемоглобинінің молекулалық құрамы ересек адам гемоглобинінен ерекшеленеді.

  • Ұрық гемоглобині оттегімен берік байланысады (диссосация қисығы сол жаққа қарай ығысады)

  • Бұл маңыздылық ұрықтың оттегмен байланысып, ал ересек адам гемоглобині оттегіні ажыратады (ұрықжолдаста)

  • Бала дүниеге келгеннен кейін ұрық гемоглобині ересек гемоглоинген айналады (~ 6 ай уақыттан соң)

  • Ұрық гемоглобинінің өндірілуі фармокологиялық жағдайда, орақ пішінді анемия ауруын емдеуде қолданылады.



Миоглобин

  • Миоглобин – қаңқа бұлшықет ұлпасынан табылған оттегімен байланысатын молекула.

  • Бір полипептидтен тұрады тек бір гем тобы бар, демек кооперативті байланысуға қабілетті емес

  • Демек, миоглобин үшін оттегі диссоциациясының қисығы сигмоидты емес (логарифмдік)

  • Миоглобиннің ересек гемоглобинге қарағанда оттегіге деген жоғары жақындығы бар және оттегінің төменгі деңгейлерінде қаныққан болады

  • Миоглобин бұлшықеттердің деңгейі өте төмен болғанша, оттегі қорын сақтайды (мысалы, қарқынды дене белсенділігі кезінде)

Миоглобиннің оттегіге қатысты диссоциация қисығы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет