ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет1/6
Дата16.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#139963
  1   2   3   4   5   6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31.03.2013.

«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары ПОӘК-і

_______2013 жылғы

№ 2 басылым

5В050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»,

«Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандықтарына арналған

«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік және лабораториялық сабақтар

4 Курстық жұмыс (жоба)

5 СӨЖ



  1. ГЛОССАРИЙ


1.1 Синтаксис – сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркесін, сөйлем және оның түрлерін, сөйлем мүшелерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

1.2 Синтаксистік форма – синтаксистік тұлғалардың тиісті грамматикалық амалдар арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты.

1.3 Синтаксистік мағына – грамматикалық абстракция сапасындағы мағына.

1.4 Сөз тіркесі – толық мағыналы ең кемі екі сөздің грамматикалық байланысқа түсуі негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік.

1.5 Меңгеру – бағыныңқы сыңардың басыңқымен табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып байланысуы.

1.6 Қабысу – сөздердің ешқандай жалғаусыз орын тәртібі арқылы тек іргелес тұрып байланысуы.

1.7 Жанасу - сөздердің ешқандай жалғаусыз орын тәртібі арқылы іргелес те алшақ та тұрып байланысуы.

1.8 Матасу – ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысы

1.9 Қиысу – бастауыш пен баяндауыштың жақ-жағымен жекеше-көпше түрде сәйкесіп байланысуы.

1.10 Басыңқы сыңар – сөз тіркесінің құралуына негіз болатын тірек сыңар

1.11 Бағыныңқы сыңар – басыңқы сыңарға тұлғалық және мағыналық жақтан тәуелді болатын сыңар

1.12 Есімді сөз тіркесі – басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі

1.13 Етістікті сөз тіркесі – басыңқы сыңары етістік сөзден болған сөз тіркесі

1.14 Құрмалас сөйлем - синтаксистік тұлға, ең кем дегенде екі предикаттық қатынастың негізінде құрылады.

1.15 Салалас сөйлемнің құрамындағы синтаксистік компоненттер өзара теңдік дәрежеде байланысады.

1.16 Сабақтас сөйлемнің, әсіресе, бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштары тиянақсыз тұлғада келеді. Осыған байланысты ол компоненттердің арасындағы интонация да тиянақсыз, яғни құрмаластырушы, ұластырушы интонация болады.

1.17 Басыңқы сыңар – сөз тіркесінің құралуына негіз болатын тірек сыңар

1.18 Бағыныңқы сыңар – басыңқы сыңарға тұлғалық және мағыналық жақтан тәуелді болатын сыңар

1.19 Дәстүрлік немесе логика-грамматикалық таптастыру бойынша құрмалас сөйлемдер салалас құрмалас, сабақтас және аралас құрмалас болып бөлінеді

1.20 Аралас құрмалас сөйлем -компоненттері әрі салаласа, әрі сабақтасу арқылы байланысқан құрмалас сөйлем түрі.

1.21 Шартты салалас сөйлемдерде компоненттердегі оқиға мазмұны бір-біріне шарттастық мәнде құрылады.
1.22 Аналитикалық принцип салалас құрмалас сөйлемнің жасалуында айрықша мән атқарады. Салалас құрмаластың жеке компоненттері сондай-ақ әр мәндегі жалғаулықтар арқылы да байланысады. Осыған орай салалас құрмаластар жалғаулықсыз салалас және жалғаулықты салалас деп ажыратылады.

1.23 Түсіндірмелі салаластың бір компонентінде баяндауыш та жалпы айтылып, келесі компоненттерде нақтыланады.

1.24 Кезектес салалас әрекеттің кезек-кезек өзара ауысып келетінін көрсетеді

1.25 Талғау мәнді салалас сөйлемнің синтаксистік компоненттеріндегі оқиғалардың орындалу барысы бір-бірімен талғау, таңдау ретінде жұмсалады.

1.26 Көп компонентті салалас сөйлемдерде хабарланған ойдың мазмұны толығырақ ашыла түседі, кейбір жайлардың мазмұн көрінісі саралана жіктеліп, талдана жинақталу сипаты орын алады.

1.27 Қарсылықты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде хабарланған оқиға нәтижесі бір-біріне қарама-қайшы қойылады.

1.28 Шартты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердің орындалу барысы бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады.

1.29 Түсіндірмелі сабақтаста мұндай мағыналық көрініс керісінше болады. Мұнда айқындаушы, түсіндіруші қызмет қызмет басыңқының үлесіне тиеді.

1.30 Салыстырмалы сабақтас сөйлемде бағыныңқы компонент басыңқыда хабарланған қимыл-әрекетті әр түрлі мағыналық жақтан айқындап, толықтап жатпайды.

1.31 Себеп бағыныңқылы түрінде бағыныңқы компонент басыңқыда хабарланған ой желісінің себебін білдіріп тұрса, осы себептің нәтижесінде басыңқыда оның салдары келіп шығады

1.32 Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы компонент басыңқы компонентте айтылатын оқиғаның, қимыл-әрекеттің болу немесе болмау мақсатын білдіреді

1.33 Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлемде бағыныңқы компонент басыңқы компонентте жүзеге асып жатқан немесе жүзеге асатын іс-әрекеттің амалын, тәсілін білдіреді.

1.34 Көп бағыныңқылы сабақтас бір басыңқыға қатысты бірнеше бағыныңқыдан тұратын сабақтас құрмалас сөйлем.

2 ДӘРІСТЕР

1-дәріс. Синтаксис туралы жалпы түсінік. Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілер

Дәрістің мазмұны:

1. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәні және оның зерттеу нысаны; Синтаксистің басқа салалармен байланысы; Қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттелуі.

2. Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілер

3. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары туралы көзқарастар

4. Сөз тіркесінің түрлері

Синтаксис - /грекше syntaxis/ - грамматикалық, морфология сияқты, өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын обьектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының грамматикалық мағыналары мен тұлғаларын зерттейді; синтаксис сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: С ө з т і р к е с і н і ң с и н т а к с и с і. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі , тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр- түрі қарастырылады. Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы ситаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар да синтаксиспен байланысын үзбейді.

Қазақ тілінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен тәсілдерінің синтаксистік қатынастары оның бағыныңқы сыңарына қарай, ал сөз тіркестері түрлері басыңқы қатарына қарай айқындалады.

Осы күнгі орыс тіл білімінде сөз тіркесінің басыңқы сыңарын бірнеше топқа бөліп қарастырады, ал қазақ тілінде есімді және етістікті деп екіге бөледі.

Сөз тіркесін көптеген ғалымдар сөз таптары негізінде топтаса, кейде сөйлем мүшелері аясында да топтайды.

А.Поцелуевский детерменативті салалас бағыныңқылық, сөйлемдік тип деп топтау жасайды.

Жалпы алғанда, сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай көбінесе сөз таптары негізінде топтау басым. Бірақ осы ұстанымды көптеген ғалымдар қолданғанымен түрколог ғалымдар арасында бірізділік жоқ.



Виноградов сөз тіркесінің басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті, үстеулі деп бөлсе, Шведова етістікті, субстантивті, обьективті, немесе үстеулі деп бөледі.

Максимова есімді, етістікті, үстеулі, категория состояния деп жіктейді.

Әбілқаев сөз тіркесінің бағыныңқы сыңараының негізінде топтайды.

Ал Кононов, Баскаков, Әміров есімді, етістікті деп бөлсе, Балақаев есімді, етістікті, ортақ байланысу, Жаппаров комплексті форма дегенді ұсынады.



Аханов, Серғалиев есімді, етістікті сөз тіркестеріне қоса үстеулі тіркесті қосады.

Сөз тіркестерінің байланысу формалары мен қатар олардың басыңқы сыңарларының қызметі ерекшеленеді. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болып кез-келген сөз тіркесі қолданыла бермейді. Мұндайда барлық сөз табына ұйытқы болатын бір ғана сөз табы қатысады.

Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары көбінесе есімді, етістікті делінсе, ал сөйлемдегі тиянақтаушы баяндауыштарды есімді, етістікті және құрама деп үшке бөліп қарастырамыз. Осындай құрылымдардың сөз тіркесінің аясына келгенде бір ғана байланысу формасы қарастырылады. Профессор Балақаев «О комбинированном управления прямого дополнения» деген мақаласында арнайы сөйлем мүшесі туралы сөз қозғай келіп, сөз тіркесі мәселесіне ауысады.

Сөйтіп ортақ меңгеру деген термин 1962, 1971 жылдары шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығына енгізілді. Автор оқулықта «меңгеру – сөз тіркесінің бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен мағыналық үйлесімділік негізінде септік жалғауының бірінде тұрып байланысады. Меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады да етістік, есім және сол екеуінің ортақтастық тобы болады. Осыған орай ортақ меңгеру қалыптасады» дейді.

Соңғы жылдары көптеген жаңа идеялар мен ұғымдар пайда болды. Олардың әрқайсысының өзіндік теориялық мәні бар.

«Сөз тіркесі – бағыныңқы грамматикалық байланыс – қиысу, меңгеру, қабысу және сол байланыстан туатын қатынас негізінде толық мағыналы екі немесе одан да көп сөздің бірігуінен жасалған синтаксистік бірлік.»(Сов.рус.яз.1980)

А.Н.Гвоздев «мағынасы мен грамматикалық жағынан бірігіп, ұғымдардың арасында қатынас тудыратын сөздерді сөз тіркестері деп атайды» (Сов.лит-ый яз. 1973)

«Салалас тіркес бағыныңқы тіркесіне қосымша қызмет атқарады да, кез келген сөйлемде ұшыраса бермейді, соның өзінде сөйлемдегі сөздердің кейбірін ғана біріктіреді»



Боронникованың анықтамасы бойынша «сөз тіркестері дегенді предикативтік емес қатынастарды (атрибутивтік, обьектілік, релятивтік) әр дәрежедегі сөздердің тіркесі деп ұғыну керек» (Введение в языкознание)

Сөз тіркесіне қатысты барлық пікірлерде тән ортақ тұжырым төмендегідей:



  1. сөз тіркестерінің бірыңғай ұғымды білдіретіні;

  2. белгілі бір тілдің ішкі заңдылығына сәйкес құрылатын грамматикалық бірлік;

  3. коммуникативтік емес единица

В.А.Белошапкова «Предикативтік қасиеті жоқ синтаксистік жағынан ұйымдасқан тіркестердің кез келген және сөз формаларының синтаксистік жағынан байланысқан тіркесінің барлығы сөз тіркесі деп танылады»

Г.А.Золотова «сөз тіркесін тек басыңқы-бағыныңқы компонентерімен байланысуы тұрғысынан ерекшелейді.» сөз тіркесіне қатысты пікір қозғап жүрген зерттеушілердің қай-қайсысының еңбегін қарасақ та, синтаксистің басты екі категориясын,сөз тіркесі мен сөйлемді бір-бірінен ажырата білу қажеттілігін атап, мүмкіндігінше оның шартын ұсынады.

Н.А.Баскаков қазіргі түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетеді.

1. Оларға атрибутивтік, релятивтік, обьектілік қатынастардың тән екендігі, предикаттық қатынастың болмайтындығы;

2. Сөздердің грамматикалық байланысын меңгеру, қиысу, қабысу, матасу, жанасу түрінде келетіндігі.

3. Сөз тіркесінде интоннация бомайтындығы

4. Сөз тіркесі белгілі бір сөз табына жататын сөзден жасалатындығы

5. Сол негізде сөз тіркесі есімді не етістікті болып бөлінетіндігі

6. Сөз тіркесі синтаксистік ыңғайдан басыңқы-бағыныңқы және салалас ретінде жіктелетінін айтады

(Историко-типологическая характеристика стуктура тюркских языков 1975)

Сөз айналадағы обьективті шындыұтың адам басындағы сәулесі ретінде жеке-жеке ұғымды білдірсе, с ө з т і р к е с і олардың грамматикалық қарым- қатынасын білдіреді. Ал сөйлем сол жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі байымдауды, хабарлауды сұрауды, модальділікті білдіреді. әдетте бұлар жеке сөйлемнен тиянақталып, ойымыз жеке сөйлемнен аяқтала бермейді. Сөйлемнің аяқталған ойды білдіруді оның маңындағы басқа сөйлемдермен қатынасына қарай да айқындалады. Мысалы: Түн. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар . Екі кісі даңғыл жолмен жүріп келеміз деген үш сөйлемнің алдыңғысын /Түн/ соңғылармен байланыстыра қарамасақ , сөйлем демей , жеке сөз деп таныр едік. Сол сияқты, Аспанда жымыңдаған жұлдыздар деген сөйлемнің де тиянақтылығы айналасындағы басқа сөйлемдермен байланыстыра қарағанда я талдағанда анық байқалады. Контекспен бөліп алынған сөйлемдер әр уақытта мүлде аяқталған ойды білдірмейді, біршама ғана аяқталған ойды білдіреді. Тағы бір- екі мысал келтірейік:

Күн сары белге шұқшиып барып қалыпты. Тұс- тұстан

көтерілген қою шаң тымық әуеде жайымен ыдырап барады.

Әлдеқайда шырқаған ән естіледі . Ойды өзіне тартып ап,

бойды тербеп тұрғандай. Ауыл шымыр-шымыр қайнайды: Өрістен мал қайтты, көшеде ойнаған бала , жүгірген ит-құс.

Сөйлем бір сөзден тұрса да, өз ара байланысты бірнеше сөзден құралса да, ол дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, айналасындағы басқа сөйлемдерден пауза арқылы оқшаулануымен қатар , олармен мағыналық қатынасқа еніп, ұласып, ұштасып жатады.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәні және оның зерттеу нысаны;

2. Синтаксистің басқа салалармен байланысы;

3. Қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттелуі.

4. Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілер

5. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары туралы көзқарастар

6. Сөз тіркесінің түрлері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.

2-дәріс. Есімді және етістікті сөз тіркестері

Дәрістің мазмұны:

1. Есімді тіркестер туралы жалпы түсінік

2. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері

3. Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері

4. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері

5. Етістікті тіркестер туралы жалпы түсінік

6. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері

7. Меңгеріле байланысқан етістікі сөз тіркестері

Сөздер сөйлем құрау үстінде өзара түрлі функциялық қатынасқа түседі, ол функциялық қатынас сөздердің грамматикалық байланысы арқылы көрінеді. Мысалы, Күн ұясына қонды деген сөйлемді алайық. Мұнда сөйлем құрамына енген сөздер өзара мынандай грамматикалық /синтаксистік/ байланыста тұр: Күн - қонды; ұясын – қонды.

Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі /немесе одан да көп/ сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.



Сыртта ол аспандағы жұлдыздарға қара тұрды. Бұл сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар:

Ол қарап тұрды; Жұлдыздарға қарап тұрды; Аспандағы жұлдыздарға қарап тұрды.

Бұл сөз тіркесіне берген анықтамада оған екі шарт қойып отырмыз. Біріншіден, сөз тіркесі деп тану үшін сөздер бағыныңқы қатынаста болуға тиіс, яғни екі сөздің бірі екіншісіне грамматикалық формасы, қызметі жағынан бағыныңқы қатынаста тұруға тиіс.



Жұлдыздарға деген сөзге аспандағы бағынынқы болып байланысып тұр. Қарап тұрды деген сөзге жұлдыздарға бағыныңқы болып байланысып тұр. Сөздер сөйлемде салаластық қатынасқа түсіп байланысуы да мүмкін. Мысалы, бірыңғай мүшелердің байланысуы.

Көкшетау мен Айыртауды сылқылдаған бұлағы күрсінген көлі, шулаған орманы, ақынды ерте әлдиледі. /Т.Ә./

Тіл білімінде бірыңғай мүшелердің өзара қатынасын, сөз тіркесіне жатқызбау керек деген де пікір бар. Көпшілік ғалымдар бірыңғай мүшелерді сөйлемнің өз құрылымына байланысты оның өрбуіне қатысты компонент деп қарамайды. Оны дара-дара сөйлемдердің сыйысу амалы деп атайды: Көкшетаудың бұлағы әлдиледі. Айыртаудың бұлағы әлдиледі. Бірақ тіл біліміне арналған бірталай еңбектерде сөйлемдегі бірыңғай мүше болып келген сөздерді де сөз тіркесінің қатарына жатқызады. Сондағы дәлелдері мынандай: сөйлем құрамындағы бірыңғай мүшелер өзара белгілі бір грамматикалық қатынасқа түседі: ыңғайластық, талғаулық, қарсылықты т. т. Бұл қатынастар шылау сөздер, интонация арқылы білдіріледі.

Бірыңғай мүшелердің қатысумен құрылған сөз тіркестері салаласып байланысқан тіркес деп аталып жүр. Ілгеріде келтірілген сөйлемде Көкшетау мен Айыртаудың деген сөздер бұлағы деген сөзге бағыныңқы мүше ретінде байланысып тұр: Көкшетаудың бұлағы, Айыртаудың бұлағы. Ал бұлар өзара тең салалас қатынаста: Көкшетау мен Айыртау.

Сөз тіркесі синтаксистік қызметі жағынан, лексикалық мағынасы жағынан даралығын жоғалтпаған сөздерден құралады.

Мысалы, өршіген жел, биік мая, тоты құс. Сөз тудыру, сөздің грамматикалық мағынасын құбылту үшін пайда болған тіркестер сөз тіркесі қатарына жатпайды: қызыл балық, ақ боз ат, ақ баттауық, көк ала. Мысал ретінде келтірілген сөздер - күрделі сөздер. Бұлардың компоненттері бастапқыда синтаксиске тән тәсілдер арқылы қосылғанмен, қазір бір ұғымды атайтын сөз қалпына енген. Көп жағдайда осылай құралған тіркестер жүре келе бірігіп, біріккен сөзге айналып кетеді. / Ашқарақ, шетел, қолғап, жапалақ/. Сөз тіркесі сөйлемнің сөздерден гөрі күрделі, сөздердің өзара бастапқы байланысқа түсуі арқылы пайда болған бөлшегі , единицасы деп санаймыз. Осыған қарай матыриал деп те атауға болады. Өйткені сөздер сөйлемге дара-дара кірікпейді, өзара мағыналық граммтикалық байланысқа түсіп кіреді. Күлімдеген ай шалқып тұр: ай шалқып тұр, күлімдеген ай. Сөз тіркесі, сонымен, екі сөздің арасындағы қатынасты білдіреді. Құамы жағынан бұл сөзден де, сөйлемнен де бөлек екені анық, ал мағына жағынан қалай десек, сөз тіркесі де атауыштың /номинативтік/ қызмет атқарады: оқыған бала, жаңа қалада, далада жайылған, т. т. Сөз тіркесі сөздер бағыныңқылық қатынасқа түсіп те жасайды дедік. Солай болғандықтан олардың бірі басыңқы, екіншісі грамматикалық қызметі, формасы жағынан соған бағынышты болады. Бірі басыңқы компонент деп аталады, екіншісі бағыныңқы компонент деп аталады: судың ағысы.

Басыңқы компоненттің лексикалық мағынасы, грамматикалық бітімі бағыныңқы компонеті түгелдей өзіне лайықты етіп, бағындырып тіркестіреді. Бағыныңқы компонент басыңқы сөз арқылы айтылған ұғымды толықтырады: анықтайды, мекенін, мезгілін білдіреді, обьектісін анықтайды т. б. Осынысына орай сөз тіркесінің құрамындағы басыңқы компонент пен бағыныңқы компоненттің арасындағы қатынасты негізінен анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық деп топтап, жинақтап атауға болады.



Сусыған құм. Аспанды бұлт торлаған.

Сөз тіркесінің грамматикалық бітімін басыңқы сөздің сипаты белгілейді. Басыңқы сөздің ыңғайына қарай сөз тіркестері былай топталады: етістікті тіркестер, есімдік тіркестер / сын есім тіркестер, зат есім тіркестер, есімдікті тіркестер / ; алыс жол, асау өзен. Алыс жол - зат есімді тіркес, өйткені басыңқы сөз – жол ,өзен. Олар - зат есімге жатады.



Аспанды торлаған - етістікті тіркес, өйткені басыңқы сөз – торлаған, ол - етістік. Синтаксистік байланысқа түскен екі сөздің құрамын сөз тіркесі деп тану үшін ол сөздер мағына жағынан, синтаксистік қызметі жағынан дербес дара болуы керек екенін айттық. Осы шартпен құралған тіркестер еркін тіркес деп аталады. Өйткені тіркестің құрамындағы сөздер еркін қатынаста тұрып, өзгеріп алмасып жатады: кеңседен шықты, кеңсеге жиналды, ауылға оралды, қаладан оралды Тіркес тек сөйлем құрауға немесе сөз тіркесіне, ғана қатысты пайда болмайды. Лексикалық, грамматикалық тұлғалар тудыру де тіркестер пайда болады

Лексикалық, грамматикалық форма тудыру мақсатында жұмсалатын тіркестерді туйдекті тіркес деп атайды.

Экспрессивті лексиканың қатары да көп жағдайда тіркестер арқылы қорланып жатады. Аузы қышиды, ала аяқ т. т.

- Бұлар фразеологиялық , идиомдық тіркестер немесе тұрақты тіркес деп аталады. Өйткені тіркес тұтас күйінде бір ғана ұғымның атауы ретінде жұмсалады. Тіркестегі сөздер даралауға келмейді, дара, дербес алынғанда бастапқы ортақ лексикадық мағына жойылады.

Түйдекті тіркес те, тұрақты тіркес те синтаксис , соның ішінде сөз тіркесі синтаксисі зерттейтін обьект емес. Бұларды атағанымыз - тіркестің пайда болатын жайларын , олардың түрлетін байқату үшін ғана. Ескертіп кететін нәрсе - тіркес, сөз тіркесі деген екі терминдік атауды, ажыратып тану керек. Тіркес - тілдегі процестің атауы, сондықтан бұл атауды жалпы мағынада жұмсаймыз. Сөз тіркесі – тіркестің белгілі шартқа сай көрінісі. Сөз тіркестері компоненттерінің құрамына қарай жай сөз тіркесі , күрделі сөз тіркесі деп екі топқа бөлінеді.

Екі жай сөзден құралған сөз тіркесі жай сөз тіркесіне жатады. Егер тіркестің бір компоненті ретінде күрделі сөздер қатынасса, оны күрделі сөз тіркесі деп атаймыз: көлге қонды - жай тіркес, көлге қонып жатыр - күрделі тіркес.



Бақылау сұрақтары:

1. Есімді тіркестер туралы жалпы түсінік

2. Қабыса, матаса, меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері

3. Етістікті тіркестер туралы жалпы түсінік

4. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері

5. Меңгеріле байланысқан етістікі сөз тіркестері



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.

3-дәріс. Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары

Дәрістің мазмұны:

1. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәні және оның зерттеу нысаны; Синтаксистің басқа салалармен байланысы; Қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттелуі.

2. Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары

3. Дара, күрделі, үйірлі мүшелер

4. Сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері.

Тілдің адам өміріндегі қызметін айтып жатудың қажеті бола қоймас. Өйткені тіл — адамның мақсатты тіршілігінде бір-бірімен түсінісетін, пікір алысып, өткендегісі мен бүгінгісін, болашақтағы әрекетінің түрлі моделін білдіретін құрал.

Міне, осы бір ой адам басында (миында) сыртқы ортаның әсерінен пайда болады. Сол сыртқы тітіркендіргіштердің ықпалымен болған мидағы қозу нүктесінде қалыптасқан әсерлеріміздің сапасы, оның қалдырған ізі де әр алуан болады. Одан әрі сол әсерлерімізді тіл арқылы жарыққа шығарғанда біз белгілі бір жүйеге түскен сөздер тіркесімен береміз. Ондай тіркестер мағыналық жағындығы бар, толық лексикалық мәндегі сөздерден болатыны бұдан бұрын талданған болатын.

Осылайша өз ойымызды айтып жеткізуді соған қа­жет болатын тілдік материалдарды жинақтап, сөйлем деп аталатын жүйеге келтіреміз. Сонда сөйлем жүйелі ойдың көрінісі болады. Ал сол сөйлеміміздің өзі шындық дүниенің көрінісі бола отырып, жеке мүшелерден тұрады. Бұл ретте оның мүшелері тұтас ой деп аталатын механизмнің қозғалысқа келтіретін тетігіне, тетігі болғанда жетекші тетігіне қатты ұқсайды. Грамматикада мұны сөйлем мүшелері деп атайды. Қазақ тілінде ондай мүшелер бесеу.

Дәстүрлі грамматикада осы сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөлу ғасырымыздың бас кезінде-ақ ғалым Ахмет Байтұрсынұлы жазған еңбектерде қалыптасқан болатын. Ғалым «Тіл тағлымы» атты еңбегінде тұрлаулы мүшенің екеу екенін көрсетіп, оларды 1) бас мүше; 2) баяншы мүше деп атағаны мәлім. (А.Байтұрсынов. Тіл тағлымы. Алматы, 1992. 265-6.). Сонымен қа­тар жеңілдік үшін бас мүшені — бастауыш, баяншы мүшені — баяндауыш деп атады, Осылайша Ахмет Байтұрсынұлы көрсеткен атауларды қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымдары жалғастырды, сол арқылы күні бүгінге дейін қазақ оқушылары атап келеді.

Тұрлаусыз мүшелер сол кезде қалай аталса, қазір де солай айтылып жүртолықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш. Тілде, қалай болғанда да, басы артық сөз жоқ. Солардың бәрі де өзімізге қызмет етеді. Бар нәрсені ойлау деп аталатын кең дүниенің көрігінен өткізіп, керегімізге жаратқанда, біз үнемі қарапайымнан күрделіге қарай қадам жасап келе жатқанымызды тіл ғылы-мында да ескеріп отырғанымыз дұрыс болады. Асылы, сөйлем мүшесі дегеннің, өзі ойға құрылған сөйлем-күмбездің тірегі болмақ. Мысалы:

1. Мен мұны босқа айтып отырған жоқпын.

2. Қазақ тарихындағы ең қайғылы кезең кеңес үкіметі орнаған кезден басталады. (М.Тәтімов)

Келтірілген мысалдарда әртүрлі ой бар. Ал сол ойларды білдіріп тұрған бүкіл сөйлемнің бойында өзара байланысқа түскен мүшелер бар. Сонда ойды толық білдіріп тұрған сөйлемдеріміз тек өзінің мүшелері арқылы ғана басқаларға түсінік беріп тұр. Ойды білдірудің бұдан басқа тілдік дерегі байқалмайды.

Бұл — сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, бас мүшесі. Сондықтан ол сөйлемдегі айтылған ойдың қазығы, негізі болады. Бастауыштың сұрақтары да әр алуан. Бірақ грамматикалық жағынан тұлғаланған көрсеткіші — атау септігінде тұру. Ал атау септігінің тегінде жататын сұ­рақтары — кім? не? (С.Аманжолов, М.Балақаев, Р.Әміров, М.Серғалиев, Т.Сайрамбаев т. б.)

Бірақ бұған қарай бастауышты тек қана осы сұрақтармен анықтауға болмайды. Өйткені бастауыш бола­тын сөз таптары да, олардың атау септігінде тұратын тұлғалық көрсеткіштері де үнемі кім? не? дейтін сұрақтарға жауап бермейтіні былай тұрсын, олар сөйлемдегі бастауыш мүшенің қай сөз табынан болғанына және тұлғалық көрсеткішіне қарай өзгеріп отырады. Мәселен, жоғарыда келтірілген екі мысалдың алғашқысындағы бастауыш — мен. Сұрағы — кім? Грамматикалық тұлғасы — атау септік. Ал екінші сөйлемнің, бастауышы — кезең. Сұрағы — не? Грамматикалық көрсеткіші — атау септік.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәні және оның зерттеу нысаны;

2. Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары

3. Дара, күрделі, үйірлі мүшелер

4. Сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
4-дәріс. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Дәрістің мазмұны:

1. Тұрлаулы мүшелердің ерекшеліктері;

2. Бастауыш, оның жасалу жолдары;

3. Баяндауыш, оның жасалу жолдары.

Қазан төңкерісі және онан кейінгі дәуір, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Х.Басымов, І.Бәйтенов, Ә.Ермеков, С.Аманжолов, М.Балақаев, С.Жиенбаев, Т.Қордабаев, Ш.Сарыбаев сөйлем мүшелері туралы. 1940 жылға дейінгі сөйлем мүшелері туралы талас пікірлер. Негізгі себептері.

а) Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі, оның көрінісі, оның жасалуындағы сөз таптарының лексикалық, грамматикалық өзгерістерінің сөйлем мүшелерінің жасалуына қатысы.

ә) сөйлем мүшелері – лексика.

б) сөйлем мүшелері – морфология.

в) сөйлем мүшелері – фразеология.

Сөйлем мүшелерінің бір-біріне ауысуы, оның көріністері, сөйлем мүшелеріндегі синкретизм. Сөйлем мүшелерінің сұраулары, қалыптасуы, оларды қоюдың негізгі принциптері. Сұрауды бүкіл сөйлем бойынша қоюдың тиімділігі.

Бастауышты табуда жоғарыдағы сұрақтардың әр-түрлі варианттары қолданыла береді. Мысалы:

1. Тарих күшінің ұзақ жолдарында талай-талай оқиғалар болып өтті.

2. Кітаптың араб тіліндегі данасы Стамбулдағы белгілі Ая-София мешітінің кітапшасында сақталған.

3. Испандықтар Американың жергілікті халықтарын үндістер деп атады. (Халық календары)

Осы сөйлемдердің бастауыштары — оқиғалар, дана­сы, испандықтар. Бәрі де атау септікте тұр. Бірақ бастапқы түбір — атау күйінде тұрған жоқ, оларға қандай да бір қосымшалар — көптік жалғау, тәуелдік жалғау қосылған. Сөйте тұра нелер? несі? деген сұрақтарға жауап беріп, әр сөйлемде айтылған ойдың қазығы болып тұр.

Бұл айтылған бастауыштардың зат есімдерден болғанын көріп отырмыз. Осы бастауыштарымыз оқулықтарда айтылып жүргеніндей қай сөз табынан болғандығына дәлел. Дегенмен, бастауыштың қай сөз табынан болатыны және оның тұлғалық жағын айта отырып, біз бастауыштың мағыналық жағын да ескеруіміз керек бо­лады. Өйткені бастауыш болатын әрбір сөздің ішкі ма-ғынасы болады. Мәселен, бастауыш болған зат есім, есімдіктер осы қызметте жұмсалғанда, сол өз мағынасында қолданылса, басқа сөз таптарынан болған бастауыштар өзінің бастапқы мағынасында тұрып сол қызметті атқармайды, келтірінді мағынаға ауысып барып бастауыш болады. Мысалдар:

1. Өйткені бізде әлі де демографиялық сана мен ой толық қалыптаспаған.

2. Бұл аз ба, әлде көп пе? (М.Тәтімов).

3. Бес екіге бөліне ме?

4. Еріншектің ертеңі бітпес, жеңілтектің селтеңі бітпес (Мақал).

5. Дұрыстықты айту — парыз ғой. (1001 түн).

6. Тапқан қуанады, таныған алады (Мақал).

7. Осы кезде сарт-сұрт басталып та кетті (Ертегілер).

8. Соң — жылау ғой.

9. Алдамнан ойбайым тыныш.

10. Ақтар да қарап жатпаған шығар. (X.Е.). Осы сөйлемдердегі бастауыштар —«бұл, бес, ертеңі, селтеңі, айту, тапқан, таныған, сарт-сұрт, соң, ақтар»деген сөздер. Бұлардың да мағыналық ішкі ерекшеліктері бар. Ондай ерекшеліктер осы сөздердің бастапқы мағынасында жатыр. Мәселен, «бес» сөзі бастауыш бола тұрып ішкі мағынасы жағынан сандық. Мәнде тұрса, «сарт-сұрт», «тапқан, таныған, айту» сияқты бастауыштар қимылдық ішкі мағынасы бар турлалы мүше болар еді.

Сонда бастауыштың тек сыртқы тұлғалық, жағы ғана емес, оның мағыналық жағынын да орны бар екенін көреміз. Осылайша бастауыштарды заттық, сандық, сапалық, қимылдық мағынасы деп бөлгеннің дұрыс екенін айтқан жөн.

Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, түбін қазып қарастырып келгенде, бастауыш болатын—зат есім. Басқа сөз таптары зат есімнің орнында немесе арқасында ғана бастауыш бола алады (А.Байтұрсынов. Тіл тағлымы. Алматы, 1992. 270-6.)

Бастауыштар құрылысына қарай дара, күрделі және үйірлі болып бөлінеді. Бұлардың осылайша бөлінудегі басты себеп, олардың құрамының санына байланысы. Бірқатар бастауыштар бір ғана сөзден тұрып дара өзі сол сөйлемдегі ойдың қазығы болса, екіншілері сондай синтаксистік қызметті атқарғанда, қалайда құрамында екі не одан да көп сөздер болғанда ғана бастауыштың қызметін атқаруға жарайды. Бірнеше мысал келтірейік.

1. Бірде Жиренше серіктерімен алыс жолдан келе жатады (Ел аузынан).

2. Көкті бу көтереді,

Жүйрікті ду көтереді.

Өлімді ер көтереді,

Ауырды нар көтереді! (Ел аузынан).

3. Шілденің аптап ыстығында халық бірнеше күн күтіп қалады (Ел аузынан).

Мұндағы бастауыштардың бәрі де дара құрылысты, бір ғана сөзден болғаны анық. Олар — Жиренше, бу, ду, ер, нар, халық — сияқты да бастауыштар. Дара бастауыштардың қай-қайсысы да сөйлемдегі ойдың, амал-әрекеттің жеке орындаушысы, қазығы, ұйытқысы болады.

Ал күрделі бастауыштардың құрылысы өзгешелеу, бірақ атқаратын қызметі — ойдың қазығы болу. Тілімізде күрделі бастауыштардың жасалу жолдары алуан түрлі.

Бұл арада күрделі бастауыштың, қай сөз табынан жасалатыны туралы айтудың қажетінен гөрі оның қалай, қандай тәсілдермен болатынын көрсеткен дұрысы-рақ сияқты. Өйткені біз бастауыштың қандай сөз таптарынан жасалатынын білеміз.

Күрделі бастауыштар да сондай сөз таптарынан жасалады. Айырмасы — құрылысы күрделі және тәсілдері де әр түрлі болады. Мысалы:

1. Құс жолы күз айларында айқын көрінеді (Халық календары).

2. Мүшел есебі Азия халықтарының тұрмысына әбден сіңісіп кеткен (Халық календары).

3. Бес жердегі бес — жиырма бес.

4. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет.

5. Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев 1890 жылы Импе­раторлық Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медалъмен бітіріп шығады.

6. Мен өзім кішкентайдан қарға бақтым (Қырық өтірік).

7. Тілене беру — ұят. (С.Сарайи).

8. Пайда көздеген өзін құл қылады. (Баласағұни).

Бақылау сұрақтары:

1. Тұрлаулы мүшелердің ерекшеліктері;

2. Бастауыш, оның жасалу жолдары;

3. Баяндауыш, оның жасалу жолдары.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.

5-дәріс. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш.

Дәрістің мазмұны:

1. Анықтауыштың жалпы сипаттамасы.

2. Тұлғалық және мағыналық белгілері.

Анықтауыш, көзқарастар, зерттелуі. Анықтауыш сипаты, олар қатысты сөздер. Анықтауыштардың орын тәртібі. Анықтауыштық тұлға: нольдік және ілік жалғаулы сөз. Анықтауыштың сұраулары. Анықтауыштың мағынасы мен тұлғасына қарай түрлері: сапалық, меншікті, үйірлі анықтауыш.

Анықтауыштың жасалу жолдары, семантикасы.

Негізгі сөздердің анықтауыш қызметінде жұмсалу ерекшеліктері. Негізгі сөздер мен көмекші сөздер арқылы жұмсалу ерекшеліктері.

Анықтауыштың құрылымы: дара, күрделі түрлері, жасалуы, айырмашылықтары. Үйірлі анықтауыштар. Анықтауыш түрлері, жасалуы, тыныс белгілері, ол туралы көзқарастар.

Бақылау сұрақтары:

1. Анықтауыштың жалпы сипаттамасы.

2. Тұлғалық және мағыналық белгілері.

3. Анықтауыш, көзқарастар, зерттелуі



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.

6-дәріс. Толықтауыш. Пысықтауыш

Дәрістің мазмұны:

1. Толықтауыш, тұлғалық және мағыналық белгілері.

2. Пысықтауыш жалпы түсінік, түрлері.

3. Толықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі.

Толықтауыштық тұлға:


  • септік жалғаулары

  • септік жалғаулары мен көмекші етістік

  • септік жалғаулары мен шылау.

Толықтауыштың сұраулары, түрлері: жанама, тура толықтауыштар, айырмашылығы. Тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуы туралы көзқарастар.

Толықтауыштың жасалу жолдары, семантикасы. Негізгі сөздердің толықтауыш қызметінде жұмсалуы, ерекшеліктері.

Толықтауыш құрамы, жасалуы, олардың аясының кеңеюі мен тарылуы, басқа сөйлем мүшелеріне ауысу процессі.

Пысықтауыш, оның қалыптасуы, ол туралы көзқарастар. Пысықтауыштық тұлға: нольдік, септік, негізгі сөз – көмекші сөздер, жұрнақты түрлер. Пысықтауыштың сұраулары. Пысықтауыштың жасалу жолдары:

1. Қабыса байланысқан пысықтауыш:

Үстеу, сын есім, сан есім, көсемше, шартты рай, еліктеуіш сөздер, есімдік, есімше, қимыл есімі.



  1. Меңгеріле байланысқан пысықтауыштар:

Зат есім, үстеу, есімше, тұрақты тіркес.

Пысықтауыштың түрлері, семантикасы. Мезгіл, мекен, мақсат, себеп, амал, мөлшер пысықтауыштары, олардың семантикасы, сұраулары, жасалуы, құрамы. Пысықтауыштың әрбір түрінің жасалуындағы негізгі сөз табы – үстеу және ретінде қарай олардың әрқайсысының жасалуындағы ерекшеліктер, олардың байланысу формаларына қарай бөлінуі.



Бақылау сұрақтары:

1. Толықтауыш, тұлғалық және мағыналық белгілері.

2. Пысықтауыш жалпы түсінік, түрлері.

3. Толықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
7-дәріс. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, үйірлі мүше, айқындауыш мүше

Дәрістің мазмұны:

1. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелері

2. Үйірлі мүшелер

3. Айқындауыш мүшелер

Сөйлемдегі оқшау сөздер, олардың түрлері. Оқшау сөздердің сөйлемдегі орны, оқшау сөздерді сөйлемнен алып тастау немесе керісінше пікірлер, түрлері.

Қаратпа сөз, сөз тіркесі, сөйлем, олардың әрқайсысының жасалу жолдары.

Қыстырма сөз, сөз тіркестері.

Одағай сөздер.

Оқшау сөздерге байланысты тыныс белгілері.

Сөйлем синтаксистің ең негізгі единицасы. Сөйлемнің танымдық, коммуникативтік қызметі. Сөйлемнің коммуникативті қызметінің сөз, сөз тіркесінен айырмашылығы. Сөз тіркесі мен сөйлем, олардың бір-біріне ауысуы. Сөйлемнің анықтамасы, ол туралы әр түрлі пікірлер. Сөйлемнің зерттелу аспектіліеі: конструктивті аспект, коммуникативті аспект, семантикалық аспект.

Сөйлемнің эволюциясы. Сөйлемнің қалыптасуында сөз таптарының орны. Есімді сөйлемдер, олардың тіл-тілдегі орны.Етістікті сөйлемдер.Ерте дәуірге байланысты есімді, келе-келе етістікті сөйлемдердің қалыптасуы. Аналитикалық, синтетикалық тәсілді сөйлемдер, олардың қалыптасуы. Сөйлемдегі предикативтік, тіл-тілдердегі анықтамасы, ол туралы көзқарастар. Предикативтілік: субъекті мен предикат, тема, рема, бастауыш пен баяндауыштардың қатынасы. Сөйлемнің тілдің басқа салаларымен байланысы.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, түрлері, ондағы жалпылауыш мүшелер, оларға қатысты жалғаулықтар және олардың тыныс белгілері.

Қазақ тілінің бір сөйлемнің ішінде бір мүшенің бірыңғай бір сұраққа жауап беретін, бірдей тұлғада тұратын сөздердің келуі көне жазба ескерткіштерінен бастап, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан құбылыс.

Бірыңғай мүшелердің жазылуында не қос нүктемен, не сызықшамен жазылатын екі түрлі жол бар.

Бірыңғай мүшелердің арасы жалғаулыұтармен де, жалғаулықсыз да байланыса береді. Ондай жалғаулықтардың қатарына ыңғайлас жалғаулықтар, талғаулы жалғаулықтар, кезектес жалғаулықтар жатады.

Бірыңғай мүшелердің құрамы бір сөзден де немесе тұтас тіркестерден де бола береді



Бақылау сұрақтары:

1. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелері

2. Үйірлі мүшелер

3. Айқындауыш мүшелер



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
8-дәріс. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

Дәрістің мазмұны:

1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

2. Инверсияланған сөйлемдер.

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі: Инверсия құбылысы. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің тарихи қалпы мен кейінгі өзгеру себептері. Түпкілікті орын тәртібінің сипаты. Түпкілікті орын тәртібнің өзгеруі (инвариант), оған әсер ететін факторлар. Сөйлемде сөздердің актуализация мақсатына қарай орын ауыстыруы.

Тіліміздегі сөйлем мүшелерінің орналасуы: сөйлемнің бастауышы – бірінші, ал екінші – баяндауышы тұрады. Бұл тіке тәртіп. Сөйлем тек тұрлаулы мүшеден ғана тұрмайды. Осы екеуінің айналасына топталатын тұрлаусыз мүшелер бар. Ондай жағдайда бастауыш пен толықтауыштың маңына анықтауыштар орналасады. Ал баяндауыштың айналасына толықтауыштар мен пысықтауыштар орналасады. Осылардың орналасуында орынды алшақтық болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

2. Инверсияланған сөйлемдер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
9-дәріс. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері

Дәрістің мазмұны:

1. Хабарлы сөйлемдер

2. Сұраулы сөйлемдер;

3. Лепті сөйлемдер.

4. Бұйрықты сөйлемдер

Синтаксистің басты зерттеу обьектісінің бірі – сөйлем. Сөйлем - пікір алысуды, қарым - қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың бір тұтас бөлшегі. Біздің басқаға айтатын ойымыз мақсатты болады: кейде, мысалы, есіткен – білгенімізді біреуге хабарлауды мақсат етсек, кейде біреуден бірдеңені сұрап білуді мақсат ете сөйлейміз. Сондай мақсатты ойларымызды сөздерден сөйлем құрау арқылы хабарлаймыз. Ал сөздер сөйлем құрамына ену үшін өзара мағыналық, синтаксистік байланысқа түсіп, өзара тіркесіп айтылады. Сөздердің тіркесуінен сөз тіркесі жасалады.

Сөйтіп, сөздерден сөз тіркесі, сөз тіркестерінен сөйлем құралады. Сөз де, сөз тіркесі де - сөйлем құраудың материалдары. Сөйлем кейде көп сөзден, кейде жеке сөзден не сөз тіркесінен жасалады. Соңғы жағдайда сөздер мен сөз тіркестері өздерінің лексикалық және синтаксистік қасиетін жоймайды. Түн. Аспанд алақандай бұлт жоқ. Не болмаса: Желсіз түн. Екі кісі жүріп келеміз. Бұл сөйлемдерде түн- әрі сөз, әрі сөйлем; желсіз түн - әрі сөз тіркесі, әрі сөйлем.

Сөздер сөз тіркестерінің құрамына ену арқылы сөйлем құраудың материалы болады да, бастауыш- баяндауыштық /тұрлаулы/, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық / тұрлаусыз/ қатынаста жұмсалады. Тұрлаулы мүшелер сөйлем құраудың бас арқауы, негізі болса, тұрлаусыз мүшелер олардың маңына ұйысып бастауыш, баяндауыш арқылы ойды толықтырып, айқындай түседі. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай х а б а р л ы, с ұ р а у лы, б ұ й р ы қ т ы және ле п т і болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем. Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем х а б а р л ы болады. [29:33]



Терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол салған, тасты жарып. /Абай./ Күн қызыл арай шатырынан жаңа ғана шыққан. Аспан шайдай ашық. Ғылым ауыл шаруашылығын өркендете беруге үлкен көмек көрсетіп келеді. Халық өз бақыты үшін күресетіні білсе, оған ешбрі жау төтеп бере алмайды.

Хабарлы сөйлемдердің мазмұны әртүрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің, әсіресе баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты. Баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай хабарлы сөйлемдер, мысалы, б о л ы м ды/ Жаңбыр жауды/, б о л ы м с ы з /Жаңбыр жаумайды/, ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай е т і с т і к т і /үйдің іші жылынды/, е с і м д і Күн жылы. Аспан ашық. Айнала жым-жырт/ болып бөлінеді. [30:28]

Хабарлы сөйлемдер, жалпы алғанда, бірсыдырғы баяу әуенмен айтылады; жалаң сөйлемдер тақ-тұқ қайырылса, жайылма сөйлемдерді айтқанда, дауыс сөйлемнің соңында бәсеңдей түсіп тынады.Мысалы:

Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген салқын бар. Асанмен сөйлесіп отырған Қажымұқан бұлардың әңгімесін бөліп жіберді.

Бір сөйлемнен екінші сөйлемнің межелі жігі пауза арқылы айрылып тұрады. Бірақ хабарлы сөйлемдегі жеке сөздердің айтылу әуені әр уақытта бірқалыпты бола бермейді. Көп құрамды хабарлы сөйлемнің ішіндегі бастауыштың не толықтауыштың маңына топтанған сөздердің саны неғұрлым көп болса, сол топ солғұрлым оқшаулана түсіп, көтеріңкі дауыспен айтылады да, одан кейін дауыс бәсеңдей береді. [31:62]



Таудан төмен қарай сырғанап келе жатқан шаңғышылар колхоз клубының алдына келіп тоқтады.

Жазғы жайылымнан қайтқан сиырларды Айша қораға кіргізді.

Баяндауышы зат есім мен есімдіктен болатын сөйлемдер интонация жағынан екі бөлініп айтылады.

Басқа біреуден, негізінде, жауап күту мақсатымен кейде сөйлеушінің, жазушының өзі жауап беру үшін де айтылған сөйлемдер с ұ р а у л ы болады. Сұраулы сөйламдар сұраулық интонациямен айтылады да, дауыс сөйлемнің соңына қарай күшейе түсіп тынады:


  • Қайдағы жау ?

  • Бар жылқыны әкетті ме? - деп жан-жақтан жапырлай

сұрасты.

Әй, тілің ба ма өзіңнің? Неге бұғасың?..Неге жөніңді айтпайсың? - деді Қадірбек.

Сұраулы сөйлемдер интонация арқылы және сұрау есімдіктері, сұраулық шылаулар, кейбір көмекші етістіктер мен қосымшалардың қатысуы арқылы жасалады. Олардың бастылары мыналар:

1.Сұраулы сөйлемдер -ма/-ме,-па/пе,-ба/бе сұраулық шылаулары арқылы жасалады:Жиналыс басталды ма ? Баяндамашыға сұрақ бар ма? Анау келе жатқан Жақып па, Әсет пе? -Өзі атпен баратын жер ме, машинамен баратын жер ме?

Сұраулық шылау қысқарып жіктік жалғаулардан бұрын келу арқылы да сұраулы сөйлем жасайды:

2.Сөйлемде кім, не, қашан, қайдан, қандай, кімді.. сияқты сұрау есімдіктері айтылу арқылы сұраулы сөйлем жасалады:

- Мұнда қайдан жүрсіз?

- Ой, Бәтес, мұның не?

- Сені кім шақырды? - Жиналыста қандай мәселе

қаралды?

3. Шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі баяндауыштың құрамына еніп, сұраулық интонациямен айтылғанда, сөйлем сұраулы болады: Сен осы ауылдың баласы шығарсың?Борашты көріп жүретін шығарсың? Оның өзін тыңдап көрсек қайтеді?

4. Баяндауыштың құрамында -ау, ғой шылаулары мен ? одағайы айтылып та сұраулы сөйлем жасалады:Сен кіп-кішкентай қуыршақтай еді -ау, ә? Егістің дайындық жұмысына қызу кірісіп жатырсыңдар ғой, ә ?

5. Ше демеулігі баяндауыштардың құрамына ену арқылы да сұраулы сөйлем жасалады:



  • Ал, Жамал ше? Өзің ше ?

  • Атым Қайырғали, Өзіңнің атың ше ?

Сұраулы сөйлем әдетте түгелімен көтеріңкі дауыспен айтылады. Сонымен қатар, көп құрамды сұраулы сөйлемдерде жауап күтуді білдіретін сөздер / әсіресе сұрау есімдіктері/ басқа сөздерден гөрі басым әуенмен айтылады / Сені кім шақырды? өзге жолдастар қайда ?/. Кейде, ондай, ой екпіні түсіп, басым әуенмен айтылатын сөз тікелей баяндауыштың қасында тұрады.

Cұраулы сөйлем қойылатын сұрақтардың мазмұны әр түрлі болады. Олардың негізгілері мыналар:

1. А ш ы қ с ұ р а қ. Біреудің ойын немесе біреудің я бірдеңенің жайын, бар- жоқтығын білу мақсатымен айтылған сұраулы сөйлемдерде сұрау ашық қойылады:

- Атың кім? - деді ересек бала.

- Қайырғали... Өзіңнің атың кім ?

- Шеген...

Д ә у р е н : Өзіңіз қандай ақыл бересіз ?

Б о г д а н о в : Барлық күшті осы төбеге салыңдар дегеннен басқа айтарым жоқ.

Ашық мәнді сұраулы сөйлемдердің баяндауыштарына ой екпінін түсіре, сұраққа жауап алу үшін бір сөйлемде сұрақ кейде екі рет айтылады. Ондай екі рет айтылатын сұрақтар көбінесе біріне-бірі қарсы мәнді сөздер болады. Сұраулы сөйлемнің сондай экспрессивті мәнін күшейту үшін бір сұрақ қазбаланып кейде бірнеше рет қойылады.

Ол бүгін келе ме, келмей ме ? Әне бір өрге шыққан немене ? Тау ешкісі ме, сенің ешкің бе ? Бұған кім кінәлі?

Қайыр ма? Дәмеш пе ? Ораздың өзі ме ? Не іздейсің, көңілім, не іздейсің ?

2. Қ а р с ы с ұ р а қ. Бірқатар сұраулы сөйлемдерде ашық жауап берілмей, сұраққа сұрақ түрінде де жауап беріледі де, қарсы сұрақ қойылады.

Б о г д а н о в : Олай болса, сонша малға жерді қайдан таппақсың?

Ж а н а р: Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па?



  • Біздің ауылға барасың ғой, қызым?

  • Бармағанда қайтем?

  • Ой, мынау тамаша емес пе?

  • Несі тамаша?

3. К ү м ә н д і с ұ р а қ. Бірқатар сұраулы сөйлемде бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп айтылмай, айтушының бірдеңеге күмәнданғанын да білдіреді. Ондай әрі сұраулы, әрі күмәнді сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма//ме, екен, екен-ау және ә деген сөздер болады:

  • Сол жаққа мен де барсам ба екен?

  • Мына мың болғыр бой бермей кетер ме екен?

4. Т а ң ы р қ а у л ы с ұ р а қ . Баяндауышының құрылысы күмәнді сұрақ формаларында немесе деймісің деген сөзбен келетін сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, таңырқау мағынасында да айтылады. Ондай сөйлемдер әрі сұраулы, әрі лепті болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қойылады:

- Сіздер де арман бар ма екен?

Лепті сөйлем.

Кісінің көңіл күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін жұмсалатын сөйлемдер л е п т і болады. Лепті сөйлемдердің мағыналары жай хабар болумен қатар, кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, ызасы, аянышы, жалынышы, күмәні, жиреніші сияқты ішкі сезімдерін білдіреді.

Лепті сөйлемдер мұндай мағыналарда айтылу үшін олардың құрамында көбінесе одағайлар болады. Кейде одағайлардың өзі лепті болады. Оның үстіне сөйлем асқақтаған көтеріңкі дауыспен - лептілік интонациямен - айтылады:


  • Қап! - деді Ахмет өте шығып.

  • Пай –пай-пай, бұл неткен жан! - Пай-пай, Ысқақ-ай,

осындай адамдарды көре білмейсің!

Лепті сөйлемдердің эмоциялық мағыналары олардың құрамындағы одағай, модаль сөздермен, сөйлемдердің лептілік әуеімен байланысты:

1. Қ о р қ у , с е с к е н у , а я у, ө к і н у , т а ң ы р қ а у сияқты кісінің көңіл күйін білдіретін сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ау, ай демеуліктері айтылады.

2. Баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені к ө к с е у ,а р м а н е т у мағынасында лепті сөйлем жасалады. Ондай сөйлемдер шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас болып айтылмай, жай сөйлем ретінде жұмсалады.

Күрделі баяндауыштың негізгі сөзі келер шақтық есімше болып, одан кейін сұраулық – ма / ме шылауы мен еді көмекші етістігі тіркесіп те а р м а н

м ә н д і лепті сөйлем жасалады.

3. Өткенде істелуге тиісті бірақ істелмеген, болмаған іске ө к і н у ретінде айтылатын да лепті сөйлемдер болады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе екі түрлі болып келеді.

а/ болымсыз тұлғадағы өткен шақтық есімше мен есімше тұлғасындағы көмекші етістік /екен/, одан кейін демеулік де тұрады.

ә/ бірінші жақтық шартты рай тұлғасындағы етістікке – шы/ ші қосымшасы жалғанады. Ондай сөйлем ерекше көтеріңкі әуенмен айтылады.

4. Бірдеңені а с ы р а м а қ т а н е т у, м а с а т т а н у мағынасында да лепті сөйлемдер болады. Ондай сөйлемдердің ішінде қандай, ғажап, неткен,болғанда қандай, пай-пай, ай деген сөздер болады.



Бақылау сұрақтары:

1. Хабарлы сөйлемдер

2. Сұраулы сөйлемдер;

3. Лепті сөйлемдер.

4. Бұйрықты сөйлемдер

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.

10-дәріс. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері

Дәрістің мазмұны:

1. Жақты сөйлемнің сипаттамасы

2. Жақсыз сөйлем туралы түсінік

3. Жалаң, жайылма сөйлемдер

4. Толымды, толымсыз сөйлемдер

Сөйлем бір сөзден тұрса да, өзара байланысты бірнеше сөзден құралса да, ол дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, айналасындағы басқа сөйлемдерден пауза арқылы оқшаулануымен қатар, олармен мағыналық қатынасқа еніп, ұласып, ұштасып жатады. Сөйлемнің сөзден, сөз тіркесінен бөлек единица екенін айқындайтын басты белгілері мыналар: 1/сөйлем б і р ш а м а а я қ т а л ғ а н о й д ы , м о д а л ь д і л і к т і білдіреді; 2/сөйлем өзара байланысқа енген с ө з д е р д е н, с ө з т і р к е с т е р і нен қаралады; 3/сөйлем бастауыш пен баяндауыштың байланысынан туған п р е д и к а т т ы қатынасты білдіреді; әрбір сөйлемнің айтылу и н т о н а ц и я с ы болады. Осыларды негізге алып сөйлемге мынандай анықтама беруге болады: Предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегін сөйлем дейміз. Сөйлемдегі сөздердің әрқайсысы өзінің лексикалық мағынасына лайық сөйлем құруға қатысып, тұтас ойдың мазмұнына ортақтасып тұрады. Олар сонымен қатар, сөйлемде жалаң мүше қызметінде не күрделі мүше құрамында тұрып, өздерінің лексикалық және грамматикалық мағыналарын айқындай, толықтыра түседі.



Бақылау сұрақтары:

1. Жақты сөйлемнің сипаттамасы

2. Жақсыз сөйлем туралы түсінік

3. Жалаң, жайылма сөйлемдер

4. Толымды, толымсыз сөйлемдер

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.

11-дәріс. Атаулы сөйлем. Түрлері.

Дәрістің мазмұны:

1. Атаулы сөйлемге тән ерекшеліктер;

2. Атаулы сөйлемдердің зерттелуі;

3. Атаулы сөйлемдердің түрлері.

Атаулы сөйлем. Қазақ тілінде атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың, құбылыстын. атын білдіреді. Атаулы сөйлемде ешқашан да баяндауыш болмайды. Егер атаулы сөйлемге баяндауышты қосып айтсақ, ол атаулы сейлем болудан қалады. Атаулы сөйлемде тұрлаусыз мүшелер, оның ішінде әсіресе анықтауыш, кездесіп отырады. Ол атаулы сөйлемдегі ойды әсерлендіре, суреттей түседі. Атаулы сөйлем көркем шығармада адам портреті мен табиғат бейнесін суреттегенде жиі қолданылады. Сол сияқты жазушы оқырмандарынын, назарын ерекше аударғысы келген затты суреттегенде де, атаулы сөйлемді жиі қолданады. Осы айтылғандардың бәрі — атаулы сөйлемнің өзіндік ерекшелігі. Оны оқушыларға тұжырымдап, қорытып, темендегідей етіп санамалап айтуға болады.

Атаулы сөйлемнің өзіндік белгілері:



  1. Атаулы сөйлемде тұрлаулы мүшеден бастауыш қана болады.

  2. Атаулы сөйлем мезгілді, мекенді және заттың, құбылыстың атын білдіреді.

  3. Атаулы сөйлем жазушы тіліне ықшамдық, көркемдік нәр береді, сондықтан табиғатты, адам келбетін (портретін) немесе басқа бір затты суреттеу үшін, жазушылар атаулы сөйлемді жиі қолданады. Атаулы сөйлемге мьшадай анықтама лайық:

Тұрлаулы мүшеден бастауышы ғана бар заттың, құбылыстың атын білдіретін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.

Атаулы сөйлемді оқушыларға танытқанда, алдымен оның, өзіндік белгілерін түсіндіріп алып, оларды тілдік фактілермен дәлелдеуге де болады; керісінше, алдымен мысалға сөйлемдер келтіріп, (1942 жыл. Қоңыр күз. Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы түн. Брянскінің ит тұмсығы өтпейтін орманы. Аяғын ақырын-ақырын басып келе жатқан жас барлаушы. Арқасында аузына орамал тығылған фриц т.с.с.) ондағы тілдік фактілерді талдап алып, солардын, негізінде оның өзіндік белгілерін, анық-тамасын танытуға да рұқсат етіледі. Мұның қайсысын таңдаса да мұғалімнін, еркі.

Оқушыларға атаулы сейлемнен берік дағды беру үшін, мынадай жұмыстардың орындатылғаны дұрыс; текстен атаулы сейлемдерді табу; адам портретін жасауда, табиғат көрінісін суреттеуде қолданылған атаулы сөйлемдерді оқыған шығармадан теріп жазу; ойдан табиғат керінісін суреттейтін атаулы сейлемдер жазу; атаулы сөйлемнің құрылысын схемамен көрсету; атаулы сейлемдерді ендіріп шығарма жазу.

Бақылау сұрақтары:

1. Атаулы сөйлемге тән ерекшеліктер;

2. Атаулы сөйлемдердің зерттелуі;

3. Атаулы сөйлемдердің түрлері.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
12-дәріс. Бір мүшелі сөйлем

Дәрістің мазмұны:

1. Бір мүшелі сөйлемге тән ерекшеліктер;

2. Бір мүшелі сөйлемдердің зерттелуі;

3. Бір мүшелі сөйлемдердің түрлері.



Бақылау сұрақтары:

1. Бір мүшелі сөйлемге тән ерекшеліктер;

2. Бір мүшелі сөйлемдердің зерттелуі;

3. Бір мүшелі сөйлемдердің түрлері.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.

13-дәріс. Күрделенген жай сөйлемдер

Дәрістің мазмұны:

1. Күрделенген жай сөйлемге тән ерекшеліктер;

2. Күрделенген жай сөйлемдердің зерттелуі;

3. Күрделенген жай сөйлемдердің түрлері.

«Күрделенген сөйлемдер» деген атау бұрын тілімізде болмағанымен де, осы ұғымды қамтитын сөйлемдер әр түрлі синтаксистік категориялардың қарамағынан орын алып еді. Олар өздерінің атқарып отырған функциясына орай, сөйлемдердегі басқа сөздермен қарым-қатынасына қарай сол жердегі мәніне байланысты аталып қалыптасты. Алайда осыған қарамастан біз жай сөйлемнің күрделенген түрін өз алдына жеке топтауды жөн көрдік. Өйткені кейбір күрделенген сөйлемдердің ішінен өз алдына жеке бір «сөйлемдер» бөлініп шығып жатады. Мұндай сөйлемдер оқшаулана айтылғанмен, олардың бойында субъект-предикаттық қатынас болмайды. Сондықтан да олар әдеттегідей дербес сөйлемдер мағынасында түсінілмейді. Бұлар тек субъектінің түрліше көзқарастары мен сезімдеріне не болмаса белгілі бір мән-жайын түрліше жақтардан саралау бағытында айтылады. Сыған орай мұндай мәндегілер сөйлемнің негізін құрамай, тек онда көмекшілік қызметте жұмсалады. Сөйлем құрылысынан көмекшілік мәндегі сөз топтарын (жеке бір «сөйлем» сияқтыларды) алып тастасақ, жалпы ой мазмұны, сөйлем іргесі бұзылмайды. Мына бір сөйлем құрылысына назар аударалық.

... Әйгерімнің де «күнім» деп айтқан сөзінде, анық өз аспанындағы күнін сезгендей, илану бар еді (М.Әуезов). Мұндағы курсивпен терілген оңашаланған айқындауышты мүшелерді айтпасақ та, сөйлем өз құрылысын, өз іргесін сақтай алады: Әйгерімнің де «күнім» деп айтқан сөзінде ... илану бар еді. Сөйлемдегі негізгі ой да – осы. Ал енді осындай сөйлемге жоғарыдағы тәріздес бөлшекті топтар қосыла айтылса, олар бұрынға ойды бұзып жібермей, қайта соны әр жақтан әр түрлі сападан толықтырып отырады. Бұлайша тодықтыру сөйлемнің құрылысын да кеңейтеді, сөйлемді күлделендіреді де, бір ойдан екінші бір ойдың өрбіп отыруына мүмкіндік туғызады.

Күрделенген сөйлемдер тіл білімінде ертеден танылды. Алайда ол көздерде бұл сөйлемдер біздің түсінігімізден басқаша, басқа синтаксистік категориялардың аясында қарастырылды. Қазіргі ілімге сәйкестендіре айтса, осы жайындағы алғашқы мәліметтер, түрліше көзқарастар Н.И. Греч, А.Х. Востоков, Ф.И.Буслаевтардың еңбектерінде сөз бола бастады. Бұл аталған ғалымдар өз еңбектерінде біз сөз еткелі отырған синтаксистік категорияны бағыныңқы сөйлемнің қатарынан қарап, соның қысқарған бір түрі деп түсіндіреді. Мәселен, А.Х.Востоков бағыныңқы сөйлемдердің толық түрі және қысқарған түрі болатынын айта келіп, қысқарған түр бағыныңқылардың көсемше, есімше арқылы жасалатындығын көрсетеді. Автордың қысқарған бағыныңқылыр деп отырғаны - әдеттегі есімше және көсемшелі оборотты жай күрделенген сөйлемдер.

Ф.И.Буслаев та осы тәріздес сөйлемдерді бағыныңқының қысқарған түрі деп қарайды. Оған мына сияқты сөйлемдерді талдауы әлел: ... пришедши мальчик в лес, гнездо на дереве увидел и полез.

А.А. Потебня өзінің еңбегінде осындай құрылыста келген сөйлемдердің табиғатына назар аудара отырып, «қысқартылған бағыныңқы» дейтіннің болмайтындығын, осы жайындағы өзінің бұрынғылырдың (әсіресе Ф.И.Буслаевтың) ілімін қатты сынға алған. А.А.Потебняның жоғарыдай конструкциялар жайындағы түсінігі оларды айқындауыш мүше ретінде тануға жақындайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Күрделенген жай сөйлемге тән ерекшеліктер;

2. Күрделенген жай сөйлемдердің зерттелуі;

3. Күрделенген жай сөйлемдердің түрлері.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.
14-дәріс. Бөлшектенген жай сөйлемдер

Дәрістің мазмұны:

1. Бөлшектенген жай сөйлемге тән ерекшеліктер;

2. Бөлшектенген жай сөйлемдердің зерттелуі;

3. Бөлшектенген жай сөйлемдердің түрлері.

Бұрын әрбір сөйлемді талдаған кезде, олардың сөз тіркесіне, сөйлемнің түрлеріне, сөйлем мүшелеріне, оқшау сөздер мен айқындауыш мүшелерге, яғни сөйлемдердің синтаксистік категорияларын жан-жақты айырып танумен ғана шектелінген. Және де сөйлемдерді осылай талдап зерттеу тек синтаксис ғылымының негізгі міндеті болып табылатын.

Бір тиянақты, тұжырымды ойды біреше бөлшектелген сөйлемдер арқылы жеткізу қазақ авторларының көркем шығармаларында бұрынан қолданылып келе мысалдардан көруге болады.

1. Желіден аулақ арқандайық. Былайырақ. (Ғ.Мүсірепов)

2. Тап осы тұста Сұлтанмахмұт жүйемелете жөтеліп қалды. Қытқыл жөтел. (Д.Әділев).

3. Жүрегі дірілдеп кетті. Бірақ шошынбады. (Ғ.Мұстафин).

4. Бейшеннің мына бір әні тек маған арналғандай. Маған ғана сыр шерткендей. Мен бұл әнге құмармын!Ынтықпын! (І.Жақанов).

5. О, тоба! Рас па, өтірік пе? Полонез! Мен іздеген полонез осы ма? Бірақ мынау... мынау... баяғыдан өзгеше ғой. Иә,... иә... сол. Соның дәл өзі. Ендеше бұл полонез! (І.Жақанов).

Синтаксисік тұрғыдан қарағанда осы мысалдардан мынаны аңғаруға болады: бұлан қалай да екі топ сөйлемдерден құралған, себебі алдыңғы сөйлемдерді әрі сөз тіркесіне, әрі сөйлем мүшесі мен сөйлем түрлеріне талдауға болады.

Бірінші топтағы әрбір сөйлемнен соң келетін жеке сөздер, сөйлемдер мен сөз тіркестерін әдеттегідей құрмалас сөйлемдердің компоненттері деп қарауға келе бермейді. Дұрысында бұл синтаксистік топтар алдыңғы сөйлемдердің айқындауыштары қызметін атқарады. Бірақ бұл синтаксистік топтар басқа айқындауыштардан, біріншіден, сөйлемнен тыс оқшау қолданылуы жағынан, екіншіден, синтаксистік қызметі жағынан, үшіншіден, тұлғалық ерекшеліктері тарапынан да ерекшеленеді.

Сол сияқты, бұл синтаксистік топтарды әдеттегі толымсыз сөйлемдер деп те тануға болмайды. Толымсыз сөйлемдер көбінесе тұрлаулы мүшелердің қатысына негізделетіні белгілі. Оның үстіне ол сөйлемдердің қалай да предикативтілік мәнде екендігі де айқын. Сонда олар – кейде бір емес, әлденеше рет өз алдына сөйлемдік қасиеті айқын емес, алдыңғы тиянақты сөйлемнен кейін оқшау тұрған бір топтар. Міне, осындай жеке сөзді, сөз тіркесті, тіпті сөйлемдік дәрежедегі топтардың әрқайсысы өзіндік ыңғайда қалыптасып, тілімізде орын ала отыр. Сөйлем мүшесі жеке өзі негізінде тек диалогта, «Түн. Жымыңдаған жұлдыз» тәрізді атаулы сөйлемдерде ғана болмаса, әдетте олай қолданылмайтын. Енді солай қолдану тілдің синтаксистік құрылысының өзіндік бір ерекшелігіне айналды. Олан енді әдеби тіл нормасына айнала бастады. Тіл ғылымында «парцеллят» деп аталатын ондай синтаксистік бөлшектерді автор «қосалқы сөздер» деп атағанды дұрыс көріпті. Әдеттегі жай сөздер мен қосалқы синтаксистік топтың негізгі айырмашылығы – бірінің дербестігі, екіншісінің семантикалық тәуелділігі, толымсыздығы. Сонда қосалқы синтаксистік топтар өз алдына оқшау қалпында синтаксистік объектіге арнайы жата қоймайтын категория болып шығады. Ол синтаксистік топтар тек басқа бір, яғни, алдыңғы сөйлемнің ажырамас бір бөлігі немесе соны жан-жақты айқындайтын категория ретінде қолданылады. Қосалқы сөз ретінде алатын жеке сөз де, сөз тіркесі де не тұтас сол негізгі сөйлемге қатыстылығымен, не соның ішіндегі жеке бір сөзге қатыстылығымен байқалады. Сонда парцелляция жеке сөзді, сөз тіркесті, сөйлемді түрде сол өзі қатысты сөйлемнің, біріншіден, айырылмас бір бөлшегі іспеттес, екіншіден, мағыналық жағынан тиянақтаушы, үшіншіден, не тұтас сөйлемге, не жеке бір мүшесіне қатыстылығы, төртіншіден, бірақ ол қатысты сөздермен әдеттегі айқындауыштар сияқты тұлғалық жағынан кейде ұқсас, кейде ұқсас еместігімен де ерекшеленеді. Бұған қарағанда ондай синтаксистік топтар қалай да өзі қатысты сөйлемнің ажырамас бір бөлігі, айқындауышы тәрізді, бірақ олар өз алдына жеке қолданылмайды. Сондықтан да алдыңғы сөйлемнен бөліне алмайтын синтаксистік қосалқы топтар Олардың үш түрлі тұлғада жұмсалатынн тілдік фактіде дәлелдейді. Ал құрамын сөз санына қарап та ажыратуға болады. Бірақ бұл қосалқы топтардың құрамын талдау, стилистикалық қызметін анықтау жеке-жеке бірнеше еңбекке тақырып бола алады. Себебі жалпы түркологияда парцелляция арнайы сөз болған емес.

Парцелляцияны теориялық бағытта зерттегенде бірқатар сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауап беру тілдегі осы құбылыстың табиғаты мен болмысын, оның тілдегі қызметі мен ерекшеліктерін, стилистикалық мәнін ашу үшін өте қажет болып табылады.

Парцелляция құбылысын зерттеп білу үшін алдымен қазақ тілінде әлі өз анықтамасын таппаған кейбір түсініктердің мәнін ашып алуымыз қажет. Біріншіден, әзірше қазақ тілінде кең қолданылмайтын, бірақ лингвистикамызға қажетті «айтылыс» түсінігіне анықтама беру. Екіншіден, «айтылыс», «сөйлем», «фраза» және «күрделі синтаксистік тұтастық» түсініктерінің ара жігін ашып, нақтылау проблемасы.

Қазіргі қазақ тілінде парцелляция құбылысы енді ғана зерттеу объектісіне айналғандықтан, парцелляция құбылысының болмысын, оның көлемін, яғни түрлі семантикалық-грамматикалық кластарға жататын сөйлем мүшелеріне қатыстылығын, сонымен қатар бір семантикалық класқа жататын парцелляцияланған және парцеляицяланбаған мүшелердің сөйлемдегі грамматикалық мәні мен қызметінің ара қатынасын да анықта қажет болып табылады. Ең негізгі проблема - өзінің алдындағы немесе өзінен кейінгі толық құрылымға тең дәрежелі мүше ретінде ене алатын сөйлемнің оңашаланған мүшелері тектес, толық емес құрылымдар парцелляттардың статусын анқтау. Парцелляция құбылысының синтаксистік, стилистикалық болмысын ажыратып анықтау; сөйлемнің парцелляцияланған мүшелерінің синтаксистік және стилистикалық қызметтерін анықтау.

Осы аталған мәселелерді шешуді біз синтаксистік бірліктердің иерархия мәселесінен, ығни синтаксистік бірліктердің тілдік деңгейінде даму (өсу) сатысына қарай арақатынасынан бастайық.

Қазақ тілінің лингвистикалық әдебиеттерінде «айтылыс» ұғымына түсінік берілмейді. Жалпы бұл терминның өзі тек қана К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері» атты оқулығының үшінші басылымында (1993) ғана қолданыс тапқан. Сонымен қатар осы «айтылыс», «сөйлем», «фраза» ұғымдарын ажырату принциптері де айтылмаған.

Фразаға қазақ ілінде мүлде ешқандай анықтама берілмегін. Сонымен, фраза дегеніміз - интонациялық-мағыналық бірлікті білдіретін сөйлеу тілінің ең кіші дербес единицасы, басқаша айтқанда, бұл нақты коммуникативтік ситуацияға жетерлік белгілі мағынаға жүктелген, сөйленістік аяқталған бөлігі.Жазбаша деректе аяқталғандықты фразаны шектейтін фразалық таңбалардың бірі: нүкте, сұрау, леп белгілері немесе көп нүкте, ал ауызшада – тиісті интонация білдіреді. Сөйлемнен фразаның айырмашылығы – оның құрылымдық тұтастығы болуы да мүмкін.



Бақылау сұрақтары:

1. Бөлшектенген жай сөйлемге тән ерекшеліктер;

2. Бөлшектенген жай сөйлемдердің зерттелуі;

3. Бөлшектенген жай сөйлемдердің түрлері.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2002ж.

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971ж

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

5. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2002ж.

6. Аблақов Ә. және басқалар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы және мен лексикалану процесі. Алматы, Алматы, 1997ж.

15-дәріс. Құрмалас сөйлем

Дәрістің мазмұны:

1. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Оның қалыптасу, даму жолдарынан мәлімет.

2. Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, оның жай сөйлемдерден басты айырмашылығы.

3. Құрмалас сөйлемнің түрлері.

Құрмалас сөйлем - синтаксистік тұлға, оның грамматикалық, семантикалық сипаты. Құрмалас сөйлемнің формасы. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтік. Құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстыратын, тұтастыратын тіл амалдары. Құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстырудағы жалғаулықтардың, септеуліктердің, анафористік сөздердің, орын тәртібінің, блин, морфологиялық тұлғалардың т.б. жұмсалу сипаттары. Құрмалас сөйлемді бір синтаксистік тұлға ретінде тұтастыруда, оның грамматикалық түрлерін саралауда интонацияның атқаратын рөлі. Құрмаалс сөйлем компоненттерінің баяндауыш мүшелерінің үйлесу сипаты.

Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлерін тану принцибі. Бұл принциптің қалыптасу тарихы.

Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принцибі. Түркологияда, қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату принцибінің айқындалуы. Бұл принциптің тіл-тілдердіңғ құрылыс ерекшеліктеріне сай көрінуі. Құрмалас сөйлем құрылысы мен пікірдің қарым-қатынасы және құрмалас сөйлемнің тілге тән тұлға ретінде ерекшеленуі. Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық қарым-қатынасы. Құрмалас сөйлем жүйесіне коммуникативтік мақсаттардың әсері, оның көрінісі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет