«Оқу- тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, сауаты да білімді жеке тұлғаны қалыптастыру»



Дата04.06.2023
өлшемі3.12 Mb.
#474664
Жас маман есебі 22-23 жыл


Жас маман Төлеутай Фариза Жұмабайқызының
2022-2023 оқу жылындағы жылдық есебі
«Оқу- тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, сауаты да білімді жеке тұлғаны қалыптастыру» мақсатымен жұмыс істеймін.
Оқу жылының басында тәлімгерім тағайындалды. Жылдық жоспар құрып, сол бойынша жұмыс жасап отырдым. Сынып журналының талаптары мен танысып, дұрыс толтыруды үйрендім.
Жас маман ретінде өз тәлімгерім мен үнемі қарым- қатынас жасап отырдым. Бос уақытымда тәлімгерімнің және де тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып отырдым. Сабақты қызықтыра өтуді, түрлі қызықты көрнекіліктерді жасауға тәлімгерім бағыт бағдар беріп отырды. Мектепте болып жатқан ашық сабақтарға, семинарларға, конференцияларға уақытында қатысып отырдым. Интернеттен түрлі сабақтарға материалдар алдым.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында АКТ технологиялары мен жаңа стандартқа сәйкес әдіс-тәсілдердә белсенді қолданамын. Осы оқу жылында қолданылған негізгі тәсілдер:

  • - имитация;

  • - образдар құру: визуалды, музыкалық, пластикалық.

  • - Салдары ретінде – сабақта оқытудың вербалды емес құралдарының (суреттер, образдар, әуен, би) басымдылығы.

  • - оқу ойындарын қолдану;

  • - жұмбақтар;

  • - мини-қойылымдарды сахналау, ол балалардың психологиялық тосқауылдан арылуына, өзіндік сенімділігінің артуына демеу береді.

Жас маман болғандықтан қоғамдық жұмыстарға, мерекелерге белсене қатыстым. Мектебімізде өтілген тұрлі іс-шараларға, санап айтқанда тіл мерекесі, ұстаздар куні, қайрымдылық жәрменкесі, тұнғыш президент күні, жаңа жыл кеші, 8-наурыз аналар мерекесі, 22-наурыз наурыз мерекесі,1-мамыр бірлік күні тағыда басқа көптеген мерекелерге қатыстым. Сабақтан қалып жүрген оқушыларға жеке қосымша сабақ беріп отырдым.

Атқарылған іс-шаралар:
Қыркүйек айы: «Жас мамандарды ұжымға қабылдау» салтанаты. Жас мамандар мектебінің жетекшісі Жанар Советовна мен жас мамандардың ұйымдастырылуымен аталған іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылында жұмысқа орналасқан ұстаздарды ұжымға қабылдау. Мерекелік бағдарлама қызықты да сәтті өтті.

Қазан айы: «Күз ханшайымы» атты сайыста қазылар алқасының қатарында болып, іс-шара өткізу жағынан көп тәжірибе жинақтадым.

Қараша айы: Қарашаның тоғызы күні 97 гимназияда “Жас педагог мектебі” атты жас мамандарға арналған семинар өтті. Семинар барысында жас маманға қажетті негізгі және қосымша ақпараттар мен әдіс-тәсілдер көрсетілді.



Сонымен қатар жүйелі түрде тәлімгерлер жас мамандардың сабақтарына қатысып отырады.

Желтоқсан айы: Тәлімгерім Жанерке Жаксылыковнамен бірлесіп Еліміздің тәуелсіздік күніне арналған «Тәуілсіздік-тұғырым» атты меркелік іс-шара өткізілді. Ағылшын тілінде сахналық қойылым мен әндер орындалды.

Қаңтар айы: «ХІІ ғасыр сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығының аясында бастауыш сыныптарында «My favourite fairy-tale’s hero» тақырыбында ойын-сабақ өтті. Оқушылар ертегі көріп, талдап, тапсырмалар орындады. Сабақ интерактивті ойындармен жалғасты.



Ақпан айында мектебімізде педагогикалық тәжірибен өтуге практикант студенттер келді. Мен де өзімнің білгеніммен олармен бөлісіп тәжірибе алмастық. Сабақтарымды бақылап, кезеңдерін талдап практикант студенттер біраз ақпарат алды. Сабақ жоспарын құрау мен тиімді әдістер-тәсілдермен бөлістім.

«Жас мамандар» апталығы аясында 4А сынып оқушылармен «Machines» таұырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа тәлімгерлер мен пән мұғалімдері қатысты. Сабақ талданып, пікірлер айтылып кеңестер ұсынылды.



Жетістіктер:






Болашақта аға ұстаздардың ізін басушы, жаңа заманға сай интернет, компьютер, электронды ақпараттар арқылы жұмыс жасай алатын, өз білімімді жетілдіре білетін, шығармашыл ізденісте қажымайтын, жаңа технологиялардың қыр сырын меңгеріп аша алатын жас маманның бірі болуға тырысамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет