24
7 сурет. Жаңа есеп терезесі
Одан әрі автоесепті іске қосу тәсілі форманы құру тәсілі
сияқты. Мұндағы ерекшелік — құрылған есептің жоғарғы жолына
тақырып ретінде кесте атауы енгізіліп қойылады және жазу
элементтері тік төртбұрыштар ішіне алынбайды. Таспалық есепті
талапқа сай құру үшін оның өрістері көп болмауы тиіс. Бұл
жағдайда есептегі бағаңдық тәсіл бойынша құрған дұрыс.
Есептер шебері
Есептер шебері формулалар шебері сияқты программа, оның
алты қадамдық сұхбаттық терезесі бар. Шебермен жұмыс
технологиясы:
1. Жаңа есеп терезесін экранға шығару.
2. Терезеден Есептер шебері қатарын және кесте не
сұраныс атауын тандап, ОК батырмасын шерту. Форма құру
терезесіне ұқсас бірінші қадам терезесі көрінеді.
3. Терезеден қажетті өрістерді Таңдалған өрістер блогына
көшіру.
4. Екінші қадам терезесінде өріс бойынша топтық операция
жүргізу қажет болса, атауын сол жақ панельден терезенің оң
бөлігіне көшіру.
5. Үшінші қадам терезесінде, қажет болса, деректерді
өрістері бо- йынша сорттау командасын беру.
6. Төртінші
қадам терезесінде есептің жалпы түрін
жоспарлау. Ол үшін Макет және Бағдарлау блоктарынан қажетті
ауыстырып қос- қыштарды орнату, мысалы, Кестелік және
Кітаптық.
7. Бесінші қадам терезесінде енгізілген стиль тізімінен
есептің жазылу түрін (стилін) таңдау, мысалы, Қатаң (Строгий).
Таңдалған стиль бойынша есептің басылып шығатын түр-түлғасы
терезенің сол жағына орнатылған қосымша панельде көрсетіліп
қойылады.
8. Соңғы сұхбаттық терезеде тандалған кесте не сұраныс
атауымен бірдей есеп тақырыбы көрінеді. Қажет болса есепке
жаңа атау енгізіп, Есепті қарап шығу ауыстырып қосқышын
орнату және Дайын батырмасын шерту. Экранда Шебер арқылы
25
дайындалған есептің үзіндісі көрінеді.
Есептер конструкторы
Конструктор терезесі арқылы Автоесеп пен Есептер шеберін
пайдаланып құрылған есеп элементтерінің орналасу форматын,
т.б. қолдан өзгертуге болады.
Автоесеп элементтерін орналастыру тәсілі:
1.
ДҚ терезесінің
Есептер қондырмасын ашып,
құрылған автоесеп атауын тандау.
2.
Терезенің
Конструктор
батырмасын
шерту.
Конструктор режимі терезесі, автоесеп өрістерінің тізімі және
элементтер панелі көрінеді (8 сурет). Терезе бес бөлімді: Есеп
тақырыбы, Жоғарғы колонтитул, Деректер облысы, Төменгі
колонтитул, Есеп ескертпесі.
3.
Есеп тақырыбы бөліміне автоесеп тақырыбы енгізіледі.
Оны өзгерту, жылжыту және шрифтін үлкейту де мүмкін.
Тақырыпты өзгерту жолы:
8 сурет. Конструктор режимінде көрінген есеп құрылымы
Негізгі әдебиеттер [1; 4; 5].
Қосымша әдебиеттер [4; 5; 6; 7].
Достарыңызбен бөлісу: