Оқу бағдарламасымен байланысы


-үзінді  Таласбек Әсемқұлов «Бекторының қазынасы» повесінен үзінді



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата01.05.2024
өлшемі1.18 Mb.
#500247
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
TS OSH IA aza - debieti 11

2-үзінді 
Таласбек Әсемқұлов «Бекторының қазынасы» повесінен үзінді 
 
...Бекторы мұңая жымиған. 
– Аспанның сырын кім білген. Бұл зауалдың неліктен келгенін, болмыстың қай түкпірінен 
бізге қарай атылғанын күні бүгінге дейін ешкім айтып бере алмайды. Әйтеуір келді, бәрін 
күйретті де кетті. Адам періштеге теңескен ізгі еді, иманды еді, ақылы қиырдағыны 
шалатын кемел еді. Бірақ осы әлемдік, ғарыштық апаттан кейін адамзат бақытсыз болып 
қалды. Ақылы кеміс, жарымжан болып қалды. Кеміс ақыл зорлық-зомбылыққа әкелді. 
Осының бәрі асқына келе ақырында бүгінгі кенеусіз қиянатқа ұласты. Осының 
салдарынан, біз, адамның көкірегіне, көңіліне періштемен қатар тең ұялаған біз – перілер, 
жындар, соңында жамандық иесі болып шықтық. Алайда, біздің атымыз өзгергенмен 
затымыз өзгермеді. Жаратқан Ие мойнымызға артқан міндетті адал атқарып келеміз. 
Бекторы жалт етіп Сағындыққа бір қараған. 
– Не айтқың келгенін түсінем. Дүниеге жамандықтан не пайда демексің ғой. Жанында 
жамандық тұрмаса жақсылықтың жақсылық екенін қайдан білесің. Қарсысында жалған 
мен өтірік тұрмаса ақиқаттың ақиқат екенін нендей тиянаққа сүйеніп білдің. Жолдың серті 
– адасу, адасып барып түзелу. Екі түрлі пәктік бар. Біреуі анадан туғандағы күнә мен зина, 
қиянаттан бейхабар, тәжірибесіз, мінезсіз пәктік. Екіншісі, бұ дүниенің барлық 
сатыларынан қан кешіп жүріп өткен, өтсе де лайланбай қалған пәктік. Адам болып қалам 
десең осының бәрінен өтуге, осының бәрін көруге міндеттісің. Міне, осы қасіретті 
өткелектің бәрінен өткізетін, біз, жындар, перілер. 
 
 


11 
2-тапсырма
 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сынып білім алушыларына арналған 
тапсырма
Төменде берілген тақырыптардың біреуін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
Сөз көлемі – 200-220* сөз. 
* оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқитын 
қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы сынып білім алушылар үшін сөз саны - 170-200 
 
[14] 
1. «Жалған дүние» шығармасындағы қазақ халқының тоқырау кезеңін суреттеудегі 
автор шеберлігіне талдау жасап, әдеби сын жазыңыз. 
2. «Абай жолы» романындағы әке мен бала арасындағы қақтығыстардың туындау 
себептерін түсіндіріп, көтерілген мәселенің жаңашылдығына сыни тұрғыдан талдап, 
баға беріңіз.
3. Т. Молдағалиевтың «Бауырлар» өлеңіндегі патриоттық идеяны, ақынның биік 
адамгершілік сезімін талдап, әдеби эссе жазыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет