ОҚУ-Әдістемелік кешен «Профильдік дизайн объектілерін жобалау 4»



бет1/5
Дата26.06.2016
өлшемі373.5 Kb.
#159362
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





СМК құжатының 3-деңгейі

ОӘК

ОӘК 042-33.1.104/03-2014

ОӘК

«Профильдік дизайн объектілерін жобалау 4» пәнінен оқу - методикалық материалдар



№1 басылым

10.01.2014



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«Профильдік дизайн объектілерін жобалау 4»
5В042100 – «Дизайн» мамандығына

ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014

Мазмұны

1 Глоссарий

3

2 Дәріс

4

3 Тәжірибелі сабақ

14

4 Курстық жоба

17

5 Студенттердің өздік жұмыстары

17


1 ГЛОССАРИЙ
Имидж (бейне) жарнама - негізінен фирманың және тауардың партнерлар мен сатып алушыларға жағымды бейне қалыптастыруына бағытталады. Онда сенімділік, жұмыстың нәтижелілігі, клиенттерге деген жақсы ниет, тұрақтылық басым болып келеді.

Жігерлендіретін жарнама - атаулы фирманың өнімін сатып алушылар сатып алу үшін құмарландыруға бағытталады. Мұнда осы фирма өнімдерінің негізгі жағымды жақтарын, басқа тауар және қызметпен салыстырғандағы жақсы сапасын айтуға үлкен мән беріледі.

Тұрақты жарнама - партнерлар мен сатып алушыларға фирма қызметінің тұрақтылығын, оның нарықтағы сенімді тұғырын хабарлауға бағытталады.

Фирма ішіндегі жарнама - әріптестердің өзінің өнеркәсібіне деген сенімін оятуға, өз тағдырымен тығыз байланыста екенін сезіндіруге бағытталған.

Өнім өткізуді көбейту мақсатындағы жарнама – жарнама қызметінің негізгі саласы.

Жадыда сақталатын жарнама – жарнаманың барынша агрессивті түрі.

Салыстырмалы жарнама – бұл жадыда сақталатын жарнаманың бір түрі.

Есте қалатын жарнама – тұрақты сатып алушыға нарықтағы атаулы тауарды немесе фирманы және оның мінездемесін есіне салып отыруға арналған жарнама.

Бекітетін немесе үстеме жарнама – есте қалатын жарнаманың бір түрі.

Превентивті жарнама - өзіне қажетті шығыннан көп мөлшердегі қаржы жұмасайтын жарнама.

Слоган – жарнаманың ұраны.

Газеттегі жарнама – баспасөздегі жарнаманың ең көп тараған түрі.

Баспа жарнамасы – ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық- каталогтық басылымдар (каталог, проспект, буклет, плакат, парақшылар) және жарнамалық – сыйлықтық басылымдар (үстелге қоятын және қабырғаға ілінетін фирмалық күнтізбелер, іс күнделіктері, жазу кітапшалары, қалта күнтізбелері, т.б. жатады).

Радиожарнама. Негізгі түрлері – радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар, радиороликтер.

Тележарнама. Ең танымал түрлері: телеролик, телехабарландыру, жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телезаставкалар.

Аудивизуалды жарнама. Бұл жарнамалық роликтер, жарнамалық- техникалық фильмдер, жарнамалық беделді фильмдер, бейне фильмдер және слайдтар.

Көлікті жарнама. Бұл - автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар.

Тікелей пошталық жарнама – жарнамалық хабарларды тұтынушы мекен – жайына жарнама хаттар немесе хабарландыру – ақпараттық материалдардың басылымдары ретінде жіберу.

Жарнама сувенирлері – фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар.

Демеушілік – бұл маркетингтік коммуникациялық мақсаттарды жүзеге

асыру үшін мәдениет, білім беру, спорт саласында жұмыс істейтін тұлғаларға немесе ұйымдарға, көмек көрсету.



Брендинг – бәсекелес тауарлар арасындағы белгілі бір тауар маркасына

деген тұтынушының талғамын ұзақ мерзімге қалыптастыру өнері.

Жарнама компаниясының мақсаты – жарнамалық хабарламаны оқыған аудиторияны мақсатты әрекетке талаптандырып, белгілі бір коммуникативтік нәтижеге қол жеткізу.

Ақпараттық жарнама негізінен тауарды нарыққа шығару кезінде алғашқы сұранысты құру мақсатында қолданады.

Салыстырмалы жарнама белгілі бір тауарлар класының шеңберінде бір марканы бір немесе бірнеше маркалармен нақты салыстыру арқылы оның артықшылықтарын анықтауға тырысады.

Ескертпелі жарнама тұтынушыға тауар туралы есіне түсіру үшін, кемелдену кезеңінде маңызды рөл атқарады.

Бекітпелі жарнамасатып алушыларды олардың таңдауларының дұрыстығына, сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

2 ДӘРІС

1- дәріс
Тақырып: Визуалды-коммуникациялық жарнама
«Жарнама дегеніміз – белгілі бір фирма, тауар немесе қызмет түрі жайлы мағлұматтардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы». Таралуына қарай жарнама ақылы және жанама болып бөлінеді.

Өнімді ұсынушы адамның немесе фирманың көпшілік қауым мен бұқаралық ақпарат құралы арасында болатын әртүрлі байланыстар жанама жарнамаға тән. Оның тиімді тәсілі мектепте, қарттар үйінде, тағы басқа мекемелерде фирманың өз өнімдерін тегін таратуы. Жанама жарнаманың басты үш қызметі бар. Олар:

- нарық кеңістігінде әйгілі болу;

- фирманың беделін арттыру;

-тығырыққа тірелген кезде өз беделін сақтап қалу мақсатында жарнамалауды жүзеге асыру.

Жарнаманың жеке адамдарға арналған хабарландыру, құлақтандыру, сақтандыру секілді түрлері де болады. Құрылымдық жағынан жарнама суреттер арқылы безендірілетін және тек сөздерден тұратын жарнама болып бөлінеді.



Жарнама функциясы оның мәні мен мақсаты арқылы анықталады. Олардың көп түрлілігіне төмендегілерді меңзеуге болады:

  • тауарды және оның өндірушісін немесе сатушысын идентификациялау;

  • тауарды, қызметті және идеяны алға жіберу;

  • сатып алушыларға таныстыру немесе ақпараттандыру;

  • сұраным қалыптастыру және т.б.

Жарнама осы жағдайларда тауардың бар екенін, оның құнын, ерекшелігін ақпараттандыруы керектігі туындайды. Әрине, жарнаманың функциясын ескере отырып, ең алдымен жарнаманы сатып алуды ұйымдастыру керек.

Жарнама өзінің негізгі міндетін орындау үшін сатып алушылардың назарын аударуға, жүрегін жаулауға, жол табуға тырысады. Содан кейін оларды еліктіреді. Ақырында тауар алуға мәжбүр етеді. Тың тәсілдерді іздеу ғасырдан ғасырға жалғасып келіп, қазіргі кездегі формаға әкелді. Жарнама шындыққа сәйкес және сенімді, қазіргі өмір талабына сай және сауатты, түсінікті және нақты болуы тиіс. Әдемі және ұсқынсыз, надан және есті жарнамалар тез есте қалады. Бұлыңғыр және қарапайым жарнамалар есте қалмайды. Жарнама белсенді және эмоционалды болғаны дұрыс. Тек сонда ғана ол тұтынушының ойлау инерциясын жаулап алады. Жарнама жоқ нәрседен құрастырылмайды, ол бар нәрсені көрсетуге, көпшілікке таратуға бағытталады. Жарнама ісіндегі бірнеше мамандар былай деп ескертеді: әр жарнамалық хабарламалар тұтынушының қоғамдық құрылымындағы жағдайын қозғайды. Басқаша айтқанда, жарнама тұтынушыға қосымша ләззат береді немесе бағыт-бағдарын жолғалтқан адамға ұқсас мазасыз күйге түсіреді.

Дизайн шығармашылық объектілерінің бірі ол визуалды құрастыратың орта. 60 жылдары отан көркем конструкторда дизайнерлік тәсілдер қолданбалы графикада промграфикадан кіре бастады (бұйымдардағы графикалық элементтер) және қаптағышта.

Бірінші қабат: онымен барлық қабаттар байланыста, қалаларда, ауылдардажәне т. б. кеңістіктерде, көлікте амалдар мен жүйелер визуалды коммуникациялар құрастырылады. Осыған вывескалар, жарнама құрастырулар,

Бұл процесстер 60 ж. аяғымен 70 ж. басы. Визуалды-коммуникация теориялық концепциясы семиотика ұғымыда құрастырылған.

Семиотика - ұғым, белгілердің қасиеттерің зерттейді және белгілердің жүйелерін.

Графикалық дизайн «информацияны визуал дыбыстарға айналдырады, бірақ-та олар бір мағыналы болып айтылады», «жаңа бейне құралады –дизайнер-график визуалды коммуникатор болды».

Визуалды-коммуникациясының структурасына кіреді: текст бұлағы, бұл визуалды емес мағынасын береді.

Графикалық дизайнның концепциясы функционализм концепциясында жаттқан, методология позициясынан қарасақ ол әлі бүгін де әдемі боп көрінеді.

Екінші қабат: визуалды – коммуникациялардың тәсілдермен ғимарат кеңістігін, интерьерлер: көрсеткіштер, пиктограммалар, тобтар, жарнама, плакаттар және басқа информация түрлері.

Үшінші қабат: ол спецификалық, жабдықтардың эксплуатациясымен және өндірістік құралдары, офистермен және әр түрлі белгілеулерге байланысты. Графикалық фирмалық стиль – термин, визуалды – коммуникативтік тәсілдердің системаларың белгілейді. Ол өзіне басты элементтерді енгізеді: белгі, логотип, түс, шрифт және визуалды информациясының алуандығын кіргізеді: құжаттардан бастап, қабықшалар, сувенирлер, жарнама визуалды – коммуникация элементтеріне дейін, киімнің үстіндегі графика, көліктерде, ғимараттарда және т. б.
2-дәріс
Тақырып: Жарнаманың түрлері
Жарнама хабарламаларының типтерінде төмендегідей айырмашылықтар

бар:


  • сатып алушыға әсер ету тәсілі бойынша;

  • көрсету тәсілі бойынша;

  • негізгі мақсаты мен мәні жағынан;

  • жарнаманы тұтынушымен болатын кері байланысы жағынан.

Жарнама хабарламаларды көрсету тәсілі бойынша екіге бөлінеді:

  • рационалды;

  • эмоционалды.

Рационалды (заттық) жарнама - сатып алушының ой-санасына бағытталып жасалады. Ол сатып алушыны сендіру үшін, айтылған сөздерден алған әсерін күшейту үшін аргументтерді мысалға келтіре отырып, өз пікірін сызба немесе сурет арқылы сөз түрінде жеткізеді.

Эмоционалды (ассоциативті) жарнама - бір нәрсені еске түсіру арқылы жасалады. Ол терең ойды қозғауы тиіс. Санаға, сезімге, эмоцияға көңіл бөледі. Оның ең әсерлісі – сурет, өңі, түсі және аз деңгейдегі әуені.

Кейбір жарнамалар тек рационалды немесе тек эмоционалды болып келеді. Бірақ, жарнама хабарламаларының көпшілігінде, көп жағдайда екі түрлі комбинациядан құралатын жарнамалар кездеседі.

Жарнама қойылымы жағынан «қатты» және «жұмсақ» деп екі түрге бөлінеді.

«Қатты» жарнама өз рухы жағынан өткізуге жігер беруге жақын. Мұндай жарнамалардың аз мерзімді мақсаты бар. Олар: хабарландырудың сыртқы бейнесіне әр беретін, сатып алушы объектіге дауыстап айғайлау арқылы тезірек сатылуына ықпал етеді.

«Жұмсақ» жарнаманың мақсаты тауар туралы және оның маркасы туралы хабарлап қана қоймай, осы тауардың маңайында қолайлы орта тудырады. Әдетте бұлар терең мотивтегі символкада ойнайтын эмоциялы жарнама. Ол ақырындап тұрақты сатып алушының тауарға деген ынтасын жоғарлатады. Оның ішкі сатып алу қызығушылығын арттырады.



Жарнама негізгі мақсаты мен мәні жағынан келесі түрлерге бөлінуі мүмкін:

  • өнеркәсіптің қоғамдағы мүддесін, беделін көтеру мақсатындағы жарнама немесе «имидж-жарнама» деп аталады;

  • жігерлендіретін жарнама;

  • тұрақтылық жарнамасы;

  • фирма ішіндегі жарнама;

  • өнімді өткізуді көбейту мақсатындағы жарнама;

  • жадыда сақталатын жарнама;

  • салыстырмалы жарнама;

  • есте қалатын жарнама;

  • бекітетін немесе үстеме жарнама;

  • хабарлау жарнамасы;

  • превентивті жарнама.

Имидж (бейне) жарнама - негізінен фирманың және тауардың партнерлар мен сатып алушыларға жағымды бейне қалыптастыруына бағытталады. Онда сенімділік, жұмыстың нәтижелілігі, клиенттерге деген жақсы ниет, тұрақтылық басым болып келеді.

Жігерлендіретін жарнама - атаулы фирманың өнімін сатып алушылар сатып алу үшін құмарландыруға бағытталады. Мұнда осы фирма өнімдерінің негізгі жағымды жақтарын, басқа тауар және қызметпен салыстырғандағы жақсы сапасын айтуға үлкен мән беріледі.

Тұрақты жарнама - партнерлар мен сатып алушыларға фирма қызметінің тұрақтылығын, оның нарықтағы сенімді тұғырын хабарлауға бағытталады.

Фирма ішіндегі жарнама - әріптестердің өзінің өнеркәсібіне деген сенімін оятуға, өз тағдырымен тығыз байланыста екенін сезіндіруге бағытталған. Егер өнеркәсіптің әр қызметкері өз жұмысына қажетті шешім қабылдай алса, оған жауапкершілікпен қараса, онда қызметкерлер фирма жұмысын қанағат тұтып және осы фирманың жарнамасын қоғамға жеткізуші болып есептеледі. Фирма ішіндегі жарнаманың құралы:

  • фирма газеті;

  • басшылар мен қызметкерлер арасындағы жақсы қарым-қатынас;

  • қызметкерлер үшін көптеген әлеуметтік жеңілдіктер.

Өнім өткізуді көбейту мақсатындағы жарнама – жарнама қызметінің негізгі саласы.

Жадыда сақталатын жарнама – жарнаманың барынша агрессивті түрі. Негізгі мәселесі сатып алушыны бәсекелестердің тауары, қызметі емес, өздерінің тауары мен қызметін сатып алуға көндіру.

Салыстырмалы жарнама – бұл жадыда сақталатын жарнаманың бір түрі. Ол жаранамаланатын тауар және қызметті бәсекелсетердің тауар және қызметімен салыстыруға негізделген. Бәрімізге белгілі көптеген өркениетті елдерде бәсекелес таураларды немесе оларды өндірушілерді тікелей сынауға тыйм салынған заң бар, бірақ мұндай жарнамалар әлі күнге дейін өмір сүріп келеді.

Есте қалатын жарнама – тұрақты сатып алушыға нарықтағы атаулы тауарды немесе фирманы және оның мінездемесін есіне салып отыруға арналған жарнама.

Бекітетін немесе үстеме жарнама – есте қалатын жарнаманың бір түрі. Тауарды сатып алған тұтынушыны қолдауға, олардың таңдауының дұрыстығына сенім білдіруге бағытталған жарнама. Ол тұтынушыны тұрақтандырады.

Превентивті жарнама - өзіне қажетті шығыннан көп мөлшердегі қаржы жұмасайтын жарнама. Мұндай жарнама компаниялардың мақсаты – жарнама қызметіне көп мөлшерде сома жұмсауға жағдайы жоқ бәсекелестердің тұғырын бұзу. Қандай жарнама болмасын бір мезгілде жарнаманың бірнеше түрінен құралатыны түсінікті. Жарнама хабарламасының кең көлемін жарнама тұтынушымен болатын кері байланысы жағынан екі түрге бөлуге болады. Олар жарнама хабарламасының нақты тасымалдаушысымен төмендегі жағдайда байланысып отырады:

  • жарнама құралымен кері байланыс;

  • жарнама құралымен кері емес байланыс.

Жарнама құралымен кері байланыстағылар – жиі персонифицияланған жарнама жіберушілерді және олардың мүмкін болатын реакцияларын тікелей болжайтын жарнаманың бір түрі. Жарнаманың бұл түрлері оқулықта жеке қарастырылған. Кері емес байланыстағы жарнама құралдары ол – жалпы ақпарат құралдары, оның ішінде электронды және сыртқы жарнамалардың барлық түрлері деп айтуға болады.
3 – дәріс
Тақырып: Жарнаманы жасау технологиясы
Жарнаманың жасалып, бұқара арасында таралуы барысында оған негізгі төрт тарап қатысады:

  • жарнама беруші;

  • жарнама агенттіктері;

  • жарнама таратушы;

  • жарнаманы тұтынушы.

Жарнама агенттіктері анықтамасының бірінде: «...өздерінің тауар және қызметін өткізуге сатып алушылар іздеп жүрген клиенттердің тапсырмасы бойынша ақпараттық құралдарға жарнаманы жасайтын, өңдейтін және жіберетін шығармашылық еңбек пен іскер адамдардан тұратын тәуелсіз іскер кәсіпорын»,- делінген.

Барлық жарнама агенттіктерін негізгі жіктеу бойынша үш түрге бөлінеді:



  • мамандандырылған және ұсынылатын жарнамалық қызмет;

  • жеке өнеркәсіптік базаның болмауы немесе болуы;

  • жарнама арнасының болуы немесе болмауы.

Жарнама агенттіктерінің қызметі негізгі төрт бағыттан тұрады:

  • тапсырыс берушілер мен ұйымдардың менеджметтермен қарым қатынасын жақсарту;

  • жарнама өнімдерін жасау және өңдеу: суретшілердің, сценаристердің, фотографтардың, режиссерлердің шығармашылығы;

  • жарнама өнімінің өндірісі: полиграфия, таралым саны;

  • жарнаманы газетте, журналда, эфирде немесе көшеде орналастыру.

Жарнама қызметінің психологиялық құрылымында алты элемент бар: мақсатты, эмоционалды, себепті, символикалық, эстетикалық, персонифициялық. Олардың гармониялық үйлесімділігі кез келген жарнаманың ұтымды шығуына түрткі болады. Алайда, тәжірибе жүзінде осы аталғандардың бір-екі элементтері болса, қалғандары да байқалып тұрады.

Жарнаманы байқау және оны есте қалдыру үшін терең ой, мазмұнды

идея қажет. Онсыз жарнама елеусіз қалады. Жарқ етер идея тек жүздеген жарнамалардың біреуінде ғана болады. Кәсіпқой мамандар жарнамашыға идеяның құндылығын түсінуі үшін мынадай мәтінге жауап беруді ұсынады.

- іске асқан идеяны алғаш көргенде таң қалдым ба?

- осыны мен ойлап таппағаныма өкінемін бе?

- ол 30 күн бойы өміршең бола ала ма?

- идеяның өзі ерекше ме?

Психологтар жарнамалық идеяны таңдаудың дұрыс болуы үшін

мынадай нақты қадамдар ұсынады.

Бірінші қадам «бірінші заңдылық, яғни тауарға деген махаббат»

жолымен басталады. Өндіруші үшін өз тауарының әдеттегі күші мен қызметін, тұтынушының назарын аударатын қасиетін және негізгі жарнама компаниясы болуды естен шығарып алады. Сондықтан бірінші қадам - өндіруші тұтынушыға ұсынатын барлық тауарлардың тізімін жасап алуы қажет.

Екінші қадам - тізім жасалғаннан кейін пайдалы немесе түрткі болатын, тұтынушыны тауар сатып алуға итермелейтін, дәлелді талдау жасау қажет.

Үшінші қадам - дәлелді талдау жасалғаннан кейін, нарық талабы тарапынан сатып алушы себебі мен фирманың артықшылығын бағалау керек.

Осы үш қадам - жарнамалық-коммерциялық тақырыптың

қалыптасуына мүмкіндік береді. Соның өзінде қатаң түрде «тауарға деген сүйіспеншілік заңын» сақтау қажет. Егер өндіруші тұрақты өз тауарымен бірге және оның әрбір ерекшелігіне масаттанатын болса, онда орта әлеуетті тұтынушы осы тауардың жағымды жағын сезінбеуі мүмкін. Осы заңға сүйене отырып, тұтынушы тауардың атауын және тауардың басты сапасымен байланыстыра және сатып алу үшін негізі себебін есінде сақтау қажет. Негізгі коммерциялық жарнама тақырыбын қалыптастыра отырып, жарнаманың басты екі қағидасын есте ұстау қажет.

Тұрақтылық қағидасы. Жарнама компаниясы ағымында негізгі тақырыбын, ұранын және келбетін ауыстыруға болмайды;

Қайталаушылық. Жарнама қаншалықты көп қайталанса, соғұрлым есте қалады және мақсатқа жетеді;

Кейде жарнама хабарламаларында түсініксіз тұстар көп кездеседі.

Негізінен бұл жарнама мәтінін қабылдауға кедергі келтіреді.

Мәтінде нақты түсініктеме болуы шарт.

Өнім не үшін қажет?

Ол тұтынушыға не үшін қажет пе?

Тауарды қайдан сатып алға болады?

Бағасы қанша? ( бөлшек бағасы, егер мүмкін болса, безендіру, шрифтің көлемі, ерекше элементтер жиынтығы арқылы «тұспалдау» керек).
4 – дәріс
Тақырып: Жарнаманы безендіру
Әсіресе жарнамалық хабарламада мына талаптарға сай келетін безендіру ерекше рөл атқарады. Мәселен:

- жарнамадағы өнімге белгілі қызығушылық танытатын және оқырманның назар аударатын;

- тауардың артықшылығын көрсетіп, оны қолданудағы нәтижелері немесе әрекеттерді көзбен шолып көрсету;

- бірнеше ұсақ безендіруден гөрі, бір ғана көлемді безендіру пайдаланған жөн;

- мүмкіндікке қарай суреттер емес фотосуреттер пайдаланған дұрыс.

Көркемсурет жәй суретке қарағанда оқырмандардың назарын аударады. Көркесуретке фотосурет, қолмен салынған карикатуралық сурет, компьютермен құрастырылған суреттер ж.т.б. бейне көріністерді жатқызуға болады. Осылардың ішінде фотосурет шынайы көрінеді, адамның көңілінде сенім ұялатады. Бірақ фотосурет адамды тауар артықшылығын назарын «тартпауы» керек. Бір жарнамадағы сурет немесе фотосуретті бірге қолданбаған жөн.



Слоган – жарнаманың ұраны. Ұран жасау «мен нақты нұсқауды талап ететін адаммын» дегендей әрекетті оятады. Жарнама материалындағы слоган жасау – іс-әрекетті оятып назарды тартады. Слогандарды байқайтын адамдарды санайтын болсақ, олар барлық жарнаманы оқитын адамдардан 4-5 есе көп.

Слоган - сауда ұсынысының күшті әрекет ететін түрі, әрбір слоганда ұсыныс болуы керек. Жарнама ұранын ойлап табу кезінде мына талаптарды ескерілетін болу керек:

  • жалпы жарнама тақырыбына сөзсіз сәйкес келуі;

  • қарапайымдылық: «Ортекс» фирмасының ескі слоганы- «Ортек - не ждет рынка, он формирует, делая ваши рубли свабодно конвертируемымы сегодня!». Фирманың жаңа слоганы (олар екеу)- «Ортекс: сөз - іс! және «Үміт пен сапа - біздің стиль».

  • Лозунгты есте сақтау үшін ерекше сөздер ойыны жолымен іске асады.

  • «Пермавиа - акция с вериталным взлетем! » «Пермавиа» фирмасының атауын еске түсіреді.

  • Жарнамалық хабарламада басты рөл оның тақырыбы болып табылады. Тақырыпсыз жарнамалық хабарлама өте тиімсіз. Орта есеппен мәтінге қарағанда тақырыпты бес есе көп оқиды. Тақырыбында 80 пайыз тауар туралы айтылмаған мәтін берілді делік, онда әлеуетті тұтынушылар шынайы бола алмайды. Тақырыптың тұтынушы оқып үлгеретін сөз болатынын ескерген дұрыс.

  • Тақырыпқа қарап тұтынушы жарнаманы елестету арқылы және тауарды қолданудан түсетін нақты пайда туралы түсінік беретіндей анық болу керек.

  • Тақырып – жарнаманың мәтіннің мазмұны және оны елестетіп суреттеу арқылы қызғушылықты арттырады. Бұл көпір іспеттес.

Мамандар тақырыпты дұрыс қолданудың бірнеше жолдарын көрсеткен. Ол мына талаптарды қанағаттандыра алу керек:

1. Қысқа әрі нұсқа да болуы. Оннан көп сөзден құралған тақырып қысқа тақырыпқа қарағанда нашар есте қалады.

2. Мүмкіндік болған жағдайда «тырнақша» ішінде болса оның ұтымдылығы 28 пайызға өседі.

3. Қызмет немесе тауар артықшылығына нұсқау жасау әуесқойлықты оятады.

4. Белгілі нарыққа, тұтынушының белгілі бір түрінде сәйкестік болу керек.

5. Жеке қызығушылықты ояту.

6. Өнімнің артықшылығына адресаттың бірден назар аударуы.

7. Тұтынушының қызығушылығын жарнаманың шығармашылық жағына емес, өнім сапасына аударып бағыттау.

8. Жарнамаланатын өнімнің жалпы кейпін көрсету.

9. Ескі өнімдерді жаңа әдістермен пайдалану туралы айтатын жаңалық стилімен тарту.

10. Қажет болмаған жағдайда тақырыпты қисайтуға, егер тақырып бір қатарға сыймаған жағдайда тақырыпты екінші сөйлемнің ортасынан бөлмеген дұрыс.


5- дәріс

Тақырып: Газеттегі жарнама
Газеттегі жарнама – баспасөздегі жарнаманың ең көп тараған түрі. Бұл бірінші кезекте жарнаманың осы түрінде кемшіліктің аз болып, керісінше, артықшылықтың басымдылығына және әртүрлі газеттер ұсынатын мүмкіндіктердің ауқымына байланысты.

Көптеген жарнама берушілерді газеттің шығармашылық әлеуетінің төмендігі қанағаттандырмайды. Бірінші кезекте - баспа сапасының төмендігі. Осыны есепке ала отырып, апталық газеттер мен күнделікті басылымдар әр түрлі түстермен безендірудің және жаңа сортты қағаздарды пайдалана отырып басудың ең озық тәсіліне ауысып отырған.

Дегенмен, оларға электрондық ақпарат құралдарымен бәсекелесуі қиын. Бұл электронды бұқаралық ақпарат құралдарының тек көз алдымызға суреттеп көрсету сапасына ғана байланысты емес. Теледидар мен интернет әр түрлі түстерді ғана емес, белгілі бір жүйелі бірізділікті, кейде интерактивті тәртіпте дыбысталған қимыл-қозғалысты да көрсете алады. Осыған сәйкес, сатып алушы бұйымдар мен тауарлар, қызметтер, керек десеңіз, технологиялар туралы экрандағы көрсетілімдерден өзіне жеткілікті түрде мағлұмат ала алады. Әлбетте, газеттерде мұндай мүмкіндік жоқ.

Баспасөздегі жарнаманың келесі бір кемшілігі – оның уақытқа байланысты тұрақсыздығында. Әдетте газет тек бір мәрте ғана оқылады. Хабарландыру да соған сай «тіршілік етеді» деп айтуға болады. Күнделікті газетте – бір күн, апталық газетте – бірнеше күн. Көп жағдайда газет жастар аудиториясын толықтай қамти алмай жатады. Сондықтан жарнама берушілерге бұл топтағылардың қызығушылығын арттыру үшін басқа бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға тура келеді.

Жарнама берушілер кемшілік факторы ретінде оқырмандардың газеттегі жарнамаларды елемеуін атап айтады. Олардың көпшілігі тек жаңалықтар мен редакциялық мақалаларды, сұхбаттар мен репортаждарды оқиды. Ал жарнамаларды, жеке хабарландыруларды көзбен шолып қана қояды. Қазіргі оқырманның газет оқуға уақыты аз. Көптеген оқырмандар газеттегі мақалаларға көз жүгірте өтіп, кейбіреулері тек бір айдарды оқумен шектеліп қана қояды. БАҚ-тағы жарнаманы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, бүгінгі оқырман мерзімді басылымды күнделікті оқуға 12-14 минут уақытын жұмсайды екен. Сондықтан газет шығарушылар ең басты ақпараттарды неғұрлым тиімді ету үшін газеттің алғашқы бетіне, ал сараптамалық материалдар мен шолуды басқа беттерге орналастыруға тырысады.

Тәртіп бойынша, хабарландырулар арнайы жарнама блогында жарияланатындықтан, оқырмандардың көңілін аудару үшін басқа жарнамалармен бәсекелесуге мәжбүр болады. Мұндай жағдайда шағын жарнамалар өзімен қатар орналасқан үлкен хабарландырулардың қасында мүлдем еленбей қалуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, жарнаманың дәл қай жерде орналасатындығы айқын болмайтын жағдайлар жиі кездесіп тұрады. Егер жарнама беруші арнайы орын үшін ақы төлемесе, онда оның жарнамасы басқалармен бірге немесе қаламайтын редакциялық мәтінмен қатарлас кептеліп қалмауы ықтимал. Десек те, баспасөздің басқадай жарнаматасушылардан тиімділігі мен артықшылықтарын атап өтпеуге болмайды. Жарнама берушілердің барлық категориялары үшін газеттегі жарнама құнының қымбат болмайтындығы өте жағымды дәлел болып табылады. Теледидарға жарнама беру үшін кез келген компанияның қалтасы көтере бермейді. Газетте жарнамалау орны ғана емес, сонымен бірге жарнама дайындаудың өзі арзанға түседі.

Жарнама берушілерге баспасөзде әртүрлі нұсқалы жарнамалар беруге болатындығы маңызды. Компаниялар өздерінің қаржылық мүмкіндіктері мен шығармашылық талғамына сай жарнама көлемін таңдай алады. Сонымен қатар, газеттер жарнаманы географиялық орналасуына байланысты барлық таралымдарда немесе олардың нақты бір аудандарға таралатын кейбір бөлімдеріне ғана жариялау тәсілдерін ұсына алады.

Газеттің радио мен теледидардан айырмашылығы, ол жарнамаланып отырған тауар немесе қызмет түрі жайында егжей-тегжейлі баяндауға мүмкіндігі бар. Шағын жарнаманың өзіне жеткілікті түрде қажетті ақпаратты сыйғыза отырып, түрлі мінездемелер, бағалар, байланыс телефон нөмірін, мекен-жайлар, купон және тағы басқалары кірістіре алады Оларды телевизиялық немесе радиожарнамадан көрсетуге болады, бірақ естілгенде немесе экранда жылдам көрсетілген ұсақ сандарды, бағаны, байланыс телефон нөмірін және мекен-жайды адам тез қабылдап, қас-қағым сәтте есте сақтай алмайды.

Газеттегі жарнама қызметі аз уақыттың ішінде тез пайдалануға болатындығымен ерекшеленеді. Кейде жарнаманы газеттің жуық арадағы сандарының біріне немесе келесі санға, тіпті хабарландырудың макет-түпнұсқасы дайын болмағанына қарамастан қайта беруге болады. Бұл жаппай сату, қандай да бір шұғыл хабарлама жайында немесе жарнаманы тестілеу туралы айтылған жағдайда өте маңызды. Газет шыққан күні-ақ жарнама өз нәтижесін береді. Ал келесі күндері оның қаншалықты сәтті шыққандығы туралы ой түйіп, сатылымдағы байланысты бақылауға болады.

Журналға жарнама беретіндер сатылымда өздері күтетін нәтиженің ойдағыдай болатынына көп ретте сене бермейді. Ал, жарнама басылған газет жарыққа шыққаннан кейін, көп кешікпей көптеген сатушылар дүкенге келушілер санын есептеп, сатылған тауарларды тізімдеуіне болады. Уақыты шектелген акциялар үшін газет жарнамасының әсер ету ықпалы маңызды. Басылымдағы жарнама уақытты үнемдеп, оқылу кезінде, белгілі бір уақыт аралығында тартымды әсер қалдырады. Атап айтқанда, күнделікті газетте бір күн, апталық газетте – жарияланған күннен бастап жеті күнге дейін жарнама жариялана береді. Газеттер теледидарға көрнекілікке жол беретіндігіне қарамастан, жарнама берушілерге шығармашылық ыңғай танытуда зор мүмкіндіктер ұсынады. Тапсырыс беруші компаниялар жарнама көлемін, тұрпатын, бояуын таңдай алады. Сондай-ақ, еш қаржы шығынынсыз хабарландыру мазмұнын түрлендіріп, баспасөз бетіне арнаулы шығарылымдарды орналастыруға, газетпен бірге өзінің анықтамалық қосымшаларын, үлгілерін таратуға, оқырмандардың барынша қызығушылығын туғызу үшін мүмкін болатын барлық амал-тәсілдерді пайдалануына болады. Газетте тауарлар мен қызметтердің тізбегін кең түрде жарнамалауға болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының бұл түрі адам баласы тұрмыс-тіршілігінің барлық саласын қамтитындықтан, мұнда кез-келген жарнама орынды. Газетте жарияланатын мақалалардың қазіргі заманға сай жаңалығын ерекшелеп көрсетеді. Жарнамада жаңалыққа қатысты сілтеме болмаса да, жаңалық элементі оған қоғамдық, экономикалық, спорттық және басқа да соңғы жаңалықтар туралы баяндайтын редакциялық мақалалардан ауысады.

Баспасөзді негізгі жарнама құралы ретінде пайдалануға болады. Теледидардағы немесе радиодағы жарнаманы газетке меңзеудің еш қиындығы жоқ. Мысалы, «Толық мағлұматты сіздер осындай газеттің осындай санынан біле аласыздар...» деген мәтіндерді бүгінгі таңда жиі кездестіреміз. Сонымен қатар, жарнама жарияланған газетті директ-маркетинг құралы ретінде делдал мен клиенттерге тарату үшін пайдалануға болады. Газеттер аудиторияның кең ауқымын қамти алады. Олардың әрқайсысын бірнеше мыңнан бастап миллиондаған тұтынушылар оқиды. Сондай-ақ, газет арқылы жарнамалар қоғамның барлық бөлігіне тарайды.

Белгілі бір географиялық орындарға таралып, көп жағдайда нақты бір аймаққа қатысты ақпаратты жариялайтындықтан, газеттегі жарнама жергілікті аймақты толығымен қамту мүмкіндігіне ие. Осылайша газет арқылы белгілі бір жергілікті нарық жағдайын анықтау ыңғайлы. Сонымен қатар, газет жарнама ықпалын іріктеуші қару болуы да мүмкін. Бір жағынан, ыңғайлас аудиториясы бар газетті таңдауға болады. Ал екінші жағынан, жарнаманы мүдделері ортақ адамдар үшін белгілі бір бетке немесе белгілі айдармен орналастыруға мүмкіндігі зор.

Газеттің басқа ақпарат құралдарынан ең маңызды ерекшелігі – аудиториясының айқын басымдығы. Баспасөз ақпаратты қабылдаудың мейлінше күрделі жолы болып табылады. Оның оқылуы едәуір интеллектуальды күш салуды талап етіп, аудиторияның белгілі бір білім деңгейін шамалайды. Білім неғұрлым жоғары болса, баспасөзге деген қызығушылық соғұрлым мол болмақ. Оған көбінесе қызмет бабына байланысты шешім қабылдайтын және адамдарға жетекшілік ететін, жас ерекшелігіне қарай – ересектер, жыныс ерекшелігіне қарай – ер адамдар мен әйелдер көп көңіл бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет