ОқУ-Әдістемелік кешені мазмұНЫ



бет1/65
Дата04.10.2022
өлшемі6.3 Mb.
#461898
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Желілік технологиялар УМКД


«ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯҒА КІРІСПЕ»


ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



МАЗМҰНЫ





Алғы сөз




Глоссарий




Дәріс сабақтар




Зертханалық сабақтар




ОСӨЖ тапсырмалары




СӨЖ тапсырмалары




Бақылау сұрақтары




Тестілеу сұрақтары




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





Глоссарий


Ақпарат – белгілер мен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мәлімет, есептеу техникасында компьютерге енгізіліп, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға шығарылатын деректер.
Байланыс арнасы – мәліметтердің ақпараттық ағыны өтетін жолдың жалпылама аты.
Домен – бір компьютерден басқарылатын немесе желілік түйіннің жалпы басшылығымен жұмыс істейтін қатынастар әрекетінің немесе желілік ресурстар тобы.
Желі – бір – бірімен және орталық сервермен байланысқан, ресурстарды бірге пайдаланатын компьютерлер тобы.
Желі маршрутизациясы – бір желіден екінші желіге ақпараттың дұрыс жіберілуін қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар – желіден жаңалықтар алу. Хабарландырудың электронды тақтасы. Электронды тақтаға ақпараттар жеке тақырып бойынша орналастырылады. Тұтынушы кезкелген уақытта өз таңдауы бойынша жаңалықтарды ашып, оқи алады.
Желі абонентты – ақпаратты тұтынатын немесе тудырытын объектілер.
Клиент сервер – желідегі байланысқан компьютерлердің әрекеттесу технологиясы. Мұнда бір компьютер басқа жердегі одан гөрі қуатты компьютерге белгілі бір әрекет орындау жөнінде сұраныс сүреді.
Компьютерлік желілер – арналар көмегімен бір жүйеге біріктірілген компьютерлер жиыны.
Модем – арнайы типті байланыс жүйесінде цифрлы, сигналды, аналогты формаға және осы істі керісінше орындайтын модулятор және демодулятор құрылғысы
Шолушы – Интернет клиенттерін программалық жасақтауда – желіде бағыттау жасауға, ақпаратты іздестіру мен қарап шығуға, жеткізуге және т.б. арналған аспаптық құралдар.
Пошталық жәшік – компьютерге сырттан келіп түскен мәліметтер сақталатын файл.
Пошталық хабар – электронды поштада тілшілер арасында мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттар алмасу бірлігі.
Провайдер Интернет – интернетте қызмет көрсету провайдері. Желімен байланысқысы келетін компьютерлерді, оларды талабы бойынша интернетке тікелей қосуды, олардың серверлермен қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Іздеу – орындау нәтижесі берілген тақырып бойынша сақтауыш құрылғыда сақталған мәліметтерді таңдап алуға болатын операциялардың, әдістер мен процедуралардың жиынтығы.
Электронды пошта - Internet- желісінде әртүрлі хат, ақпарат алмасу процесі. Хаттарды мәтіндік және екілік файлдарда жіберу мүмкіндігі бар. Ескеретін бір жағдайы пошталық хаттың көлемі 64 килобайттан аспауы керек.
ЭЕМ желісі – желінің есептеу ресурстарына пайдаланушылардың қатынас құру үшін мәліметтерді жеткізу жүйесімен байланысқан ЭЕМ мен абоненттік функтер жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет