2022-2023 оқу жылы
Зерттеу сабағы 5 «А» - сыныбы бойынша
ЕСЕП
Білімалушылардың мәтіндегі ақпаратты анықтау, түсіну дағдысын жетекші сұрақтар арқылы дамыту.
Зерттеу тобы 2022-2023 оқу жылының ІІ тоқсанында құрылды. Топ құрамында тарих пәнінің мұғалімі Тулебаев М.Б. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шокина С.Т. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ниязбаева Г.Т. Математика пәнінің мұғалімі Асанова Г.Е. Сынып жетекші әрі модератор Атошева Ж.Б. бекітілді.
Топ жұмысын әр педагог өздерінің оқушылармен сабақ берудегі негізгі қиындықтарды, кедергілерді жазып тізімін жасадық. Келесі кезекте ұқсақ кедергілерді біріктіріп, негізгі мәселені анықтадық. Топ жұмысын жүйелей келе, зерттеу мәселесін оқушылардың мәтінмен жұмысына тоқталып, мәтіндегі ақпараттарды анықтау, түсіну дағдыларын дамыту сұрақтарына тоқталып, топ жұмысын қорытындылап, дәлдеу үшін оқушылардан сауалнама алдық. Сауалнам қорытындысына орай, негізгі жұмыстарды дәйектеп, зерттеу сабақтарының тақырыбын: «Білімалушылардың мәтіндегі ақпаратты анықтау, түсіну дағдысын жетекші сұрақтар арқылы дамыту»-деп алдық.
Алғашқы сабақты ұйымдастыру үшін, топ жұмысының бірлескен отырысында сабақ жоспарына «1 сөйлем, 1 сұрақ», «Тарсия», «Мәтінмен жұмыс» әдістері таңдалды. Сабақ барысында бақыланатын А,В,С оқушылар белгіленіп, оларды бақылаушы және кері байланыстар ұйымдастыратын мұғалімдер белгіленді.
Бірінші сабақ байқау мақсатында сынып сағаты ұйымдастырылды, оқушылар толық, белсенді қатысты. Топта әсіресе жұпта ынтымақтастықта жұмыс істей алды. Екінші, үшінші сабақтар арасына 2 аптадан уақыт салып ұйымдастырылды. Сабақ бойынша таңдалған әдістер өзгеріссіз қалды. Төрт сабақ бойынша барлық әдіс-тәсілдер өз нәтижесін берді. Қараша айынан бастап, желтоқсан және қаңтар айында соңғы сабақ өткізілді. Зерттеу бойынша 4 сабақ өткізілді. Сабақтар қорытындысынан кейін АВС оқушылармен кері байланыстар алынып, оқушы үнін тыңдап отырдық. Оқушы үнінде айтылған оқушылардың тілектері кейінгі сабақтарда ескерілді.
Зерттеу сабағының барысында мұғалімдердің сабақты бақылау мәдениеті, оқушынын үнін алудағы кейбір кедергілер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Зерттеу тобының жұмыс нәтижесі мектепішілк педагогикалық кеңесте 5 «А» - сыныбына сабақ беретін мұғалімдерге қолдануға ұсыныс ретінде жарияланды. Зерттеу жұмысының қорытындысында мәтімен жұмыс істеуде «1 сөйлем, 1 сұрақ», «Тарсия», «Мәтінмен жұмыс» әдістері тиімділігін айқындадық.
Зерттеу сабақтары бойынша фото суреттер
Достарыңызбен бөлісу: |