Оқу жылының қорытындылары 2010-2011 оқу жылының міндеттері



Дата29.06.2016
өлшемі91.01 Kb.
#165747
2009-2010 оқу жылының қорытындылары

2010-2011 оқу жылының міндеттері


Біз «Өмір бойынша жететін білім алу»

моделінен «Өмір бойы білім алып өту»

моделіне көшуге тиіспіз.
2009-2010 оқу жылында №205 қазақ орта мектебінде 61 мұғалім, 2 психолог, 1 тәлімгер, 3 даярлық тобының тәрбиеші – мұғалімі еңбек етті. Олардың 56-сы жоғары, 11-і арнаулы орта оқу орнын бітіргендер. Жоғарғы санат 2, І категория -20, ІІ категория – 25, разрядтағылар – 14 мұғалім.
Жыл басында микроаудандағы 405 оқушы түгелдей мектепке тартылып, жыл соңында 403 оқушымен аяқтап отырмыз.
2009-2010 оқу жылының қорытындысы бойынша 98 оқушы «өте жақсы», 122-і оқушы «жақсы» деген үлгеріммен аяқтады. 1- 11 сыныптар төмендегі білім көрсеткіштерін көрсетті: 1 «А» -66 % , 1 «Б» - 86 %, 2 - 69 %, 3 «А» - 75% , 3 «Б» - 55,5 %, 4 «А» -76,4% , 4 «Б» - 68 %, 5 «А» - 52 %, 5 «Б» -52% , 6 – 52 %, 7 «А» - 44,4% , 7 «Б» - 52% , 8 «А» - 40 %, 8 «Б» - 38,8 %, 9 «А» - 36,8 % ,9 «Б» - 55 %, 10 «А» - 59% , 10 «Б» - 27% , 11 «А» - 42 ,8% , 11 «Б» - 46% . Мектептің орташа білім көрсеткіші – 54,5 %.
1-4 сынып оқушылары қорытынды бағалары арқылы сыныптан-сыныпқа көшірілді.

5-8-10 сыныптар өз таңдауларымен 2 сабақтан емтихан арқылы көшірілді.


9 «А,Б» сынып оқушылары 3 міндетті, 2 таңдау пәнінен емтихан тапсыру арқылы көшірілді. Төрт оқушы ерекше куәлікке ұсынылып, қорғалылды. Олар: Елтаев Ғ, Тобжанова Ә, Жеңісова А, Әбдіқайырова М.
МАБ қорытындысы

9 «А» сыныбы бойынша орташа балы: 64,3%




Пән атауы

Қатысқан оқушы

Орташа балы

Орыс тілі

19

23,2 %

Ағылшын тілі

19

20,2 %

Дүние жүзі тарихы

19

19,5 %

9 «б» сыныбы бойынша орташа балы 69,3%




Пән атауы

Қатысқан оқушы

Орташа балы

Орыс тілі

19

26,2 %

Ағылшын тілі

19

22,2 %

Дүние жүзі тарихы

19

19,8 %

4 «А,Б» сыныбы бойынша




Сыныбы

Пәні

Қатысқан оқушы

Орташа балы

4 «А»

Дүниетану

17

18,2 %

4 «Б»

Дүниетану

19

19,1 %

11 «А,Б» сыныпты 36 оқушы аяқтап,оның 11-і мектепте емтихан тапсырып, 25-і ҰБТ-ға қатысты.

ҰБТ


Р/С

Пән атауы

Қатысқан оқушы

Орта балы

Білім сапасы

1

Қазақ тілі

25

21,7

100 %

2

Орыс тілі

25

13,2

68 %

3

Қазақстан тарихы

25

22,9

100 %

4

Математика

25

12,1

48 %

Таңдау пәндері бойынша




Р/с

Пән атауы

Қатысқаны

Орта балы

Білім сапасы

1

Физика

11

15,5

63,6 %

2

Биология

13

18,6

92,3 %

3

Дүние жүзі тарихы

1

23

100 %

ҰБТ сандық көрсеткіші




Жинаған балы

60-70

70-80

80-90

90-100

100ден жоғары

Оқушы саны

1

8

9

1

6

ҰБТ орташа пайыздық көрсеткіші: 86,4


2008-2010 оқу жылдарындағы ҰБТ қорытындысы мен Грант иегерлері.


Жылы

Қатысқан оқушы саны

Грант иегері

Пайыздық көрсеткіші

2008

36

7

50,3 %

2009

16

10

76,4 %

2010

25

9

86,4 %

Оқу жылының қорытындысы бойынша бүкіл сыныптарда барлық пәндер бойынша оқу бағдарламалары толық орындалды.


І жарым – жылдықта қыркүйектің 14-26-сы аралығында технология, бейнелеу – сызу бірлестігінің апталығы, қазанның 19-24-і аралығында бастауыш сыныптар «Сапалы білім беру – саналы ұрпақ тәрбиелеудің негізі» тақырыбындағы апталығы, қарашаның 23-і желтоқсан 5-і аралығында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбындағы орыс тілі мен ағылшын тілі апталығы, желтоқсанның 7-19-нда «Миф-таңғажайып үштік» тақырыбында математика, информатика, физика бірлестігінің апталығы өткізілді.
ІІ жарым-жылдықтың 18-28 –ші қаңтарда химия, биология, валелогия «Білімді ұрпақ- болашақ кепілі» тақырыбында апталық, 22-ші ақпан – 6 – наурыз аралығында «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты қазақ тілі, әдебиет,ән бірлестік апталығы, 5-17-ші сәуір аралығында «Туған өлкем-қандай көркем » атты тарих, география, әдеп бірлестігінің апталығы, 19-30-ші сәуір аралығында «Спорт бейбітшілік жаршысы. Бүгінгі оқушы-ертеңгі ел қорғаушысы » атты дене шынықтыру, АӘД бірлестігінің апталығы өткізілді. Барлық апталықтарда жоспар жасалынып, директорға бекітілді.Жоспар бойынша ашық сабақтар мен іс-шаралар түгелдей қамтылды. Апталықта оқушылардың білімін көтеруде, пәнге қызығушылықтарын арттыруда мұғалімдер жұмыс жүргізді. Апталықтардың қорытынды іс-шарасында апталықтың жеңімпаз оқушылары мадақталып отырды.Апталықтар жоғарғы деңгейде өткізілді.

2009-2010 оқу жылында өткізілген аудандық олимпиададан 9 сынып оқушысы Қалдыбай Тоғжан химия пәнінен ІІ орын алды.Пән мұғалімі:Қайбұлда Сәкен

«Ақбота-2009» интеллектуалды марафонға мектептен 66 оқушы қатыстырылып, 11 оқушы жүлделі дипломдармен марапатталды.

«Русский медвежонок-языкознание для всех» халықаралық сайысына 44 оқушы қатысып, 4 оқушы 2, 3 орындарды иемденді.

«Асқар Жұмаділдаев атындағы математиктер қауымдастығы» өткізген «Алтын кілт-2010» логикалық олимпиадаға 2-10 сыныптардың арасынан әр тоқсанаралық демалыс кезінде оқушылар қатыстырылып, нәтижесінде 7 сынып оқушысы Жорабеков Бексұлтан ІІІ дәрежелі дипломмен, 9 сынып оқушысы Тобжанова Әлия ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Аудандық «Қазақстан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» онкүндігі аясында өткізілген іс-шараларда белсенділік танытқан математика пәнінің мұғалімі Жұмаділдаев Бахадүр Алғыс хатпен марапатталды, ал оқушысы Тобжанова Әлия білімділік қабілетімен ерекшеленіп ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты зияткерлік сайысқа ақыл-ой ұшқырлығын таразылау мақсатында 10 сынып оқушыларынан құралған команда аймақтық сайыстан озып шығып, ақтық сайысқа жолдама алып, онда ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

«Талаптыға нұр жауар» атты аудандық білім сайысында белсенділік танытып 10 сынып оқушысы Қалдыбай Таңшолпан Алғыс хатпен марапатталды.

Аудандық «Үздік математика пәнінің мұғалімі-2010» байқауына математика пәнінің мұғалімі Еспанова Гүлнар қатысып,ІІІ орын иеленіп, аудандық білім бөлімінің Құрмет Грамотасымен

марапатталды.

«Жас ғалым -2010» аудандық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мектептен 3 оқушы қатысып, 9 сынып оқушысы Жеңісова Айбану –І орынға (мұғалімі-Қожаева Кәмшат), 8 сынып оқушысы Қалдыбек Төреби-ІІІ орын (мұғалімі-Еспанова Гүлнар) иеленіп, мадақтама қағазымен, 10 сынып оқушысы Өрікбаев Нұрбол - Алғыс хатпен (мұғалімі Қалжан Айбибі) марапатталды.

Аудандық Ү «Ата-баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобасына 3 сынып оқушысы Қылышбаева Нұргүл қатысып, мадақтама қағазымен марапатталды.Пән мұғалімі Арысбаева Г

«Бейнелеу өнері пән мұғалімдерінің көркем шығармашылық жұмыс мазмұны» атты аудандық байқауға бейнелеу және технология пәнінің мұғалімі Төлеген Сафура қатысып, ІІІ орынның дипломымен марапатталды.

«Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы мұғалімнің ролі» тақырыбында өткен облыстық педагогикалық оқуға орыс тілі пәнінің мұғалімі Ерімбетова Фарида қатысып, «Шығармашыл ұстаз» номинациясын иеленіп мақтау қағазымен марапатталды.

Аудандық әскери-патриоттық клубтардың жарысына оқушыларымен қатысқан мектептің «Жас Ұлан» командасы аймақтық және аудандық сайыстан І орын иемденіп, облысқа жолдама алды.Пән мұғалімі: Қыпшақбаев Әуелбек.

Аудандық Абай оқулары байқауына 4 оқушы қатысып «Көңілім әнді ұғады» бөлімі бойынша 9 сынып оқушысы Серікбай Гүлмайдан ІІ орынды иеленіп, мадақтама қағазымен марапатталды.

Жас Ұрпақ балалар мен жасөспірімдер қозғалысы қоғамдық бірлестігінің аудандық президентін сайлауында көшбасшылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білгені үшін 9 сынып оқушысы Елтай Сұңғат Алғыс хатпен марапатталды.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған аудандық «Ақындар шықты айтысқа» тақырыбындағы дәстүрлі оқушылар айтысына 10 сынып оқушысы Ақтөреева Балжан қатысып Алғыс хатпен марапатталды.

Аудандық спартакиада ойындарында дойбыдан «Үздік ойыншы» атанған спортшы Қыпшақбаев Әуелдек мадақтама қағазымен марапатталды.

Аудандық спартакиада ойындарында тоғызқұмалақтан «Үздік ойыншы» атанған Лекерова Ләззат марапатталды.

Білім қызметкерлерінің аудандық спартакиада ойындарында дойбыдан, тоғызқұмалақтан мектеп командасы І орынмен, қыздар командасы жүгіруден ІІ орын иеленді.

Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады.

Албіздің келешектегі мақсатымыз-рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жаңа оқу жылына міндеттер


2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі оқыту Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 9 шілде 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жүзеге асырылады.Қазақстандық мектептерді жаңарту тұжырымдамасы жалпы білім берудің басым бағыттарын, әртүрлі оқу-іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімдігі негізінде жүзеге асырылуы тиіс.Осы басым бағыттарды негізге ала отырып, жаңа оқу жылына мынадай міндеттер қойылады.

1.Міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартының негізгі ережелері негізінде дайындалған оқу бағдарламалары мен оқу жоспарын жүзеге асыру.

2.Қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру;

3.Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылық бастамаларға қолдау жасау;

4.Деңгейлік әдіс-тәсілге негізделген оқытудың соңғы нәтижесіне бағытталған мақсатын анықтап, нәтижеге жетуді міндеттеу;

5.Білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына жағдай жасау үшін өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына негізделген жаңа пәннің сапалы жүргізілуіне ықпал жасау;



6.Педагог-кадрлардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге жағдай жасап,өзара педагогикалық ынтымақтастығы арттыру;

7.Жыл бойы әрбір атқарылған іске талдау жасап,сараптау нәтижесі бойынша рейтингісін анықтап, ұстаз еңбектерін әділ бағалау;

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет