Оқу жылының қорытындысы



Дата21.06.2016
өлшемі58.74 Kb.
#151959
2014/2015 оқу жылының қорытындысы

Әдістемелік жұмыстарды жүйелі бірізді, мақсатты және нақты жүзеге асырып жұмыс істеп жатқан 6 бірлестік (1-сынып Қошанова Г, 2- сынып Джайлибаева Н, 3- сынып Утесинова А, 4- сынып Исаева М, жеке пән –Темирова Ж, МАД тобы – Бюрекбаева М), 2 шығармашылық топ (Қосниязова Т, Темирова Ж) және «Жас мамандар» (жетекшісі – Лұқпан Н) мектебі бар. Пән бірлестігі – тұлға мен қоғамды байланыстыратын белгілі бір мақсат-мүддемен құралған шығармашылық топ. Пән бірлестік жетекшілері – оқу-тәрбие, әдістемелік тәжірибелік және сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асырады. Әр бірлестіктің жұмысы 1 жылға жоспарланып, 4 рет мектепішілік отырыстары өткізіліп, материалдары бір папкіде жинақталды. Пән бойынша әдістемелік көмек қажет ететін мұғалімдерге 10.11.2014ж. күні әдіскер С.Мулдабекова және психолог А.Такенова «Жас мамандарға ұжымда жағымды қарым-қатынастың белсенді стилін дамыту» тақырыбымен, 06.01.2015ж. күні ПБЖ – Г.Қошанова «Жас мамандарға кеңес беру» мақсатында мектепішілік әдістемелік күн өткізді. 04.03.2015ж. күні ҚББ-нің әдіскері Ж.Жұмабаеваның ұйымдастыруымен мектебімізде №4, №17, №18 мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне Шалабаева Алмагул «Математика», Қосниязова Толқын «Еңбекке баулу» пәнінен және әдіскер Мулдабекова математикадан «Әдістемелік сабақ» өткізіп, іс-тәжірибелері жеке кітапшада бекітілді. Сонымен қатар мектебімізден 13 мұғалім қалалық семинар сабақ көрсетіп, жоғары деңгейде бағаланды. ҚБҮО-ның орыс тілі әдіскері С.Рахметова (№12 бастауыш мектепте)мен шет тілінің әдіскері Г.Минканованың (№13 бастауыш мектепте) ұйымдастырған семинарына қатысып орыс тілі пәнінен сабақ көрсеткен А.Атанязова мен шет тілі пәнінен сабақ көрсеткен Ж.Темирова «Сертификатпен» марапатталды.

Түрлі тақырыпта қалалық, облыстық және ақылы республикалық оқу семинарларына 16 мұғалім қатысты. 20.04.2015ж. күні Ақтау қаласында «Дарын» ОҚБО ұйымдастырылуымен «Бастау» математикалық турниріндегі есептердің шығарылу жолдары» тақырыбындағы семинарда әдіскер С.Мулдабекова «Сабақта логикалық ойлауды ұйымдастыру» тақырыбымен әдістемелік сабақ өткізді. Іс-тәжірибесі жеке кітапшада бекітілді.

Өз білімін жетілдіру барысында 26 мұғалім облыс, республика деңгейінде курстан өтіп, «Сертификат» алды. Республикалық курста (Алматы қаласы) тақырыптық жобаны қорғап, Аманова Гүлжан «Грамотамен» марапатталды.

2014/2015 оқу жылында 17 мұғалімнің мақаласы, үлгілі ашық сабақтары баспа бетіне жарияланып шықты.
Мектебімізден қалалық байқауларға қатысқан мұғалімдер жүлделі орындар алып, ҚББ-нің «Дипломдарымен» марапатталды.



Аты – жөні

Байқау атауы

Нәтижесі

1

Исаева Мейрамгүл Турганбаевна

Бастауыш сынып мұғалімдер олимпиадасы

Диплом ІІІ орын

2

Бисенгалиева Амангул Избасаровна

«Ең үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2014»

Номинация «Ізденімпаз мұғалім»

3

Қосниязова Толқын Абаевна

Пед.оқу

Сертификат

4

Шалабаева Алмагул Утешовна

Панорамалық тәрбие сағаты: «Қазақстаным, саған арналады!»

Диплом ІІІ орын

5

Еңсегенова Алмагул Уткелбаевна

Сырттай: «Ең үздік мектеп директоры - 2014»

Номинация «Шығармашыл директор»

6

Анетбаева Тлектес Аткелтировна

Ашақ тәрбие сағаттар байқауы: «Маңғыстау – ҰОС жылдарында»

Диплом ІV орын

7

№12 бастауыш мектеп

«Ең үздік асхана - 2014»

Ынталандыру

Жылда өткізілетін қалалық «Пәндер олимпиадасы», «Үздік психолог » және «Үздік педагог» сайыстарына мектебімізден мұғалімдер қатыспай келеді. Сондай-ақ осы оқу жылында «Үздік медбике - 2015» сайысына да маманның жоқтығына байланысты қатыса алмадық.

Сырттай өтетін халықаралық сайыстарға 2 мұғалім қатысты. «Жаңашыл мұғалім» сайысынан Джанжигитова Р. «Үздік сабақ жоспары» номинациясына және Темирова Ж. «Нестандартный урок» конкурсынан ІІ орын алды. Бастауыш және орыс тілі пәні бойынша қашықтық олимпиадаға 12 мұғалім қатысып растау «Сертификатын» алды. Сонымен бірге оқушылармен өткізілетін сырттай конкурсқа орыс тілінен қатысқан Лентаева У. (4 «Ә» сынып) ІІ орын, «Яркая фантазия» сурет конкурсына 9 оқушы қатысып ІІ, ІІІ орын «Дипломдарын» алды.

Аттестациялау жұмыстары бойынша 2014/2015 оқу жылында санат алу, қайта растау, санат көтеру мақсатында 9 мұғалімнің өтініші қабылданды. Жоғары санатқа: Аманова Г, Лұқпан Н. І санат алуға: Жағалбай Рысгул. І санатты қайта растауға: Айдарова Ж., Юмашева Ж. ІІ санат алуға: Туркменбаева Г, Джубаева А. ІІ санатты қайта растауға: Бекжанова О, Амирова Н. Бұл мұғалімдердің жеке жетістіктері, іс-тәжірибесі жеке папкіде жинақталып, сараптау комиссиясына тапсырылды. І санатты қайта растайтын Айдарова Ж мен Ж. Юмашеваның ІІ санатқа қалдыруға білдірген өз қолымен жазылған арыздары ҚББ-нің аттестаттау комиссиясына тапсырылды. Облыстан 2 мұғалімнің әдістемелік кітапшасы және 1 мұғалімнің кітапшасы ҚБҮО-да бекітілді.

Қалалық және мектепішілік ОТМ-дегі 9 мұғалімнің ашық сабақтары, ашық шаралары, жеке жетістіктері және оқушыларының жетістіктері жеке папкіде жинақталды.



Қалалық «Озат педагогикалық тәжірибе» (2014/2015 о.ж.)



Мұғалімнің аты – жөні

Пәні

Жұмыс түрі (зерттеу, жинақтау, тарату)

1

Аманова Гулжан Джаумитбаевна

Бастауыш

Тарату

2

Утесинова Айгул Оринбаевна

Бастауыш

Тарату

3

Анетбаева Тлектес Аткелтировна

Бастауыш

Зерттеу

4

Такенова Аян Сармурзаевна

Психолог

Зерттеу

5

Атанязова Айгул Калпаковна

Орыс тілі

Зерттеу

6

Қосниязова Толқын Абаевна

Бастауыш

Зерттеу


Мектепішілік «Озат педагогикалық тәжірибе» (2014/2015 о.ж.)



Мұғалімнің аты – жөні

Пәні

Жұмыс түрі (зерттеу, жинақтау, тарату)

1

Джанжигитова Райса Амангельдиновна

Бастауыш

Тарату

2

Жағалбай Рысгул Сулейменқызы

Бастауыш

Тарату

3

Бисенгалиева Амангул Избасаровна

Бастауыш

Зерттеу

Каталог: assets
assets -> 2015 жылғы «21» маусымдағы №186 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
assets -> Литература 8 Задачник классы практикум 11 Под научным руководством академика Г. Г. Граник
assets -> 7 тыс рублей, в том числе субсидии бюджетам муниципальных образований 1 000 000 тыс рублей
assets -> Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
assets -> Шығыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар- қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
assets -> «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет