ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейдегі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18.19-0.46/2013
|
«Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
____2013 жылғы
№ 1 басылым
|
5В010300 – Педагогика және психология мамандығының
студенттеріне арналған
«Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы»
пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей – 2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2.Дәріс сабақтары
3 Тәжірибелік сабақтары
4 Студенттердің өздік жұмыстары
1 ГЛОССАРИЙ
Пән бойынша глоссарий
-
Мұғалім - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
-
Ұстаз - жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады.
-
Педагог - білім беру, тәрбиелеумен немесе тәрбие мәселесімен айналысатын маман. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі, арнаулы орта, жоғары оқу орнының оқытушысы, мектепке дейінгі мекеменің, мектеп-интернаттың, балалар үйінің, түзету колониясының тәрбиешісі, педагогиканың ғылыми мәселелерін зерттеуші ғылыми қызметкер педагог делінеді.
-
Сынып жетекші – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог.
-
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
-
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдептікөзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.
-
Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.
-
Педагогикалық шеберлік –үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
-
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу — мұғалімнің педагогикалық қызметі айқындауға мүмкіндік беретін оның кәсіби шеберлік жиынтығы деңгейін анықтайтын әдіс.
-
Профессиограмма — адамға қойылатын талап ету жүйесі арқылы кандай да бір кәсіптің егжей-тегжейлі сипатталуы. Ол талаптарға берілген кәсіп саласын жетістікпен меңгеру үшін қажет тұлғаның сапасы, ойлау қабілетінің ерекшеліктері, білімі икемділігі және дағдысы жатады.
-
Профессиография - адамның жеке басының қасиетіне, психологиялық қабілетіне, психологиялық-физикалық мүмкіндігіне қойылатын талаптарды зерттеу технологиясы.
-
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
-
Мотив - адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет.
-
Әдістемелік және теориялық негіз - зерттеу негізіне жататын негізгі теориялар мен әдістемелік ережелер.
-
Әдістемелік зерттеулер - зерттеу нәтижелері эмпириялық деңгейде тәжірибені жинақтаумен, ережелерді қалыптастырумен, педагогикалық қызмет нормаларын айқындаумен, деректер алумен, оны талдау және жүйелеумен айқындалады.
-
Деректерді таңдамалы тағайындау - тәжірибеде өлшемге түскен немесе өткізілген психикалық диагностиканың ең аз шамадан ең үлкеніне қарай орналасуы.
-
Тәжірибелік психологиялық-педагогикалық зерттеу - бұл теориялық болжамдар мен тәжірибелік ұсыныстардың толықтылығына қатысты нақты білім алуға мүмкіндік беретін психология мен педагогика саласындағы зерттеулер.
-
Тәжірибелік деректерді алғашқы статистикалық өңдеу әдісі - бұл тәжірибеде жүзеге асырылатын өлшемдер нәтижелерін тікелей айқындайтын көрсеткіштер алуға көмектесетің әдістер.
-
Тәуелсіз мінездемелерді жинақтау әдісі - зерттелетін тұлғаға түрлі адамдар баға бере алатын тиімді әдіс. Мінездемелерді талдап қорыту - әр түрлі мінездемелерді талдап, жинақтауда кездейсоң және мардымсыз тұжырымдар алынып тасталады.
-
Теориялық зерттеулер - әдебиетке шолу мен сын; берілген мәселені шешуде, автордың теориялық болжамын бағыттайтын зерттеулер.
-
Өзін-өзі бағалау әдісі - жеке тұлғаға өзі баға беруде, өз мүмкіндіктерін, қасиеттері мен басқа адамдар арасындағы орнын анықтауға көмектесетін әдіс.
-
Өзара әрекет талдау - бақылаудың бір түрі, оның көмегі арқылы адам мінез-құлқының ішкі көрінісі, коммуникациясын, ақпарат алмасуын, келісу мен келіспеушілік, ұжымдар мен жеке тұлғаға қатынасы зерттеледі.
-
Диагностика_(техникалық)'>Диагностика (техникалық) - техникалық ақауларды іздестіруге және анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.
-
Диагностика – бұл обьектің жағдайын көрсететін белгілерді меңгеру, оның ауытқушылықтары мен қателіктерді түзеу немесе алдын алу жұмыстарын атқару.
-
Сараптама - ғылым, техника, өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Көбіне экономикалық, бухгалтерлік, медициналық, соттық сараптамалар жүргізіледі.
-
Қайталама сараптама - сарапшының қорытындысының негізділігіне немесе оның дұрыстығына күдік туындаған жағданда, оны өткізуді басқа сарапшыға немесе сарапшылар тобына тапсырып, тағайындайтын сараптама.
-
Экологиялық сараптама - адамдардың шаруашылық немесе басқа да іс-әрекетінің тексеруге бағытталған шаралар жүйесі немесе таңдалған аймақ төңірегіндегі жаңадан енгізілген шаруашылық кешеннің тіршілік ортасына, табиғи ресурстарға және адам денсаулығына тигізетін әсерін бағалау.
-
Coт сараптамасы - шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу.
-
Криминалистикалық-сараптама - қылмыстық іс бойынша айғақтамалық мәні бар мәселелер жөнінде қорытынды алу мақсатымен жүргізлетін іс жүргізу әрекеті. Неғұрлым кең таралған түрлері: трассол, баллистик. криминалистикалық сараптамалары, суық қару қолдану.
-
Диагностика – диагноз жөніндегі медицина ғылымының тарауы.
-
Экспертиза (сарап) - мәселенің өз шешімін табуы үшін, оның ғылымның кейбір саласы бойынша (мысалы медицинада) арнайы білімді, техникалық шеберлікті т.б. біліктілік дәрежесін талап ететін, маман (немесе мамандар тобы) тарапынан белгілі бip тұжырым шығара отырып зерделенуі.
-
Экспертиза – бір даулы мәселе туралы эксперттердің бас қосқан мәжілісі.
-
Соттық – психиатриалық экспертиза – бұл психиатрияның арнайы білімін керек ететін соттық экспертизаның бір түрі. Түрлер: амбулаторлы, стационарлы және өлкенен кейін жүргізілетін экспертиза.
-
Ғылыми-техникалық экспертиза - ғылым, техника саласында арнайы білімді кажет ететін қандай да бір сұрақтарды сарапшының (маманның) зерттеуі.
-
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
-
Арнайы бақылау - бұл зерттелетін құбылыс суретін талдамалы түрде қарастыруға әкелетін әдіс.
-
Ашық бақылау - зерттеушіге оны қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік береді, сонымен бірге зерттеуші қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды.
-
Ашық сауал - мұнда жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары алдын ала қарастырылмаған.
-
Дидактикалық бақылау - бақылау нысаны ретінде оқыту процесі тұтас енеді.
-
Монографиялық бақылау - өзара байланысқан құбылыстардың әр түрлі өлшемдегі бірталай санын қамтиды, олардың дамуын, өзара ықпалын ерекшеліктерімен арақатынасын қарастырады.
-
Педагогикалық бақылау - бұл педагогикалық үрдісті тану әдісі, ол ұзақ мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.
-
Сарапшы - арнайы ғылыми ілімдерді меңгерген және тергеу, сот, төрелік сот және т.б. органдарда сараптама өткізу үшін тартылған, істің ақырының немен бітеріне мүдделі емес түлға.
-
Рейтинг - білікті адамдар көмегі арқылы жеке тұлғаның қасиеттерін бағалайтын сызба. Белгіленген сызба бойынша кез келген құбылысты субъективті бағалауға болады.
-
Сауалдар - толтыратын адам туралы кейбір мәліметтерді алуға арналған сұрақ парағы.
2 ДӘРІСТЕР
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.
Міндеттері:
- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.
Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.
Дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Модуль 1. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы
Тақырып 1. «Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы» пәні, мақсаты мен міндеттері
Негізгі ұғымдар: оқыту, тәрбиелеу, педагог, ұстаз, педагогикалық іс-әрекет
1. «Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы.
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне қол жеткізу мақсатында Қазақcтанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша өзгерістер енгізуде. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша міндеттер қойып отыр: мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды, оқу-тәрбие үрдісін нәтижеге бағыттау арқылы оқушы құзіреттілігін арттыруды, мұғалім мен оқушының зерттеушілік мәдениетін дамытуды талап етеді.
Бұл талаптарға сәйкес педагог-психолог мамандарын даярлауда «Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы» пәнінің маңызы зор.
Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен, мұғалімге байланысты.Оның жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық білігі, адамгершілік және ақыл-ой парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілі, денсаулығы мен рухани байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады.
Курстың мақсаты: студенттерді қазіргі заман мұғалімі, мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті мазмұны және ерекшеліктерімен, мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін диагностикалау мен экспертиза жүргізу әдістемелерімен таныстыру, тиісті біліммен қаруландыру.
Курстың міндеттері:
- курс мазмұны бойынша теориялық және практикалық біліммен қаруландыру;
- студенттерді мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін диагностикалау әдістемелерімен таныстыру;
- студенттерді мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне экспертиза жүргізу әдістемелерімен таныстыру.
Пән адамтану жайындағы ғылымдармен байланысты: педагогикалық мамандыққа кіріспе, педагогика, психология, социология, философия, жас ерекшелігі педагогикасы, даму психологиясы.
2. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. Мұғалім мамандығының профессиограммасы.
1.Педагогикалық мамандық әлеуметтік іс-әрекетті білдіреді және аға ұрпақ өкелдірінің жас ұрпаққа адамзат мәдениеті мен тәжірибесін беруіне, қоғамда қандай болмасын нақты әлеуметтік рөлдерді орындауына даярлығына және бала тұлғасының дамуы мен қалыптасуына жағдай жасауға бағытталады.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы қоғамдағы адами фактор мәселесімен тікелей байланысты, себебі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен құзіретті мамандар ғана қоғамның өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор.
Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын баршамыз білеміз. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпакқа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған.Адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөліерекше жоғары бағаланған. Мектеп және білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне, қоғам дамуына сәйкес тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді.
Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн. Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы «адам-адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қогам дамуындагы рөлімен анықталады. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау.
Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар мүғалімдер жас өспірімдердің дүниетанымдарын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын калыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысыретінде қабылдауға болады. ¥лы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері шынайылыққа үйлеседі.
Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардьң болашағына байланысты болып келеді. Ұстаз еңбегінің нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.
Жаңашыл-педагог Ш.А. Амонашвили: «Біз болашақтың адамын, жаңадан қалыптасқан адамды бейнелеуге міндеттіміз. Биік адамзаттық, ортақ іске берілгендік, халық, мемлекет алдындағы өзіміздің қалтықсыз парызьмызды сезіну бізді осындай адам етеді. Біздің әрқайсымыз - жүздеген тағдырдың туындатушымыз, біздің шәкіртеріміздің бақыты ұста дүкеніндей - кластарымызда шыңдалады!... Біздің жанымызда, бәрі де: күлкі де, қатыгездік те, ұстамдыльқ та, қарапайымдылық та, киген киіміміз де, біліміміз де, зеректік те, адалдық та, интеллектілік те, үйірімділік те, өмірга деген сүйіспеншілік те өріліп тұруы тиіс. Адамдағы кісілерге ұнаған таңдаулы қасиет атаулының бәрі тән болуы керек» - деп мұғалімдер тұлғасын жоғары бағалайтыны да осы мамандықтьң адам өміріндегі маңыздылығының бір дәлелі деуге болады.
Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушыныңөзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты.Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамыту үшін педагогика ғылымындағы А.С.Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу теориясын жақсы меңгеру қажет, Бұл педагогикалық идея кейінгі көптеген шығармашыл педагогтардың тәжірибесіне негіз болғаны анық.
Мұғалімдер аса күрделі процесті - оқушы тұлғасының қалыптасуын басқарады.Мұғалім - оқушы өмірінің іргетасын қалаушы және ғылым негіздерімен таныстырушы маман. Мұғалім мамандығы баршамызға ортақ игілікті іс болып табылатын жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге негізделеді,себебі адам бойындағытәрбие мен жүйелі білім баланың өмірінің оншақты жылы өтетін орта мектептен қалыптасады.
Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене тәрбиелерін жетілдіруді көздейді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі мұғалім қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту, тәрбиелеу процесінде пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол қарым-қатынастар арқылы шәкірттің өзіндік даралығын сақтап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы қажег.
Қоғам дамуына байланысты мұғалімге қойылатын талаптардын өзгеруі. Мұғалім профессиограммасы. Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған.
Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады.
Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылык, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауга тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».
Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады. П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, окыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп, күрделеніп отыруы нәтижесінде педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды.
В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлығы ретінде қарастырады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық,физиологиялык, даярлықтары мен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзіреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипагтамаларын, яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет». Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
В.А. Сластенин ұсынған мұғалім профессиограммасында ол педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын және жеке мамандығына байланысты сипаттарын қарастыра отырып 4 тараудан тұратын мұғалімнің профессиограммасын береді:
1. Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бүған ол мұғалімдердің идеялық, кэсіптік-педогогикалық, танымдық бағытгылығын жатқызады.
2. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіреді.
3.Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы. Бұл тарау болашақ мұғалімдердің шеберлік деңгейінде еңбектенуі үшін қажет болатын жалпы ғылыми негізде дайындық көлемі мен арнайы даярлықың қалыптасатын нақты білім, білік және дағдыны біріктіреді.
4.Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны. Бұған мұғалімге қойылатын жалпы әдістемелік талаптар жэне жеке пән мұғалімдеріне қойылатын арнайы әдістемелік талаптар енгізілген.
Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:
- жалпы адамзаттық қасиеттері;
- кәсіби-педагогикалық касиетгері;
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж.) педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған занның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог қызметкердің мәртебесі анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған.
50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі.
1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады.
2.Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.
51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауашершілігі.
1. ТиістІ бейіні (профиль) бойьшша арнайы педагопык немесе кэсіптік білімі бар адамдар педагогтық қызметаен айналысуға жіберіледі.
2. Педагог қызметкердің:
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
2)ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
3) жеке педаготтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
8) педагоггік кызметгегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық жэне материалдық көтермеленуге;
9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11)ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стаж сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқыгы бар.
3. Педагог қызметкер:
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық жэне пракгакалық білімді жэне оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық кабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық жэне жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің жзне олардың ата-аналарының абыройы мен кадір-қасиетін қүрметтеуге міндетті.
Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының зандарында және еңбек шартында көзделтен жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Сонымен,қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын жалпы талаптарға кәсіби кұзіреттілік, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік белсенділік,шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамытуды жатқызуга болады.
Достарыңызбен бөлісу: |